ДАРЫ
ДАРЫ
153
Дарынды адамдардың қабілеті әдет-
те ерте ашылатынын зерттеу жұмыс-
тары байқатып жүр. Дарынды бала-
лар мектептің оқу бағдарламасын
ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай бала-
лар өзінен екі есе үлкен балалардың
білгенінен артық білетін болады.
Кейде дарынды балалардың мектеп-
тегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері
де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В.
Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк
білмейтіндердің қатарында саналған.
Олардың көпшілігі өз уақыттарын
өлең жазып, сурет салып, көбелек ұс-
тап, коллекция жинауға, немесе химия-
лық тәжірибе жасауға сарп етеді.
Мұндай дарынды адамдардың бала-
лық шақтары туралы көптеген шығар-
малар әлі де сақтаулы. Айталық, Дю-
рер үш жасында өз портретін салған,
жеті жасар Моцарт төрт соната жа-
зып үлгірген. Лист, Шопен мен Ие-
гуди Менухин он бір жасында үлкен
концерт қоюға қатысқан.
Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек
тілдерінде өлең жазатын болған. «Қа-
зіргі математиканың негізін салушы»
Гаусс үш жарым жасында әкесінің
салық төлеу жөніндегі есебін көріп,
соның қатесін шығарыпты, сөйтіп
әкесінің 25 талер ақшасын сақтап
қалыпты деседі. Ол алгебралық есеп-
тер мен сандар теориясы жөніндегі
өзінің дарынын ерте танытқанға ұқ-
сайды. Гаусс өзінің ең басты жаңа-
лықтарын негізінен 14 пен 17 жас-
тың арасында ашыпты.
«Кибернетиканың атасы» Норберт
Винер бес жасынан бастап ғылымға
ден қояды да тоғыз жасында 18 жа-
сар балалармен бірге оқиды. 12 жа-
сында колледжге түсіп оқып, 14 жа-
сында оған ғылыми атақ беріледі. Не
бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан
Уәлиханов та аз ғана ғұмырының
ішінде адамзаттық ғылымға, оның
көптеген саласында (әдебиет, тіл, эт-
нография, география, шығыс тану т.б.)
баға жетпес көп үлес қосты. Ол му-
зыка, сурет саласында да, публицис-
тика мен жазушылық өнерде де өзін
жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан
жөнінде С. Мұқанов былай деп жаза-
ды: «Аз өмірі осынша тығыз, зұлым-
дықпен арпалыса жүріп атқарып
үлгерген еңбегінде қисап жоқ:... Шо-
қанды... 27 жасында өлген Лермон-
товтың, 24 жасында өлген Добро-
любовтың қатарында деп түсінеміз.
Шоқан да солар сияқты: шын ма-
ғынасындағы талант, шын мағына-
сындағы данышпан».
Алты жасар Таня Федина, музыкаға
мейлінше дарынды болды. Ол фор-
тепьянада көптеген композиторлар-
дың, сондай-ақ өз шығармаларын та-
маша орындаған. Оның фортепьяна
үшін жазған пьесалары, космонавтар
туралы әндері бар. Таня отыздан аса
ән және осындай аспаптық шығарма-
лар (вальстер, прелюдиялар, фанта-
зиялар т.б.) жазған. Мәселен, оның
космонавтарға арнаған «Титов мар-
шы», «Терешковаға», «Космонавтарға
хат» деген шығармалары бар. Ол
Москва консерваториясы жанында-
ғы орталық музыка мектебінде оқып
жүргенде бір актілі опера жазған.
Дарынды адамдарды ғылым саласы-
нан да көптеп кездестіреміз. Мәсе-
лен, қазіргі атақты совет математигі
С. Мергелян 16 жасында университет-
тің бірден екінші курсына қабыл-
данғаны белгілі. Ол жиырма жасын-
да ғылым докторы дәрежесін алды.
Академик Л. Ландау орта мектепті
ДАРЫ
ДАРЫ
154
13 жасында үздік бітіріп, он төрт жа-
сында университеттің екінші курсы-
на түседі. Мұндай мысалдарды көп-
теп келтіре беруге болады.
Д. – адамның сәби кезінен байқала-
тын ерекше қабілеттілігі, өнердің
бір түріне туа бейімділігі. Қабілеті
жан-жақты дамыған адамды дарынды
деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. –
туа бітетін ерекше қасиет. Дарынды
балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ
келеді. Олар қиын жұмысты жан-
тәнімен беріліп істейді. Д. атадан ба-
лаға, немереге, шөбереге қан арқылы
берілуі де мүмкін. Д. балаға білім бе-
руде туа біткен алғырлық қасиеттің
тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен
бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалып-
тастыруда ықпал етуінің нәтижелік
көрінісі. Адамның білуге деген ын-
та-ықыласының бала бойында туа
біткен алғырлық қасиетімен ұшта-
суын ақыл-ой қабілетінен байқауға
болады. Д. белгілі бір іс-әрекетке же-
тістікке жету шарттары. Д. ғылыми
психологияда көбінесе ақыл-ой қа-
білеттілігінің және ақыл-ой потен-
циалының жүйесі ретінде түсініледі.
ДӘМ СЕзУ АДАПТАЦИЯСЫ
(ТҮЙСІКТЕРІ). Дәм сезу түйсігі
иіс сезу сияқты заттардың химиялық
қасиеттеріне байланысты туындай-
ды. Дәм түйсігінің негізгі төрт түрі
бар. Олар – тұзды, қышқылды, тәтті
және ащыны сезу. Дәм сезуге, әдет-
те, иіс түйсіктері, кейде жанасуы, жы-
лы, салқын және ауырсыну түйсік-
тері қосылады. Дәм, иіс түйсіктері
бірімен-бірі араласып жатқандықтан
адам көп жағдайда дәмді дұрыс айы-
ра алмайды. Тұмауратқан адамның
дәм айыруы бәсең болады. Тәттіні –
тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі,
қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұз-
ды – тілдің ортасы айырады. Егер кі-
сі қай нәрсені болмасын, тілдің ор-
тасына салса, ол көпке дейін оның
дәмін ажырата алмайды. Жас бала-
да дәм түйсігі ерте дамиды. Дәм түй-
сіктері адам психологиясына түрлі-
ше әсер етеді. Тәбет – дәм жүйкесін
қоздыратын психикалық акт. Асты
көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жа-
ғымды әсер етеді. Дәм түйсігі нақ-
ты іс-әрекетке орай дамып отыра-
ды. Мәселен, тамақ кәсібінде істей-
тіндердің (дегустатор) дәм түйсігі
ерекше жетіледі. Дәм сезуде кон-
траст құбылысы да орын табады.
Мәселен, қант ерітіндісінің тәтті дә-
мін түйсіну тұздың аз мөлшерінің
қосындысынан күшейеді. Дәм сезу
түйсіктері вегетативтік жүйке жүйе-
сі арқылы эмоциялық көңіл күйге
әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты
басқа рецепторлық жүйелердің та-
балдырықтарына, мәселен, ол көз бен
естудің өткірлігіне, тері сезгіштігі
мен проприоцепторларға әсер етеді.
ДӘСТҮР – тарихи тұрғыда қалып-
тасқан және ұрпақтан-ұрпаққа бері-
ліп отыратын біршама жүйеге түс-
кен мінез-құлық нысандары, ол бел-
гілі әдет-ғұрып, ереже, құндылықтар
жиынтығы. Д. адамдардың өмірлік
әрекетін реттеудің маңызды факто-
ры, ұлттық тәрбие негізі болып та-
былады. Ұлттық салт пен дәстүрдің
тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуы-
на байланысты. Қазіргі зерттеушілер
қазақ ұлтының алғаш пайда болуы
ХІV-ХV ғасырлардан басталады деп
жүр. Олай болса, сол дәуірден бер-
мен қарай қазақтың көптеген әдет-
ДӘМС
ДӘСТ
155
ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып,
дамып келді. Оның озық үлгілері ұр-
пақтан-ұрпаққа көшіп, қазіргі заман-
ға жетті. В.Г.Белинский салт-дәстүр-
дің өміршеңдігі жөнінде: «әдет-ғұрып
заманауи бойында сыннан өтеді, олар
ата-бабадан әулетке мұра болып ауы-
сып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа
жетеді, бұлар халықтың ішкі-сыртқы
бейнесі болып табылады. Онсыз ха-
лық бет әлпетсіз бейне, болымсыз
тас мүсін тәрізді...» – дейді. Әр ха-
лықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы болады. Олар сол халықтың
ерекше белгісі болып, өзіндік пси-
хологиясының негізгі көрсеткіші бо-
лып есептеледі.
Дәстүр халықтардың тіршілік кәсі-
біне, наным-сеніміне, өмірге деген
көзқарасына байланысты туып, нақ-
ты жағдайларға орай өзгеріске тү-
седі, оның тұрмыс салтынан негізгі
айырмашылығы – оның тұрақтылығы
мен баяу өзгеретіндігі. Мәселен, қазақ
халқы жаугершілік заманда қой со-
йып, оның қанына найзасын малып,
бір-бірімен анттасқан. Мұны бұзған-
ды ант атсын деп серттескен. Бертін
келе қоғамның дамуының жаңа бе-
лесінде анттасу салты жойылғаны
белгілі.
Дәстүр сабақтастығы ұлттар ара-
сындағы қарым-қатынаспен тығыз
байланысты. Әртүрлі ұлт пен ұлыс-
тарда қайталанбайтын таза ұлттық
дәстүр сирек кездеседі. Мәселен, қа-
зақтардың ұлттық ою-өрнек, жиһаз,
тағам, ойын-сауық дәстүрлері басқа
халықтарда өзінше орын алады. Мә-
селен, қазақтың көкпар тарту ойыны
кейбір өзгешелігімен өзбек, түрікмен,
қырғыз, монғол, ауған елдерінде де
кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халық-
тардың бәріне ортақ. Алайда оның
құрылысында, ою-өрнек әшекейін-
де, әр ұлтқа тән ерекше белгілері
байқалады. Палау, манты, сорпа, тұш-
пара көпшілік ұлттарға ортақ тағам
болғанымен, әр ұлт өзіндік тағам
дайындау технологиясымен ерекше-
ленеді.
Ұлттық болмыс-бітім адам мінезі-
нен, іс-әрекетінен ерекшелене көріне-
тін құбылыс. Ұлттық мінез-құлық
сол ұлтқа тән психологиялық өзіндік
сапамен ерекшеленіп, көзге түседі.
Мәселен, қазақтарда бауырмалдық,
ақжарқындық, қонақжайлылық мі-
нез-құлық болса, өзбектерде май-
да, сыпайы мінезділік, тілі тәтті,
үйірсектік орын алса, орыс халқына
тән еңбекқорлық пен төзімділік,
қоғамдағы түрлі өзгерістерге тез бе-
йімделгіштік т.б., американдықтарға
тән құнттылық, ағылшындардың
салқынқандылығы мен немістердің
ұқыптылығы, испандықтардың қызу-
қандылық ерекшеліктер байқалады.
Бұдан осындай қасиеттер басқа ха-
лықтарда кездеспейді деген ұғым
тумайды.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт-
тардың өзара достық байланысы
ұлттық психиканың құрылымына
игі әсерін беріп, бірнеше ұлтқа ортақ
ізгі, өнегелі салт-дәстүрлердің пайда
болуына әсерін тигізеді. Мәселен,
еліміздегі көптеген этностардың қа-
зақстандық халық болып аталуы –
осы айтылғандардың жақсы дәлелі.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне
байланысты дәстүрлері үш үлкен
топқа бөлінеді. Оның біріншісі: нә-
рестенің дүниеге келген күнінен бері
ДӘСТ
ДӘСТ
156
жүргізілетін тәлімдік дәстүрлер (шіл-
дехана, ат қою, қырқынан шығару,
бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу,
сүндетке отырғызу т.б.), қыз бен ұлды
келешекте жанұя құруға, шаруашы-
лық пен еңбекке бейімдеуге арнал-
ған жөн-жосықтар;
Екіншісі – қазақтың киіз үйі, оның
жиһаздары, ұлттық киімдер мен та-
ғамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық,
т.б. кәсіптерге баулудың тәлімгерлік
түрлері кіреді.
Оның үшінші тобына адамдардың
туыстық қарым-қатынасы, шешендік
сөз өнері, ұлттық музыка аспаптары,
жар таңдау, отау тігу, қонақ күту, олар-
ға сый-сияпат жасау, айтыс, көкпар,
қыз ұзату, өлік жөнелту т.б. жатады.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұ-
рагерлерін тәрбиелеу мемлекеттік
маңызы зор, аса жауапты іс. Дені
сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген
«сегіз қырлы, бір сырлы» абзал аза-
мат өсіру мәселесі халқымыздың ға-
сырлар бойғы ой-арманы болып кел-
ді және солай бола бермек.
ДЕДУКЦИЯ (лат. deductio – қаз.
шығару) – білімнің көбіне жалпы-
дан жекеге қарай көшуі, салдардың
алғышарттардан шығарылуы; ғылы-
ми танымда дедукция индукциямен
ажырағысыз байланысты. Психоло-
гия дедукциялық пайымдаулардың
дамуы мен бұзылуын зерттейді.
Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек
жалпыға қарай қозғалысы оның бар-
лық психикалық процестермен, тұ-
тас алғандағы ойлау қарекетінің құ-
рылымымен шарттастылығында тал-
данады. Дедукциялық пайымдаулар-
ды эмпириялық зерттеулердің, мыс.,
алғышарттарға және олардан шыға-
тын қорытындыларға деген сенімнің
талдануы болып табылады. Д. жал-
пы білім негізінде белгілі бір объект
туралы жаңа білім тұжырымдалатын
ой қорытындыларын пайдалану. Мұн-
да материалға сәйкес логикалык про-
цесс пен мазмұндау жолы жалпы
қағидалардан басталып, оларды сол
немесе басқа нәрсеге пайдаланумен
аяқталады. Д. жалпыдан жекеге қа-
рай дамитын ой қорытындысы, логи-
калық ойлау формасы. Дедукциялық
ойдың кең тараған түрі – силлогизм.
Екі немесе бірнеше пікірлердің бай-
ланысы нәтижесінде жаңадан бір пі-
кір шығару.
ДЕКАРТ РЕНЕ (1596-1650) – жан
мәселесін эмпириялық тұрғыдан
зерттеуге ерекше үлес қосқан фран-
цуз ғалымы. Оның айтуынша, әр
адам үшін нақты, әрі сенімді, оның
өз ойының болуы («Мен ойланамын,
яғни өмір тіршілігіндемін» деген қа-
ғида) ұсынған. Д. рационализм және
интроспекциялық психологияның
негізін қалаушысы, физиологияда
рефлекстік актінің алғашқы сипат-
тамасын берген ғұлама. Ол дүниені
екі субстанциядан – материалдық
және рухани негіздерден тұрады деп
есептеді. Негізгі еңбектері: «Метод
туралы ойлар» (1637), «Рухтың құл-
шыныстары», т.б.
ДЕМЕНЦИЯ (лат. dementia – ессіз-
дік) – жоғары психикалық функция-
лардың жете дамымауының не семуі-
нің салдары болып табылатын кем-
ақылдық. Бастапқы деменция –
тұқым қуалаған аурудың, туа біткен
ДЕДУ
ДЕМЕ
157
зақымдаушы факторлардың немесе
баланың өсуінің ең алғашқы кезең-
деріндегі жоқшылықтың салдарынан
зияттың жете дамымаушылығы. Екін-
ші деменция – жаттығулардың, эмо-
циялық қуаттаулардың (әлеуметтік,
жастық, дәрі-дәрмектік, ауру-сырқау-
лық) үнемі әсер етуі себепті психи-
калық функциялардың сипатына бай-
ланысты сенильдік (қарттық), алко-
гольдік, эпилепсиялық, жарақаттану-
дан кейін болған және т.б., деменция-
лар түрлері болады Д. – жалпы ал-
ғанда зияттылық қабілетінің әлеумет-
тік және кәсіптік функциялардың
қалыпты орындалуы мүмкін бол-
майтындай болып жоғалуы. Термин
көп функциялы бұзылуларды бел-
гілеуге арналған. Мұндай кезде ес
болмайды, пайымдау және басқа да
жоғары психикалық процестерге қа-
білеттілік қалмайды. Әдетте, когни-
тивтік процестердің мұндай бұзы-
лулары тұлғаны жеке әлеуметтік өзара
әрекеттестік қабілеттерінің бұзылуы-
на ұласады.
ДЕРЕКСІзДЕНДІРУ – ойлау тәсіл-
дерінің бір түрі. Д. жалпылау әрекет-
терімен өзара тығыз байланысты. Д.
дегеніміз – нәрселердің бірсыпыра
қасиет-белгілерін ой арқылы бөлек-
теп қарастыратын әрекет. Сондай-ақ
Д. – осы қасиет-белгілерді нәрсенің
біртұтас ерекшеліктерінен бөліп алып
көрсету тәсілі. Д. – жалпылау деп
аталатын ой-әрекетінің негізі. Адам
заттар мен құбылыстардың (объект-
тің) арасындағы айырмашылық бел-
гілерінен талдап барып, оларды жал-
пылайды. Д. сөзбен тығыз байланыс-
ты ой-әрекеті. Кеміс балалардың Д.
әрекетінің өзіндік ерекшелік сипатта-
ры бар. Кемақыл баланың Д. әрекеті
өте қиынға түсетін жайт. Өйткені он-
дай балалардың ойлауы мен сөйлеуі
нашар дамығандықтан нәрселер мен
құбылыстардың белгі-қасиеттерін ой
арқылы ажыратуы аса қиындық туды-
рып, олар сол нәрселерге тән жалпы
ерекшеліктерді ажыратып көрсете
алмайды. Саңырау балалардың Д.
ұғымдарды меңгеруінде айтарлықтай
қиындықтар бар. Өйткені саңырау
балалардың ойы көрнекі бейнелерге
негізделген. Д. ойлау арқылы ажы-
ратылатын белгі қасиеттерді танып
білуге сөздік қоры жетіспейді. Ал на-
шар көретін және соқыр балалардың
Д. әрекеті болмысты көрнекі түрде
пайымдауы да жеткіліксіз. Ондай ба-
лалар нәрселердің жалпы қасиеттері
мен дерексіздеу әрекеті өмір тәжі-
рибесінде қалыптасқан сөздік түсі-
ніктеріне сүйенеді. Кеміс балалар-
дың Д. әрекетіндегі кемшіліктері
бастауыш сынып жасында байқалып,
оқу-тәрбие істерінде әдіс-тәсілдер
арқылы жүзеге асырылып толықты-
рылып отырылады.
ДЕТЕРМИНИзМ – лат. детер-
минария деген сөзі, қаз. белгілеу,
анықтау деген мағынаны білдіреді.
Детерминизм (табиғатта және қоғам-
да кездесетін оқиға, құбылыстарды,
оның ішінде адамның еркі мен мі-
незінің өзара байланыстығының се-
бептестігінің заңдылығын зерттейтін
ілім). Д. – психология ғылымының
негізгі принциптерінің бірі (себеп-
салдар мәселелерін қарастырады).
Д. принципі – философиялық және
әдіснамалық ұстаным бойынша,
ДЕРЕ
ДЕТЕ
158
табиғат пен психологиялық құбы-
лыстардың бәрі материалдық себеп-
тер мен заңдардың әсер етуінен пай-
да болады деп түсіндіреді. Детер-
минизм адамның тіршілігі мен іс-
әрекетінің бәрі қоғамның тарихи
дамуының нақты жағдайларымен
байланысты, әрбір құбылыс белгілі
себептен туындайды деп қарайды.
Бұл принципті іс-әрекеттің әдіснама-
лық негізі ретінде ұстанған психо-
логиялық зерттеулердің нәтижелігі
дәлелді болады.
ДЖЕЙМС-ЛАНГЕНІҢ ЭМОЦИЯ-
ЛАР ТЕОРИЯСЫ – американдық
философ және психолог У.Джеймс
пен неміс психологі Г.Лангенің XIX
ғасырдың 80-90-жылдарында бір-
бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл
теория бойынша эмоциялардың пай-
да болуы еріксіз қозғалу саласын-
дағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр,
секреторлық қызметтің саласында-
ғы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен
туындайды. Эмоциялық күйініш-
сүйініштер осы өзгерістермен бай-
ланысты түйсіктердің жиынтығы бо-
лып шығады.
Джеймстің ойынша, «жылағандық-
тан мұңаямыз, дірілдегеніміз қорық-
қандықтан, күлетіндіктен қуана-
мыз». Джеймс эмоцияларды пери-
фериялық өзгерістердің кең тобымен
байланыстырса, Ланге қантамыр-
қозғалу жүйесімен-инжүйкеация
күйімен және тамырлардың саңы-
лауымен байланыстырды. Осылай-
ша, әдетте, эмоцияның салдары деп
қарастырылатын перифериялық ор-
ганикалық өзгерістер олардың себе-
бі деп жарияланды.
Джеймс-Лангенің эмоциялар тео-
риясы эмоцияларды жаратылыстық
тұрғыдан зерттеуге келетін объек-
тіге айналдыруға әрекеттену болды.
Алайда эмоцияларды тең денелік
өзгерістермен байланыстырып, бұл
теория эмоцияларды қажетсінулер
мен түрткілерге қатысы жоқ, адап-
тивтік мағынасы, реттеушілік фун-
кциясы жоқ құбылыстар қатарына
қосты. Эмоциялардың ерікті ретте-
луінің проблемасы бұл орайда қара-
пайымдандырылып баяндалады: жа-
ғымсыз эмоцияларды, мыс., ашулы
жағымды эмоцияларға тән қимылды
әдейілеп жасаса, басуға болады деп
есептеледі. Бұл теорияға психоло-
гиядағы қарсылықтар эмоцияларды
перифериялық өзгерістерден туын-
дайтын түсініктердің жиынтығы деп
механистік түсінушілік; жоғарғы се-
зімдер табиғатын түсіндіру тұрғы-
сында болды. Физиологтардың сыны
жануарларға жасалған эксперимент-
терден алынған мәліметтерге негіз-
делді (Ч.С.Шеррингтон, У.Кеннон
және т.б.). Олардың ең бастылары сол
бір ғана перифериялық өзгерістердің
өздері алуан түрлі эмоциялар кезін-
де, сондай-ақ эмоциялармен байла-
нысты емес күйлер кезінде болып жа-
татынын көрсетеді.
Л.С.Выготский бұл теорияны орга-
низмдегі өзгерістерден туындайтын
«төменгі», элементар эмоцияларды
бейне ешқандай материалдық негіз-
дері жоқтай көрінетін «жоғарғы»,
ақиқат адами күйініш-сүйініштер-
ге (эстетикалық, зияттық, адамгер-
шілік және т.б.) қарсы қойғаны үшін
сынады.
ДЖЕЙ
ДЖЕЙ
159
ДЖЕМС УИЛЬЯМ (1842-1910) –
америкалық психолог және фило-
соф. Ол организмнің физикалық жай-
күйін сипаттайтын бірін-бірі үздік-
сіз алмастырып отыратын жеке пси-
хикалық күйлерді – «сана легі» ұғы-
мын енгізе отырып, ассоцианизмге
қарсы шықты. Джемс психика – ол
организмнің биологиялық тұрғыдан
өмір сүруінің шарты деді. Сананы
оның бейімделушілік қызметінде қа-
растыра отырып, Д. өзінің прагма-
тизмдік философиялық концепция-
сын ұсынды. Д. тұлға теориясын құ-
рушылардың бірі. Ол тұлғаның үш
қырын (физикалық, әлеуметтік және
рухани) талдап көрсетті. Ол эмоция
шеттік теорияларының бірі америка-
лық алғашқы психология оқулығы-
ның авторы.
ДИДАКТОГЕНИЯ (грек. didakti-
kos – үйретуші, ұқтырушы және ge-
nes – пайда болған) – тәрбиеші (пе-
дагог, жаттықтырушы, басшы және
т.б.) тарапынан педагогикалық әдеп-
тің бұзылуы салдарынан оқушының
жағымсыз психологиялық жай-күйі
(көңіл күйінің нашарлауы, қорқы-
ныш, түңілу). Фрустрациядан, қорқы-
ныштан, тұнжыраңқы көңіл күйден
және т.б. көрінеді. Оқушының іс-
әрекеті мен жеке тұлғалар арасын-
дағы қарым-қатынасқа теріс әсер
етеді. Д. невроздарға себепші болуы
мүмкін. Дидактогенияның пайда бо-
лу негізіне оқушының педагогтің кі-
нәсінен алған психикалық зақымы
жатады. Бұдан Д. мен балалардағы
невроз нышандарының ұқсас екені
көрінеді. Дидактегонияның неврозға
айналып кету жағдайы жиі кездеседі.
Мұндай да баланы психотерапия
әдістерімен арнайы емдеу қажет бо-
лады. Кейбір педагогтар оқушыны
көпшілік алдында кемшілігін айтып
жазалауды дұрыс деп санайды.
Ұстаздық қарым-қатынастың мұн-
дай түрі мектеп психогигиенасы тұр-
ғысынан өте зиянды болып есеп-
теледі. Өйткені оқушының оқу іс-
әрекетінде жақсы жетістіктерге же-
туіне әсер етпейді. Осыдан ұстаз бе-
делі төмендейді; оның әділетті еке-
ніне оқушының сенімі жоғалады;
баланың эмоциялық тепе-теңдігі үшін
қажет психологиялық қорғаныш сезі-
мі нашарлайды. Д. пайда болмау үшін
әрбір ұстаз қарым-қатынаста барынша
әдепті болуға ұтылып, тәрбие ба-
рысында оқушылардың жас ерек-
шеліктері мен жеке психологиялық
қасиеттерін ескеріп отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |