257
се тұқым қуалаған жалпы дарынды-
лықты диагностикалауға келмейді.
ИНТЕРИОРИзАЦИЯ (лат. inte-
rior – ішкі) – 1.Сыртқы болмыс әре-
кеттерінің ішкі идеалдық факторлар-
ға айналуы. 2.Іс-әрекеттің екі жос-
парлығы: И. сыртқы заттық іс-әре-
кеттің ішкі ақыл-ой іс-әрекетіне ауы-
суын зерттегендер Ж.Пиаже, Л.С.Вы-
готский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальпе-
рин т.б. Олардың зерттеулерінде ақыл-
ой әрекеті әуелде сыртқы, заттық
әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте
ішкі психикалық амалға ауысатынын
көрсетеді. Сыртқы әрекеттің ішкі
амалға ауысуы И. деп аталады. Мыс.,
бала санауды үйренгенде, әуелде
таяқшаларды санайды, оларды бір-
біріне қосады. Содан соң біртіндеп
таяқшалардың қажеті болмай қала-
ды, өйткені есептеу заттан, сыртқы
әрекет күйінен ауысып, ақыл-ойдың
ісіне айналады. Іс-әрекет объектісі
сөз бен сан болады. Бала бірте-бірте
ақыл-ой әрекетін жинақтайды да,
олар бірігіп барып ақыл-ой қызметін
құрайды. И.- ағза үшін тыс қандай
да бір үрдістің немесе құбылыстың
біртіндеп ішкі құбылысқа айналуы,
мыс., жекелік, ұжымдық тәжірибе
жүзінде атқаратын іс-әрекетінің адам-
ның ішкі психикалық қасиетіне не-
месе қабілетіне айналуы.
ИНТЕРОЦЕПЦИЯ – организмнің
ішкі саңылаулары. Интероцепторлар
қатарына механикалық және хемо-
рецепторлар кіреді. Олар барлық ішкі
мүшелерде кездеседі және сан алуан
органикалық процестерге – қан-
ның химиялық құрамы мен қысымы-
ның өзгеруіне, тканьдердің темпера-
турасының өзгеруіне, асқазанның
толуының және т.б. өзгеруіне жауап
береді. И.-ның қызмет етуі көбінесе
санадан тыс жүзеге асады. Органика-
лық түйсіктер пайда болғанымен, тек
диффуздық түрде организмнің жал-
пы күйін комфорт немесе диском-
форт, қысылу немесе босаңсу, маза-
сыздық немесе тыныштық түріндегі
көбінесе эмоционалдық боялған кү-
йін бейнелейді. И.М.Сеченов оларды
«күңгірт сезімдер» деп атаған. И-
ның қызметі тек 1930 жылдардан
кейін ғана, Кеннонмен гомеостазис
ұғымы ашылғаннан кейін ғана едә-
уір толық түсінікті болды. Ағзаның
ішкі тепе-теңдік күйі немесе гомео-
стазис өмір сүрудің қажетті шарты
болып табылады.
ИНТРОВЕРСИЯ – адамның өз
санасын және қызығушылығын өзі-
не аударуы, өзінің ішкі дүниесіне пси-
хологиялық шомуы, жеке басының
мәселелерімен уайымдарына бері-
луі. Мұндай жағдайда адамның ай-
наладағыларға және қоршаған орта-
да болып жатқан жағдайларға деген
зейіні төмендейді.
ИСТЕРИЯЛЫҚ (қояншық қасиет) –
адам өзін жақсы көргенде, айнала-
дағылардың өзіне көңілін аударту-
ға, өзін ерекше көрсетуге бейімділі-
гінде, керімсалдыққа тенденциялы-
ғында, қылықтың жасандылығын-
да, терең сезімнің жоқтығында, адам-
дар арасында ерекше орын алуға әре-
кеттенуінде көрініс беретін адам-
ның акцентуациялық мінез қасиеті.
ИОСТ зАҢЫ – Бұл 1895 жылы
неміс психологі А.Иост ашқан, ма-
ғынасыз сөздік материалды есте сақ-
таудың эмпирикалық заңдылығы.
Достарыңызбен бөлісу: