Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет587/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   877
өзІН-өзІ ЖҮзЕГЕ АСЫРУ – бұл 

тұлғаның  жетілген  өзіндік  реттеу, 

өзіндік басқару негізінде пайда бола-

тын, жақын ортада өзінің әлеуметтік 

статусын жоғарылату қажеттілігінен 

туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін 

әлеуметтік  тәжірибе  субъектісі  ре- 

тінде  өзін-өзі  бекіту  бойынша  дер- 

бес, саналанған, арнайы ұйымдасты- 

рылған іс-әрекеті. Осы процестің пси- 

хологиялықк  механизмдері  ретінде 

мыналарды бөліп көрсетуге болады:

1)  тұлғаның  арнайы  түрде  ұйым- 

дастырылған  өзін-өзі  зерттеуі  (өзін-

өзі тану); 2) адамның өз қасиеттері, 

қабілеттері, әлеуметтік құндылықта- 

ры жөніндегі түсініктердің қалыпта- 

суы  (өзін-өзі  анықтау);  3)  өзіне  ба- 

ғытталған  сыртқы  талаптарды  мақ- 

сатты түрде зерттеу, солармен өз әлеу- 

меттік  кемелдігін  салыстыру,  яғни 

өзінің әлеуметтік талаптарға сай бо- 

луға  дайындығын  анықтау  (өзін-өзі 

саналау);  4)  өзін-өзі  тәрбиелеу  мін-

деттерін бөліп алу, қоғамдық пайда- 

лы іс-әрекет барысында өз жеке ба- 

сы  бойынша  тәрбиелеу  жұмысын 

жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-

өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі 

бағалау  түрлерін  анықтау  (өзін-өзі 

дамыту).

Адамның  өзін-өзі  білуі,  басқаларға 

таныта білуі – оның ішкі адамгерші- 

ліктік  болмысын,  интеллектуалдық, 

творчестволық мүмкіншіліктерін ашу- 

ға үздіксіз ұмтылысы, өз бойындағы 

қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ақи- 

қат  дүниеге  белсенді  таныту  проце- 

сі.  Бұл  ұғым  алғашында  гуманистік 

психологияда  пайда  болып,  кон- 

цептуалдық тұрғыда құрастырылды. 

А.Маслоу бойынша, өзін-өзі таныту – 

адамның  өзінің  бойындағы  барлық 

творчестволық қабілеттері мен мүм- 

кіншліктерін  едәуір  толық  ашып, 

жүзеге  асыруға  үздіксіз  ұмтылысы. 

Ол  қажеттіліктер  иерархиясында 

ең  жоғарғы  орынды  алады.  Екінші 

тұрғыда  өзін-өзі  таныту  нағыз  бел- 

сенділігі,  шынайы  әрекетті  білдіре- 

тін  ұғым  ретінде  түсініледі.  Ағыл- 

шын тілінде «action» әрекет мағына- 

сын  білдіреді.  Ал  өзін-өзі  танытуға 

мәні  жағынан  жақын  ұғым  ретінде 

қолданылатын өзін-өзі жүзеге асыру 

ұғымында «геаlіzаtіоn» – Оксфордтық 

ағылшын  тілі  сөздігіндегі  анықтама 

бойынша белсенділікті емес, ал ең ал-

дымен, адамның саналау, ой-әрекетін, 

яғни  танымдық  іс-әрекетті  білдіреді 

О.-о.т. (латын тілінен, асtual – «шына- 

йы») – гуманистік психологияның не-

гізгі тұжырымдамалық ұғымы.

А. Маслоу бойынша, «Өзін-өзі таны- 

ту – адамның бар мүмкіндігі жеткен- 

ше, адам болуға ұмтылу, өзін-өзі же- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет