ЛИДЕ
ЛИДЕ
351
теуде шынайы орталық рөлді атқа-
ратын тұлға. Психологияда Л. келесі
түрлерін бөліп, жіктейді: 1) іс-әре-
кет мазмұны бойынша – шабыт бе-
руші Л. мен орындаушы Л.; 2) іс-
әрекет сипаты бойынша – әмбебап
Л. мен жағдаяттық Л.; 3) іс-әрекет
бағыттылығы бойынша – эмоциялық
Л. және іскер Л. т.с.с. Бір адамның
бір уақытта Л. және басшы болуы
міндетті емес. Егер бастық көбінесе
сайланатын болса және оның мадақ-
тауға және жазалауға ресми құқығы
болса, ал Л. кездейсоқ таңдалады. Ол
топтан өзге ешқандай биліктік күшке
ие болмайды. Оған ешқандай ресми
міндеттер жүктелмейді. Егерде Л.
мен басшы бір адам болмай, бірақ өза-
ра тату болса, онда топтық іс-әрекет
үйлесімді әрі тиімді жүзеге асады.
Ал егер араларында түсініспеушілік
болса, онда бұл көбінесе топішілік
конфликтіге әкеледі. Ал мұның өзі
топтың даму деңгейімен тікелей бай-
ланысты болады. Л-лік (жетекші-
лік) – тұлғааралық қатынастардағы
доминанттылық.
ЛОГОПЕД – ересектер мен бала-
ларда сөйлеу кемістігін жою және
оның алдын алу мақсатында жұмыс
істейтін педагог. Логопедтерді дайын-
дау педагогикалық институттар мен
университеттердің дефектология фа-
культеттерінде жүргізіледі. Логопе-
дия – сөйлеу кемістігін зерттейтін
және оларды анықтаудың, алдын
алудың және жеңудің принциптері
мен әдістерін жасайтын педагогика-
ның арнайы саласы.
ЛОГОТЕРАПИЯ – психотерапия-
ның В.Франкл талдап-тұжырымда-
ған теориясы мен практикасы. Ло-
готерапия тұлғаның мінез-құлқын-
дағы және оның дамуындағы негізгі
қозғаушы күш адамның өз өмірінің
мән-мағынасын іздеу мен жүзеге
асыруға ұмтылысы болып табыла-
тынын негізге алады. Өмірдің мән-
мағынасының болмауы немесе оны
жүзеге асырудың мүмкін еместігі
адамда экзистенциялдық вакуум жә-
не экзистенциалдық фрустрация кү-
йін тудырады; бұлар селқостық, то-
рығу, өмірге деген ықыластың бол-
мауымен, сондай-ақ іштей ширығу-
ды барынша азайтуға тырысушылық-
пен байланысты неогендік невроз-
дар деп аталатындардың себебі бо-
лып шығады. Логотерапияның прак-
тикасы адамның өз өмірінің ғайып
болған мән-мағынасын қайта табуы-
на көмектесуге бағытталған. Өмір-
дің мән-мағынасының басты негізде-
рінің бірі – доготерапияда – діни се-
нім болып табылады. Сонымен қа-
тар дін мән-мағынаның мүмкін бо-
ларлық бірден-бір негізі емес; бұл
проблеманы дінге сенетін адамда да,
дін ұстанбайтында да бірдей табыс-
ты түрде шешуі мүмкін. Өмірдің
бірегей мән-мағынасын немесе нақ
сол функцияны атқаратын жалпыла-
ма құндылықтарды пациент үш сала-
ның біреуінен: шығармашылықтан,
біз өзіміз өзгерте алмайтын жағдай-
ларға қатысты көзқарас тұрғысынан
ұғына отырып қабылдаудан және
оны бастан кешіруден табуы мүмкін.
Логотерапия практикасында негізгі
әдіс сократтық диалог әдісі болып
табылады және ол тән сипатты нео-
гендік невроздар терапиясы кезінде
қолданылады. Логотерапияда, сон-
дай-ақ фобиялар мен жабыспа күй-
ЛОГО
ЛОГО
352
лерді емдеуге арналған парадокстық
интенция әдісі мен жыныстық нев-
роздарды емдеуге арналған дереф-
лекция әдісі талдап-белгіленген. Бұл
әдістер Л. алғышарт ретінде негізде-
летін адамның іргелі онтологиялық
сипаттамаларына: өзін оқшаулап қа-
шықтату қабілеті мен өзіндік транс-
ценденция қабілетіне орайласты-
рылады.
ЛИБИДО – психоанализдің (фрей-
дизм) негізгі ұғымдарының бірі. Ал-
ғашында З.Фрейд бұл ұғыммен жы-
ныстық (сексуалдық) елігуді психи-
калық энергияның жалпыға бірдей
негізі, адам мінез-құлқының доми-
нантты мотиві ретінде түсіндірді.
Кейіннен либидоны З.Фрейд – жал-
пы елігуді түсіндіру мағынасында
қолданылатын болды.
ЛУРИЯ АЛЕКСАНДР РОМАНО-
ВИЧ (1902- 1977) – медиц.ғ.д.,
психол. ғ.д., КСРО Педагогикалық
академияның толық мүшесі, әлемдік
нейропсихологияның негізін салу-
шылардың бірі. Л.С.Выготскийдің
аса көрнекті серігі. Өткен ғасырдың
30-шы жылдары тарихи-мәдени тео-
рияның қоғам тыныс-тіршілігінен
қалайша көрініс беретінін байқау үшін
ғылыми экспедицияны басқарып Өз-
бекстан мен Қырғызстан дихандары
арасына барып, зерттеу жүргізген.
Мұның нәтижелері «Таным процес-
терінің тарихи дамуы туралы» (М,
1974) атты жеке кітап болып жарық
көрді. Оның Ұлы Отан соғысы ке-
зінде басталған зерттеулері жоғары
психикалық функциялардың ми ал-
қаптарындағы локализациясы (орна-
ласуы), мидың зақымдануын қалпы-
на келтіру мәселелерімен ойдағыдай
ұштасты, нейро-психологиялық кон-
цепцияны жасауға алып келді. Ол
әлемдік психология ғылымында ней-
ро-психологиялық диагностикасы мен
әдістемесін, дефектологиялық пси-
хологияның іргетасын қалады. Өмі-
рінің соңғы жылдарында еске тұ-
тудың нейропсихологиясы мен ней-
ролингвистиканың мәселелерін зерт-
теумен шұғылданды. Оның көп-
теген шәкірттері (Хомская, Цветкова
т.б.) нейропсихология мен нейрофи-
зиологиядағы әлемге әйгілі Лурия
мектебін дамытып келеді. Оның ең-
бектері көптеген шетел тілдеріне ау-
дарылған. Негізгі еңбектері: «Речь и
интеллект в развитии ребенка» (1927),
«Травматическая афазия» (1945), «Вос-
становление функции мозга после
военной травмы» (М, 1948), «Выс-
шее корковые функции человека»
(МС, 1962), «Мозг человека и пси-
хические процессы» (М, 1963), «Ос-
новы нейропсихологии» (М, 1973) и др.
ЛИБИ
ЛУРИ
353
МАҒЫНА – қоршаған ортадағы әр-
түрлі құбылыстардың өзіндік мәнін
тұлғаның түсінуі, М. оның объектив-
тік шындыққа субъективтік қатына-
сынан көрініс береді. Л.С.Выгот-
ский мен А.Н.Леонтьевтің пайымдау-
ларынша, М. түрткінің мақсатқа қа-
тынасы, яғни, тұлға шынайы реттеп
туралай алады, мұнда жетекші рөлді
түрткі атқарады да, содан М. адам
санасын қарастыратын басты өлшем
бірлігіне айналады.
МАҒЫНАCЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
КЕДЕРГІ. Белгілі құбылыстың ма-
ғынасын әртүрлі түсінуге байланыс-
ты адамдар арасында кездесетін ке-
дергі. Көбінесе ересектер мен бала-
лардың өзара қарым-қатынастарын-
да болады. Ол ересектердің талабы
дұрыс екенін біліп тұрса да, бала ойын
түсінбеу салдарынан туындайды.
Өйткені балада қалыптасқан пікір-
лер мен құндылықтар үлкендер тү-
йіндерімен бір-біріне сәйкес келе
бермейді.
МАКРОЭТНИКАЛЫҚ БІРЛІК
(этникааралық қоғамдастық) – бір-
неше этникалық қауымдастықтарды
қамтитын құрылым мен этникалық
ұқсас бірліктердің ерекшеліктерімен
сипатталады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ПСИ-
ХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
Фольклордың негізгі саласының бірі
болып табылатын мақал-мәтелдерде
адам жанының небір нәзік сырлары:
ерлік пен батырлық, достық пен ын-
тымақтық, жауыздық пен зұлымдық,
ақыл-ой, ерік-қайрат сияқты іргелі
мәселелерімен қатар қазіргі психоло-
гия ғылымында кездесетін ұғымдар-
дың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес,
ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т.б.)
сан қырынан сөз болған.
Мінез мәселесі көп заманнан бері күн
тәртібінен түспей келе жатқан мәнді
тақырып. Мақал-мәтелдерде де осы
мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Он-
да мінездің түрлі бітіс-бейнелері әр
қырынан сөз болады. Мәселен, «Елің
еміренсе, сен тебірен», «Тереңнен
тапқан кен қымбат, Тебірене сүйген
ел қымбат», «Отаның – алтын бесік»,
«Отан оттан да ыстық», «Ел қуатты
болмай, қуаныш тұрақты болмай-
ды», деген мақалдарда туған Отан
адамға аса қымбат, елін, жерін сүйе
білу әр адамның азаматтық борышы,
(«Отан үшін еңбек етсең, халық сені
құрмет етер», «Халық үшін қызмет
етсең, созған қолың көкке жетер»),
Отаншылдық – адам мінезінің аса
бір жақсы сапасы, деп үйретеді ма-
қал-мәтелдер. Отанды сүю, оны жау-
дың шабуылынан қорғау – әрбір аза-
маттың абыройлы борышы, ел қор-
ғау жолында ерлік жасап, ел-жұртты,
Отандастарын қорғаған адамдарды
халық мақтан тұтып, ардақтайды.
МАҒЫ
МАҚА
354
«Отан үшін отқа түссең күймейсің»,
«Жауға жаныңды берсең де, сырыңды
берме», «Жауды аяған – жаралы» деп
халық жастарды досқа мейірімді, жау-
ға қатал болуға тәрбиелейді. «Елін
сатып асаған, екі күн ғана жасаған»,
«Опасызда Отан жоқ» деу арқылы
мақалдар туған елін, Отанын сатқан
опасыздың психологиясын көрсету-
ді ойлаған. Халық өз ұрпағын прин-
ципшілдікке, шыншылдыққа баули-
ды да, өтірік айтып күн көру өмір
еместігін, өтірікпен адам алысқа бара
алмайтынын («Айтсаң сөзіңде тұр»,
«Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құй-
рығы бір-ақ тұтам»), адамның кейбір
ұнамсыз қылықтары – мақтаншақ-
тық, бөспе т. б. өтірік айтуға себепші
болатындығын айтып, өтірікшіні на-
шар мінезді адамның қатарына жат-
қызады да («Мақтаншақтық өтірік
айтқызады, өтірік көңіл қайтқыза-
ды»), мұның адамға абырой әпермей-
тініне, кісінің қадір-қасиетін түсі-
ретініне ерекше тоқталып кетеді.
Мәселен, «Өтірікшінің шын сөзі –
зая» деп, халқымыз мұндай адамның
жұртқа қадірі болмайтынын; оның
сөзіне ешкім иланбайтындығын, оған
сенім болмайтынын ескертеді.
Халықтың ежелден қастерлеп келе
жатқан абзал қасиеттерінің бірі –
адалдық пен шыншылдық. Адалдық –
сөз бен сенім бірлігі, сөздің іске қай-
шы келмеуі. Адамның осындай асыл
қасиеттері жөнінде мақалдар тө-
мендегіше тебіренген. «Адал түбі –
кеніш, арам түбі – реніш», «Адал ниет
аздырмайды, арамдық бойды жаз-
дырмайды». Мақалдар адалдық пен
арамдықты осылайша салыстыра оты-
рып, бірінің зияндылығын, екінші-
сінің жақсы қасиет екендігін, бұл еке-
уінің бір жерге сыйыспайтындығын
айтады. Шыншылдық – адалдықтың
синонимі іспеттес айрылмас серігі.
Осы қасиеттің маңызы жөнінде де
халқымыз аз айтпаған. «Сыр – шы-
мылдық; шындық – айна», «Қылыш
басыңа төнсе де, жалған айтпа»,
«Шындық үшін көрге кірсең де, бе-
тіңнен қайтпа», «Жауды әдіспен,
досыңды шындықпен жең», деген-
мақалдар шыншыл адам әділет үшін
өмірін де қия алады, ол әділ, қара
қылды қақ жаратын адам, оның ойы
да орамды, іс-әрекеті де ақылға сы-
йымды болатындығын айтады. Әділ
сыншы болу үшін де, айтылған сын-
ның нысанаға дәл тиюі үшін де шын-
дық аса қажет. («Әділ кісі өзіне қат-
ты, өзгеге – тәтті», «Шешендік күші
шындықта», «Сын айту үшін шын
айт»), «Сырты бүтін, іші түтін», бос-
қа көлгірситін адамдарда адалдық
пен шыншылдық сияқты асыл қасиет-
тер тұрақтап орын теппейтіндігін
де халық даналығы жұртқа ескертіп
отырған.
Мақал-мәтелдер қарапайымдылық
пен кішіпейілділікті де адамның ең
жақсы мінездері деп есептеген. «Бе-
тегеден биік, жусаннан аласа», «Ұлық
болсаң, кішік бол», «Кішіпейілді-
лік – кісі көркі», «Тәлімнен әдеп жақ-
сы» дейтін мақалдардың кішіпейіл-
ділік адамның табиғи көрінісі болуы
тиіс, сонда ғана ол сүйкімді, ажарлы
мінез көрінісі болады деген идея жақ-
сы аңғарылады. Ал, «Қолы ашықтың
жолы ашық», «Жомарт бергенін айт-
пайды», «Батыр айтқанынан қайт-
пайды» деген мақалдар адамның жақ-
сы мінез көрінісінің бірі. Жомарт
МАҚА
МАҚА
355
адам біреуге жақсылық еттім деп жар
салып, айқайламайды, ол кішіпейіл
де, қарапайым. Адам мінезінің ен-
ді бір тамаша сипаты – достық. На-
ғыз достық мақал-мәтелдерде ерек-
ше қастерленген. «Адамның тұзды-
ғы – арасындағы достығы», «Досың-
нан сырыңды жасырма, дұшпанға
шыныңды айтпа», «Досы көпті жау
алмайды», деген мақалдарда достық-
тың жалпы маңызы айтылса, енді
біреулерінде («Қайғың болса досыңа
бар, дос көтерер көңілді», «Есептескен
дос болмайды», «Досың жылатып
айтады, дұшпан күлдіріп айтады»),
деп нағыз достықты әр қырынан си-
паттайды.
Мақал-мәтелдерде адам мінезін екі
үлкен топқа бөліп, оны синтездей
көрсетушілік басым келеді. Бұларда
жақсы адамның психологиясы пиғы-
лы жаман адамға қарсы қойылып,
бұл екеуі бір-бірімен салыстырылып
отырылады. Мәселен, жаман мінезді
адам онда былайша сипатталады.
«Жаман қорыққанын сыйлайды»,
«Жаманның намысы болмайды»,
«Қазан қолыңды кірлейді, жаман
жүзіңді кірлейді», «Жаман ісінен
көрмейді, кісіден көреді». Жаман
адам – ез, намыссыз, ол ісі түскенді,
не қорыққанын ғана сыйлайды, мі-
нін көрмейді, оғаш қылығын басқа-
дан көруге тырысады, шамасы келсе
сағыңды сындырады, менмен болып,
бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман
өзі бола алмайды, болғанды көре
алмайды»), жамандық туа бітпейді,
ол өнегесіз ортадан, нашар тәрбие-
ден пайда болады, («Адам туа жаман
емес, жүре жаман»).
Жақсы адам қайда жүрсе де береке-
лі, беделді, инабатты келеді. Соңғы-
лар жөнінде «Жақсыға тең жоқ», «Жақ-
сы көпке тәуір, дана елге бауыр»,
«Жақсының басына іс түссе ашынар
да, ашылар», «Жақсымен сөйлессең
қуанасың»,- дейді халық даналығы.
Халқымыз қашан да өз ісіне есеп бе-
ріп, өзін де, өзгені де әділ бағалай
білген адамдарды қастерлеген, кісі-
нің өзін-өзі тәрбиелеуіне ерекше кө-
ңіл бөлген. Осы идеяны мына ма-
қалдардың мазмұны жақсы көрсетіп
тұр: «Өзін-өзі түсінген дана, өзін-өзі
жеңген қаһарман», «Ортаңа қарап
өзіңді таны», «Өз ақылын шамалаған
қор болмас», «Өзім білемін деген өр-
ге баспас», «Өзім білем деген жігіт-
тің басына ойран салғаны», «Өзім
білем деген өлер, көп біледі деген
күлер», «Өзім білем» деп өзеуреу
нашар қасиет. Басқаның кемшілігін
айтып түзету үшін мұндай кемшілік-
тен алдымен өзің азат болуың керек.
«Өзгенің мінін білгенсін, өзіңде мін
болып жүрмесін», «Өз қатесін көр-
меген, кісінің қатесін сезбейді», «Өзің-
ді ер білсең, өзгені шер біл», «Білемін
деп мақтанба, сенен де білгіш та-
былар», деп өнегелілікке баулып
отырған халық өз ұрпағын.
Мақал-мәтелдерде әр халықтың өзін-
дік әдет-ғұрып, дәстүр салты, ұлттық
мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері
мен көңіл күйлері, ерік-жігер қа-
сиеттері, алуан ойлары мен талап-
тілектері, бір сөзбен айтқанда, оның
әлеуметтік психологиясы тамаша
бейнеленген.
Тәлім-тәрбие, оқу-білім, адамның жас
кезеңдері, қоғамдық өмірдің сан қи-
лы жақтары мен қым-қиғаш қай-
шылықтары, мұндағы әр түрлі топтар,
жеке адам мен коллектив арасында-
МАҚА
МАҚА
356
ғы қатынастар да мақал-мәтелдерге
арқау болған.
Мәселен, мақалдардың бір тобында
(«Көптің ойы – көл», «Халық қар-
таймайды», «Кеппе тентек болсаң да,
көпке тентек болма». «Көптен бақыт
құтылмас») адамға қажетті барлық
игіліктерді жасаушы – халық, еңбекші
бұқара; қандай керемет адам болса
да көптен, халықтан бөлек жүріп
өнімді ешнәрсе жасай алмайды, адам-
дар бір-бірімен байланысып, тіршілік
еткенде ғана өз қажеттерін, алға қой-
ған мақсаттарын ойдағыдай орындап
отырады деген сындарлы пікірлер
аңғарылады.
Адам психологиясының қалыпта-
суында ынтымақтасқан еңбек әре-
кетінің алатын орны да ерекше еке-
нін халқымыз жақсы түсінген. Мә-
селен, «Жалғыздың ісі өнбейді», «Көп
еңбегі көлмен тең», «Көп еңбегі пәр-
менді», «Көп еңбегі көңілді», деп
келетін мақал-мәтелдерде көппен қоян-
қолтық, бірлесе еткен еңбек қана адам-
ға зор қуат беріп, оның қажеттерін
өтеп, психикасын байытатыны, жал-
ғыз кісінің өндіргені тамшыдай бол-
са, көптің өндіретіні дариядай бола-
тыны айтылған.
«Еңбек – ең негізгі тәрбиеші» деген
идея осы топтағы мақалдардың негіз-
гі арқауы. Мәселен, «Еңбек ширата-
ды», «Еңбек-адамның екінші ана-
сы», «Еңбектің көзін тапқан, байлық-
тың өзін табады», «Қолы қимылда-
ғанның аузы қимылдайды», «Еңбегі-
мен ер мүсінді», «Еңбек мұратқа жет-
кізер», деген айшықты сөздердің мә-
ні мынада: еңбек ету зор адамшылық
қасиет, іс-әрекетсіз бос жүру адам-
шылыққа жатпайды, кісіні даңққа,
мұратқа, бақытқа жеткізіп, ер атан-
дыратын да, оның тұрмыс жағдайын
жақсартатын да, сана-сезімі мен ақыл-
ойын байытып, нұрландыратын да
еңбек, сондықтан, «еңбексіз күн өт-
кізу – ерсілік».
Қазан төңкерісіне дейін халқымыз-
дың негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болды. Кейінірек олар кәсіптің басқа
түрлерімен де (егіншілік, балық, аң
аулау т. б.) айналыса бастады. Бұл
жөнінде де мақал-мәтелдер қызық-
ты пікірлер айтып, байсалды түйін-
дер түйген: «Мал өсірсең қой өсір,
өнімі оның көл-көсір», «Жылқы мал-
дың қасқасы», «Мал жақсысы – сиыр»,
«Ексең егін, ішерсің тегін», «Егін
ексең тыңға, шықтым дей бер шың-
ға», «Қырман басы береке», деп ке-
летін мақалдар жоғарыда айтылған
тұжырымға жақсы дәлел. Кәсіпті же-
те меңгергенде ғана еңбектің береке-
лі, нәтижелі, жемісті болатындығы,
бұлардың адам психологиясын қа-
лыптастыруда алатын орны жөнінде
дұрыс пікір айтылады. Мәселен, «Он
кәсіпті шала білгенше бір кәсіпті
жақсы біл», «Еңбек те ептілікті ті-
лейді», «Еңбекке бейім болсаң қата-
рыңнан кейін болмассың», деген ма-
қал-мәтелдерде әр істі бір бастап,
аяқтамай тастап кете беру, айналыс-
қан кәсіпке жете мән бермеу, оған
жеңіл-желпі қарау адамды енжар, жал-
қау ететіндігі, әрбір жұмыстың өзі-
не тән тәсілін, әдісін дұрыс меңгер-
генде, соған бейімделгенде, ептілік
пен әрекет еткенде ғана еңбек өзінің
шын мәнісіне ие болатындығы сөз
болады.
Халық әр кәсіптің өзіндік ерекше-
лігін де көре білген, бұлардың мәнін
өзінше талдап, түсіндіруге тырысқан.
Мәселен, «Қой семізі қойшыдан»,
МАҚА
МАҚА
357
«Жақсы қойшының қозысы түлеп
тұрғанда, жаман қойшының құнан
қойы жүдеп тұрады», «Ат шаппайды,
бап шабады», «Жаман қойшы жай-
лауын бір күн жейді, жақсы қойшы
жайлауын мың күн жейді», «Күтусіз
мал желден азады, күтімді мал жем-
мен озады», «Қыстың қырық түрлі
қыры бар, күтінбесең қыста малың
қырылар», «Анық шаруа арығын ай-
налдырар семізге» деген мақалдарда
мал бағудың оңай шаруа еместігі,
оның да өзіне тән ерекшелігі, бұл
кәсіппен шындап айналысқан адам-
ға табиғат құбылыстарының құпия-
сын жақсы білу, байқағыштық, қы-
рағылық, қатыгез табиғатқа қарсы
тұра білуге қажетті табандылық, шы-
дамдылық сияқты қасиеттердің көрік-
тілігі, малды тек бағып қана қоймай,
әр түліктің бабын, «тілін» таба білу
қажет екендігі айтылады.
Егіншілік кәсібі жөнінде де қызықты
деректер бар: «Егіннің жайын еккен
білер», «Егініне қарай қырманы,
күтіміне қарай түсімі», «Жақсы жыр-
тып жеріңді, кезінде ексең егінді, алар-
сың мол өнімді», «Тілін білсең тіл-
дей жерден жылдық өнім аласың»,
«Әрбір топырақ аяласаң иеді». Осы
айтылғандардан еккен нәрсенің бәрі
өзінен-өзі шыға бермейтінін, оны
күту керектігін, егіннің бітік болуы
диқанның белгілі тәжірибесін, маң-
дай терін қажет ететіндігін меңзейтін
идеяларды жақсы байқауға болады.
Мақал-мәтелдерден балықшының
психологиясы жөнінде де қызықты
деректер табуға болады. Мәселен, «Ба-
лық аулай алмаған суды ылайлар»,
«Балықтың құйрығы жылмағай, оны
аулаған адам тынбағай», «Балықшы-
ның үйдегісі май ішеді, түздегісі қан
ішеді», деп халық балық аулау кәсібі-
нің қиындығын, теңіз толқындары-
мен арпалысудың кез келген адам-
ның қолынан келе бермейтіндігін, ол
үшін батырлық, батылдық керектігін
айтады.
Халқымыздың отырықшылыққа кө-
шуіне байланысты пайда болған соң-
ғы екі кәсіп, мақал-мәтелдердің, кө-
бінде қосақтаса сөз болып отырады.
Мәселен, «Балықшының үйіне бар-
саң қарма жерсің, егіншінің үйіне бар-
саң жарма жерсің», «Балық бәсін бе-
реді, егін есесін береді», «Егінші жыл-
да арманда, балықшы күнде арман-
да», «Егінші жерін мақтайды, балық-
шы көлін мақтайды», деген нақыл-
дардан бұл екі кәсіптің әрқайсысы-
ның өзіне тән ерекшеліктері мен қа-
сиеттерін және соларға сәйкес оны-
мен айналысушы адамның өзіндік
ерекшеліктерін (егінші тәжірибені
жылда жинаса, балықшыкүнде жи-
найтындығы, әркімге өзі шұғылдан-
ған жұмыс ғана сүйкімді болатын-
дығы т.б.) көрсететін топшылаулар-
ды байқаймыз.
Халқымыздың аңшылық жөніндегі
мақал-мәтелдерінен аңшының пси-
хологиясы белгілі болып тұрады.
Мәселен, «Шын аңшының алдына
аңның өзі келеді», «Аңды я көрінбеген
атады, я ерінбеген атады», «Құстың
алғанынан салғаны қызық», «Қаршы-
ға қанжыға қызартады», «Ителгі етек
былғайды», «Ителгінің қызығына
қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің»
дейтін нақыл сөздерде бүркіт, қаршы-
ға, тұйғын, лашын, ителгі, қырғи
сияқты тағы құстарды томағалап, тұ-
ғырға отырғызу, оларды тазыға қосу
Достарыңызбен бөлісу: |