БАЛА
БАЛА
105
ел билеу, шаруашылықты ұйымдас-
тыру туралы ғылымның негіздерін
жақсы білуі қажет. («Халықты дұрыс
басқару үшін басқару ғылымын мең-
гермей болмайды»). Бұған қоса ол
адал, шыншыл, халыққа қиянат ет-
пейтін, жан-жақты қабілетті адам
болуы қажет. («Ел билеушіге жетпіс
өнер де аз»). Бір сөзбен айтқанда,
ел ағасы көпті көрген, ысылған, са-
лауатты, тәжірибелі, өмірдің ащы-
тұщысын өз басынан кешірген кісі
болуы тиіс. Басшының білімі, көрген-
білгені қаншама мол болғанымен
ол жұртқа қатал, жағымпаз болып
келсе, қоғамды қырсыққа ұшырата-
ды, айналасындағылардың қолын
жақсылыққа жеткізбейді, олардың
бақытсыз болып қалуына да себепші
болады. Жақсы бастыққа істің мән-
жайын білетін жақсы жәрдемші,
ақылгөй кеңесші қажет. Мұндай
жағдайда оның ісі жанып, ол өз хал-
қына, қоғамына көп пайда тигізеді.
Дастанның авторы ел билеушілердің
ең негізгі міндеті – халқына адал
қызмет ету, сонда ғана ол олардан
сүйіспеншілік, қадір-құрмет күте
алады деп, өз ойын тұжырымдайды.
Дастанда көтерілген екінші бір
мәселе – адамның мінез құлқы, оның
қоғамдағы орны туралы жайттар.
Адам – бұл дүниеге қонақ, оның
өмірі-өткінші, сондықтан ол артына
жақсы сөзі мен нәтижелі ісін қалды-
рып отыруы қажет. Дастанның, әсі-
ресе тәлім-тәрбие мәселелеріне бай-
ланысты тараулары өзбек, ұйғыр, түп
нұсқаларына қарағанда өте сәтті шық-
қан. Баласағұндық Жүсіп адамды
моральдық жағынан тәрбиелеуде
ақыл-ойға ерекше мән береді. Ол
ақылдылықты адамның адам болуы-
ның, адамгершілік жағынан жеті-
луінің бірден-бір негізі, ақылдың кө-
мегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе
шешілмейді деп түйіндейді. («Адам-
ға оның ақылы ғана дос», «Парасат –
қараңғыдағы шырақ», «Ақыл пара-
сатқа еш нәрсе теңелмейді, одан ас-
қан мәртебелілік жоқ», «Ақылсыз
адамның жануардан айырмасы аз»,
«Біліктілік пен ақылдылық төбеңді
көкке жеткізеді»). Адам әр кез орағы-
та ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе
ғана көздеген мақсатына жетеді.
Ақылды адамдардың сөзі әрі көрікті,
әрі сүйкімді. Ойлауы мен сөйлеуі қа-
тар жетілген, терең ойлап, көрікті
сөйлейтін адам ғана жан-жақты же-
тілген адам. Мұндай адам айнала-
сындағылардың алдында құрметке
бөленеді.
Жүсіп дұрыстап сөйлей алуды адам-
ның негізгі қасиеттерінің бірі деп
сипаттайды. Оның ойынша, шешен-
дік қабілет екінің бірінен кездесе бер-
мейтін қасиет. Ол сөйлеу өнерін кө-
зі мәңгі бітелмейтін бұлақпен теңей-
ді. Автордың ұғымынша, тіл адамды
көкке көтереді, сол арқылы кісі ба-
қытқа жетеді, сондай-ақ, адам өз ті-
лінен жаза да тартады. Екінші бір
сөзбен айтқанда, «Аңдамай сөйлесең,
ауырмай өлесің», «Аз сөйлесең де
аңдап сөйле», дейді автор. Адам екі
нәрседен қартаймайды: бірі оның –
ізгі ісі, екіншісі – ізгі сөзі. Олай бол-
са, әркез жақсы қылықпен қатар жақ-
сы сөзің болсын, бұл екі қасиетің
бір-бірімен байланысып жатсын.
(«Жақсы болғың келсе, жаман сөз
айтпа», «Он мың сөздің түйінін он
сөзбен шеш», «Өлмей өмір сүре бергің
келсе, артыңа жақсы іс пен дана сөз
қалдыр»). Дастанның авторы кей
БАЛА
БАЛА
106
жағдайларда осыған орай қызықты
психофизиологиялық тұжырымдар
да жасағысы келеді. Мәселен, ол
«Адамның сәні бетінде, бетінің сәні
көзінде» деу арқылы жақсы қылық
пен жақсы сөздің адамдардың бет
пішінінен, мәнерлі қозғалысынан
байқалып отыратындығын дұрыс
көрсетеді.
Сана-сезімі жақсы жетілген адам
ғана өмірдің сан түрлі құбылыстарын
таразыға салып, оның ағымына төтеп
бере алады. Ол көрсеқызар, желікпе
емес, жақсыдан үйренеді, жаманнан
жиренеді, антына адал, уәдесіне бе-
рік адамды ғана ер кісі деуге болады.
Ер адамға, сондай-ақ, бейбастық,
өсек-аяң айту да жараспайды. Тек
байсалды, сабырлы, қайырымды
адам ғана көздеген мақсатына жетіп
отырады. Бір сөзбен айтқанда, жақсы
адам – өзіндік ойы, өзіндік мақсаты,
өзіндік бағыты бар, кез келгеннің же-
тегіне еріп кетпейтін адам. («Сал-
қынқандылық, тұрақтылық, мінезді-
лік – адамға ауадай қажет», «Қайда
жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста»,
«Адам болу үшін ерлікпен қатар ақ
көңілділік те керек», «Байсалдылық –
ізгі қасиет»). Жүсіп адамның осындай
жақсы қасиеттерін тізбектей келе,
жұртты жаман мінез, жат қылықтан
жирендіреді. («Сараңның жұрт түгіл
өзіне-өзінің де дәрмені жетпейді»,
«Топасқа қылығы да қырсық болып
жабысады», «Ұятсыздан үйдей пәле
шығады»). Жүсіптің адамның кейбір
жаман әдеттері мен қылықтары ту-
ралы айтқан пікірлері бүгінгі күн тұр-
ғысынан қарағанда да ерекше көңіл
аударарлықтай. Мәселен, Жүсіптің
айтуынша адамға, мына секілді қы-
лықтар опа бермейді: өтірік айтып,
дандайсу; ішкілікке салыну, оған құ-
мартып, әуестену; күншілдік, бас-
араздық, бұзық жолға түсу; босқа кү-
йіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін-
өзі ұстай алмауы.
Адамдардың осы секілді кесапатты
теріс қылықтарынан басқа да түрлі жа-
ман қасиеттері толып жатыр. Ақыл-
ды адам бұлардың бірде-бірін бойы-
на дарытпау үшін қам жейді, өйткені
онда бұған толық мүмкіндік бар, деп
тұжырымдайды автор. Менмендік те,
жағымпаздық та – өте жаман қасиет.
Адам деген ардақты атқа түлкідей
қулық та, қасқырдай қатыгездік те
үйлеспейді. Дастанның авторы адам-
ның жақсы шынайы сезімдері тура-
лы айта келіп, жол-жөнекей бұларды
бойға дарыту жайында да ақыл-кеңес-
тер береді. Мәселен, адамға ызақор-
лық, жанұшыратындай жағдайға тү-
су – жаман қасиет. Мұндайда адам
кейде өзіне-өзі жем болады, аянышты
халге түседі. («Кімде-кім ашу үстінде
әрекет етсе, кейін сонысынан опық
жейді», «Адамға долылық пен ашу,
жанұшыру абырой әпермейді»). Ав-
тордың мұндағы айтпақшы ойы мы-
нау: адам өзінің ақыл-парасатымен
қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі
керек, яғни ол өз көңіл күйінің де
қожасы болсын, солғын, қораш сезімді
адам – бұл әлде де болса тәрбиесі же-
тіспеген адам. («Жан-ұшырушылық
– топас адамның белгісі», «Ашу шақы-
ру ақылға нұқсан келтіреді», «Ақыл-
дылық ашумен бірге жүрмейді»). Ав-
тор осындай кемшіліктерден адам өзі
ғана жай жапа шекпей, төңірегінің
алдында да айыпты болып санала-
ды, – деп түйіндейді.
Барша жұртқа ғылым – білімнің мән-
мәнісін насихаттау Жүсіп дастанында
БАЛА
БАЛА
107
көтерілген ең басты мәселелердің
бірі. Бұл идеяны ол өз кітабының
барлық тарауларына негізгі арқау
етіп алған. Автор білімнің адам өмі-
ріндегі маңызын баса айтып, тебірене
жырлайды. Ол еңбектеген баладан
еңкейген кәріге дейін білім алуға ша-
қырады. Бұл жерде оның жұртқа
айтайын деген ойының желісі мынау:
білімді болсаң ғана ақылды боласың,
ал ақылдылықпен дүниенің сырын
ашасың, мақсат-мұратқа жетесің.
Білімді болу – бәрінен бұрын адам
болу деген сөз. Білімсіз адам – надан,
топас, білімділіктен ақыл шығады.
Кімде ақыл болса, соның мерейі үс-
тем, жоғары. Надан, білімсіз адамға
айналасының барлығы күңгірт, бұ-
лыңғыр, тұман. Мұндайлардың өзіне
деген дұрыс сенімі де, асыл мұраты
да болып жарымайды. («Өмірдегі
барлық жақсылық білімнен шыға-
ды», «Білімсіз адам – көр соқыр»,
«Білім – бұл қолдағы шырақ»). Автор
адамның санасын түбі жоқ теңізге
теңесе, білімді теңіз түбіндегі інжу,
маржан, гауһар тастарға теңейді.
Білім адамға оңайлықпен түспейді,
оны меңгеру үшін көл-көсір, өлшеусіз
әрекет ету керек. Ғылым – білімге
түгелдей берілген адам ғана өзінің
ойлаған ойына жете алады. Білімнің
керек емес жері жоқ. Ол – саған тоң-
ғанда киім, ашыққанда тамақ, әлсі-
регенде қуат. Білімнің де білімі бар,
жаттап алған құрғақ білімнен пайда
аз. Адамды адам ететін, оның өмір
сүруін жетілдіретін, тәжірибемен
байланысқан білім ғана білім болып
саналады. («Білімдіден шыққан сөз –
дүниені нұрға бөлейді», «Білім ақыл-
мен ұштаспаса, төңірегің қараңғыла-
на түседі»).
Нағыз білім – бұл өлшеусіз байлық.
Білімді адамды ақшасы болмаса да
жарлы деуге болмайды. Білімді сенен
ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны
бойына сіңіре алмайды. Білім – сенің
серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзі-
нің барлық керегін, ой-арманын, та-
лап-тілегін тек білім арқылы ғана
қанағаттандыра алады. «Өзіңе керекті
тамақты да, киімді де білімнен ала-
сың». «Кімде білім мол болса, сол жұрт-
қа әмірін дұрыс жүргізе алады», «Бі-
лімсіз еш нәрсе ашылмайды». Білімді
болсаң ғана қоғамнан лайықты орын
аласың, атың шартарапқа жайылады.
Білімдіге қашан да төрден орын тие-
ді. («Білімді босаға жақта отырғанмен
біртіндеп төрге шығады»). Білімділік
әр кез адамгершілік қылықпен нұрла-
нып тұруы тиіс. Сөйтіп, дастанның
авторы, сайып келгенде, адамның бо-
йындағы барлық ізгі қасиеттерді бі-
ліммен байланыстырып, жақсы адам
болу үшін алдымен тиянақты білім
алып, ғылым негіздерін меңгеру қа-
жет, деп тұжырым жасайды.
Әрине, Жүсіптің осы іспеттес пікір-
лерінен адамды тек жалаң ағарту-
шылық жолмен ғана моральдық жа-
ғынан жетілдіруге болады дейтін сы-
ңар жақ уағызды аңғаруға болады.
Автордың жұртқа айтып отырған
ақыл-кеңестері көбінде бұқара ха-
лықтың психологиясын дәріптейді.
Сөйтіп, Баласағұндық Жүсіп әлемдегі
зұлымдық атаулыны сол заман ту-
дырған мерездерден емес, сол қоғам-
дағы тоғышар басшылардың іс-әре-
кетінен ағартушылық идеяны на-
сихаттайды. «Құдатғу білікте» пси-
хология, педагогика, әдептану, оқу-
тәрбие мәселелеріне қатысты сан
қилы мәселе көтерілген. Тағы да ес-
БАЛА
БАЛА
108
кертеріміз «Құдатғу білікті» қазіргі
Орталық Азиядағы түркі тілдес ха-
лықтардың қай-қайсысының болса
да жеке меншігіне жатқызуға бол-
майды, өйткені ол – осынау халық-
тардың ортақ мұрасы. Бірақ ол қазақ
халқының рухани мұрасына да қаты-
сы бар аса құнды дүние.
БАЛАУБАЕВ СӘЛКЕН (1902-
1992) – қазақ психология ғылымы-
ның қаз тұруына алғаш үлес қос-
қандардың бірі. Ол 1929 жылы Орта
Азия мемлекеттік университетінің
(Ташкент) педагогика факультетін
бітірген соң, сондағы Қазақ педа-
гогикалық училищесінде оқытушы,
Орта Азия еңбек қорғау ғылыми-
зерттеу институтында лаборатория
меңгерушісі, кейіннен қазақтың Абай
атындағы педагогикалық инсти-
тутында, Қазақ ССР Оқу Халық
комиссариаты жанындағы методи-
калық кеңесте қызмет істеді. Осы
жылдары ол психология, педология
ғылымдары саласында бірнеше ең-
бектер жазады. Мәселен, Т.Баранов-
пен бірлесіп «Вопросы конструиро-
вания национального теста» («Совет-
ская психотехника», 1933, N1), «Мек-
теп группаларын комплектеу» (Алма-
ты, 1934), «Қиын бала», «Политех-
никалық мектеп», (1933, N7-8), про-
фессор А.Б.Залкиндтің «Педология-
сын», профессор П.Н.Шимбиревтің
«Педагогика» оқулықтарын қазақ-
ша аударды. Осы еңбектерде психо-
логиялық терминдердің қазақша ба-
ламасы көптеп кездеседі. Мәселен,
«ілік мектепші бала» (дошкольник),
«әрекет» (действие), «итермеші се-
беп» (мотив), «қылық» (поведение),
«желік» (құштарлық), «сопақ ми»
(продолговатый мозг), «түстің қиын-
дығы» (насыщение цветов), т.б. осы
күні қазақша психологиялық термин-
дер санынан орын алып келеді.
С.Балаубаев еңбектері қазақ психо-
логиясының тарихынан елеулі орын
алады. Мәселен, «Мектеп группала-
рын комплектеу (Қызылорда, 1934,
16 бет) атты еңбегінде психология
тұрғысынан сынып ұжымын құру
жайында ақыл-кеңес береді. Автор
оқушыларды бір өңкей бөлу қажет,
өйткені әр баланың оқу қызметі шұ-
бар болса, топтың оқу жұмысы қиын-
ға соғады, олар ақыл жетілуі мен дене
бітімі жағынан да бір өңкей жақын
болуы тиіс дейді. «Бір топ, – дейді
ол, – дене жетілісі ұлылы-кішілі бо-
лып, үлкен бала мен кішкене бала-
ның қатар отыруы, бала психология-
сына орайласпайды, үлкендігі таудай
бала мен үлкендігі құлындай бала-
ны қосып оқытуға болмайды». Оқу-
шылардың сезім-эмоция, ерік-жігер
ерекшеліктеріне орай класс тобы тө-
мендегіше құрылғаны дұрыс: «Эмо-
ция – қайрат өзгешелік жағынан топ
түрлі, шұбар болуы керек, өйткені
оқу тобының бірін ылғи ұйымшыл,
екіншісін ылғи ұйымсыз балалардан,
бірін ылғи пысық балалардан, екін-
шісін ылғи сылбыр балалардан, бі-
ріншісін – ылғи бастаған ісін аяқтай
алатын табанды балалардан, екінші-
сін – ылғи бастаған ісін тастап кете-
тін тыңғылықсыз балалардан түзуге
болмайды».
С.Балаубаевтың осы пікірлері қа-
зіргі кездегі мектеп практикасында
жөнді еске алынбай жүр. Сондықтан
да, әрбір мұғалім, әсіресе сынып
жетекшілері ғалымның осы ұсыны-
сын басшылыққа алса (әсіресе ауыл-
БАЛА
БАЛА
109
дық жердегі мектептерде), бұл жәйт
шәкірттердің оқуына да, тәртібіне
де тиімді әсер етер еді. Автор мұға-
лімдерге балалардың мінез-құлқын
күнбе-күн ерінбей, жалықпай күнде-
лікке жазып отыруды еске салады.
Ұстаз шәкіртінің сабақ үстіндегі
дұрыс қылығы қайсы, одан ауытқып
кеткен қылығы қайсы немесе төмен
тартып кері кеткен қылығы қайсы,
тағы осы секілді әр түрлі көріністерді
көзден таса қылмауы қажет. Мұны
үнемі ескерген ұстаз ғана оқу-тәрбие
процесін ойдағыдай ұйымдастыра
алады дейді. Автор отызыншы жыл-
дардың өзінде-ақ ақылдан қалыңқы,
кемақыл балаларды бөліп алып, ай-
рықша арнаулы мектепке оқыту қа-
жеттігін, мұндай мектептер көмекші
(вспомогательный) мектептер деп
аталатындығын да айта кетеді.
С.Балаубаев біраз жыл үзілістен ке-
йін (ол 1937-38 жылдардағы қуғын-
сүргінге ұшыраған) Қарағанды пе-
дагогикалық институтында көп жыл
бойына ұстаздықпен айналысады,
өмірінің соңғы сәттеріне дейін твор-
честводан қол үзбейді. 1967 жылы
А.Темірбековпен бірге жоғары оқу
орындарына арналған «Психология»
оқулығын құрастырып, педагогика
саласынан бірнеше мақалалар жазды.
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ –
өндірістердегі, корпорациялардағы,
фирмалардағы, т.с.с. іс-әрекетті бас-
қарудың жалпы психологиялық жақ-
тарын арнайы зерттейтін әрі модель-
дейтін сала. Б.п. іс-әрекетті арнайы
басқарудың және психологиялық
жағдайдың талдамалы модельдерін
және еңбектің сапасын көтеруге ба-
ғытталған. Б.п. – басқару жүйелерін-
дегі (мемлекет басқару, ұйым, меке-
ме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың
қатынастарына байланысты мәсе-
лелерді зерттейтін және білімдерді
жинақтайтын қолданбалы психоло-
гияның саласы.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫЛАР-
ДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ – Мек-
тепке түскен жеті жасар баланың бо-
йы әрі қарай өсе береді, салмағы ар-
тады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қа-
тая түседі. Біраз уақыт шаршамай
жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-
тұрысы оңтайлана, жылдамдыққа бе-
йімділігі бұрынғысынан әлдеқайда
артады. Баланың үй іші жұмыстарын
орындауға да шамасы келеді (шаң-
тозаңды сүртіп алу, еденді сыпырып,
жуу, ыдыс-аяқты жинастыру, өсім-
діктерді баптап, қора-бауда жұмыс
істей алу т.б.). Осы жастағы бала-
лар қимыл-қозғалысқа өте бейім ке-
леді. Баланың, осы табиғи қажетінің
орындалуына ылғи да мүмкіндік бе-
ріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезін-
де де, сабақтан келгеннен кейін де
жүгіріп ойнауына тыйым салуға бол-
майды. Мұғалім мен әрбір ата-ана
жеті жастағылардың қимыл-қозға-
лыстарының әлі де болса, тәртіпке
түспегендігін (үйлесімді қозғалыстар
толық дамып жетпегендігін) ескеруі
тиіс. Мәселен, олардың, жүгіріп ой-
нап жүріп, бір-бірімен соқтығысып,
не болмаса сүрініп, құлап қалатын-
дығы да осының салдары. Мұғалім
баланың шамадан тыс алқынбауын
қадағалап, үзіліс кездерінде ойнай-
тын ойындарына басшылық жасауы,
әсіресе ептілікке, қимылының дәлді-
БАСҚ
БАСТ
110
гіне тәрбиелейтін қысқа уақыттық
ойындар ұйымдастыру жағына ерек-
ше көңіл бөлуі қажет.
Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыс-
тары әбден оңтайлы, ширақ бола тұр-
са да, саусақтарының уақ еттері әлі
де толық дамып жетіспеген. Сондық-
тан да олар дәл қимыл-қозғалыстар-
ға шорқақ (инені сабақтай алмау,
қайшы мен пышақты ұстаудағы ебе-
дейсіздіктер). Балаға саз бен пласти-
линнен мүсіндер жасату, сурет сал-
дыру, доппен ойнату, ине, түйреуіш,
пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үй-
рету арқылы мұғалім оның қолының
уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ
балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың
да қажеті шамалы. Мұндайда оның
қолы талады, саусақтары қажиды, ба-
ла жазуға көңілсіз қарайды, жазуы бұ-
зылатын болады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар-
да миының дамуы да жедел жүріп
отырады. Мәселен, сегіз-тоғыз жасар
балалардың миы анатомиялық жағы-
нан ересек адамның миының струк-
турасына жақындайды. Мидың маң-
дай тұсы жедел өседі, онда жүйке-
лік жаңа жолдар пайда болады.
Жоғары жүйке жүйесінің процестері
нақтылана, тәртіпке түсе бастайды,
екінші сигнал жүйесінің мәні арта-
ды, мидың анализдік, синтездік қыз-
меті күрделенеді, тежелу процесі
(оның актив, шартты түрлері) нығая
түсетін болады. Осы айтылғандар-
дың бәрі оқушылармен оқу проце-
сін күрделендіре жүргізуге болатын-
дығын жақсы көрсетеді. Мектепке
жаңадан түскен баланың психикасы
алғашқыда әлі мектеп көрмеген бала-
ның ерекшеліктеріне ұқсас болып ке-
леді. Өйткені аз уақыт ішінде бала
психикасында қауырт өзгерістердің
пайда бола қоюы қиын. Дегенмен,
мектеп есігін ашқаннан-ақ бала пси-
хикасы белгілі арнамен дами бастай-
ды. Бала психикасының дамуында
мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.
Бала мектепке дейін де (үйде, балалар
бақшасында) оқиды. Бірақ мектепте-
гі оқудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Оқу бала үшін негізгі әрекет болып са-
налады. Оқу материалдарын орындау
оған арнаулы міндет болып жүктеле-
ді. Оқушының жаңа міндетін түсінуі,
сабақты жақсы үлгіруі – оның жеке
ісі болмай, қоғамдық маңызы бар, не-
гізгі мотив екендігін балаға түсіндіру
мұғалімге оңайға түспейді. Өйткені
бала мектепке түрлі дайындықпен
келеді. Бір баланың оқу жөнінде бұ-
рыннан жақсы түсінігі болады. Ол
үйінде қалам, қарындаш ұстауды үй-
ренеді, екінші бала мұндайды білмей-
ді, яғни ол бұған психологиялық жа-
ғынан дайындалмаған болады.
Мектеп есігін алғаш аттаған балаға
мұндағының бәрі соны болып көрі-
неді. Кейбір балалар мектепке тосыр-
қап қарайды, жасқаншақтық қалып
білдіреді. Көбінесе оның назары мұ-
ғалімге ауады, қасындағы балаларда
жұмысы болмайды, өзіне жолдас із-
деуді, ұжым мүшесімін деуді де біл-
мейді. Мұғалімнің сыныпқа айтқан
сөзін өзіне де арнап айтылған сөз
деп ұға қоймайды. Оны тікелей қы-
зықтырмайтын нәрселер (бұл, тіпті,
сабаққа қатысты болса да) есінен тез
шығады. Әдеппен жүріп-тұру, мектеп
ережелерін орындау – көпке дейін
қиынға соғады. Мектеп оқушысына
тән мінез-құлық ережелерін үнемі
БАСТ
БАСТ
111
қайталап отыру, оған баланы жат-
тықтыру – бала мектепке түскен шақ-
тағы мұғалім жүргізетін ең негізгі
жұмыстарының бірі. Ол біртіндеп
жаңа ортаға үйренеді де, енді айна-
ласындағы балаларға көз сала бас-
тайды. Үзіліс кезінде өзінің парталас
немесе көшелес балаларымен шүйір-
келеседі, сабақтан алған әсерін орта-
ға салады.
Бірінші сынып оқушылары көбінесе
сабақта өздерін ұстай алмайды, кей-
де дауыстап сөйлеп жібереді не қат-
ты күледі, оның жылауы да мүмкін,
басқа балалардың үстінен шағым
айтқыш келеді. Кейбір мұғалімдер
сабақ үстіндегі осындай айқай-шуды
басамын деп балаларға ұрсып-зе-
киді. Бұл – осы жастағылардың пси-
хологиялық ерекшеліктерін білмеу-
ден туған қателік. Мұнымен мұғалім
сыныпта тәртіп орнатудың орны-
на, балаларды өзінің айқайына елік-
тетіп, шуды бұрынғысынан бетер кө-
бейтуі ықтимал. Осындай қимыл-қоз-
ғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айт-
қанға көнбейтін қандай жаман ба-
ласың!» – деп те ұрсады. Бұл да
дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім
балаға сабақ үстінде дұрыс отыру-
ды, өзінің нұсқауын орындауды сол
баладан байсалды түрде талап етсе,
сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса,
бұл әдіс әлдеқайда тиімді бола ды.
Мұғалім баланың білімін бағалауда
өте әділ және өте әдісқой болуға тиіс.
Сабақты нашар үлгіретін баланы да
көтермелеп, оның жақсы оқуға та-
лаптана түсуіне жағдай жасауы қа-
жет. Сынып ішіндегі қоғамдық жұ-
мыстарды (санитар, староста, кезек-
ші т.б.) балалардың икемділіктері-
не қарай бөлу де өте ойластырылып
істелгені мақұл. Мұндайда барлық
балаға бірдей тапсырма беріп, соны
жақсы орындағандарына ғана атал-
ған қоғамдық жұмыстарды бөліп бер-
ген дұрыс. Қалған балалардың тала-
бы мен инициативасын басып таста-
мау жағын да мұғалім ойластыруы
қажет.
Оқу әрекеті баланың тану процесте-
рінің дамуына зор ықпал жасап оты-
рады. Мектепте бала түйсік, қабыл-
дау процестері арқылы өзіне бұрын
мәлім емес көптеген нәрселерді біле-
ді. Бірақ осы жастағылардың көбі әл-
де де заттар мен құбылыстарды тал-
дауға, зерттеуге шорқақ. Бұл жаста-
ғы балалар нәрсенің ұсақ-түйектерін
(детальдарын) жөндеп ажырата ал-
май, заттың бытыраңқы бөлшектерін
ғана қабылдайды, оларды қайта жаң-
ғыртуға орашолақ келеді. Балаға әр
кез тиісті нұсқау беріп отырмаса,
онда арнайы түрде байқай алу, байқа-
ғыштық қасиет қалыптаспайды. Егер
мұғалім баланың қабылдауын ұдайы
бағыттап отырмаса, оның дамуы жү-
йемен жүріп отырмайды. Мәселен,
балаларды экскурсияға шығарғанда,
мұғалім осы арадағы көріністерді бай-
қаңдаршы деп тапсырманы жиі бер-
се, олар көзіне не іліксе, соны ретсіз
айта береді. Кейін екінші экскурсия-
да мұғалім осы арада қандай өсімдік-
тер өседі екен, соны байқаңдаршы
деп арнаулы тапсырма бергенде,
балалардың жауабы нақтылана түсе-
тін болады. Мұндай жағдайда оқу-
шылар түрлі өсімдіктердің атын ай-
тып береді, ол өсімдіктерді бұрын
көрген өсімдіктерімен салыстырады,
бақы-лаған заттың суретін салады.
Достарыңызбен бөлісу: |