Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет590/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   877
өзІН-өзІ ТӘРБИЕЛЕУ (ағыл. Self- 

development)  –  адамның  өзінің  тұл- 

ғалығын  алдына  қойған  мақсатына 

сәйкес қалыптастыруы. Ө.-ө.т. қажет- 

тілік өзінің кемшіліктерін саналы ұғы- 

ну негізінде басталады. Ө.-ө.т. дара- 

лық ерекшеліктерін, қабілеттерін жә- 

не мүмкіндіктерін адекватты (сәйкес) 

талдамай жүргізуге болмайды. Ө.-ө.т. 

адам  өміріне  үздіксіз  жасалады.  Ө.- 

ө.т.-ді осылайша түсіну, жалпы түр- 

де, екі негізгі жайтты бейнелейді: бі- 

ріншіден; адамның өз жеке басы бо- 

йынша  жұмысы  ерекше  түрдегі  іс-

әрекет болып табылады және, екінші- 

ден, Ө.-ө.т. өзін-өзі өзгертудің ең жо- 

ғары  деңгейі  болып  табылады,  бұл 

тұлғаның саналы да мақсатқа бағыт- 

талған өзін-өзі өзгертуі. Ал кез кел- 

ген іс-әрекет үшін, әсіресе іс-әрекет 

үшін, әсіресе өзін-өзі өзгертудегі іс- 

әрекет үшін жеткілікті дәрежеде да- 

мыған  ерік  қажет.  Ерік  Ө.ө.т.  бағ- 

дарламасын  іске  асырудың  қажетті 

негізі болып табылады. Л.И. Рувин- 

ский  бойынша,  Ө.ө.т.-дің  келесі  тә- 

сілдері  бар  –  өзін  күштеу,  өзін-өзі 

анықтау,  өзіне  бағыну,  өзіндік  бұй- 

рық, өзіне еске салу. «Ө.ө.т. бағдар- 

ламасы  өзін-өзі  қадағалау  мен  өзін-

өзі  ынталандырудың  құралдарымен 

іске асады. «Ө.ө.т. – адамның өзінің 

теріс қылықтарын жойып, жағымды 

қасиеттерін  жетілдіру  жөніндегі  са-

налы, мақсатты іс-әрекеті.

Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мек-

теп  жасына  дейінгі  балаларда  кез-

деседі.  Бұл  кезде  бала  өзінің  жеке 

тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бі- 

рақ  өзінің  мінез-құлқының  ұнай- 

тынын-ұнамайтынын  ұғып  алады. 

Өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  бағалау  және 

өз  қылықтарын  талдау  жеткіншек- 

алды жаста байқала бастайды. Жет- 

кілікті  әлеуметтік  тәжірибенің  жә- 

не психологиялық дайындықтың жоқ- 

тығынан  жасөспірімдер  өз  қылық- 

тарының мотивтерін түсіне бермейді. 

Сондықтан  үлкендердің  көмегінсіз 

өзін-өзі  тәрбиелей  алмайды.  Оларға 

міндетті түрде педагогикалық жетек-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет