Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет46/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АЛҒАШҚЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ. (Нә- 

ресте-бал бөбек) – Өмірге жаңа кел-

ген нәресте күн санап өсіп отырады. 

Мәселен,  оның  өсуі  туған  кезіндегі- 

сімен салыстырғанда бір жыл ішінде 

25  процент  өседі.  Нәрестенің  сүйегі 

бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де 

жұмсақ  шеміршек  тәрізді  майысқақ 

келеді.  Өйткені  оның  сүйегінде  бор 

мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу бо- 

лады.  Организмнің  үздіксіз  өсіп,  да-

муы – өзара тығыз байланыста бола-

тын  процесс.  Балалардың  жас  ерек-

шелігіне байланысты түрлі мүшелер 

мен  жүйелердің  даму  қарқыны  бір- 

дей болмайды. Мәселен, адамның сү- 

йек, буын жүйелерінің дамуы жиыр- 

ма жасқа таман, көз бен есіту қызме- 

тінің дамуы жеті-он жас шамасында 

аяқталады.

Нәрестенің  жүйке  жүйесінің  даму 

қарқыны да айтарлықтай болады. Ал- 

ғашқыда  жаңа  туған  нәрестеде  кей-

бір  шартсыз  рефлекстер  болады  да 

(тамақ,  қозғалыс,  бағдар  т.б.)  кейін 

олар көбейе түседі. Шартты рефлек-

стер  екі-үш  жетіден  кейін  (мәселен, 

бір мезгілде емізуге байланысты реф- 

лекстер) пайда бола бастайды. Екін- 

ші айда баланың барлық анализатор- 

ларында шартты рефлекстер жасалу- 

ға  мүмкіншілік  туады.  Мәселен,  екі 

айлық бала жай суды тәтті судан, ал 

үш  айлық  бала  тәттіні  тұздан,  сон-

дай-ақ  кейбір  нәрсенің  иісін  ажыра- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет