Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет589/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   877
өзІН-өзІ  ҚАСТЕРЛЕУ  –  өзін-өзі 

білдіру  мен  өзін-өзі  көрсетуге  әсер 

ететін,  тұлғаның  өзіне-өзі  жағымды 

сезімі.  Әрбір  адамның  өзін-өзі  сүю 

сезімінің  «соқыр»  эгоистік,  сезімге 

ауыспауы шарт. Өзін-өзі сүйетін же- 

тілген тұлға ешқашан өз ар-намысын 

жоғалтпай, сәйкес өзін-өзі бағалауға, 

өзін-өзі  сыйлауға  қабілетті  болады. 

Ол әрқашан өзінің сыртқы келбетіне, 

дене бітіміне, сондай-ақ ішкі жан дү- 

ниесіне  мән  беріп,  өз-өзіне,  өз  істе- 



өзІН

өзІН


420

ріне  ұқыптылықпен  қарайды,  өзін-

өзі  ылғи  жетілдіру  үстінде  болады, 

әртүрлі  салаларда  өзін  көрсетуден 

қорықпайды. Сонымен қатар, мұндай 

адам өзін жаратылысы қандай болса, 

солай  қабылдайды.  А.Маслоудың 

тұжырымдамасы  негізінде  жасалған 

Э.Шостромның  өзін-өзі  таныту  тес- 

тінің  шкалаларынының  ішінде  өзін-

өзі  сыйлау  және  өзін-өзі  қабылдау 

шкалалары да бар. Мұның өзі өзіндік 

сүйіспеншіліктің  тұлғаның  өзін-өзі 

танытуына  қолайлы  жағдай  тудыра- 

тынын  көрсетеді.  Ө.с.  бір  уақытта 

Меннің  қозғаушы  күшін,  оның  бел-

сенді жағын білдіре отырып, тұлғаны 

әлеуметтік  ортамен,  басқа  адамдар-

мен салыстыру тәсілі ретінде қызмет 

етеді.

Сонымен  қатар,  өзіндік  сүйіспенші- 



лік  тұлғаның  құндылықтық-адам-

гершіліктік  аумағының  дамуына  да 

маңызды рөл атқарады, онсыз өмірге 

қанағаттылық, толымдылық сезімі ту- 

майды. Сондықтан, өзін-өзі білдіру- 

дің,  яғни  өзін-өзі  танытудың  түрлі 

типтерін  анықтауда,  өзіндік  сүйіс- 

пеншілікті  де  есепке  алу  маңызды. 

Ал мұның өзі өзіндік сүйіспеншілік- 

ті  тұлғаның  өзін-өзі  бағалауын  тәр- 

биелеудің,  мотивацияны  көтерудің, 

өмірлік мағынаны табудың әсерлі ал- 

ғышарты  ретінде  қарастыруға  мүм- 

кіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет