Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев


БАЙТҰРСЫНОВ  АХМЕТ  (1873-



Pdf көрінісі
бет15/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90

БАЙТҰРСЫНОВ  АХМЕТ  (1873-

1937) – қазақ ғылымы мен мәдение- 

тінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ға- 

лым, қоғам қайраткері. А.Байтұрсы- 

нов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласын- 

да  артына  аса  бай  мұра  қалдырды. 

Ол психология ғылымы саласында да 

өзіндік  қолтаңбасымен  дараланады. 

Мәселен,  тек  «Әдебиет  танытқыш- 

тың» (1926) бір өзінде психологияға 

ғана  қатысты  толып  жатқан  ой-пі- 

кірлер  мен  салмақты  түйіндер  бар- 

шылық.  Мұндағы  «Көркем  өнер», 

«Сөз толғау», «Лұғат әуезділігі», «Жан 

жақтау», «Жан қоштау», «Көріктеу», 

«Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме», 

т.б.  атаулар  мен  ұғым  түсініктерде, 

сондай-ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш, 

айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, 

жарапазан, бата, мақал, т.б. әдебиетта- 

ну  ғылымына  қатысты  пікірлерінде 

халықтық психологияның теориялық 

қисындары  үшін  іздесе  таптырмай- 

тын  әдістемелік  қазық  боларлықтай 

түйiндер мол. Ғалымның тіл мен сөй- 

леу психологиясы жайлы айтқандары  

да аса мәнді. «Тілдің міндеті, – деп жа- 

зады ол, – ақылдың аңдауын аңдыған- 

ша, қиялдың мезеуін меңзегенше, кө- 

ңілдiң түйінін түйгенінше айтуға жа- 

рау...  Сөз  көңілге  сипат  жағының 

көркемдігімен, сөз мағына жағының 

күштілігімен жағады... Тіл дәлдігі деп 

ойлаған  ұғымға  сөз  мағынасы  сәй- 

кес келуі айтылады...». Бұл психоло- 

гиялық жағынан өте пәрменді тұжы- 

рым, өйткені қазақтың қазіргі кездегі 

ұлттық  тәрбиесiнiң  мықтап  ақсап, 

тіпті батпаққа белшесінен батып жа- 



БАЙТ

БАЙТ

99

туының себебінің бірі – осы халық- 

тың, әсіресе тәлімгер қауымның (мұ- 

ғалім, ата-ана, құрбы-құрдас, т.б.) өз 

ана  тілін  жоғарыда  Ахаң  айтқандай 

түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз 

дәрежесiнде  пайдалана  алмай  жүр- 

генінде.  Расында  да,  егер  тәлiмгер 

қауымның сөз саптауы шорқақ, ойы 

саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт 

тәрбиесінде берекесіздік туады, сөз- 

дiң  тәрбиелік  қадір-қасиеті,  құны 

төмендейді. Олай болса, баланың сөз 

өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдение- 

тінің  арта  түсуі  үшін  ерекше  көңіл 

бөлу қажеттігі ылғи да естен шықпа- 

уы тиіс.

А.  Байтұрсыновтың  психология  ғы- 

лымының  төңірегiнде  ой  қозғаған 

терең мәнді, салиқалы пікірлері «Әліп- 

пе  –  таңбалар  жұмбағы»  дейтін  ең- 

бегінен  елеулі  орын  алған.  Мұнда 

ол  араб  әрпінің  латын  таңбасынан 

әлдеқайда  ұғынуға  тез  жазып,  миға 

тоқуы жеңіл екендігін психологиялық 

тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұнда екі 

таңбаның  қайсысымен  басылған,  иә 

жазылған  сөз  оңай  оқылады,  бұлар- 

дың  қайсысымен  жазылғанын  тану 

жеңіл,  қайсысы  баспаға  сыйымды, 

қайсысы  көркемдік  (эстетикалық), 

сондай-ақ  көруге  көзге  жайлылығы 

жағынан  қайсысы  артық  дегендей 

психологиялық жәйттарға тоқталады. 

Ғалым  латын,  араб  әріптерін  оқуға 

қайсысының жеңіл, қолайлы екендігі 

жөнінде былай дейді: «Сауаты ашыл- 

ған адам, жазылған иә басылған сөз- 

ді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұр- 

ған суретін танып оқиды. Таныс адам- 

ды көргенде мынау пәленше, анау тү- 

генше деген сияқты әр сөзді тұрпаты- 

на  қарап,  танып  айтады.  Неғұрлым 

сөз суреті көзге елеулірек болса, со- 

ғұрлым жылдамырақ танылып, шап- 

шаң оқылмақшы... Немістің Мейман 

деген  профессоры...  мынаны  байқа- 

ған: басылған сөздің ішінде не төмен, 

не  жоғары  сойдыйып  қатардан  шы- 

ғып  тұрған  әріп  бір  сөзден  немесе 

үстіне  қойған  қосымша  белгісі  бар 

әріп  кіріскен  сөздер  тез  танылып, 

шапшаң оқылады екен». Байтұрсынов 

араб әріптері бірі биік, бірі аласа, бірі 

ұзын, бірі қысқа келіп, екінші жағы- 

нан  қосымша  таңбалары  (белгілері) 

көп  болып,  сөз  суретін  көзге  елеулі 

етіп кісінің тез оқуына, харып тануы- 

на қолайлы болады дейді.

А.Байтұрсынов  адамда  жазу  дағды- 

сының  қалыптасу  жолын  да  психо- 

логиялық  тұрғыдан  түсіндіреді. 

«Сауаты  ада  адам,  –  дейді  автор,  – 

жазғанда  қол  дағдысымен  жазады. 

Жазып отырғанда әр әріпті ойлап ба- 

рып жазбаймыз, қолымыз дағдылан- 

ған  күйімен  өзі  келеді...  Неғұрлым 

сауаты көбірек ашылған адам болса, 

неғұрлым жазуды көп жазатын адам 

болса,  оның  көз  бақылауынан  гөрі 

қол дағдысы басым болмак,.. Оқыған 

уақытта адамның көзіне күші түсіп, 

етiне күш түспейді. Жазған уақытта 

көзіне күш түспей, етіне күш түседі». 

А.Байтұрсыновтың  осы  түйіндері 

психологияда оқу мен жазуды қалып- 

тастырудың  психологиялық  заңды- 

лықтарына  сүйенген  түйін.  Мұны 

психологиядан аздап хабары бар адам, 

арнайы  түсініктемесіз-ақ  ұға  алаты- 

ны хақ.

Латынша жазуда қолға күш түсетінді- 



гін  А.Байтұрсынов  орыс  психологы 

П.П.Блонский  зерттеулері  арқылы 

түсіндіреді. Блонский жазғанда қол- 

дың  талу-талмауына  ерекше  көңіл 

аударған.  Жазған  кезде  қолдың  тал- 

БАЙТ

БАЙТ


100

мауы  саусақтардағы  ұсақ  бұлшық 

еттерге байланысты деп түсіндіреді. 

Байтұрсынов  орыс  ғалымының  пі- 

кiрлерін  былайша  жалғастарады: 

«Менің оған қосатыным – қарды жаю- 

дан жию жеңілірек. Солдан оңға қа- 

рай жазғанда қол қардың жайылатын 

жағына қарай жылжиды, жылжыған 

сайын  қиындайды...  Араб  әрпімен 

жазғанда  стенограф  жазуымен  жаз- 

ған сияқты қолдың қимылы көбінесе 

ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақты- 

ғы  жазуды  жеңілдетіп,  шапшаң  жа- 

зуға  қолайлы...  латын  жазуымен  са- 

лыстырғанда қол сермеуі бармақ нүк- 

телерін  қосып  есептегенде,  латын- 

дікінен 25-30 % кем болып шығады».

Халқымыздың осынау біртуар ғалы- 

мы  араб  грамматикасының  оқу,  жа- 

зуға  латын  харпінен  гөрі  әлдеқайда 

тиімділігін психологиялық тұрғыдан 

пайымдай  келіп,  өз  ойын  былайша 

тұжырымдайды: «араб әрпімен жаз- 

ғанда да, оқығанда да оңай, сауат ашу 

үшін  баспаханада  әрiп  теруге  де  ол 

латын  таңбасынан  әлде  қалай  тиім- 

ді, – дей келіп, латыншаға көшу ке- 

рек  деп  жүргендерді  «еріккен  адам- 

дардың ермегі есебіндегі құр қиял», – 

дейді.  А.Байтұрсынов  өмірiнiң  соң- 

ғы сәтіне дейін, өзі түрлеген, өзі ре- 

форма  жасап  жетілдірген  қазақтың 

жаңарған жазу үлгісін осылайша ғы- 

лыми  негізде  дәлелдеп,  қызғыштай 

қорғап  өтті.  Ғұлама  ғалымның  те- 

легей-теңіздей  рухани  мұрасында 

осы  айтылғандардан  басқа  да  пси- 

хологиялық мәні терең ой-тұжырым- 

дары  көптеп  кездеседі.  Бұларды  са- 

ралап,  зерттеп,  халық  игілігіне  ай- 

налдыру  –  қазақ  психологиясының 

келешектегі міндеті, парызы болмақ.

БАҚЫЛАУ  ЛОКУСЫ  –  адамның 

өзін,  өз  қылығын  немесе  айналада- 

ғылардың  жүріс-тұрыстарының  се- 

бептерін  субъективті  сипаттайтын 

түсінік.  Ішкі  бақылау  локусы  –  ол 

өз қылықтарының себептерін іздеуі, 

ал сыртқы бақылау локусы – ол қы- 

лық  себептерінің  адамнан  тыс  оны 

қоршаған ортада локализациялануы. 

Б.л. ұғымын енгізген американ пси- 

хологі Ю.Роттер.

БАЛА  СөзІНІҢ  АЛҒАШ  ҚА- 

ЛЫПТАСУЫ  –  баланың  сөйлеуге 

қажетті  мидағы  орталығы  ана  құр- 

сағында жатқанда-ақ қалыптаса бас- 

тайды.  Ол  анасының  сөйлеу  реак- 

цияларын есту анализаторы арқылы 

қабылдайды  да  жарық  дүниеге  кел- 

геннен кейін бұл реакциялар алғаш- 

қы  үн  –  іңгәлаумен  жалғасады.  Бұл 

жерде  ата-анасының  ана  тілінде,  не 

басқа  тілде  сөйлеуінің  үлкен  маңы- 

зы бар. Олар қай тілде сөйлесе бала- 

ның алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 ай- 

дан кейін пайда болатын гуілдеуі де, 

4-5 айдан кейін пайда болатын был- 

дырлауы  да  сол  ата-анасының  сөз 

саптауларына тікелей тәуелді.

Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдер- 

де  бала  сөз  реакцияларын,  айнала- 

сындағылардың  қимыл  қозғалыста- 

рына,  ым-ишараларына  еліктеу  ар- 

қылы өзіне ұялатады. Бір сөзбен айт- 

қанда  дүниеге  келген  бала  қай  ұлт- 

тың өкілі болмасын ана тіліндегі сөз- 

дерді меңгеруде уызынан жарымаса, 

оның келешекте, өсе келе мәңгүрт не- 

месе  маргинал  болып  қалуы  ықти- 

мал.  Кейінгі  кездері  тіл  мәселесіне 

байланысты  «үш  тұғырлы  тіл»  (три 

единство  языков)  дейтін  концепция 

БАҚЫ

БАЛА


101

(қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  қа- 

тарынан  оқыту  мәселесі)  сөз  болып 

жүр.  Бұл  концепцияға  екі  тұрғыдан 

қарау  керек.  Біріншіден,  кез  келген 

балаға 5-6 жастан үш тілді қатар оқы- 

туға болмайды.

Бұл ғылымға қарама-қарсы түсінік. Ал, 

туысынан нышаны бар тілді меңгеру 

қабілеті  байқалған  балаларға  арнау- 

лы  мектептерде  үш  тілді  қатарынан 

оқытуға болады. Жалпы бір кездерде 

Ы.Алтынсариннің жолын қуған бел- 

гілі  орыс  ағартушысы  А.Васильев, 

кейіннен  А.Байтұрсынов  5-сыныпқа 

дейін тек қана ана тілін оқыту қажет, 

өзге тілдерді араластырмау керек дей- 

тін  болатын.  Бірақ  қазір  заман  бас- 

қа,  ғылыми  прогресс  ғарыштап  да- 

ми  түсуде,  жаһандану  үрдісі  әлем- 

ді жайлаған кез. Жалпы үш тұғырлы 

тілді  қатар  оқыту  идеясы  физиоло- 

гия,  психология,  антропология  ғы- 

лымдарымен  негізделмеген.  Бірне- 

ше  тілді  қатарынан  оқытуды  өткен 

ХХ  ғасырдың  басында  ғалымдар 

пікір сайысқа салған. Сонда Л.С.Вы- 

готскийден  басқалары  бірнеше  тіл- 

ді  қатарынан  оқыту  баланың  өзінің 

ана  тілін  меңгеруге  кедергі  (интер- 

ференция)  келтіреді  деген  еді.  Ке- 

йіннен осы мәселеге қатысты әлемдік 

деңгейдегі  ғалым  физиолог  А.А.Ух- 

томский (1875-1942) өзінің «доминан- 

та» деп аталатын теориясымен негіз- 

дей түсті.

Бұл  теория  бойынша  адам  миына 

үнемі  түсіп  отыратын  көптеген  ті- 

тіркендіргіштер мидың әр алабынан 

қозу тудырады. Сол қозулардың іші- 

нен біреуі басым келіп өзіне қалған 

шағын, әлсіз қозуларды тартып, одан 

сайын күшейеді. Мұның нәтижесін- 

де біреуі мида өктемдік жасайды, мұ- 

ны  Ухтомский  доминанта  (үстемдік 

етуші қозу) деп атаған. Енді қатары- 

нан  оқылатын  үш  тілдің  миға  әсер 

ету жағдайына келетін болсақ, бұлар 

мида  үш  жерде  қозу  тудырады  да 

қайсысы басым болса, қалған екеуін 

басып тастайды. 6-7 жасар бала сөй- 

тіп  мидағы  үш  түрлі  қозуға  тап  ке- 

леді.  Қазіргі  кездегі  заманауи  жағ- 

дайды ескеретін болсақ, мұнда ағыл- 

шын,  одан  соң  орыс  тілінің  тітір- 

кендіргіштері  мида  өктемдік  жасап 

ана тілімізді (қазақ тілін) басып тас- 

тауы  ықтимал.  Қазақша  айтқанда 

мида «қай жеңгенің менікі» дегендей 

үш  тілден  туындайтын  мидағы  сөз 

реакциялары өзінің күшіне қарай ал- 

ға шығатындығы даусыз. Доминанта 

теориясы адамның бүкіл психикасы- 

на, мінез-құлқына да өктемдік жасай- 

ды. Мұны сол кездері И.П.Павловтың 

«Мидағы  қозудың  өктемдік  етуі» 

дейтін теориясы да растаған. Ғылы- 

ми тұрғыдан алып қарағанда осы үш 

тұғырлы  тіл  концепциясы  ғылыми 

дәлелдігі  жағынан  ақсап  тұр.  Сон- 

дықтан  да  осы  концепцияны  өз  ор- 

нымен басшылыққа алу керек.



БАЛАЛЫҚ  ШАҚ  –  онтогенездің 

алғашқы  кезеңін  сипаттайтын  тер- 

мин, яғни кәмелетке толмаған балғын 

шақ.  Психология  ғылымында  адам- 

ның даму процесі бірнеше кезеңнен 

тұрады.  Баланың  туғаннан  бастап, 

мектепке  барғанға  дейінгі  кезеңін 

төрт шаққа бөліп қарастырады: 1) бө- 

бектік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін); 

2)  сәбилік  шақ  (1  жастан  3  жасқа 

дейін); 3) мектеп жасына дейінгі ке- 

зең (3 жастан 7 жасқа дейін); 4) төмен- 

гі  сынып  жасындағы  балалар  (6-7, 

10-11 жас). Психикалық дамудың бір- 



БАЛА

БАЛА

102

дей жас шағы кезеңіндегі балаларды 

біріктіретін  негізгі  психикалық  бел- 

гілер  –  олардың  қажеттіліктері  мен 

мүдделері, осыдан туындайтын бала 

іс-әрекеттерінің түрлері мен олардың 

қоршаған ортаға көзқарастары. Олар- 

дың дамуының ерекшеліктері іс-әре- 

кеттеріне байланысты болады. Мыс., 

нәресте үшін жетекші іс-әрекет үлкен- 

дермен  эмоциялық  қарым-қатынас 

болса, сәбилік шақтағы бала үшін зат- 

тық  іс-әрекет,  мектепке  дейінгі  ба- 

лалық шақтағылар үшін ойын болып 

табылады. Б.ш. кезеңіндегі қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық, этномәде- 

ни жағдайының әсері баланың бола- 

шақта қабілетінің дамып, жеке тұлға 

ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді.

БАЛАСАҒҰНИ  ЖҮСІП  (ХІ  ғ.)  – 

Түркі халықтарының біразына ортақ 

(қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ т.б.) 

аса ірі ойшыл ғұлама. Оның «Құдатғу 

білік» деп аталатын негізгі шығарма- 

сы сол кездегі тәлім-тәрбиеден елес 

беретін тамаша туынды болып табы- 

лады.  Бұл  еңбек  –  дидактикалық, 

моральдық  –  этикалық  сарында  жа- 

зылған  шығарма.  «Құдатғу  білік»  – 

түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құ- 

датғу»,  «құт»,  «бақыт»,  «құтты»,  ал 

екіншісі «сөз» – «білік», «білім», «кі- 

тап» деген мағынаны білдіреді. Олай 

болса, «Құдатғу білікті» қазақша «бі- 

лімді құтайтушы кітап», «бақытқа же- 

тудің ғылымы» деуге де болады. Кі- 

тап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан 

тұрады.  Дастан  оқиғасына  аз  ғана 

топ  қатысады.  Автор  мұндағы  төрт 

кейіпкерді  төрт  қасиеттің  (әділет, 

дәулет, парасат, қанағат) иесі етіп 

алады.  Дастан  төрт  кейіпкердің 

арасындағы бақыт туралы сөз жа- 

рысына  –  диалогқа  құрылған.  Шы- 

ғарманың бұл ерекшелігі бізге айтыс 

жанрының  тууы  жайында  да  көпте- 

ген  қызықты  деректер  береді.  Кітап 

Қараханид мемлекетін нығайту, оның 

даңқын  зорайту  мақсатында  жа- 

зылған.

«Құдатғу  біліктің»  авторы  Жүсіптің 



туып,  өсіп,  тәрбие  алған  жері  он- 

ша қашық емес, сол кезде қаңлы тай- 

пасының астанасы болған. 1069-1070 ж. 

жазылған. Қолжазбаның авторы жө- 

нінде кітап кіріспесінің 3-бетінде бы- 

лай делінген: «Бұл кітаптағы өлеңді 

жазған кісі Баласағұнда туған. Ол бұл 

кітапты Қашқар елінде жазып, жазу- 

шыға Қараханидтердің шаһы Тавғаш 

Арсланхан  Бұғра  –  Текинге  тарту 

етеді.  Шаһ  ақынның  осы  дастаны 

үшін  оған  «Хас  –  Хаджиб»  («құпия 

министр») деген атақ береді.

Осыдан  барып  жазушының  «Жүсіп 

хан – Хажиб» деген атағы жер жүзі- 

не  тарап  кетеді.  Қолжазбаның  түп 

нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш кө- 

шірмесі жеткен. Біріншісі – 1439 ж. 

Герат  қаласында  ұйғыр  жазуымен 

(қазір ол Вена кітапханасында), екін- 

шісі – XII ғасырдың орта шенінде Мы- 

сырда  араб  жазуымен  (Каир  кітап- 

ханасында)  XII  ғасырдың  аяғында 

жазбаша  көшірілген  үшінші  түрі  – 

1914 ж. Наманган қаласынан табыл- 

ған. «Құдатғу білік» («Құтты кітап» 

немесе «Құт негізі білік»). Дастанның 

мазмұнын  ұғыну  қиынға  соқпайды, 

ол қарапайым тілмен жазылған. Жа- 

зылу  стилі  жағынан  ол  араб-парсы 

поэзиясымен,  әсіресе,  Фирдоусидің 

атақты «Шахнамасымен» үндес. Ба- 

ласағұндық  Жүсіптің,  «Құдатғу  бі- 

лікті»  түркі  тілінде  жазуы,  сөйтіп, 

оның  өз  ана  тілін  аса  қадір  тұтып, 

БАЛА

БАЛА


103

құрметтеуі  ерекше  атап  өтуді  қажет 

ететін  жайт.  Автор  билеу  жүйесін 

тәртіпке  түсіру,  елдің  бейбіт  өмір 

сүруі жөнінде қам жеу – бұл бәрінен 

бұрын халық игілігі үшін қызмет ету 

деп дұрыс тұжырымдайды. «Семсер 

мемлекетті ұлғайтып, оның билеуші- 

сі алдында бас июшілерді көбейтсе, 

қалам  мемлекетті  нығайтып,  оның 

билеу  жүйесін  ретке  келтіреді,  яғни 

мемлекеттік аппараттың қызметі ат- 

қа мінген мың сан нөкерден кем түс- 

пейді», дейді Баласағұндық Жүсіп.

Дастанның оқырман көңілін ерекше 

аударатын тағы бір ерекшелігі – мұн- 

да адам психологиясының түрлі жақ- 

тарын  көрсететін  қызғылықты  де- 

ректердің (кісінің көңіл күйі, қайғы- 

қасіреті,  қуаныш-сүйініші  т.б.)  мол- 

дығы. Мәселен, автор бұл жерде жан- 

ға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес

қасындағы жора-жолдас, көрші-қон- 

сың, құрбы-құрдасың, әріректе бұған 

әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп 

отыратындығын  айтады.  «Құдатғу 

біліктің»  енді  бір  көңіл  аударарлық 

жері  –  мұнда  сол  кездегі  ғылым  са- 

лаларынан біраз мағлұмат берілетін- 

дігі.  Бұл  жөнінде  кеңес  тюркологі 

А.Валитова  былай  дейді:  «Құдатғу 

білік» авторының медициналық әде- 

биеттерден мол хабары барлығы бай- 

қалады.  Ол,  әсіресе,  ибн  Сина  мен 

Орта Азияның басқа да көптеген ға- 

лымдарының,  дәрігерлерінің  ғылы- 

ми  қағидаларымен  жете  таныс  бол- 

ған.  Мәселен,  дастанда  дүниені  құ- 

райтын  төрт  түрлі  элемент  жайлы, 

адам темпераменттері туралы, ден- 

саулық  сақтау  жөнінде,  ауру,  сыр- 

қаттану  және  оның  себептері,  бұ- 

лардың  адамның  жас  ерекшелігіне, 

ауа  райына  тәуелділігі,  тамақта- 

нудың  гигиенасы,  ауру  адамды  ем- 

деудің  тәсілдері  т.б.  мәселелер  әр 

қырынан  сөз  болған.  Аталмыш  дас- 

таннан  адамдарды  тәрбиелеу  мем- 

лекеттің  негізгі  міндеттерінің  бірі, 

зұлымдық-әлеуметтік ауру, оны тәр- 

бие арқылы жоюға болады, адамдар- 

дың қылықтары мен қасиеттерін же- 

тілдіре берсе, қоғамды да, мемлекет- 

ті де жақсартуға болады дейтін белгі- 

лі идея аңғарылады.

Баласағұндық  Жүсіптің  философия- 

лық қисынын сөз еткенде ежелгі грек- 

тер мен әл-Фараби, ибн-Синалар ілі- 

міне  теориялық  арқау  болған  бүкіл 

әлемдік үйлесімдік теориясы еріксіз 

еске түседі. Әлем төрт түрлі элемент- 

тен (жер, су, ауа, от) құралған, бұлар- 

дың  пропорциясы  дүниедегі  заттар- 

ды бір-бірімен үйлестіріп тұрады дей- 

тін  концепцияға  ұқсас  жайттарды 

осы дастаннан да көптеп кездестіру- 

ге  болады.  Автордың  түсінігінше, 

осы  айтылған  үйлесімділік  қоғам- 

дық  –  әлеуметтік  жағдайлардан  да 

орын  алады.  Мәселен,  ел  билеуші- 

ден  әділет,  дәулет,  қанағат,  парасат 

сияқты төрт қасиет түгел табылса, он- 

да мұндай басшысы бар елдің қойы- 

ның үстіне боз торғай жұмыртқалай- 

ды.  Осы  төрт  қасиеттің  бір-бірімен 

тығыз  байланысып  жатқаны  абзал. 

Мәселен,  ел  билеушісінің  халыққа 

әділдігі  тек  барша  жұртты  ғана  ба- 

қытқа жеткізбейді, ол, сонымен бір- 

ге патшаның өзін де бақытты етеді, 

өйткені  осы  ісімен  ол  атын  бүкіл 

әлемге жаяды, халықты бақытқа бө- 

лейді.  Білім  мен  ақыл  әділеттілікке 

қосақтаса жүруі тиіс, бұларсыз әділ 

заң шығаруға болмайды. Ақыл адам- 

ның  қанағатын  да  реттеп  отырады. 

Мәселен, адамның азға қанағат етуі, 



БАЛА

БАЛА

104

тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға 

түспеуі  –  барлығы  да  ақылдың  ар- 

қасы  деп,  тұжырымдайды  Жүсіп  өз 

философиясын.

«Құдатғу  білікте»  жоғарыда  ескерт- 

кеніміздей  дәуір  тілімен  айтылған 

ғибратты  сөздер  көп.  Мұнда  бүгінгі 

күн  талабына  қайшы  келмейтін 

әртүрлі  әлеуметтік,  философиялық, 

этикалық, эстетикалық, тарихи, гео- 

графиялық, педагогикалық, психоло- 

гиялық  деректер  де  аз  емес.  Дастан 

лингвистикалық  тұрғыдан  біршама 

зерттелген  деуге  болады.  Ал  басқа 

ғылымдар  тарапынан  жүргізілген 

зерттеулер әзірге бізге мәлім емес.

«Құдатғу  біліктің»  он  бес  тарауы 

түгелдей  дерлік  моральдық,  психо- 

логиялық  мәселелерді  әр  қырынан 

сөз  етеді.  Бұлардың  бірінде  адамға 

білім мен ғылымның не үшін қажет 

екендігі айтылса, енді бір тарауларда 

бақытқа  жетудің  жолдары,  адамның 

жақсы-жаман  қылықтары  сөз  бола- 

ды. Мұнда сондай-ақ сөз өнері, ше- 

шендік  қасиет  дәріптеледі,  ел  би- 

леушілер  мен  әкімдерге  қажетті  си- 

паттар әртүрлі әлеуметтік топтардың 

бір-бірінен айырмашылықтары (ақын- 

дар,  дін  иелері,  уәзірлер,  шаруалар, 

саудагерлер, ғалымдар, диқаншылар, 

көпестер, қол өнершілер т.б.) жайлы 

сөз қозғалады. Дастанның 52-тарауын- 

да жанұяда ұл мен қызды қалай тәр- 

биелеу керек, оларды оқытудың жол- 

дары, бала тәрбиелеудегі ата-ананың 

рөлі тағы осындай мәселелер сол за- 

ман тұрғысынан сөйленеді.

«Құдатғу  біліктегі»  ел  басшылары- 

ның әлеуметтік – психологиялық ерек- 

шеліктері, адамдардың жақсы-жаман 

қасиеттері, білім мен ғылымның ма- 

ңызы туралы айтылған пікірлер педа- 

гогикалық және психологиялық тұр- 

ғыдан  оқырман  назарын  өзіне  ауда- 

рады.  «Құдатғу  біліктің»  29-30  та- 

рауларында  X-XII  ғасырлардағы 

Қараханид  мемлекетінің  ел  билеген 

басшылары  мен  ізгі  жақсылары  ту- 

ралы сөз болады. Автор бұларды жұрт- 

қа идеал етіп ұсынады, оларға елік- 

теп үлгі-өнеге алу қажеттігін айтады. 

Баласағұндық Жүсіп басшы атаулы- 

ға тиянақты білім, мол тәжірибе қа- 

жет дейді. («Ақылмен іс қылған бек 

елге  сүйкімді  болады»,  «Халқының 

ауыртпалығын  олармен  бірге  көтер- 

ген адам – басшының төресі», «Жақ- 

сы  қызметкер  төменнен  төрге  бара- 

ды»).  Автордың  ойынша,  әрбір  бас- 

тық  жан-жақты,  әмбебап  білімді, 

ақыл-ойы  ерекше  жетілген,  білгір 

адам  («Ақылдылықпен  ел  биле,  бі- 

лімділікпен  жұртты  аузыңа  қарат», 

«Ел  ағасының  мінез-құлқы  жайсаң, 

сезімтал болсын», «Жақсы адам ғана 

жақсы басшы бола алады», «Бастық 

әр кез өзінің көзі мен құлағын айна- 

ласына тігіп отыруы тиіс», «Бегің ра- 

қымды, қарапайым, әділ болса, ерге 

де, елге де ең жоғары бақыт сол бо- 

лады»). Бастық айналасындағы адам- 

дарды бес саусағындай біліп отыруы 

тиіс. Ол қарамағындағылардың пси- 

хологиясын сыртқы келбетінен де, іш- 

кі жан дүниесінен де аңғара алатын- 

дай болсын. Ол жұрттың жақсы-жа- 

ман қылықтарын әділ бағалап, қате- 

лігі  үшін  жаза  беріп  отыруы  тиіс. 

(«Егер  қарамағындағы  кісі  қателес- 

се, оны шақыртып алып, не себептен 

қателескенін сұра»). Ел басы, халық 

ағасы табанды да, қайсар, ерік-жігері 

күшті адам болғаны абзал. («Ол қа- 

бандай қайсар, сауысқандай сақ, қар- 

лығаштай қырағы болсын»). Бастық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет