Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет48/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90

ҚОЖА

ҚОЖА

323

түрінде баяндай бермей, мәселенің іш- 

кі ғылыми астарына, оның пәлсапа- 

лық, психологиялық жақтарына терең- 

деу  үшін  баяндайды.  Бұл  жерде 

оның бүкіл әлемдік педагогика клас- 

сиктерінің (Аристотель, Платон, Ко- 

менский, Песталоцци, Локк, Фребель, 

Гербарт,  т.б.)  ғылыми  мұраларына 

жасаған  талдаулары  оқырман  наза- 

рын өзіне мықтап баурап алады. Қа- 

зақ топырағында сол жылдарда осы- 

нау  ғұламалардың  тәліми  мұралары 

көпшілікке мәлім болмағандығы бел- 

гілі.  Өйткені,  20-жылдары  осындай 

ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозға- 

ған  жекелеген  зиялыларымыздың 

(О.Қарашұлы,  М.Жұмабаев,  Ж.Ай- 

мауытов) азды-көпті еңбектері белгі- 

лі  себептермен  көпшілік  жұртшы- 

лыққа беймәлім болып келді.

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанымызда 

С.Қожахметовтың  педагогика  тари- 

хына байланысты еңбектерін өлкеміз- 

дегі осы ғылымның алғашқы қарлы- 

ғаштары десек артық болмас еді. Ав- 

тор аталмыш еңбектерінде педагоги- 

ка  мен  педагогика  тарихын  бір-бі- 

рінен алшақтатпай, екеуін өзара үй- 

лестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің 

талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп 

отырады. Автор еңбектерінде теория- 

лық  пайымдаулармен  қатар  мәнді 

ұсыныс-тілектер  де  көптеп  кездесе- 

ді.  Мәселен,  қазақ  мектебіндегі  са- 

бақтың негізгі элементтері мен құры- 

лымдары,  бұлардың  өзіндік  функ- 

циялары мен мақсаттары, шәкірттер- 

ге  сабақ  берудің  әдістері  мен  амал- 

дары  (сұрақ,  жауаптың  сан  алуан 

штрихтары) т.б. тартымды баяндалған.

Оқушылардың білімін бағалау жөнін- 

де  айтқан  автор  түйіндері  психоло- 

гиялық  жағынан  өте  маңызды.  Ол: 

«Мұғалім...  оқушылардың  үйде  жұ- 

мыс істеуіне мүмкіншіліктері бар-жо- 

ғын, денсаулығын және ұғыну зерек- 

тік өзгешеліктерін де еске алып оты- 

руы  шарт,  өйткені  бұлардың  барлы- 

ғы да оқушылардың сабақ үлгеріміне 

әсер  етеді  Кейбір  оқушының  есту 

сезімі, ал кейбіреудің көру сезімі ба- 

сым келеді... адамның маңайындағы 

құбылыстарды түсінулері және ойға 

ұстап қалулары бірдей емес»... Ғалым 

шәкірт  білімін  бағалауда  қателіктер 

жібермес үшін мұғалім өз оқушыла- 

рын бес саусағындай білуі, олардың 

психологиясын жазбай тануы керек. 

Бұл үшін ол %-психологиялық зерт- 

теу  әдістерімен  жәй  хабардар  бол- 

май, оларды оқу-тәрбие практикасын- 

да  үнемі  қолданып  отыруы  қажет 

дейді.


С.Қожахметов шәкірттердің адамгер- 

шілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәр- 

биелу  мәселелерінің  психологиялық 

астарларына  байланысты  бірнеше 

еңбек жазды. Соның бірі – 1940 жылы 

Қазақ  мемлекет  баспасынан  жарық 

көрген «Оқушыларды саналы тәртіп- 

ке тәрбиелеу туралы» кітапшасы.

Автор өз еңбегінде дүниежүзілік пе- 

дагогиканың  классигі  Ян  Амос  Ко- 

менскийдің «Тәртібі жоқ мектеп – су- 

сыз диірменмен тең» дейтін афориз- 

мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізі- 

нен қазақ (ауыл) мұғалімдеріне, олар- 

дың  педагогикалық-психологиялық 

таным-түсініктерін жетілдіре түсу мақ- 

сатында жазылған. «...Жұмыстан күр- 

делі нәтиже шығару үшін, – дейді ол, – 

еңбектің  өнімін  арттыру  үшін,  ең 

алдымен тәртіп керек. Тәртіп – адам- 

ның еңбекке қатынасының ең басты 

бір белгісі болып табылады... Саналы 

тәртіп  оқушылардың  азаматтық  қа- 

ҚОЖА

ҚОЖА


324

сиеттерінің, мектептің дұрыс жұмыс 

істеуінің  оқуға  саналы  түрде  өзінің 

бар  ықыласымен  қатынасуын,  мек- 

теп  мүлкіне  ұқыпты  болуын,  мек- 

тептің ішкі ережелерін сақтай білуін, 

мұғалімге,  туысқандарына,  жолдас- 

тарының  көзқарасы,  қарым-қатына- 

сы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын 

талап етеді.



ҚОЙБАҒАРОВ  КӘРІМ  (1928- 

1985)  –  Қазақ  мемлекеттік  универ- 

ситетінің логика және психология бө- 

лімін бітіргеннен кейін 1951-54 жыл- 

дары  психология  кафедрасының  ас- 

пирантурсында оқиды. 1953-60 жыл- 

дары осы кафедраның ассистенті, ал 

1960 жылдан өмірінің соңына дейін 

аға оқытушы қызметін атқарып, уни- 

верситетте  психологиядан  қазақ  ті- 

лінде сабақ берді.

Ол  «Бастауыш  сыныптардың  оқу 

әдеттерін қалыптастыру» дейтін дис- 

сертация (1964), «Сұлтанмахмұттың 

психологиялық көзқарастары» деген 

бірнеше  ғылыми  мақалалардың  ав- 

торы, қазақ тіліне аударылған «Жал- 

пы психология» (Алматы, 1980), «Жас 

және педагогикалық психология» (Ал- 

маты, 1987), «Семья өміріндегі әдеп 

және психология» (Алматы, 1986) ат- 

ты кітаптардың тәржімашыларының 

бірі.  Оның  «Балаларды  мектепке 

әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгер- 

шілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін 

педагогикалық психология саласын- 

да жазған жеке-жеке кітапшалары – 

ата-аналар мен мұғалімдер үшін жа- 

зылған төл еңбектер еді.



ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ – бұл қазақ 

халқының әлеуметтік, географиялық, 

тұрмыстық  жағдайына  байланысты 

қалыптасқан ерекше қастерлі қасие- 

ті. Бізде «қонақ десе, қоң етін кесіп 

беретін  қазақпыз»  дейтін  аталы  сөз 

бар.  Тәуліктің  қай  мезгілінде  келге- 

ніне қарамастан, «көлденең келген көк 

аттыны» да жылы жүзбен қабылдап, 

төріне отырғызып, дастархан жайып, 

бар  мәзірін  алдына  қойып,  күту  – 

халқымыздың  санасына  мықтап  ор- 

наған имандылық пен шынайы адам- 

гершіліктің белгісі. Әрбір қазақ үйін- 

де  тамағының  дәмдісін,  жылы-жұм- 

сағын өздері жеместен келетін қона- 

ғына  сақтайды.  Майы  мен  құрты, 

ірімшігі мен женті, соғымның мүше- 

лері  сыбаға ретінде өзінің қадірмен- 

ді қонағын күтіп, көп уақыт түнекте 

сақтаулы  тұрады.  Қонақ  күтіп,  қо- 

наққа баруды халқымыз өмірдің биік 

мәртебесі деп түсінеді.

Халқымыздың  осынау  тамаша  қа- 

сиеті  жайлы  сөз  қозғағанда  осыдан 

500 жыл бұрын ғұмыр кешкен ғұла- 

ма ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати- 

дың (1499-1551) халқымыздың асқан 

қонақжайлылығы  мен  меймандос- 

тығы, жомарттығына байланысты айт- 

қан төмендегі тұжырымдары еріксіз 

еске түседі. «...Егер де менің өтінішім- 

ді,  –  деп  жазады  автор,    орындау- 

дың ең жақсы жоралғысы не деп сұ- 

раса,  онда  Сізді  меймандостықпен 

құрметке бөлеуді айтқан болар едім.

Сіз  сияқты  аяулы  мейманды  шаңы- 

рағымның табалдырығынан аттатып, 

жылдар бойы Сізге осындай мейман- 

достық көрсете алмауым  маған қан- 

дай өкінішті болар еді». ...Автор қа- 

зақ  халқының  ғасырлар  бойы  қа- 

лыптасқан қастерлі дәстүрін көшпе- 

лілердің сана-сезімінен мықтап орын 

алған шынайы адамгершіліктің, иман- 

дылық пен қайырымдылықтың, әдеп- 



ҚОЙБ

ҚОНА

325

тілік  пен  инабаттылықтың  тамаша 

көрінісі деп түсінеді. Қазақ халқының 

жомарттығы мен мырзалығы туралы 

айтқандары да тәлім-тәрбиелік жағы- 

нан аса маңызды.

Қазіргі  нарық  экономикасына  көшу 

кезеңінде  елімізде  меценаттық  дәс- 

түрдің үрдісін түсіне алмай, табысқа 

белшесінен  батып  жүрген  қалталы- 

ларға X.Дулатидің әсіресе мына сөз- 

дері арнап айтылғандай: «Менің жақ- 

сы көретін екі атым бар, ол екеуі де 

бір, қалған жылқым да бір... Біз саха- 

ралық  адамдар  бір  ғана  жылқының 

күшімен тіршілік етеміз. Маған бұл 

екі аттан өзге ешбір ат сенімді емес. 

Бірақ, Сіз ең қадірлі меймансыз ғой, 

сондықтан таңдаған біреуін алыңыз».

Бұрынырақта  қазақ  ауылдарына  қо- 

нақтар  есепсіз  көп  келіп  жататын. 

Әрине,  олардың  арасында  сыйлысы 

да, қадір-қасиеті кемдері де кездесе- 

тін. Бірде әрі батыр, әрі шешен Сы- 

рым  Датұлы  (1725-1802)  үйіне  қо- 

нып  отырған  сыйлы  қонағы,  белгілі 

Төленді  биден:  –  Биеке!  Қазақтың 

қонағы неше түрлі болады, соны айы- 

рып беріңізші  деп өтінген екен. Сон- 

да би: – Қазақта төрт түрлі қонақ бар. 

Олар:  арнайы  қонақ,  құдайы  қонақ, 

қыдырма  қонақ  және  қылқыма  қо- 

нақ,  деп жауап беріпті. – Ал, олардың 

бір-бірінен қандай айырмасы бар? – 

деп сұрағанда, Төленді би мұны әр- 

мен  қарай  былай  деп  түсіндіреді: 

Арнайы қонақ  алыстан әдейі іздеп 

келген тума-туыстарың, жолдастарың.

Бұлар  нағыз  сыйлы,  сағына  күткен 

қонақтар. Оларға деген құрмет, сый-

сияпат «жат жанынан түңілетіндей» 

дәрежеде болуға тиіс. Құдайы қонақ  

бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден 

жолаушылап  жүрген  тосын  қонақ. 

Олар нағыз сауабы тиетін қонақтар. 

Оларды  да  ықылас-ынтамен  қарсы 

алып, дұрыстап күткен жөн.

Қыдырма  қонақ    ерігіп,  желігіп, 

үйден-үйді,  ауылдан-ауылды  кезіп, 

сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет 

жеуді  әдетке  айналдырған  сандалма 

қонақ. Қылқыма қонақ – түтіні түзу 

шыққан  үйлерді  торып,  құлқыны 

үшін аузына салғанын шала шайнап, 

қылқытып  жұтып,  тағы  бір  түтіні 

шыққан үйге тарта жәнелетін  нағыз 

сұғанақ қонақ. Соңғысын халқымыз 

ұнатпай,  «күнде қонақ» деп те әжуа- 

лайды. Қазақтар үшін сыйлы қонақ- 

тың бірі  «құдайы қонақ». Бұл жо- 

лаушылап келе жатқан, түскен үйіне 

ешбір  туыстық,  не  таныстық  қаты- 

насы жоқ, бейсауат кісі.

Дегенмен  құдайдың  атын  атап  кел- 

ген соң, мұндай қонаққа ерекше сый- 

сияпат білдіріп, қонақасы беру – әр- 

бір  отбасының  борышы.  «Құдайы 

қонақты» үйіне қондырмай жіберген 

адам  ауыл,  ел-жұрт  алдында  «қара 

бет»  атанып,  беделінен  айрылған. 

Халқымыз  қонақты  ілтипатпен  қар- 

сы  алу,  оны  күту,  құрметтеп  шыға- 

рып салу дәстүрін ерекше қастерлеп, 

оны  ұрпақтан-ұрпаққа  үлгі-өнеге 

ретінде  үйретіп,  мұны  отбасы  тәр- 

биесінің басты бір саласы деп түсін- 

ген. Келген қонаққа қонақасы беруде 

де үлкен мән бар. Қазақ халқы қонақ 

күтуге әрдайым дайын отырған.

Ол  үшін  үйде  ас-дәм  қорын  жинап, 

тіпті  соятын  малын  өріске  жіберме- 

ген.  Қонаққа  дәмді  аспен  бірге  жы- 

лы  лебіз  де  керек.  Оларды  құшақ 

жайып,  қуана  қарсы  алып,  жағдай 

жасау  үй адамдарының басты мін- 

деті. Келген кісіні аттан түсіріп алу, 

ат-көлігін жайлау, сырт киімін шешкі- 

ҚОНА

ҚОНА


326

зіп  ілу,  төрге  шығарып,  қолына  су 

құйып, сүлгі ұсыну, т.б. игі ілтипатты 

отбасында негізінен жас балалар ат- 

қарған. Қазақ аулында қонақтың кө- 

ңілін  көтеру  үшін  «қонақ  кәде»  жа- 

сайтын дәстүр бар. Ол алдымен «ауыл- 

дың алты ауызынан» басталады. Мұн- 

да  күй  тартылып,  ән,  өлең-жыр  ай- 

тылады.


Оған  қонақтар  да  қатыстырылады. 

Кейде «қонақ кәде» бірте-бірте өнер 

сайысына  да  айналады.  Онда  ауыл 

адамдарынан қонақтар да өнерін ір- 

кіп  қалмайды.  Өнерлі  қонақты  ат- 

тандырарда үй иесі өзінің шама-шар- 

қына  қарай  оған  сый-сияпат,  жол-

жоралғы  жасайды.  Қазақ  салтында 

қонақтарға  сусын  ұсынудың  өзіндік 

рет,  салты  бар.  Мәселен,  шәй  құю 

үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй 

құюдың  жөн-жосығын  жас  кезінен- 

ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелері- 

нен үйреніп өседі. Шәй құюға қажет- 

ті  икемділік  пен  шеберлікке  жастай 

баулынған  бойжеткен  шәй  құйғанда 

кесе-шәйнекті  орынсыз  сылдырлат- 

пай,  ауыстырып  алмай,  оларды  қо- 

нақтарға әдептілікпен ұсынуы керек. 

Самаурынның суын кесеге сызылтып 

құюдың орнына шорылдата құю, не 

кесені  қонаққа  ұсынғанда  жоғары 

не тым төмен ұстау қыз тәрбиесінің 

кемшілігі болып есептеледі.

Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан 

тыс қою, не сұйық болуы, көлемінің 

аз не шамадан тыс мол құйылуы да 

қолайсыз  болады.  Әдетте  қонақтың 

шәйға  қанғанда  болдым,  ішпеймін 

деп берген белгісін түсіне білу қажет. 

Қонақтардың бірі кесенің бетін ала- 

қанымен жапса, екіншісі – кесені төң- 

кереді, үшіншісі – кесені бір бүйірге 

жантайтып  жығып  қояды.  Жөн-жо- 

сықты білетін бойжеткен осы жәйт- 

терді жіті аңғарып, анда-санда қонақ- 

тарына сыпайылықпен сөз тастап, та- 

ғы да шәй ішкізудің, «сый аяқ» құю- 

дың  жолын  қарастырады.  Мұндағы 

орынды  әзіл-оспақ,  зілсіз  күлкі  қо- 

нақтарды  көңілдендіре  түсетіні  хақ. 

Қазақ  әйелдері  қонақ  күтуді  өздері 

үшін қатал сын деп түсінетін. Қонақ 

түскен  үйдің  қарттарынан  бастап, 

жас  балаларына  дейін  оның  риза- 

шылықпен аттануын сол отбасының 

басты парызы деп түсінген.

ҚОРҒАНЫС  РЕФЛЕКСТЕРІ  – 

сыртқы  тітіркендіргіштердің  орга- 

низмге  ықпалынан  оның  қалыпты 

қызмет  атқаруға  кедергісін  жоюға 

қарсылық көрсетуі. Мыс., жәндіктер 

мен  хайуанаттар  өздерінің  қалыпты 

тіршілігін сақтау үшін түрлі дыбыс- 

тар  шығарып,  жауларына  қарсы  ай- 

бат  шегеді.  Мұндай  көріністер  жән- 

діктердің  қорғаныс  рефлексі  деп 

аталады.

ҚОРҚЫНЫШ – индивидтің биоло- 

гиялық не әлеуметтік тіршілігіне қа- 

терлі  жағдаяттарда  туындайтын  қа- 

уіп қолайсыз эмоция. Қ. – бір нәрсе- 

ден  жүрексініп  сескенгенде,  шошы- 

ғанда  пайда  болатын  сезім,  қауіп-

қатер,  үрей.  Тіршілік  үшін  қауіпті 

факторлардың  нақты  әрекетінен  бо- 

латын ауыру не басқа да зардап түр- 

лерінен ерекше Қ. олардан күн ілгері 

болады. Қатердің сипатына байланыс- 

ты  қорқыныш  сезімінің  қарқынды- 

лығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан 

түрлі  болады  (қауіптену,  қорқу,  шо- 

шу, үрей).

Егер  қауіп  негізі  анық емес  не  ұғы- 

нылмаған болса, мұндай күй алаңдау 

ҚОРҒ

ҚОРҚ


327

деп аталады. Функциялық тұрғыдан 

Қ.  субъектіге  алдағы  қауіп  туралы 

ескерту болады, оның негізіне барын- 

ша назар аударуға мүмкіндік береді, 

одан құтылу жолдарын іздеуге итер- 

мелейді.  Қ.  аффект  күшіне  жеткен 

жағдайда  (үрейлі  қорқыныш,  зәресі 

қашу) ол мінез- құлық стереотипте- 

ріне ұрындырады (қашу, сілею, қорға- 

ныш агрессиясы).

Адамның  әлеуметтік  дамуында  Қ. 

тәрбие құралдарының бірі болып кө- 

рінеді: мыс., айыпталудан қорқыныш- 

тың  қалыптасуы  жүріс-тұрысты 

реттейтін фактор ретінде пайдаланы- 

лады.  Қоғам  жағдайында  индивид 

құқықтық  және  басқа  да  әлеуметтік 

институттардың қорғауында болатын- 

дықтан, адамның қорқынышқа шама- 

дан  тыс  бой  алдыруы  бейімделуші- 

лік мағынасынан айырылып, дәстүр- 

де  жағымсыз  қасиет  деп  бағамда- 

лады.  Қорқыныштың  қалыптасқан 

реакциялары  біршама  орнықты  бо- 

лып табылады және олардың мағына- 

сыз екендігін түсінген күннің өзінде 

сақтала беруі мүмкін. Сондықтан қор- 

қынышқа  қарсы  беріктікке  тәрбие- 

леу, әдетте, адамды одан біржола арыл- 

туға  бағытталмай,  қорқыныш  бол- 

ғандай жағдайда өзін-өзі ұстай білу- 

шілік  қасиеттерін  дарытуға  бағыт- 

талады.  Жағдаятқа  мөлшерлес  емес 

қорқыныш  реакциялары  әр  түрлі 

психикалық  аурулар  кезінде  бай- 

қалады.

ҚОРҚЫТ  АТА  –  тасқа  жазылған 

дастандардың тәлім-тәрбиелік идея- 

сымен астарлас рухани мұраның бі- 

рі – Қорқыт ата тағылымдары. VIII-

IX ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта 

және төменгі бойын жайлаған Оғыз-

Қыпшақ  тайпаларының  мемлекеті 

болды.  Оғыздар  арасынан  шыққан 

әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, 

аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жаз- 

мышқа қарсы күресіп, адамның мәң- 

гі  жасауын  арман  етіп  өткен  кемең- 

гер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, 

одан құтылу туралы өзінің асыл ой- 

лары  мен  тебіреністерін  қобыздың 

зарлы  әуеніне  қосқан  Қорқыт  тура- 

лы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қор- 

қыт ата кітабы» – Орта Азия, Қазақ- 

стан  мен  Әзірбайжан  халықтары- 

ның  аса  көрнекті  жазба  ескерткіші. 

Қорқыттың  музыкалық-этнография- 

лық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын 

мекендейтін  түркі  тілдес  халықтар- 

дың  барлығының  ортақ  рухани  игі- 

лігі. Қорқыт ата тағылымдарында тә- 

лімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, 

қанатты  сөздер,  ұстаздық  ұлағаттар 

көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи-

этнографиялық  тұрғыдан  ғана  емес, 

сонымен бірге осы аймақтағы халық- 

тардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-

тәрбиелік  ой-пікірлерінің  өзіндік 

ерекшелігін бейнелейді.

Қорқыт  есімі  көшпелі  қазақ  жұрты- 

ның арасында ерте заманнан-ақ қас- 

терленіп  келеді.  Сондықтан  да  хал- 

қымыз: Жыраудың үлкен пірі – Қор- 

қыт  ата,  Бата  алған  барлық  бақсы, 

ақын  ата,  Таңқалып  жұрттың  бәрі 

тұрады  екен,  Қобызбен  Қорқыт  ата 

күй тартқанда, – деп тегін жырлама- 

ған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі 

сағасында  Жосалы  (Қызылорда  об- 

лысы,  Қармақшы  ауданының  орта- 

лығы)  станциясының  солтүстік-ба- 

тысына таман Қорқыт мекенінен бір 

жарым шақырым жердегі оның зира- 

ҚОРҚ

ҚОРҚ


328

тының  басына  тамаша  ғимарат  ес- 

керткіш  орнатылуы  оған  деген  құр- 

меттің белгісі.

Қорқыт  ата  нақылдарында  тәлім-

тәрбиелік  сипаттағы  ақыл-кеңестер 

әр қырынан сөз болғанын жоғарыда 

айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, 

қанағатшылдық, әрекетшілік жайын- 

да айтылған мынадай ақылдарға құ- 

лақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиын- 

баған адамның тілегі қабыл болмай- 

ды...  Жігіт  тірісінде  Қаратаудай  қы- 

лып,  бір  күн  тыныштық  көрмей  дү- 

ние жияды, байиды. Бірақ соның іші- 

нен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. 

Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүй- 

мейді. Басқалардан өзін жоғары ұста- 

ған адамға тәңірі бақ бермейді...».

Дана  ойшылдың  ата-ананы  сыйлап, 

құрметтеу,  үйішілік  жарасымды  қа- 

рым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адам- 

ның әр түрлі мінез-құлық сипаттары 

жайында айтқан тағылымдары да бү- 

гінгі  ұрпаққа  өнеге  боларлықтай: 

«Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама ба- 

ғып, қаққанмен ол саған ұл болмай- 

ды... мыңғырған мал жиғанмен, адам 

жомарт атанбас. Анадан өнеге көрме- 

ген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  ал- 

маған  ұл  жаман.  Ондай  бала  ел  ба- 

сын құрап, үйінен дәм беруге де жа- 

рамайды.  Ананың  көңілі  балада  бо- 

лар... Ұлың өсіп жетілсе, от басының 

мерейі, бас-көзі».

Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірім- 

дердің жанымен қоса тәнінің шыны- 

ғуына, ел мен жерін жан-тәнімен сү- 

йіп,  оны  қасықтай  қаны  қалғанша 

жаудан  қорғайтын  жаужүрек  батыр 

болғанын  аңсайды.  Осыған  орай  ол 

былай дейді: «Жол қиындығын көр- 

меген,  жабы  мінген  жігітке  садағы- 

ның оғы да қылыштай кесіп түседі... 

Қолыңа ұстаған болат қылышың мұ- 

қалмасын.  Жауға  атқан  садағың  өт- 

кір болсын».

Кемеңгер дала ойшылы жас жеткін- 

шектің көпшіл, қонақжай, ата жолын 

қуған ақпейіл адам болғанын қалай- 

ды. («Қонағы жоқ қараша үйден құ- 

лазыған түз артық... Ата даңқын шы- 

ғарып, өзінің тегін қуған балаға еш- 

кім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспай- 

ды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, 

өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне бе- 

рік,  шыншыл  адамға  бұл  дүниеде 

отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүр- 

се  де  аз»).  От  басы,  ошақ  қасының, 

үй  іші  тыныс-тіршілігінің  берекесі, 

ұрпақ  тәрбиесінің,  әйел  жұртының 

кескін-келбетімен қатар, әдепті, көре- 

генді,  адамгершілік,  иманжүзділік 

қасиеттерімен  де  тікелей  байланы- 

сып  жатады.  Осыған  орай  Қорқыт 

ата әйелдердің төрт түріне берген си- 

паттамасы  психологиялық  жағынан 

ерекше  көңіл  аударады.  Мәселен, 

әйелдердің бір тобы отбасының тіре- 

гі,  үйдің  құты,  қонақжай,  үрім-бұ- 

тақтары  өсіп-өнген  жандар  болса; 

екіншісі-ынсапсыз, қанағатсыз; үшін- 

шісі – салдыр-салақ, өсекшіл келеді 

дейді.


ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ  ШӘКӘРІМ 

(1858-1937).  Шәкәрім XX ғасырдың 

басындағы қазақтың қоғамдық-әлеу- 

меттік, мәдени-әдеби өміріне белсене 

араласып, туған халқына ізгілік пен 

имандылық,  ғылыми  ағартушылық 

идеяны  тарату  жолында  ұлы  Абай- 

дың ұлттық нақышқа толы пәлсапа- 

лық-психологиялық  дәстүрін  әрмен 

қарай  жалғастырып,  халқына  мол 

мәдени мұра қалдырған ғұлама. Шә- 

кәрім көптеген жан сыры туралы (кө- 

ҚОРҚ

ҚҰДА


329

бісі  өлеңмен  жазылған)  шығарма- 

лардың авторы. Ал, ән мен күй, музы- 

ка  саласында  жазған  еңбектерінің 

өзі бір төбе.

Шәкәрім  шығармаларында  адам- 

ның жан мен тән, адам психологиясы 

туралы айтылған сындарлы ғылыми 

ой-пікірлер  көптеп  кездеседі.  Мәсе- 

лен,  ақынның  психологияға  байла- 

нысты көзқарасын «Анық пен танық», 

«Қазақ  айнасы»,  «Мұсылмандық 

шарты»  т.б.  шығармаларынан  кез- 

дестіреміз. Бұларда ғұлама адамдар- 

ға сыртқы дүниенің, қоршаған таби- 

ғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл, 

оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, 

қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла таға- 

ла адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, 

тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шы- 

ғады  деп  тұжырым  жасайды.  Тән 

сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұ- 

рын  иіс,  тіл  дәмнен  хабар  бермек. 

Бесеуінен  мидағы  ой  хабар  айтып, 

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағ- 

дайда  көрінетінін  айтады.  Өзінше 

бұлардан  орысша-қазақша  термин 

жасағысы  келеді.  «...Инстинкт  –  се- 

зімді жан, сознание – аңғарлық жан, 

мысль  –  ойлайтын  жан,  ум  –  ақыл- 

ды  жан»  дегендей  әртүрлі  қасиет- 

терді тізбектейді. Дене әр түрге түс- 

кен сияқты жан да өсіп, өніп, жоға- 

рылайды...  толық  терең  ақыл  адам- 

нан шығады... Совесть (ұждан) – жан- 

ның  тірегі...  ми,  жұлын  –  жанның 

тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты 

жан да кетеді, дейді.

Ақын ми қызметі адамның сезім мү- 

шелерінің әрекеті арқылы іске асады 

дей  отыра,  кісінің  ойға  алған  ісін 

жүзеге асыруы, оның әділетті, әділет- 

сіз болуы, ізгілікті қууы немесе жа- 

уыздық жолға түсуі, ақыл мен жүрек- 

тің қызметі екендігін дәлелдегісі ке- 

леді.  Сөйтіп,  ол  жанның  миға  бай- 

ланысты екенін мойындағанмен оның 

мәңгі-бақи өлмейтiндігіне сенеді. Осы- 

ған орай ол былай дейді: «Мен жан 

жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң 

қаламын... жанның барлығын, өлген 

соң да жоғалмайтындығына... қанып 

қалған әдет,... ақыл ісі ме?... Жан екі 

өмірде бірдей керек таяныш екеніне 

нана  алмаған  кісінің  жүрегін  ешбір 

ғылым,  өнер,  ешбір  жол,  заң  тазар- 

та  алмайды».  Сондықтан  ақыл  мен 

жүректің  жетегіндегі  адам  тіршілік- 

тері  барлық  нәрсені  сарапқа  салып, 

байыбына  барып,  терең  ойлап,  топ- 

шылап  ақылмен  іс  қылу,  адамдық- 

тың басты парызы дейді.

Шәкәрім  өзінің  пәлсәпалық  сипат- 

тағы ой-пікірлерін әрмен қарай жал- 

ғастырып,  жер  жүзінде  неше  түрлі 

халық бар, олардың бәр-бәрі де жара- 

тылыстың  ішкі  сырын  ұғып-білуге 

ынтық, бірі дүниені жаратушы тәңі- 

рі  –  «күн»  тіршілік  күн  нұрынан 

жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ» 

деп жар салады, үшіншісі – көп құ- 

дайға табынса, төртіншісі – міне, құ- 

дай  деп  суретке  табынып,  ойын  он 

саққа  жүгіртеді,  осының  бәрі  дүние 

сырын білуге ұмтылушылық, – дейді 

де,  өз  ойын,  –  нағыз  тәңірі  жолы  – 

қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек 

ету,  –  деп  түйіндейді.  Ақын  «Тәңірі 

мен  жан»  деген  өлеңінде  туу,  өсу, 

өлу,  сондай-ақ  өлген  жанның  топы- 

раққа, өсімдікке нәр болып тіршілік- 

ке қайта айналып келуі табиғи құбы- 

лыс, бар зат мүлде жоғалып кетпей- 

ді, жоқтан бар пайда болмайды, тек 

заттың,  құбылыстың  түрі  ғана  өзге- 

реді, жан мен тәннің байланысы осын- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет