Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет51/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90

ҚҰНА

ҚҰНА

344

жаршысы  болуы  керек.  Нағыз  ақын 

шабыт  пен  қуаттан  күш  алады,  ша- 

бытсыз өнер жоқ. Онсыз өлең де ту- 

майды.

Өнердің,  дәлірек  айтқанда,  музыка 



мен әннің мақсаты – адамдардың кө- 

ңіл  күйіне  әсер  етіп,  оларға  рухани 

қорек беру, эстетикалық ғажайып ра- 

хат  шәрбатынан  сусындатып,  жа- 

ғымды этикалық қасиеттердің қалып- 

тасуына жағдай жасау. Абайдың пси- 

хологиялық мәселелеріне байланыс- 

ты бізге жеткен пікірлері, оның қазақ 

тарихында  тұңғыш  рет  психология- 

лық  ұғымдар  жасауға  талаптанып, 

бұл  ғылымға  қазақ  тілінің  аса  бай 

сөздік  қорынан  бірқатар  түсініктер 

(қылық,  қуат,  мінез,  көңіл,  қасірет, 

қуаныш,  құмарлық,  күлкі,  ықылас, 

талап, зерде, үрей, жалқаулық, таба- 

лаушылық,  күншілдік  т.б.)  енгізіп, 

осы  жолда  қазақ  фольклорындағы 

психологиялық  түсініктерді  өңдеп, 

әрлеп,  нақтылап,  орнықтырып  қана 

қоймай, сонымен қатар көшпелілер- 

дің психологиялық әлемі туралы өзін- 

дік  көзқарас  жүйесін  қалыптастыр- 

ғанына келіп тіреледі. Абай адамның 

жан-дүниесіне  қатысты  түрлі  ұғым- 

дар мен түсініктердің мәнін айшық- 

ты тілмен әсерлі етіп жеткізіп, өлең- 

дері  мен  қара  сөздері  арқылы  қазақ 

халқының  қалың  бұқарасы  арасына 

психологиялық  білімнің  таралуына 

қолайлы жағдай жасады.



ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – 

1) психологияның пәні, сана элемент- 

тері және олардың арасындағы арна- 

йы жаттыққан интроспекция арқылы 

табылатын құрылымдық қатынастар 

деп  санаған  бағыт.  ХХ  ғ.  басында 

пайда болды. Америкалық психолог 

Э.Титченер  (1867-1927)  негізін  сал- 

ды. Сана құрылымында элементтер- 

дің үш санаты: түйсіну, бейне және се- 

зім  сараланды.  Бірақ  қабылдаудың 

заттық сипаты мойындалмады. Құры- 

лымдық психологияны гештальтпси- 

хология,  функциялық  психология, 

бихевиоризм  мектептері  сынады;  

2) Ж.Пиаженің когнитивті даму тео- 

риясы;  Э.Титченер  теориясынан  өз- 

гешелігі  –  мұнда  Ж.Пиаже  зияттың 

негізінде  жатқан  ой  түсініктерінің 

құрылымдарын қарастырады; 3) Клод 

Леви-Стросстың  антропологиялық-

социологиялық ықпалы. Мұнда әлеу- 

меттік ұйымдасу мен әлеуметтік құ- 

рылымдар қарастырылады.



ҚЫзЫҒУ  –  шындықтағы  заттар 

мен  құбылыстарды  белсенділікпен 

танып,  білуге  бағытталған  адамның 

біршама тұрақты жеке ерекшелігінің 

бір көрінісі. Сонымен қатар қызығу- 

да бір нәрсені ерекше таңдап, соған 

зейін  қойылады.  Адамды  еліктіріп, 

өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығу- 

дың объектісі болып табылады. Қы- 

зығудың  физиологиялық  негізі  – 

«Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, 

біреуді «футболға қызығады» десек, 

ол  адамның  футбол  ойынына  үнемі 

баратынын, футбол жөніндегі кітап- 

тарды  оқып  отыратындығын,  біреу- 

мен  әнгімелесуде  де  көбінесе  осы 

тақырыптың айналасында сөз қозғау- 

ды тәуір көретінін байқаймыз. Сөй- 

тіп адамның қызығуы бір нәрселерге 

асыра  зейін  қоюдан,  оған  құмарту- 

дан,  соны  үнемі  ойлаудан  көрініп 

отырады.


Қызығулар  да  бейімдіктер  тәрізді 

балалардың  кішкентай  кездерінде 



ҚҰРЫ

ҚЫзЫ

345

ерекше  байқалады.  Мәселен,  кейбір 

балалар кішкентайында автомобиль- 

ге, тракторға, жалпы техника атаулы- 

ға  әуесқой  келеді.  Мұндай  балалар- 

дың есіл-дерті машина болып, уақы- 

тының көбін соның айналасында өт- 

кізеді, олардың маркасын жақсы айы- 

ра  алатын  болады.  Кейін  осы  бала 

мектеп  қабырғасында  физика,  қол 

еңбегі сияқты пәндерді бар ықласы- 

мен  оқиды,  ал  мектеп  бітіргеннен 

кейін  сол  балалардың  біразы  жасы- 

нан өзі жақсы көретін техника сала- 

сында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабі- 

леттерін жақсы көрсетеді.

Қызығу құбылысының табиғаты өте 

күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі 

жағынан  ажыратылады.  Осы  тұрғы- 

дан бір адамның қызығуы кең, жан-

жақты болып келеді де, екінші біреу- 

дікі керісінше өте тар болады. Қызы- 

ғуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның 

образын  Н.В.Гоголь  шығармалары- 

нан көптеп кездестіруге болады. Мә- 

селен, «Шинель» әңгімесіндегі Ака- 

кий  Акакиевич  қағаз  көшіруді  өз 

өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіп- 

ті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос 

уақытының барлығын қағаз көшіріп 

жазуға  арнайтын  болған,  осы  ісіне 

қуанып, ләззат алған.

Адамда сан алуан қызығулардың бо- 

луы мүмкін. Бірақ, осылардың ішін- 

де  басты  біреуі,  ең  басыңқы  қызы- 

ғуы болады. Мұндай қызығулар әсі- 

ресе  оқу  әрекетіне  аса  қажет.  Оқу 

қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақ- 

ты, мазмұнды болуы баланың сабақ 

үлгіруіне,  білімді  терең  алуына  көп 

жәрдем  тигізеді.  Оқу  қызығулары 

балаларда  оқу  мотивтерінің  дамуы- 

на байланысты қалыптасып отырады.

Адамда  қызығудың  жөнді  көрінбеуі 

оның  өмірін  мазмұнсыз  етеді.  Мұн- 

дайда  ол  енжар  болып,  іші  пысады, 

зерігіп,  берекесі  кетеді.  Қызығудың 

мазмұнды,  әрі  кең,  өрісті  болуы  – 

оның  басты  ерекшеліктерінің  бірі. 

Мұнысыз  адамның  рухани  өмірі 

дамымайды.  К.Маркс  бір  сөзінде: 

«Адамға  лайықтың  бәрі  де  маған 

жат  емес»  деген  екен.  Бұл  қызығуы 

шар тарапты дамыған адамның ғана 

айтатын  сөзі.  Қызығуы  тұрақты  қа- 

сиетке айналған адам ғана іс-әрекет- 

тен  жақсы  нәтиже  шығара  алады, 

ісі  әр  уақытта  да  берекелі  болады. 

Кейбір  адамдар  кез  келген  нәрсеге 

қызығады да, сайып келгенде, оның 

бір  де  біреуіне  жөндеп  тұрақтамай- 

ды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқой- 

лық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз ете- 

ді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен 

болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы 

тұрақтанбаған  адам  қызметтің  қай 

саласында болмасын пәрменді еңбек 

ете  алмайды.  Тек  тұрақты  қызығу 

ғана  адамның  бүкіл  бойын  билеп, 

қандай бөгеттер болса да жеңе білу-

ге,  небір  ауыртпалықты  көтере  бі- 

луге жәрдемдеседі.

Қызығулар  өзінің  мазмұны  мен  ба- 

ғытына  қарай:  материалдық,  қоғам- 

дық,  саяси,  кәсіптік,  эстетикалық, 

оқырмандық,  спорттық,  танымдық 

т.б.  болып  келеді.  Бұлардың  әрқай- 

сысы өз алдына бірнеше түрге бөлі- 

неді.  Мәселен,  таным  қызығулары 

оқуға, ғылымға қызығу, (математика, 

химия,  биология,  философия  т.б.); 

кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіп- 

тің түрлеріне байланысты, эстетика- 

лық қызығулар кино, театр, музыка, 

бейнелеу  өнеріне  т.б.  орай  бөлініп 

жатады.


ҚЫзЫ

ҚЫзЫ

346

Адам  объектіге  түрлі  мақсат  көздеп 

қызығады.  Осы  тұрғыдан  қызығу 

тікелей және жанама болып екіге бө- 

лінеді.  Тікелей  қызығу  айналадағы 

нәрселердің  тартымдылығынан  туа- 

ды.  Мәселен,  футболға  қызығуды 

осыған жатқызуға болады. Жанама қы- 

зығу  –  бұл  әрекеттік  түпкі  нәтиже- 

сін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам 

көздеген мақсатына біртіндеп, саты- 

лап  жетеді,  Мәселен,  оқуға,  еңбек 

етуге  қызығу  осындай  қызығулар. 

Жанама  қызығу  тұрақты,  тұрлаулы 

болып  келсе,  адамның  ісі  оңға  ба- 

сып, ол нәрсені білген үстіне біле тү- 

суге ықыласы кетіп отырады. Адам- 

дардың  қызығу  саласындағы  ерек- 

шеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешелік- 

тер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы 

мен талғамына, мұраты мен мүддесі- 

не байланысты белгілі мазмұнға то- 

лы болады. Мәселен, бір адамдар сая- 

си-қоғамдық мәселелерге қызығатын 

болса,  екінші  біреулер  эстетикаға 

қызығады. Ал үшінші біреулер ғылы- 

ми-теориялық  мәселелерге  ерекше 

назар аударып отырады, төртінші бі- 

реулерде  осы  айтылғандардың  бар- 

лығы бірдей тоғысып жатады.

Қызығу  балаларда  алғашқы  кезде 

онша ажыратылмайды. Дегенмен бө- 

бектерде  де  қызығу  элементтерінің 

барын байқауға болады. Қызығудың 

жақсы көрінетін жері – мектеп. Мек- 

теп  жасындағы  балаларда  қарапа- 

йым  тану  қызығулары  көріне  бас- 

тайды. Мектеп өмірі балаларда көп- 

теген  қызығулардың  түрлерін  туғы- 

зады. Біртіндеп оқу қызығуларымен 

қатар  спорттық,  оқырмандық  қызы- 

ғулар қалыптасады. Қызығу көбінде 

баланың бір нәрсеге бейімділігіне қа- 

рай көрінеді. Мәселен, шахматқа қы- 

зығу  баланың  осы  ойынмен  айна- 

лысуға  бейімділігінен  туады.  Бірақ 

қызығулардың  бейімдіктен  бөлек 

те  пайда  болатын  кездері  кездеседі. 

Мәселен,  футболға  қызығатындар- 

дың  футбол  ойынына  жөнді  бейім- 

ділігі болмаса да қызығуы өте күшті 

келеді. Бірақ мұндай қызығуды бел- 

сенді,  пәрменді  қызығу  деп  айтуға 

болмайды. Қызығу пәрменді, белсен- 

ді болу үшін, бала тікелей әрекетпен 

айланысуы қажет. Мұғалім балалар- 

дың  қызығуын  тәрбиелеуде  оларға 

әлі  де  онша  мәлім  емес  кейбір  жа- 

нама  қызығуларын  тауып,  соларды 

тұрақтандыру  жағын  ойлауы  керек. 

Сонда  ғана  бала  рухани  өмірге  бай, 

босқа  зерігуді  білмейтін,  еңбекті 

сүйетін,  жан-жақты,  қабілетті  адам 

болып шығады.



ҚЫЛЫҚ  –  (іс)  мінез-құлықтың 

күрделі «бірлігін» белгілеу үшін Ген- 

ри  Мюррей  енгізген  термин.  Түрлі 

қылықтарға адамдар мен объектілер 

арасындағы өзара әрекеттестік жата- 

ды.  Қ-тың  ұнамды,  бағалы  норма- 

лары  адамды  жағымды  сенімдерді 

бойға дарытуға себепші болады. 



«ҚЫРҒЫзДАР»  –  орыс  антропо- 

логі Н.Л. Зеландтың (1833-1902) 1885 

жылы Омбыда жарық көрген еңбегі 

«Бұл  қазақ  халқының  психология- 

лық  ерекшеліктері  жайлы»  жарық 

көрген тұңғыш ғылыми туынды. Автор 

халқымыздың  ұлттық  темперамен- 

тін  сангвинник  типіне  жатқызады. 

Осы типті академик И.П. Павлов тір- 

шілікке  ең  қолайлы,  жауынгер  тип 

деп бағалаған. Зеландтың пікірінше, 

ҚЫЛЫ

ҚЫРҒ


347

қазақтар  қызу  қанды  халық.  Оларға 

рухани жайсаңдық, ізгілік тән, ол ыл- 

ғи  да  жайдары  жүреді,  сергек,  әрі 

еліктегіш  келеді,  жүйкесі  көнбісті, 

ашуландыққа  бара  бермейді...  қоз- 

ғалысы шапшаң, үнемі ат үстінде жү- 

руі қан айналымы мен зат алмасуына 

қолайлы,  олар  жұтатын  таза  ауада, 

шөлейтте  жол  шеккенде  сусынды 

көп  ішпейді,  діни  жоралғыларына 

байланысты  тағамды  таңдауы  асқа- 

зан  және  шек  жолы  қызметін  жақ- 

сартуға, оның рух күшін сақтауға ма- 

ңызды  ықпалы  болады.  Жүйке  са- 

лауаттылығы адамның иманды, өне- 

гелік  бітімінен  де  жақсы  көрінеді. 

Қазақ  ақкөңіл,  адал,  басқаның  қай- 

ғы-қасіретіне  ортақтасқан  халық, 

бұларда қатыгездік пен кекшілдік кез- 

деспейді десе де болады... Ажалмен 

бетпе-бет келген қазақ, ешқашан абыр- 

жып, абдырамайды.

ҚЫСҚА  МЕРзІМДІК  ЕС  –  түрлі 

мәліметтерді есте сақтағанда оларды 

аз  уақыт  аралығында  қолдану  мүм- 

кіндігін пайдаланып есте сақтай алу. 

Лезде қабылдаған нәрселердің бейне- 

сі адамның көз алдына елестеп, құла- 

ғына дауысы естіліп тұрғандай бола- 

ды.  Мұндай  үрдістер  тұрақсыз.  Де- 

генмен, бұл жәйттің сырттан алына- 

тын ақпараттарды есте сақтап, олар- 

ды  қайта  жаңғыртуда  өзіндік  маңы- 

зы бар.


ЛАБИЛДІК  –  (лабильность;  лат. 

labilis  –  сырғығыш,  орнықсыз,  ор- 

нықсыздық)  –  жүйке  жасушасы  не 

функциялық құрылым уақыттың бір 

өлшемінде  бұрмаламай  бере  алатын 

импульстердің  ең  көп  саны.  Л.  тер- 

минін  Н.Е.Введенский  ұсынған. 

Дифференциалдық  психологияда  Л.  

жүйке үрдістерінің пайда болуы мен 

тоқтауын  сипаттайтын  жүйке  жүйе- 

сінің қасиеттерінің бірі болып табы- 

лады. Л. (өзгергіштік, орнықсыздық) – 

жүйке  процестері  –  импульстердің 

пайда болуы мен аяқталу жылдамды- 

ғын  сипаттайтын  жүйке  жүйесі  қа- 

сиеттерінің бірі.

ЛАзУРСКИЙ  АЛЕКСАНДР  ФЕ- 

ДОРОВИЧ  (1874-1917)  –  орыс 

психологі.  Психологиядағы  ғылыми 

жаратылыстық бағыттың өкілі. Кісі- 

нің  жеке  қасиеттерін,  мінез  бітісте- 

рін зерттеуші. Еңбектері: «Мінез ту- 

ралы  ғылымның  очерктері»  (1909), 

«Жалпы  және  эксперименттік  пси- 

хология» (1912), «Тұлға классифика- 

циясы» (1915) т.б.

ЛАЦАРУС  МОРИС  (1824-1903)  – 

швейцар  философы.  И.Гербарттің 



ҚЫСҚ

ЛАЦА

348

шәкірті.  Этнопсихологиядағы  «ха- 

лық рухы» концепциясын жасаушы- 

лардың  бірі.  Еңбектері:  «Құлықтар- 

дың пайда болуы» (1867), «Тарихта- 

ғы идеялар туралы» (1872), «Ұлттық 

деген  не?»  (1880);  «Жанның  өмірі» 

(1856) т.б.



ЛЕВИ-БРЮЛЬ  ЛЮСЬЕН  (1857-

1939)  –  фр.  социологы  және  этно- 

логі.  Л-Б-дің  социол.  көзқарастары 

Дюркгеймнің  ықпалымен  қалыптас- 

ты.  Алғашқы  қауымдық  құрылыс 

халықтарын  зерттеумен  айналысқан 

Л-Б.  әртүрлі  әлеуметтік  үлгілерге 

ойлаудың әртүрлі формалары сай ке- 

леді  деген  қорытындыға  келді.  Ал- 

ғашқы қауымдық құрылыс адамның 

ойлауы  қазіргі  адамның  логикалық 

ойлауынан  өзгеше:  ол  «дологика- 

лы»  (онда  қарама-қайшылық  заңы 

еленбейді)  және  табиғилық  пен 

табиғилықтан  тыс  нәрсені  ажырат- 

пайды. Л.-Б. алғашқы қауымдық құ- 

рылыс адамының түсінігінде бастап- 

қы себеп пен түпкілікті салдар тіке- 

лей  байланыста,  аралық  байланыс- 

тар еленбейді деп пайымдайды. Не- 

гізгі  еңбектері:  «Төменгі  қоғамдар- 

дағы  ойлау  функциялары»  (1910); 

«Алғашқы  қауымдық  құрылыста- 

ғы ойлау» (1921).

ЛЕОНТЬЕВ  АЛЕКСЕЙ  НИКО- 

ЛАЕВИЧ (1903-1979) – Кеңес Ода- 

ғының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас» 

теориясының авторы ретінде белгілі 

психолог.  Мәскеу  университетінің 

қоғамдық  ғылымдар  бөлімін  (1924) 

бітіріп,  психология  институтында 

және коммунистік тәрбиелеу Акаде- 

миясында қызмет атқарған. Л.С.Вы- 

готскийдің ең жақын қызметтестері- 

нің бірі болған. 1931-1935 жж. Харь- 

ковта жұмыс істеп, 1932 ж. профес- 

сор атағына ие болды. 1941 ж. Мәс- 

кеу университетінің профессоры, пе- 

дагогика  ғылымдарының  докторы. 

1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжі- 

рибені қалпына келтіру госпиталінде 

ғылыми жетекшілік қызметін атқар- 

ды.  1945-1950  жж.  Ресейдегі  ПҒА- 

ның Психология институтының бала- 

лар  психологиясы  бөлімін,  1945  ж. 

Мәскеу мемлекеттік университетінің 

психология кафедрасын, 1963 ж. фи- 

лософия факультетінің бөлімін меңгер- 

ді. Сол университетте 1966 ж. оның 

ұйымдастыруымен психология факуль- 

теті ашылды. 1950 жылдан Ресейдің 

ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуын- 

дағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив- 

тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін 

жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым. 

Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931), 

«Қимыл-қозғалысты  қалыпқа  келті- 

ру» (1945), «Психика дамуының очер- 

кі»  (1947),  «Іс-әрекет,  сана,  тұлға» 

(1975) т.б.

ЛЕСГАФТ  ПЕТР  ФРАНЦЕВИЧ 

(1837-1909) – орыстың аса көрнекті 

ғалымдарының  бірі,  медицина,  био- 

логия, дене тәрбиесі, педагогика, пси- 

хология  ғылымдарының  көптеген 

мәселелерін  зерттеуге  елеулі  еңбек 

сіңірген  белгілі  қоғам  қайраткері. 

Ол  гимназияны  бітіргеннен  кейін 

Петербургтегі  Медико-хирургиялық 

академияға  түсіп,  оны  ойдағыдай 

аяқтайды.  Оның  дүниеге  көзқарасы 

орыстың  революционер-демократ- 

тары Герцен, Белинский, Чернышев- 

ский, Добролюбовтардың материалис- 

тік философиясы мен орыс физиоло- 

гиясының  атасы  И.М.Сеченовтың 

ЛЕВИ

ЛЕСГ


349

физиология,  психология  саласын- 

дағы  еңбектері  негізінде  қалыптас- 

қан еді. Ғылым адамына тән қарапа- 

йымдылығы, зор лекторлық қабілеті 

мен ұстаздық өнегесі оны өз замандас- 

тарына әйгілі етті. Лесгафттың өз хал- 

қына қалтқысыз қызмет еткенін көр- 

сетерлік мысалдар көп. Ол елдегі ағар- 

ту  жұмысын  өркендетуге  белсене 

қатысты.  Әйелдердің  білім  алуына 

ерекше көңіл бөлді. Жұмысшыларға 

арнап кешкі курстар ашты.

Лесгафт ғылымның әр саласынан зор 

мағлұматы  бар  адам  еді.  Мысалы, 

оның  анатомия  ғылымы  саласында- 

ғы пікірлері, дене тәрбиесі, психоло- 

гия,  педагогика,  гигиена  ғылымда- 

рындағы теориялармен тығыз байла- 

нысып жатыр. Ол жастарды тәрбие- 

леуде психология ғылымының ерек- 

ше маңызын айта келіп, бұл ғылым- 

ның  педагогика  мен  педагог  үшін, 

медицина мен дәрігер үшін, психиат- 

рия  мен  психиатр  үшін  аса  қажетті 

екенін атап көрсетті.

Адамның  жеке  басының  жан-жақты 

жетіліп қалыптасуы үшін тәрбиенің, 

әлеуметтік ортаның шешуші рөл ат- 

қаратындығын Лесгафт ғылыми тұр- 

ғыдан түсіндіреді. Ол жеке адамның 

қалыптасуында тұқым қуалаушылық 

елеулі орын алады дейтін теорияға сын 

көзімен қарады. Бала іштен қайырым- 

ды, адал немесе қатал, өтірікші, атақ- 

құмар, мансапқор, екі жүзді, жәдігөй 

т.б. қасиеттермен тумайды. Бұл жағ- 

дай  әртүрлі  тәрбиеден  туады  деп, 

Лесгафт жүйелі дене тәрбиесі адам- 

ның жарасымды дамуына, яғни оның 

ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеті- 

нің  қалыптасуына  тиімді  әсер  ете- 

тіндігіне  ерекше  тоқталады.  Ол  дұ- 

рыс жүру мен жүгіре білу, қарғу мен 

секіру, т.б. осындай қимыл-қозғалыс- 

тар адам тәнінің сұлулығымен қатар 

ақыл-ой  парасатының  артуына  да 

ықпал жасайтындығын айтады.

«Баланың  ақыл-ой  тәрбиесі  және 

оның маңызы» деген еңбегінде оның 

ақыл-ойы мен денесін, мінезін қалып- 

тастыруда ата-ананың өнегесі, бала- 

ның жеке басын қадірлей білу, төзім- 

ділікке  баулу  жөнінде  айтқан  пікір- 

лері  ерекше  бағалы.  Ол  мектеп  жа- 

сына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу- 

дің жолдары туралы құнды пікірлер 

айтты. Автор кішкентай балалардың 

әрнәрсеге еліктегіш, білуге құмар ке- 

летіндігін, аса бақылампаз болатын- 

дығын,  адалдығы  мен  аңғалдығын 

жан-жақты баяндап берді.

Лесгафт  психологиядағы  темпера- 

мент теориясына елеулі үлес қосқан- 

дардың бірі. Оның пікірінше темпе- 

рамент  қан  сауыттарының  жуан-жі- 

ңішкелігіне,  олардың  қозғалғышты- 

ғы  мен  жүріс-тұрыстың  баяулығы- 

мен байланыстырған.

Негізгі еңбектері: «Отбасындағы ба- 

ла  тәрбиесі,  оның  маңызы»  (СПб., 

1885), «Мектеп жасындағы балалар- 

дың дене тәрбиесі» (СПб., 1888), «Пе- 

дагогикалық  шығармалар  жинағы» 

(М., 1951), т.б.

ЛИДЕР  –  басшы,  жетекші.  Топта, 

ұжымда, әдетте жетекші міндетін ат- 

қаратын бір адам. Әлеуметтік психо- 

логияда мұндай адамды «лидер» деп 

атайды.  Л.  топты  ұйымдастыруға 

және басшылық етуге сайланады не 

ұсынылады. Л. әдетте топтың іс әре- 

кеті  жайлы,  оның  құрамы  мен  мүм- 

кіндіктері жайлы мейлінше хабардар 

болады. Ол топ мүшелерімен қатынас- 

та өзін еркін, сенімді ұстайды.

ЛЕСГ

ЛИДЕ


350

Психологиядағы зерттеулерде лидер- 

дің мынадай қызмет атқаратындығы 

айқындалған:

а)  ол  топ  алға  қойған  мақсатқа  же- 

тудің жолдары мен құралдарын жос- 

парлайды,

ә) топ мүшелері арасында атқарыла- 

тын  іске  жауапты  адамдарды  бел- 

гілейді,


б)  егер  топтың  алдына  маңызды  іс- 

керлік мүдде қойылған болса және бұл 

топ  өндірістік  еңбек  ұжымы  болса, 

белгілі бір топтық шырай орнатады,

в) топ мүшелерінің әлеуметтік белсен- 

ділігін дамытады.

Психологтар  зерттеулерінде  мектеп 

ұжымдарындағы  лидерлердің  бірне- 



ше типі болатынын көрсетті:

Бірінші типі. Л. жағдайға байланыс- 

ты өзін танытады. Мыс., оқушы сы- 

ныпта  музыка  викторинасын  ұйым- 

дастырып, өткізді делік. Ол көптеген 

музыкалық  шығармаларды  біледі, 

домбырада, гитарада, пианинода, ак- 

кордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзі- 

нің  дарыны  мен  шеберлігін  көрсет- 

ті.  Ол  –  лидер.  Ал  басқа  жағдайда 

ол  ұжымның  қатардағы  мүшесі  бо- 

лып қала береді.

Екінші типі. Сан алуан істерді атқа- 

ру  кезінде  ұжымның  басқа  мүшеле- 

ріне  жан-жақты  ықпал  ете  алатын 

оқушы  лидер  болады.  Мыс.,  сынып 

сонда түнейтін болып, тоғайға турис- 

тік жорыққа шықты делік. Л. оқушы 

соны  әзірлеуге  қатысады,  топты  қа- 

жетті  құрал-жабдық,  азық-түлікпен 

қамтамасыз етуге басшылық етеді, ав- 

токөлік табуға әрекеттенеді, жорық- 

та  өтетін  ойын-сауықты  әзірлейді 

т.б. Ол сондай-ақ еңбек ардагерлері, 

Ұлы Отан соғысына қатысқандармен 

кездесу  ұйымдастырады,  көрші  сы- 

нып  немесе  мектеп  оқушыларымен 

спорттық ойындардан жарыс өткізу- 

ге  келіседі.  Алайда  оның  лидерлігі 

қысқа мерзімдік дәрежеде ғана бола- 

ды. Іс тәмамдалған соң оның лидер- 

лігі де шектеледі.



Үшінші тип. Оқушы өзінің лидерлік 

қабілетін  іс-әрекетінің  көптеген  са- 

ласында ұзақ уақыт бойы сақтайды: 

бұл  сынып  старостасы,  мектептегі 

жастар ұйымының хатшысы т.б. Топ, 

ұжым  лидерін  аты  әйгілі  адамдар 

ұғымымен  барабар  деуге  болмайды. 

Зерттеулер  бір  адамның  бойында 

лидерлік пен әйгілі болу қабілеттерінің 

екеуі де болуы мүмкін екенін көрсете- 

ді.  Мұндай  үйлесім  топтың,  ұжым- 

ның  атқаратын  ісіне  игі  әсер  етеді. 

Дегенмен бұл жерде алшақтық та кез- 

десіп,  лидер  бір  адам,  әйгілісі  екін- 

ші адам болуы мүмкін. Мектеп прак- 

тикасында  сынып  старостасына,  не 

болмаса  жастар  ұйымының  басшы- 

лығына әйгілі емес оқушыны сайлау 

жиі  кездеседі.  Демек,  лидерлік  әй- 

гілі болудан гөрі басқа себептерге не- 

гізделетін болса керек (арнайы зерт- 

теулер жүргізіледі).

Л.  (жетекші)  –  әлеуметтік  топ  мү- 

шесі,  оның  психологиялық  ықпа- 

лындағы  топ  мүшелері  оның  беделі 

мен жетекшілік қасиетте сөзсіз мойын- 

дайды  және  оның  жолымен  жүруге 

дайын болады. Л.- топ мүшелері оған 

топтың  мүддесін  қозғайтын  және 

бүкіл  топтың  іс-әрекетінің  бағыты 

мен  сипатын  анықтайтын  жағдаят- 

тарда  жауапты  шешімдерді  қабыл- 

дауға құқық беретін, топтан өз ақы- 

лы,  өжеттілігі  және  жауапкершілігі- 

мен беделді топ мүшесі. Л. – бірлес- 

кен  іс-әрекетті  ұйымдастыруда  жә- 

не топтағы өзара қатынастарды рет- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет