410
жүзеге асырудың тәсілдерін, әрекет
амалдары мен құралдарына таңдау-
ды, яғни осылайша операциялардың
сипаты мен бірізділігін анықтайды.
ОПТИКАЛЫҚ АФАзИЯ – визуалды
көрінетін объектілерді атай алмауы-
мен сипатталатын неврологиялық күй.
Бұл күйдің ассоциативті афазиядан
айырмашылығы – пациент стимулдың
мәнін біледі (яғни ол етікті қалай ки-
етінін пантомимамен көрсете алады,
бірақ бұны айта алмайды, яғни «етік»
немесе «етік кию» деп айта алмайды).
«Аномия» деп те аталады. Оптикалык
атаксия – визуалды бақылау кезінде
объектіге жете алмауымен сипатта-
латын атаксия.
ОПТИМИзМ (лат. оptimus – ең жақ-
сы) – дүниеде ізгілік үстем болады,
әділет салтанат құрады және барша
жұрт бақытқа кенеледі деген сенім-
ділікке негізделген дүниетану түсіні-
гі. Пессимизмге қарама-қайшы. «О.»
термині алғаш рет біздің әлем «ық-
тимал әлемдердің ең жақсысы» деп па-
йымдаған философиялық (Г.Б.Лейб-
ництің) ілімді сипаттау үшін қолда-
нылды. Бертін келе О. даралық не бұ-
қаралық сананың жалпы эмоциялық
үндестігін бейнеленетін неғұрлым
кең мағына алды. О. тікелей сезімдік
дүниетану түсінігіне де, тұтастай дү-
ниетанымға да тән болуы мүмкін.
Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген
кезеңдерде адамдардың көңіл күйін-
де үстем болып, оларды дүниеге жә-
не өз тағдырына қарекетшіл, белсен-
ділікпен қарауға ынталандырады. Оп-
тимистік ауан әлеуметтік сілкіністер
кезінде де пайда болып, оларды еңсе-
руге жәрдемдесуі мүмкін. О. тұтас ал-
ғанда сындарлы, адамдарды болмыс-
қа көңілі толушылық сезіміне бөлей-
ді. Қанағатшылдық, қуаныш, бақыт
сүйініштерімен ұштасады. Алайда ол
болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен
ұштаспаса, адамдарды тек жағымды
жайттарды ғана қабылдауға бейім-
деп, тұлғаның орнықты психология-
лық ұстанымы нысанына айналуы
мүмкін.
Мұндай жағдайда санада адамдарды
бағдарынан жаңылдыратындай, уа-
қытында дұрыс шешімге келуіне, қо-
ғамдық үрдістерге араласуына ке-
дергі келтіретіндей әртүрлі жалған
үміттер ұялайды. Мұндай көңіл ауа-
нында қоғамдық сана-сезім басқадай
мүдде көздеген адамдардың тарапы-
нан бұрмалауға, өз мақсаттарын пай-
далалуына оңай беріледі. Кейін бұ-
қараның бұған көзі жетуі оны қатты
түңілдіріп, О. орнына пессимизм ба-
сым болуы мүмкін. Қоғам сындарлы
өзгерістер жағына, іс жүзіне ауысқан-
да ғана адамдардың сана-сезімі бол-
мысты неғұрлым жарқын өміршең-
дік ауанда бағамдауға ойысады. Зұ-
лымдық жеңіліп, ізгілік үстемдік ете-
тін қоғам орнатуға болады дейтін тү-
сініктер қиял және осы себепті әлеу-
меттік тұрғыдан қауіпті болып шы-
ғады. Бұл екі категория адамзат өмі-
рінің мәңгілік серіктері және олар-
дың түптамыры адамның өзінде.
Дүниеге, тарихқа және адамға қатыс-
ты байыпты, реалистік көзқарас қа-
на адамдардың сенімді болашағын
қамтамасыз етеді, осы арқылы олар
өмірлік кездейсоқтықтар мен күтпе-
ген жағдайларға психологиялық тұр-
ғыдан дайын болады. Оптимистік дү-
ниетаным балалар мен жастарды тәр-
биелеуде үлкен рөл атқарады, өйткені
Достарыңызбен бөлісу: