ӘУЕз
ӘУЕз
92
өзгере береді, ұлттық ерекшелікті
ұдайы қозғалыс, өзгерісте болатын
диалектикалық прогресс деп тануы-
мыз керек».
Ұлы жазушының мол мұрасында осы
айтылғандармен қатар, адам жаны-
ның асыл қасиеттерін талдап көрсет-
кен салиқалы ғылыми пікірлері аз
емес. Психология ғылымы саласында
арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақ-
тан шыққан жаңа типтегі психо-
логтардың бірегейі деп айтуға толық
хұқымыз бар.
ӘУЕСТІК – құштарлық, зауық. Ә.
субъекттің сараланбаған, санада аң-
ғарылмаған немесе санада жеткілік-
ті түрде аңғарылмаған қажеттілігін
білдіретін күй. Ә. өтпелі құбылыс
болып табылады, өйткені ондағы қа-
жеттілік не өшеді, не санамен аң-
ғарылып, нақты ниетке, арманға ай-
налады. Ә. психологиялық талдау-
дың өзекті ұғымдарының бірі. Ә. –
кісінің айналасындағы әртүрлі құбы-
лыстарды көргісі, білгісі келген кез-
де туындайтын сана-сезімнің әлде де
айқын аңғарыла қоймаған бастапқы
көрінісі. Ә. мазмұны мен даму деңге-
йі жағынан ұнамды не ұнамсыз бо-
лып келеді. Кейбір ұсақ-түйек жайт-
тарға (біреудің жеке басының көпші-
лігіне, үй тұрмысының қандай екенін
білуге әуестік – жағымсыз, ұнамсыз
қарым-қатынастағы әдептілікке қай-
шылық туғызатын әуестік екендігі
белгілі). Адамға рухани азық боларға
қажетті нәрселерге әуестіктер (білім-
ді дамытып қалыптастыру, іс-әрекет-
ке шеберлікті арттыра беру, шаруа-
шылыққа ептілікті, икемділікті және
отбасындағы әдепті дағдыларды мо-
лайту, құрбы-құрдастар арасындағы
байланысты нығайту сияқты т.б.)
жағымды әрі қолайлы әуестіктер бо-
лып табылады. Бұлардың қай-қай-
сысы да іштен туа бітетін қасиет емес,
бұлар тәлім-тәрбиенің, адамның өзін-
дік санасының қалыптасуынан туын-
дайтын ерекшеліктер. Ә-ті адам жа-
нын көп жағдайда нұрландырып,
құлпыртуға демеу болатын құмар-
лықтан ажырата білуіміз қажет. Өмір-
лік мәні терең, адамның ойы мен
әрекетінің негізгі бағыт-бағдарына
елеулі із қалдыратын құмарлық қана
көздеген мақсатқа жетуге итермелейтін
түрткі болады.
ӘУМЕСЕР – мінез-қылығы ұнам-
сыз адам: алаңғасар, шолжаң, мәсе-
ленің байыбына бармай, кимелегіш.
Мұндай адамдар үнемі күлкі, мазақ-
қа қалып, сөз естіп жүреді. Бірақ
одан қорытынды шығармай бұрын-
ғы тіршілігімен ғұмыр кеше бере-
ді. Қазақ қаламгерлерінің шығарма-
ларында әумесерліктің сан алуан
типтері психологиялық тұрғыдан та-
маша көрініс тапқан.
ӘУЕС
ӘУМЕ
93
БАБАТАЙҰЛЫ ДУЛАТ (1802-
1874) – ХІХ ғ. бірінші жартысында
қазақ ғұламаларының ішінде өзіндік
психологиялық түйіндерімен ерекше
көзге түскен. Ақындық өнер ерекше
дарыған талант иесі өзінен бұрынғы
ақын-жыраулар мұраларын бойына
мол сіңіре білді. Ақын өмірде болып
жатқан өзгерістерге сескене қарап, за-
ман бұзылды, әкім, молда, ишан, бай-
мырзалар азып тозды, зұлымдық үс-
тем болды деп қынжылады, бірақ бұ-
дан шығар жолды іздеп әуре болма-
ды. Әйтсе де ол өнер-білімнің пайда-
сы, жақсы мен жаманның, жомарт
пен сараңның, бай мен кедейдің, бі-
лімпаз бен наданның бір-бірінен айыр-
машылықтарын дұрыс көрсетуге
барынша тырысып бақты.
Дулат – адамның ақылы мен мінезі,
жігері мен көңіл күйі жайлы көптеген
қызықты пікірлер айтқан, жас жет-
кіншектер тәрбиесінде үлкендер өне-
гесінің алатын орнын дұрыс көрсете
білген ақын. Мәселен, соңғы жайтқа
байланысты ол былай дейді: «Ата-
ананың ақылы, Қазылған қара жолмен
тең, Жақсылардың ақылы, Гауһар
шырақ шаммен тең».
Ақын бұл жерде ата-ананың өнегесі,
көпті көрген даналардың сөздері
бала тәрбиелеуде таптырмайтын құ-
рал екендігін баса көрсетеді. Ол жас-
тарға ата-анаңды, үлкендерді, тыңда-
саң жақсы адам болып өсесің, олар-
дың ақыл-өсиеті даңғыл жолдай нәр-
се, жақсы адамның ақыл-кеңесі әр
уақытта алдыңда шырақтай жарқы-
рап жанып, саған жол көрсетіп тұра-
ды, қисық-қыңыр мінезге, теріс жолға
түспеуіне жағдай жасайды, деп ке-
ңес береді.
Ақын осы пікірін одан әрі былайша
жалғастырады: Сырын білмей бой
салма, Атасы оның текті деп, Тұр-
лаусыздан сөз ұқпа, Аузы оның епті
деп, Нашардан шыққан жақсының,
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп... Бұл шу-
мақтардан жақсы, жаман болу адам-
ның тегіне байланысты емес, тіпті
нашар адамдардан да жақсы, ақыл-
ды бала тууы мүмкін. Жақсы кісі бо-
лу бәрінен бұрын адамның өмірден
алатын тәрбиесіне, сонан соң өзіне
байланысты деген идея аңғарылады.
Ақылы жоқ наданға... Өтірік сөзің
шын болар...Бір жаманға сөз айтсаң,
Құлағына кірмейді, Не айтқанын
білмейді...Шаруа десең жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп...деген шумақ-
тарда берекелі іспен, оқу-біліммен
айналыспай бір құлқынның ғана
қамын ойлап, екі ауылдың арасында
селтеңдеп босқа жүруді ермек еткен-
дердің психологиясы жақсы көрсе-
тілген.
Дулат өлеңдерінде адамның, мораль-
дық-этикалық қасиеттері әр-қырынан
сөз болады. Мәселен, ол қымызқұ-
мар, еңбек сүймейтін, жағымпаз, мақ-
БАБА
БАБА
94
таншақ, ұрыншақ адамдарды масқа-
ра тәлкек етіп әжуалайды. Дулат осын-
дай жан дүниесі қораш, өзіне де, өзге-
ге де опа бермей жүргендерге бар
ақылын айтып, олардың жаман қы-
лықтарына реніш білдіреді: Ар са-
тып қымыз ішкенше,Үлгісіз тымақ
пішкенше, Адам деген атақтан, Сада-
ға болып аулақ кет. Дулат адам мі-
незінің сан алуан жақсы-жаман жақта-
ры жайлы айта келіп, көбінде нашар
адамдардың теріс мінезін тәлкек қы-
лу арқылы жұртты бұдан жиренді-
ріп, жаман әдеттен сақтандырып оты-
рады. Мәселен: Қаққанша қабақ
бұлтылдап, Келемеж қылып біреуді,
Сыртынан күліп шылтыңдап, Бетпе-
бет келсе сөз таппай, Самайы тер-
леп мыңқылдап...деп ақын жалған
сөйлеуді, біреудің сыртынан сөз ай-
туды, адамдық атқа кір келтіретін жа-
ман мінез деп түйеді.
Дулат сөз өнеріне, шешендік, суы-
рыпсалмалыққа айрықша көңіл бө-
ліп, сөз құдіретін терең түсініп, оның
мәнділігі мен айқындылығына, түйін-
ділігі мен әсерлілігіне ерекше мән
берген ақын: Сөз жібек жіп, жыр кес-
те, Айшығы айқын көрінбес... Сөз-
дің шашыраңқы болуы ойдың ша-
шыраңқы, мазмұнсыз болуына алып
келеді, ал ойсыздықтан асқан биша-
ралық жоқ, деп түйеді ақын өз ойын.
Дулат сөзді адамның жан жүйесіне
әсер ететін құдіретті күш деп қарай-
ды, сөз, әсіресе, кісінің көңіл күйіне
мықтап әсер ететіндігін айтады: Ше-
шендіктің сәні жоқ, Сөзіне сүттей ел
ұйып, Қолтығына ел сиып, Басына
бақыт қонбаса, деп ақын елді ұйытар,
халыққа әсерлі үлгі көрсетер өткір
шынды, шешендік пен көсемдікті топ
жарған ақылды адамның қасиеті деп
санайды.
Педагогикалық тұрғыдан Дулаттың
«Еспенбет» деп аталатын көлемді
дастаны да көңіл аударарлықтай. Ес-
пенбет образында ақын жай алып
күштің иесін ғана көрсетпей, әрі ақыл-
ды, әрі ақжүрек, кішіпейіл, көптің
мұңын өз мүддесінен жоғары қоятын
адамның психологиясын көрсетпек-
ші болады. Дулаттың ұғымында Ес-
пенбет атадан «ерекше туған», «тіл
біткеннің шешені», барша жұртқа
үлгілі адам, жауға шапса батыр, елі
үшін қабырғасы қайысып, еңіреген
ер. Осындай ерді өсіріп, тәрбиелеп
шығарған халық, ел-жұрт, туған жер
екендігін айта келіп, ақын жастарға
не де болсаң еліңмен, жұртыңмен бір-
ге бол дейді. Кір жуып, кіндік кескен
жерін қастерлемей, халқынан тыс өмір
сүрген жігітке бақыт та, бақ та жола-
майды деген идея «Еспенбет» жы-
рының негізгі өзегі.
Ер қолынан іс келмес, Сұңқардайын
түйілмей. Буынып белін бекінбей,
Зердесі жігер қайнамай... Жігерім
болса жетем де, Еліме барып ұл бо-
лам. Жігерсіз болсам жетесіз, Қойын
жайып құл болам...Бұл жолдарда
ақын ерік-жігер, қажыр-қайраттың
жас адамдар үшін аса қажеттілігіне
тоқталады. Жігерлілік – адамның ал-
ға қойған мақсатына жетуде бірден-
бір қажет болатын сипат екенін, он-
сыз ойға алған ісінің ойдағыдай ше-
шілуі мүмкін еместігін, ерік-жігері
жетілмеген адамның әлсіз болатын-
дығын айтады; «буынып белді бе-
кінбей», «сұңқардайын түйілмей»,
«жігер қайнамай» ер жігіттің еш уа-
қытта арманы орындалмайды деп
байсалды қорытынды жасайды.
БАБА
БАБА
95
Ақын оқу-білімнің адамның рухани
жағынан қалыптасуына зор пайда
тигізетіндігін де дұрыс көрсете білген,
ол оқыған адамның ой-өрісінің кең
болатындығын, оқудың адам баласы-
на көрсететін ықпалының зор екенді-
гін, он жасар оқыған баланың да ой
түюге шамасы келетіндігін; ал оқы-
маған адамның жиырма жасында да
бала болып жүре беретіндігін айтып,
оқу-білім арқылы адамның ақыл-
ойы, зердесі, дүние танымы өсіп оты-
рады, дегенді тұжырымдайды. Ақын
толғауларында осы айтылғандардан
басқа да психологиялық, педагоги-
калық мәні бар көптеген пікірлерді
кездестіруге болады.
БАҒДАР – субъекттің дайын, пейіл-
ді болуы; белгілі бір объекттің пайда
болатынын күн ілгері білген кезінде
пайда болады және осы объектке
қатысты іс-әрекеттің орнықты мақ-
саткерлік сипатта өтуін қамтамасыз
етеді. Психологияда Б. жануарлар-
дың мақсатқа бағытталған әрекетін,
ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттар-
ға бейімделуінің психофизиология-
лық механизмдерін, психикалық про-
цестердің таңдамалылығы мен ба-
ғыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің
ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық
қалыптасуының механизмдерін зерт-
теуде қолданылады, әлеуметтік пси-
хологияда Б. топтың мүшесі ретінде
тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объек-
тілерге қатынасын, әлеуметтік мі-
нез-құлықтың өздігінен реттелуі, ор-
нықтылығы және үйлесімділігі меха-
низмдерін, әлеуметтену процесін, бағ-
дардың мыс., насихат ықпалымен
өзгерулерін зерттеу кезінде, сондай-
ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның
мінез-құлқының ықтимал нысанда-
рын болжамдау кезінде пайдаланы-
лады. Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі
функциялары: а) іс-әрекеттің орнық-
ты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа
өтуін анықтайды; ә) субъектті стан-
дартты, бұрын кезіккен жағдаяттар-
ға шешімдер қабылдау қажеттілігі-
нен босатады; б) іс-әрекеттің енжар-
лығына, қырсыздығына себепші бо-
латын және субъекттің жаңа жағдаят-
тарға бейімделуін қиындататын фак-
тор ретінде де көрінуі мүмкін. Бағ-
дардың мазмұны оны туындатқан объек-
тивті фактордың, іс-әрекеттің құры-
лымындағы орнына тәуелді болады.
БАҒДАРЛАУ РЕФЛЕКСІ – ми жұ-
мыс мүшелеріне хабар жіберіп қана
қоймай, ол өзінің жолдаған хабары-
нан мағлұмат алып та отырады. Осын-
дай екі жақтан хабарлаудың арқасын-
да ғана ми айналасындағы құбылыс-
тар туралы дұрыс мәлімет алып, нақ-
тылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін
бағыттай алады. И.П.Павлов бұл реф-
лексті: «Бұл не?» деп атады. Б.р. –
ағзаның жаңа жағдайлар мен олар-
дың өзгеруіне деген күрделі психо-
физиологиялық реакциясы. Б.р. сен-
сорлы жүйелерді белсендіргенде,
зейінді шоғырландырғанда, анали-
заторлардың жоғары сезгіштіктерін-
де, ағзаның қимыл-қозғалысын үдет-
кенде көрінеді.
БАзАР ЖЫРАУ (1842-1911). Бұ-
рынғы Сырдария облысы, Қазалы уе-
зі, Көшербай болысының 6-ауылын-
да (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақ-
шы ауданы, Ленин ауыл кеңесі) ке-
дей отбасында дүниеге келген. Есін
білгеннен бастап он алты жасқа ше-
БАҒД
БАзА
96
йін байдың қойын бағады. Бозбала
шағынан бастап бар ықласын, талап-
тілеген ақындық өнер жолына ба-
ғыштайды. Бұқара халықтың мұң-
мұқтажын көксеп жырлағаны үшін
үстем тап өкілдерінің қудалауына ұшы-
райды. Қазалы мен Үргеніштің түр-
мелеріне де түседі. Өзі тұстас әйгілі
сөз зергерлерінің (Шернияз, Мұсабай,
Нысанбай, Ешнияз, Бұдабай, т.б.) үл-
гісімен өз өнерін әрмен қарай өріс-
тете, шыңдай түседі. Толғау, сөз саптау
ерекшелігіне қарағанда Базар жырау
Бұқар мен Махамбет мектебіне көбі-
рек еліктегенге ұқсайды. Тілі шешен,
жалпы көпшілікке түсінікті, өмір шын-
дығынан туған тебіреніс-толғаныста-
ры мол. Жырау шығармаларында жас
жеткіншектерге үлгі-боларлықтай тә-
лімдік тұжырымдар да көптеп кез-
деседі. Бұларда шешендік өнерге
жетілу, жақсы мен жаман адамның
айырмасы, жігіттіктің, кісіліктің өл-
шемі, достықты қастерлеу, ғашықтық
пен жар сүюдің мәселелері әрі тар-
тымды, психологиялық жағынан на-
нымды баяндалады.
БАЙҚАҒЫШТЫҚ – адамның жақ-
сы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық-
кез келген уақытта көзге ілінбейтін,
ілінсе де оған көбінесе мән беріл-
мейтін нәрселерге ерекше зейін қою-
шылық. Мәселен, бүркіт пен тазы-
ның арасындағы шайқастың ұсақ-
түйектерін тек жақсы аңшы ғана бай-
қай алады. Осы суретті А.Құнанбаев
«Қан сонарда бүркітші аңға» деген
өлеңінде жақсы көрсеткен: «Біреуі
көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін
батысып қызыл қанға, Қар аппақ,
бүркіт қара, түлкі қызыл, Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға» – «қар аппақ»,
«бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген
тіркестерде кез келген адамға байқала
бермейтін көріністер сөз болып отыр.
Мұндай сөздерді осы нәрсені өте же-
тік білетін адам ғана айта алады. Бай-
қағыштық жаңа фактілерді білуге
құмарлықты, олардың егжей-тегже-
йін білуді, адамның әрдайым қабыл-
дауға даярлығын тілейді.
Сонымен қатар жіті көру мен қалт-
қысыз естуді, бір зат пен екінші зат-
тың байланысын аңғара білуді қа-
жет етеді. Байқағыштық қасиет –
адамның өмір сүрген ортасына, ал-
ған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына,
айналысқан кәсібіне байланысты.
Осы айтылғанды да көптеген фактілер
дәлелдейді. Мәселен, Австралияның
абориген тайпасының балалары шөл
даладағы мың сан «белгілерді» қате-
сіз оқи алады, құмға түскен ізге қа-
рап, көптеген «құпия сырларды» аша-
ды. Олар қандай құстың ізі суатқа
келетінін, кенгурудың тырнағы тиіп,
аударылып түскен жалпақ тастың
жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өз-
гергенін, ізге қарап адамның оң иы-
ғында ауыр заттың барлығын, бойы-
ның ұзындығын, денесінің салмағын
табады. Байқағыштық – өмірдің әр
саласы үшін өте қажетті қасиет. Бай-
қағыштық әсіресе ғылыми жұмыста,
мұғалімдік қызметте, ақын-жазушы-
ның өмірінде ерекше орын алады.
Қабылдаудың кейбір түрлері (көру,
есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсік-
тердің түрлеріне қарағанда күрделі
болады. Демек, қабылдауда бірнеше
анализаторлар бірлесіп жұмыс істей-
ді. Мәселен, қозғалыс анализаторы-
ның қабылдаудың барлық түрінде де
кездесетіндігі біздің осы айтқаны-
мызға дәлел бола алады.
БАЙҚ
БАЙҚ
97
БАЙҚАУ – белгілі бір мақсат қойып,
объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту,
зейін қою байқаудағы негізгі әрекет-
тер. Психологияда Б. кең тараған әдіс,
оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның
іс-әрекетін, оның мінез-қылығын, пси-
хикасын, сыртқы көріністерін (қи-
мыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге
реакцияларын, мимикасын, жалпы
әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-
күшін, сезім ерекшеліктерін, темпе-
раментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі,
жоспарлы түрде бақылайды, осыған
орай ол адамның психикалық үрдіс-
тері, жай-күйі және психикалық қа-
сиеттері жөнінде қорытынды жасай-
ды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі
біраз уақыт бойына зерттелуші адам-
ның психикалық ерекшеліктерін қа-
дағалауды байқау әдісі деп атайды.
Б.ә. әдетте, табиғи жағдайда, зертте-
лінуші адамның әрекетіне әдейі ара-
ласпай-ақ жүргізіледі.
Байқау әрі жүйелі, әрі мақсатты үр-
діс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғы-
лыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйым-
дастырылмаған және жоспарлы түр-
де жүргізілмейтін қарапайым байқау-
дан өзгеше болып келеді. Ғ.б. үрді-
сінде аса сақ, дәлме-дәл болып, бай-
қалатын объектіге ешқандай бұрма-
лау жасамау керек. Мыс., мектептегі
оқушының ойлау және сөйлеу ерек-
шеліктерін зерттеу керек болса, ол
үшін зерттеуші оқушының сабақ үстін-
дегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стено-
графиялап, күнделікке түсіреді, кейін
оны тиянақты түрде талдайды да, тиіс-
ті қорытынды шығарады. Ғылыми
зерттеу жұмыстарының түрлі ерекше-
ліктеріне қарай байқау әдісінде кей-
де аспаптар да қолданылады. Мыс.,
зерттелінетін объектіні суретке түсі-
ру үшін фотоаппараттар, сыналушы-
ның сөз тіркестерін жазып алып, ке-
йін оны қайтадан жаңғырту үшін дик-
тофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.
Б.ә. нәтижелі болып шығуына қажетті
кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүр-
гізілінуін және бір фактінің өзі бір-
неше рет қайталанып зерттелінуін қам-
тамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгі-
леу және байқаудың мақсатын түсіне
білу қажет. Мыс., байқау объектісі ре-
тінде сабаққа үлгерімі нашар оқушы-
ны алатын болсақ, мақсатымыз оның
сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысы-
ның кейбір ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жа-
зып отыру, кейін оған мұқият талдау
жасау, басты фактілерді сұрыптап
алу – осы әдіске қойылатын негізгі
талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нә-
тижесіне байланысты сол сыналушы-
ға қатысы барлармен бірлесе отырып,
оқушының оқу әрекетін дамыту үшін
нақты жұмыстар белгіленеді. Б. кезін-
де адамның мінез-құлқын дұрыс тү-
сіне білудің де маңызы үлкен. Қазір-
гі кезде күнделікті іс-тәжірибеміз-
де де, белгілі ғылым салаларында да
объективтік байқау әдісі қолданыла-
ды. Бұл әдістің үш түрі бар: бір тү-
рі – мәнді және қызық деп тапқан пси-
хологиялық фактілерді анда-санда
баяндап отыру.
Әдістің мұндай жолын кездейсоқ
байқау деп атайды. Екінші түрі –
нысанаға алынған объекттің қимыл-
қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз
байқау. Бұл – ұдайы байқау әдісі.
Үшінші түрі – байқауға алынған
объектіге белгілі бір мерзімде назар
БАЙҚ
БАЙҚ
98
аударып отыру. Әдістің бұл түрін таң-
дамалы байқау деп атайды. Осы атал-
ған байқаулардың қандай түріне бол-
са да қойылатын талап – байқаушы
бақылаған фактілерді баяндап қоюмен
қанағат етпей, сол құбылыстардың
сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі
сыры мен психологиялық мазмұнын
ашуға міндеттілігі.
Б. кезінде – байқауға алынған объект-
тің байқау бағдарламасын, жоспарын
жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушы-
ның зейіні зерттеліп отырылған объект-
тің екінші бір кездейсоқ сипаттары-
на ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фак-
тілердің жиынтығы арқылы жасалған
психологиялық байқау жалған болып
шығуы ғажап емес. Психикалық үр-
дістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау
(интроспекция) әдісінің бүгінде ма-
ңызды орны бар, сондықтан оны
объективтік байқау әдісіне жәрдемші
әдіс ретінде пайдалану дұрыс.
Байқау әдісімен психикалық құбы-
лыстарды көлденең әсерлермен өз-
гертпестен, объектіні өзінің үйреншік-
ті ортасында байқауға болады, соны-
мен қатар байқау әдісі арнайы лабо-
раторияларды, қымбат құралдарды
керек етпейді. Б.ә. кейбір кемшілікте-
рі де бар. Біріншіден, зерттеуші мұн-
да өзіне керек құбылыстарды әп-сәт-
те зерттей алмайды да, көп уақытын
жіберіп алады, екіншіден, байқауды
әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай
ұйымдастыруға жағдай болмай да
қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объек-
тивтік (байқауға алынған оқушының
сабаққа келмей қалуы), субъективтік
(бақылаудың қиынға соғуы, зерттеуші-
де бақылағыштық қасиеттің жоқты-
ғы т.б.) себептердің кездесетіндігіне
байланысты. Б. – өмірдегі әртүрлі
жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен
қылықтарының фактілерін жинауға
көмектесетін әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |