өТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛ-
ҰЛЫ (1388-1483) – рухани ортаға-
сырдағы қазақ ғұлама ғалымы. Оның
«Шипагерлік баян» атты еңбегінде
қазақтың ой-пікірлері тұңғыш рет
ғылыми тұрғыда төмендегідей пси-
хологиялық сөз болғаны байқалады.
Көптеген психологиялық ұғымдар
(«Қуат», «Қабілет, «Ойлау», «Сөйлеу»,
«Мінез» т.б.) туралы психологиялық
(сол кездегі ұғым бойынша) мағ-
лұматтар мол. Ол өзінен бұрын өмір
сүрген түркілік ұлы ғұламалардың
әл-Фараби, Әбу әли ибн Синалардың
жан туралы түсініктеріне сүйене оты-
рып, бүкіл тіршіліктің басқарушысы,
реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра
жан құбылыстарын басқаруға мидың
атқаратын рөлін де жоққа шығармай-
ды. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есті
адамдардың негізгі жан қуаттарының
қатарына жатқызады. Оның пікірін-
ше, ес көрген, естіген нәрсені жадта
сақтау үшін аса қажет. Арнайы есте
сақтау мақсатында адам тез аңғар-
ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш
болуы тиіс (... тез, шапшаң, жеткілікті
аңғарып, ойға қонымды, көңілге то-
лымды, өте нанымды, бүге-шегесіне
дейін есте сақтау) дейді. Ол адамның
қабілет қасиетін дамыту үшін көпте-
ген тау-тас, жер-су және мал мен аң-
дардың аттарын дәл білу қажеттігіне
үлкен мән береді. Еске сақтау қабі-
летінің ойдағыдай дамуына себеп
болатын қасиеттің бірі – зейінділік.
Оның пікірінше, саналы іс-әрекет
зейінсіз іске аспайды. Аталмыш кі-
тапта зейін көбінесе «мәнділік аң-
ғарым» деген ұғыммен беріледі.
Тілеуқабылұлы адамның негізгі жан
қуаттарының біріне ойлау процесін
жатқызады. Ойлау адам сезім мүше-
Достарыңызбен бөлісу: |