Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет588/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   877
өзІН

өзІН


419

тілдіру, өз потенциалын жүзеге асы-

ру қажеттілігі. Бұл жол қиын, себебі 

ол белгісіздік пен жауапкершіліктен 

қорқу  сезімімен  байланысты  бола-

ды. Бірақ та ол – нағыз толыққанды, 

ішкі дүниесі бай өмірге әкелетін жол. 

Өзін-өзі  таныту  деңгейіне  шыққан 

адам қызғаныш, ашудан, сыншылдық 

пен жаман қылықтардан аулақ болып, 

өзінің шынайы Менін көрсете біледі. 

Өзін-өзі  танытатын  адамда  депрес- 

сия, эгоизм және т.с.с. күйлер туында- 

майды». О.-ө.т. ұғымы алғаш рет пси- 

хотерапевт  К.Гольдштейнмен  оның 

«Организм. Холистік тұрғы» атты ең- 

бегінде  ұсынылған  болатын.  Гольд- 

штейннің  пікірінше,  кез  келген  ор- 

ганизм,  әсіресе  адам  организмі  өзі- 

не  табиғатынан  берілген  мүмкінші- 

ліктерін ашып, танытуға ұмтылады.

Осы  мүмкіншіліктерді  ашу  проце- 

сін  К.Гольдштейн  өзін-өзі  таныту 

деп  атаған  және  оны  адам  өмірінің 

негізгі түрткісі және мақсаты деп тү- 

сінген. К.Роджерстің (1902-1987) тұ- 

жырымдамасында  Ө.-ө.т.  –  адамды 

әртүрлі  деңгейлерде  дамуға  мәжбүр 

ететін  күш  ретінде  анықталды.  Бұл 

қасиет  адамның  моторлық  дағдыла- 

рын  меңгеруден  бастап,  оның  жо- 

ғары шығармашылық шыңдарға же- 

туін  анықтайды.  К.Роджерстің  пікі- 

рінше,  адамның  өмір  сүруге,  өсуге 

және  дамуға  деген  туа  берілген  ба- 

ғыттылығы  мен  қабілеттілігі  бола- 

ды.  Барлық  қажеттіліктер  осы  тен- 

денцияға  бағынады,  олар  жағымды 

даму  мақсатында  қанағаттандыры- 

луы тиіс.

Бала өзінің жасаған әрекеттеріне тә- 

уелсіз,  басқалардың  өзіне  деген  сү- 

йіспеншілік сезімін білуі қажет. Сон-

да ғана айналадағылармен жағымды 

қатынас пен өзіндік жағымды қаты- 

насқа деген қажеттілік өзін-өзі таны- 

ту қажеттілігімен қарама-қайшылық- 

та болмайды; тек осы жағдайда ғана 

белсенділік  психологиялық  жақтан 

толық әрі үйлесімді қызмет ететін бо- 

лады, В.Франклдың пікірінше, өмір- 

лік мақсат ретінде көрінетін өзін-өзі 

жүзеге асыру феномені мәнісі жағы- 

нан, эгоцентрлік болып табылады. Ал 

өзін-өзі  таныту  болмыстың  ерекше 

«мағыналық»,  «тұлғадан  жоғары» 

мақсаттарға  жетудің  амалы  болуы 

үшін  адам  басқаларға  бағьтталып, 

болмыстың мағыналық категорияла-

рына көңіл бөлуі қажет.

Қазіргі  заманғы  ресейлік  психоло-

гияда  өзін-өзі  танытудың  әртүрлі 

сипаттамаларын  негіздаумен  айна-

лысып  жүрген  ғалымдардың  ішін-

де  ресейлік  психологтар  А.А.Реан 

және  Е.В.Вахромовты  атауға  бола- 

ды. А.А.Реан өзін-өзі танытуды жетіл-

ген тұлғаның маңызды сипаттамасы 

ретінде  санап,  өзін-өзі  дамытуды 

адамның  өмір  жасын  ұзартудың 

мықты көзі ретінде тапқан. Ол өзін-

өзі  танытатын  тұлғаның  маңызды 

анықтауышы  ретінде  өзіндік  транс-

ценденттілікті бөліп қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет