508
жоғалтады. С.-тің себептері сан алу-
ан және олар субъекттің жекебастық
деформацияларымен, айналасында-
ғы жағдайды жанын жаралағанымен
ғана байланысты болмай, түп-тамы-
ры қоғамның әлеуметтік-экономика-
лық және адамгершілік тұрғысынан
ұйымдастырылуында да болуы мүм-
кін. Біздің елімізде және шетелдерде
суицидке жол бермеу үшін арнаулы
суицидологиялық қызметтер, «сенім
телефондары» ұйымдастырылған.
СУРДОПСИХОЛОГИЯ (лат. surdus–
саңырау, күңгірт естілетін және ...ло-
гия) – арнаулы психологияның саңы-
рау сондай-ақ құлағының мүкісі бар
адамдардың психикалық дамуын
жетілдіру мүмкіндіктерін зерттейтін
жантану саласы. С. құлағының мүкісі
бар адамдардың сақау болуына жол
бермеу амалдарын зерттейді, естіп
қабылдаудың кемістігін көру арқы-
лы, дірілдік, түйсіктер және т.б. арқы-
лы алмастырудың компенсаторлық
мүмкіндіктерін анықтайды, мұндай
адамдардың танымдық қарекетінің
ерекшеліктерін зерделейді, есіту
түйсіктерінің болмауы немесе жете
дамымауы жағдайында қалыптаса-
тын ойлаудың, жадтық және басқа да
психикалық процестердің ерекше-
ліктерін зерттейді. С.-ның мәліметте-
рін есепке алу – саңырау және құла-
ғы мүкіс балаларда оқыту мен тәр-
биелеуді, оларды өндірістік тұрғыда
даярлау мен еңбекке орналастыруды
ұйымдастырудың қажетті шарты бо-
лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: