Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет9/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90

АССО

АССО

57

АСТЕНИЯ (грек. astheneia – қаз. әл- 

сіздік)  –  өте  қатты  шаршап-шалды- 

ғу, жадап-жүдеу, көңіл күйдің тұрақ- 

сыздығының ақырғы шегі, ұйқының 

бұзылуы кезінде байқалатын жүйке- 

лік-психологиялық әлсіздік. А. – жүй- 

ке  мен  психиканың  шаршап  болды- 

руы салдарынан әлсіреп нашарлауы. 

Ағза жұмысының қабілетінің төмен- 

деуі (әлсіздік, күшсіздік, шарасыздық, 

әуестік, дәрменсіздік), адам ауырған- 

да немесе демалыссыз көп уақыт ең- 

бек еткенде болатын жүйкелік – пси- 

хикалық әлсіздік, дәрменсіздік, сезгіш- 

тігі төмендейді, көңіл күй тұрақсыз- 

данады. А. кезінде қатты қажу, көңіл 

күй тұрақсыз болу, сезгіштік қасиет 

төмендеп,  ұйқы  бұзылады.  Қатты 

шаршағанда  немесе  жүдегенде  пай- 

да болатын жүйкелік-психикалық дәр- 

менсіздік. А. әртүрлі сырқаттың және 

ақыл-ой  мен  дененің  шамадан  тыс 

қызмет атқарғанда, дау-жанжал және 

қайғылану  жағдайында  да  көрініс 

береді.  А.  әртүрлі  ауру-сырқаулар, 

сондай-ақ  ой  және  дене  еңбегімен 

шектен тыс шұғылдану және ұнамсыз 

күйзелістер  мен  қайшылықтардың 

нәтижесіңде зорығудың пайда болуы.



АСЫЛБЕКОВ ӘБДІРАХМАН (1903- 

1970) – қазақ психологі. Қазіргі Ал- 

маты облысы, Жамбыл ауданының Қа- 

ракестек  ауылында  шаруа  отбасын- 

да дүниеге келді. Сауатын ауыл мекте- 

бінде ашып, кейіннен орта және жоға- 

ры оқу орындарында оқиды. Өмір жо- 

лын 1928 жылы Жетісу халық ағарту 

жүйесіндегі мектеп инспекторлығы- 

нан бастайды. Одан кейінгі жылдары 

әр түрлі қызмет атқарады. 1930-34 жыл- 

дары Шымкентте, кейіннен Өзбекстан- 

дағы  Қарасу  балалар  үйінде  дирек- 

тор болады. 1960 жылдан бастап өмірі- 

нің соңғы күндеріне дейін Қазақтың 

Абай атындағы Мемлекеттік педаго- 

гикалық университетінің психология 

кафедрасында қызмет атқарған. 1962 

жылы Ташкентте «Мектеп оқушыла- 

рында  ынтаның  қалыптасуы»  атты 

кандидаттық диссертация қорғаған. Ол 

педагогикалық және жас психология- 

сының төңірегінде көптеген еңбектер 

мен мақалалардың авторы. Олардың 

кейбірі: «Оқушылардың ынтасын тәр- 

биелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі 

семьяның рөлі» (1966) т.б.



АТАҚҚҰМАРЛЫҚ – адам мінезін- 

дегі  мансапқа,  даңққа  қызығушы- 

лық, өркөкіректік пен өзімшілдік қа- 

сиет. А. адамның өмірі мен тіршілі- 

гінде, күнделікті қарым-қатынасында 

мансап құмарлық деп те атала береді. 

Ол адамның бойындағы іскерлігімен, 

білімімен, қабілетімен санаспай, қа- 

лайда басшы қызметке қол жеткізуді 

мақсат тұтады. Әкімдік арқылы жо- 

ғары дәрежеге көтерілуді көздейді. А. – 

қызметі мен беделі жоғары адамдар 

арасында өзін өзгелерден ерекше көр- 

сету  үшін  болып  отыратын  жағым- 

паздық қылықтар. Көңіліне ұнамаған 

адамдар жайында өтірік-өсек әңгіме 

тарату арқылы күншілдігі мен қызған- 

шақтығын  әрдайым  білдіріп  отыра- 

ды. Ондай адамның сөзіне ергендер 

опық жеп, артынан қателескенін аң- 

ғарады. Баянсыз болған ісіне өкінеді. 

А. – адам мінезіндегі жағымсыз сипат.



АТРИБУЦИЯ  –  қабылдау  өрісінде 

жоқ  сипаттамаларды  әлеуметтік 

объектілерге (адамға, топқа, әлеумет- 

тік  қауымға)  балаудың  әлеуметтік-

психологиялық механизмі. А. қажет- 

АСТЕ

АТРИ


58

тілігі субъекттің әлеуметтік ортамен 

адекватты өзара әрекеттесуіне бақы- 

лау арқылы алатын мәліметі жеткілік- 

сіз  болған  кезде,  оны  «толықтыру» 

қажеттілігімен сипатталады. А. – ті- 

келей қабылданатын ақпаратты «то- 

лықтырудың» негізгі амалы. А. зерт- 

теуге ең алғаш Ф.Хайдер (1958) жұ- 

мысы бастау болды. 1970 жылдардың 

соңына  қарай  А.  аттитюдтармен  қа- 

тар, әлеуметтік-психологиялық зерт- 

теулердің басым объектілеріне айнал- 

ды. Ең алғашында ол каузальдық А-ға 

баланып,  тұлғааралық  қабылдаудың 

шегінде шоғырланып, адамзаттық мі- 

нез-құлықтың себептерін шығару ре- 

тінде түсіндірді.

Кейіннен  А.  ұғымы  кең  мағынада 

қолданыла бастады. Ол тек мінез-құ- 

лық себептерін ғана анықтамай, әлеу- 

меттік  сипаттамаларды  кең  көлемде 

түсіндіруге қолданылды. А. тек тұл- 

ғаның ғана емес, сонымен қатар, бас- 

қа да әлеуметтік объектілердің де си- 

паттамаларын  білдірді.  Ол  қабыл- 

данатын объектілерді мағыналық жү- 

йеде  қарастыруға  мүмкіндік  берді. 

Кеңестік психологияда А. 1970 жыл- 

дардың соңына қарай көптеген әлеу- 

меттік құбылыстардың механизмі ре- 

тінде  анықталды.  Оның  топаралық 

өзара әрекеттестіктер мен отбасылық 

қатынастарды  реттеу,  өндірістік  жә- 

не  т.б.  шиеленістердің  тууындағы 

рөлі көрсетіледі. А.(Каузальды) – құ- 

былысқа,  адамға  немесе  бір  тікелей 

қабылдауға әсері болмайтын қасиетті 

тіркеу. А. – тұлғааралық қатынастар 

жағдайында  кісінің  басқа  адамдар- 

дың мінез-құлық себептері мен мотив- 

терін түсінуі.

Оны  зерттеу  мына  жағдайларға  не- 

гізделеді:

1) адамдар бірін-бірі тану кезінде ті- 

келей қабылдау процесімен ғана шек- 

телмей,  олардың  мінез-құлқының 

себептері жөнінде өздігінше тұжырым 

жасап, талдайды;

2)  адам  жөнінде  бақылау  негізінде 

алынатын ақпарат сенімді қорытын- 

ды жасауға жеткіліксіз болатындық- 

тан, бақылаушы мүмкін болатын мі- 

нез-құлық себептері мен тұлғалық қа- 

сиеттерді соған жатқызады;

3)  мұндай  себептік  талдау  бақылау- 

шының мінез-құлқына әсер етеді. А-ны 

зерттеумен бұрын тек қана әлеумет- 

тік психология ғана айналысқан бол- 

са, қазіргі кезде оны жалпы психология 

да, педагогикалық психология да, жас- 

тық психология да, спорт психология- 

сы да өздігінше зерттейді. А. негізін 

салған  Ф.Хайдер.  Ол  бұл  мәселенің 

негізгі категориялары мен қағидала- 

рын жасап шығарды.

А. эксперименттік зерттеудің маңыз- 

ды нәтижелері мен қорытындылары 

мыналарды анықтады:

1) адамның өз мінез-құлқы мен басқа 

адамдардың мінез-құлқын түсіндіру- 

дегі айырмашылықтардың болуы;

2)  А.  процесінің  субъективтік  –  мо- 

тивациялық және ақпараттық – фак- 

торлардың әсерінен логикалық норма- 

лардан ауытқуы;

3)  А.  адамның  мотивациясы  мен  іс-

әрекетіне ынталандырушы әсер етуі.

Ол бұл іс-әрекеттің сәтсіз нәтижеле- 

рін  сыртқы  факторлардан  көруі,  ал 

сәтті нәтижелерін – ішкі факторлар- 

дан  көруі.  Осындай  эксперименттік 

зерттеулердің  нәтижесінде  анықтал- 

ған заңдылықтардың негізінде адам- 

ның эмоциялары, бағдарлары, мотива- 

циясы мен іс-әрекет тиімділігіне әсер 

ету мақсатымен, А. пайдаланудың тә- 

АТРИ

АТРИ


59

сілдері құрастырылды. Отандық пси- 

хологияда  бұл  мәселенің  әлеумет- 

тік құрастырылуы іс-әрекет процесі- 

нің  А.  жанамаланатыны  жөніндегі 

әдіснамалық принципі негізінде жү- 

зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің 

бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт- 

сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі- 

гін мойнына арту мен қабылдау құбы- 

лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша, 

жоғары дамыған топтарда, ұжымдар- 

да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым 

мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.



АТРОФИЯ – сему, кему (бір мүшенің 

сезгіштік қасиетінің кемуі). А. деп әр- 

түрлі  жағдайлардың  (қимыл-қозға- 

лыстың жоқтығынан, психикалық күй- 

лердің төмендігінен) әсерінен психи- 

ка  функциясының  тозуын,  азғында- 

луын және кемуін атайды. А. – орга- 

никалық  құрылымның  дегенерация- 

сы, солуы. Кейбір психикалық функ- 

цияның күшінің болмауынан немесе 

басқа  да  жағымсыз  жағдайлардың 

(ұзақ уақыттық стресс, шиеленістер, 

фрустрация,  наркотиктер,  интокси- 

кация  және  т.б.)  әсерінен  дегенера- 

циялануы.

АТТИТЮД – әлеуметтік белгіленген 

бағдар,  тұлғаның  басқа  адамдармен 

қарым-қатынасы жағдайында белгілі 

бір  мінез-құлықты  жүзеге  асыруға 

бейімділігі, даярлығы. А. термині бел- 

гілі  бір  әрекетке  физикалық  немесе 

ақыл-ойдың  дайындық  күйі:  адам- 

ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде 

түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар- 

дағы  бағдар  ұғымын  қолдану  аме- 

рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна- 

нецкийдің  аттарымен  байланысты. 

Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік 

құндылықтарға  (ақша,  атақ-мансап, 

бөтен  адамдарға,  жақындарға  және 

т.б.)  бейімділігі  ретінде  сипаттады. 

Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің 

реакцияларына  бағыттаушы  және 

динамикалық  әсер  беретін  тәжірибе 

негізіндегі  психологиялық  даярлық 

күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр- 

де құнды бағдарлар белсенді теория- 

лық және практикалық іс-әрекет ба- 

рысында, білімдерді игеру, басқа адам- 

дармен өзара әрекеттесу және қарым-

қатынас нәтижесінде қалыптасады.



АТТРАКЦИЯ  –  жағымды  эмоция- 

ның негізінде бір адамның екінші адам- 

ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам- 

дардың тұлғааралық қабылдауы жағ- 

дайында  бірінің  бірі  үшін  сүйкім- 

діліктің, тартымдылықтың пайда бо- 

луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік 

бағдарға жатады. Субъектіде А. оның 

арнайы эмоциялық қатынасының (жа- 

ғымды  немесе  жағымсыз)  нәтижесі 

болып  табылады  және  басқа  адамға 

ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө- 

рініс табады. Эксперименттік түрде А. 

байланудың  және  достық  сезімі  қа- 

лыптасуының  механизмдері  ретінде 

зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо- 

циялық қатынас субъект пен қабылдау 

объектісі  сипаттамаларының  өзара 

ұқсастығынан, қарым-қатынас серік- 

тері арасындағы жақындығы, олардың 

жиі  кездесуі,  олардың  арасындағы 

ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте- 

су  жағдайларынан  (көмекшіл  қаты- 

нас,  бірлескен  іс-әрекет)  және  т.б. 

болады.

АУРА – лат. желдің соғуы, ызғар де- 

ген сөзі, қысқа мерзімді санасыздық. 

Бұл қояншық ауруының хабаршысы 

АТРО

АУРА


60

не оның алғашқы белгісі сияқты. Алай- 

да  қояншық  ауруының  мұндай  бел- 

гісі ұстамалы қояншық ауруымен зар- 

дап  шегетіндердің  бәрінде  кездесе 

бермейді. Аурудың бұл сипаты балалар 

мен жеткіншектерде сирек кездеседі. 

Аурудың  ұстамалы  түрі  адамның 

қимыл-қозғалысы мен сезімдік әрекет- 

терінің  тоқтап  қалуынан  байқалып, 

бірнеше секундқа, не минуттарға со- 

зылуы мүмкін.



АУРУ  –  сыздау,  қақсау.  Ағзаны  өте 

күшті күйрететін және оның өмір сү- 

руіне  немесе  тұтастығына  қауіп  ту- 

ғызудың нәтижесінде пайда болатын 

психикалық күй. А. жануарлар әлемі 

эволюциясының  тапқан  бағалығы. 

А.  физиологиялық  үрдістің  дұрыс 

жайымен  өтуіне  кедергі  болу  жағы- 

нан  психикалық  маңыздылығы  өте 

жоғары.  Эмоциялық  жағынан  ауру 

жәбірлейтін және қиын өтетін сипат- 

та болады. Адамның өте жоғары дамы- 

ған өнегелілік ниеттері ауруға беріл- 

меуге көмектеседі.



АУТИзМ  (грек.  аиtо  –  қаз.  өзім)  – 

психологиялық шектелудің ең соңғы 

түрі және күйі. А. индивидтің қорша- 

ған  ортамен  байланыс-қатынастар- 

дан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуы- 

нан» және өз күйзелістерінің тұйық 

әлеміне  енуден  көрініс  табады.  Бұл 

термин субъекттің өз ойлауын ырық- 

ты реттеу мүмкіншілігінің төменде- 

уін,  өзін  шектейтін  тақырыптар  ая- 

сындағы ойлардан кете алмауды, кез 

келген байланыстардан қашуды, бір- 

лескен іс-әрекетке қажеттіліктің бол- 

мауын  білдіру  мақсатында  ғылымға 

енгізілді.  Нормада  А.  тұлғаның  кө- 

бінесе өз ішкі әлем суретіне және оқи- 

ғаларды  бағалаудың  ішкі  критерий- 

леріне  бағдарланумен  байланысты 

болатын  жеке-дара  ерекшеліктерді 

сипаттау  үшін  қолданылады  (Эго- 



центризмді қараңыз)Бұл ерекшелік- 

тер  индивидтің  айналадағыларды 

интуитивтік түрде түсіне білу, олар- 

дың рөлін ойнай білу, біреудің пози- 

циясында  тұру  қабілеттілігінің  бол- 

мауын бейнелейді.



АУТОГЕНДІ МАШЫҚТАНДЫРУ – 

пациенттерді өзін-өзі сендіруге, бұл- 

шық  еттерін  босаңсытуға,  зейінінің 

шоғырлану қасиетін дамытуға, субъект 

үшін  маңызды  іс-әрекетті  көтеріп, 

машықтандыруға  арналған  психоте- 

рапиялық әдіс. А.м. екі сатысын көр- 

сетуге  болады:  1)  релаксацияға  үй- 

рету,  ауырлықты,  жылылықты,  сал- 

қындықты  түйсіндіру,  вегетативтік 

функцияларды басқаруды куәланды- 

ру. 2) гипноздық күйдің әртүрлі дең- 

гейлерін  жасау  (Г.Шульц  т.б.).  А.м. 

медицинада,  психологиялық-педаго- 

гикалық қызметте өзін-өзі тәрбиелеу- 

де өндірістерде тағы басқа жағдайлар- 

да қолданады.

АУЫзЕКІ СөЙЛЕУ – естіп, қабыл- 

данатын тілдік құралдар арқылы вер- 

балдық  (сөздік)  тілдесу.  А.с.-ге  тән 

сипат – сөйленген хабарламалардың 

жекелеген құрамдастары бірінен соң 

бірі  туындайды  және  қабылданады. 

А.с-дің  туындау  процестері  бағдар- 

лану, бір мезгілде жоспарлану (бағдар- 

ламалану), сөйленіп жүзеге асу және 

бақылау  буындарын  қамтиды;  бұл 

орайда, жоспарлау өз кезегінде қатар- 

лас екі арна бойымен жүзеге асады да, 



АУРУ

АУЫз

61

ауызекі сөйлеудің мазмұндық және мо- 

торлық-артикуляциялық  жақтарына 

қатысты болады.



АУЫРСЫНУ  АДАПТАЦИЯСЫ 

Мыс:  теріге  ине  шаншып,  инені 

қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны се- 

зілмей қалады, ал инені сәл қимыл- 

датса  ауырғанды  сезеді.  Инені  ұзақ 

уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауыр- 

ғанды қабылдағыш рецептор иненің 

сол әсерінің күшіне бейімделіп, сез- 

бей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауыр- 

сыну биологиялық өте маңызды қор- 

ғаныс бейімі болып табылады. Сипа- 

ты мен күші бойынша қиратушы ті- 

тіркендіргіштердің  әсерінен  ауыр- 

сыну организм үшін қауіпті әсерлер 

жөнінде белгі береді. Адам денесін- 

де  ауырсынуға  сезімтал  емес  және 

ауырсынуға сезімтал бөлімдер бола- 

ды. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну 

нүктелері сәйкес келеді. Эксперимент- 

тік  зерттеулер  көрсеткендей,  ауыр- 

сыну  нүктелерінің  таралуы  дина- 

микалық, қозғалғыш сипатта болады. 

Ауырсыну  түйсіктері  белгілі  бір  ті- 

тіркендіргіштен келетін импульстар- 

дың  қарқындылығы,  ұзақтығы  мен 

жиілігінің  шамадан  тыс  артуының 

нәтижесі болып табылады. Ауырсыну 

сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыр- 

татын  тітіркендіргіштен  кейінгі  им- 

пульстар  баяу  өткізіледі.  Ауырсыну 

импульстарына  бейімделу  өте  баяу 

жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір 

қанағаттанбағандықпен  немесе  азап 

шегумен байланысты. Ауырсынудың 

орналасқан жері айқынсыз болады.

АУЫРСЫНУ – түйсіктің ерекше бір 

түрі. А. денеге ішкі мүшелерден неме- 

се  сырттан  қолайсыз  тітіргендіргіш 

әсер еткенде туындайтын жан құбы- 

лысының жағдайы. Кісі дені сау ке- 

зіндегі түйсіктердің осы түрін байқай 

бермейді. И.М.Сеченов мұндай түй- 

сіктерді «көмескі түйсік» деп атаған. 

Органикалық түйсіктердің құрамына 

енетін  адам  организімнің  жалпы 

хал-күйінің  негізі  болып  табылатын 

осынау түйсіктердің профилактикалық 

маңызы зор. Өйткені ол жаңадан бі- 

лініп  келе  жатқан  аурудың  алғашқы 

хабаршысы ретінде бұлар организмнің 

бірқалыпты жұмысының бұзыла бас- 

тағанын білдіреді. Осындай жағдай- 

да  адамның  көңіл  күйі  кейде  күрт 

нашарлап, дегбірсізденіп, ауруды бол- 

дырмау шараларын қарастырады. Ерік-

жігері күшті, рухани өмірінің мазмұ- 

ны бай, уақытты үнемі іс-әрекетке то- 

лы адам тәнге түскен осындай қолай- 

сыз жағдайларға сыр бермей, шыдам- 

дылық көрсетеді. А. түйсігінде шеткі 

жүйке саласы әсіресе ми қабығы ор- 

талығы басқарып отырады.

АУЫТҚЫҒАН МІНЕз-ҚҰЛЫҚ (де- 

вианттық мінез-құлық) – балалар мен 

жасөспірімдердің әкімшілік жазалау 

шараларын  қолдануға  апарып  соға- 

тын құқық бұзушылықтарды үнемі жа- 

сауы; жұмыстан қасақана жалтаруы, 

отбасынан немесе балаларды оқыту-

тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп 

қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық 

жауаптылыққа  жатпайтын  қылмыс 

белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет- 

тер  жасауы.  А.м.-қ.  физиологиялық 

және патологиялық түрлерге ажыра- 

тылады.  Физиологиялық  негіздегі 

ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) 

психикаға  әсері  күшті  болғанымен, 



АУЫР

АУЫТ

62

адамды оның салдары үшін жауапкер- 

шіліктен  босатпайды.  Яғни  мұндай 

сезімдік  ахуал  жағдайында  жасаған 

қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға- 

рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай- 

ларда  жеңілдетілуі  мүмкін.  Патоло- 

гиялық  негіздегі  А.м.-қ.  адамды  бір 

сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат- 

сыз  немесе  қауіпті  іс-әрекеттер  жа- 

сауға  итермелейді.  Егер  қылмысты 

әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы- 

раған  адам  жасаса,  ондай  адам  «есі 

кіресілі-шығасылы»  деп  танылады. 

Девианттық қылық – қоғамдық нор- 

маларға қарсы қылықтар жүйесі не- 

месе жеке қылықтар. Мұндай қылық- 

тар әлеуметте қолдау табатын (дарын- 

дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және 

әлеуметте  қолдау  таппайтын  болып 

бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын 

қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә- 

не  жөнсіз  іс-әрекет  (маскүнемдікке, 

нашақорлыққа бейім қылықтар). Де- 

вианттық  қылықтар  ауытқушы  қы- 

лықтар. Адамның орныққан құқықты 

немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт- 

қитын немесе сол тәртіп ережелерін 

бұзатын қылықтары.

АФАзИЯ  (грек.  aphasia  –  қаз.  сөй- 

леудің бұзылуы). А. – адамның сөй- 

леу қабілетінен жартылай не біржола 

айырылуы. Мұндай кемістік мидағы 

сөйлеу орталықтары мен қан тамыр- 

ларының ісініп, бас сүйегінің зақым- 

далу  салдарынан  болады.  Ми  ала- 

шарының белгілі орталығы зақымда- 

луына қарай А.-ның мынадай екі түрі 

бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік 

А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми- 

дағы орталығы (мұны Брока орталы- 

ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор- 

талығының (мұны Верника орталығы 

дейді)  зақымдалуына  байланысты. 

Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан 

немесе  нашар  естуінен  мардымсыз 

болып қалатын алалия деп аталатын 

кемістіктен  А-ның  айырмашылығы 

сол,  бұл  баланың  дамып  жетілген 

сөйлеу қабілетін жоғалтады.

Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың 

сөйлеуі  біржола  жоғалады  немесе 

айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі- 

рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн- 

дай  жағдайда  сөйлеудің  дыбыстық 

үйлесімі  мен  буындары,  сондай-ақ 

буындар  мен  сөздердің  бір-бірімен 

байланысы болмайды. Мұндай кеміс- 

тігі  бар  балалар  өзгелердің  сөзін  де 

шала-шарпы  ұғынып,  оларға  толық 

жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз- 

ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы 

мен жазуына да әсер етіп, олар жеке 

дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта 

алмайды. А-ға ұшыраған балалардың 

сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның 

естуі мен көру талдағыштарының жұ- 

мысын жандандыратын шаралар қол- 

данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү- 

йесін қалпына түсіретін дағдылар қа- 

лыптастырылады.

Сонымен  бірге  ондай  балалардың 

сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық 

құрылысын үйренулері үшін машық- 

тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се- 

зімдік А. бойынша бала сөздердің мә- 

ні-мағынасын  ұғына  алмайды,  сөз- 

дер мен әріптердің дыбысталу ерекше- 

ліктерін  ажырата  алмай  қиналады. 

Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс 

қабылдау  қабілетін  жоғалтпайды. 

Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін 

қалпына келтіру бағытында оның есту, 

көру талдағыштарының қызметін жан- 



АФАз

АФАз

63

дандырып,  дұрыс  сөйлеу  мен  жазу-

сызуға деген әрекетін дамыту арқылы 

сөздердің  мағынасын  дұрыс  түсіне 

білуге жүйелі түрде машықтандыра- 

ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-

лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз 

мағынасын түсіну қабілетінен біржо- 

ла айырылып қалуы сияқты кемістікке 

де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға 

байланысты  кейбір  сөздердің  мәнін 

ұмытып қалуы сияқты кемістікке де 

душар болады.

А.  бала  психикасының  қалыпты  да- 

муына кедергі жасағанмен, оны ақыл-

ойы кеміс балалар қатарына жатқызу- 

ға  болмайды.  Баланың  сөйлеуіндегі 

А. қалпына түсіру үшін логопедиялық 

шаралар қолданып, емдеу жұмыстары 

жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр- 

қилы  түрлерінің  жүйелі  бұзылуын 

білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет- 

терінің және естудің қарапайым түр- 

лерінің  сақталуы  жағдайында  сөй- 

леудің фонемалық, морфологиялық жә- 

не синтаксистік құрылымының бұзы- 

луы түрінде көрініс табады.

Нейролингвистиканың  түсініктеріне 

сәйкес А. келесі себептерден пайда бол- 

ған жүйелі бұзылыс болып табылады:

1) алғашқы реттік дефект;

2)  алғашкы  реттік  дефектінің  сал- 

дарынан болатын екінші ретті бұзы- 

лыстан;


3) бұзылған функцияны компенсация- 

лауға бағытталған ми қызметін функ- 

циялық өзгертуден.

А.  сөйлеу  іс-әрекетінің  бұзылысына 

әсер  еткен  фактордың  біріне  байла- 

нысты жеті түрін біліп көрсетеді:

1) сенсорлық А. – фонемалық естудің – 

сөздердің дыбыстық құрамын ажыра- 

та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу- 

ді түсінудегі қиындық;

2) акустикомнестикалық А. – есту – 

сөйлеудің естің бұзылысы;

3) негізінде көру есінің бұзылысы жа- 

татын оптикомнестикалық А.;

4)  белгілі  бір  логикалық  құрылым- 

дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке- 

сі, жаздың алдындағы көктем сияқты 

құрылымдарды  түсінудің  бұзылысы 

болып  табылатын,  сонымен  қатар, 

санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы- 

лысымен  бірге  жүретін  семантика- 

лық А.;


5) моторлық афференттік А. – сөздер- 

ді айта алмау, бір дыбыстарды екін- 

шісімен алмастырудан көрінетін сөй- 

леу бұзылысы;

6)  моторлық  эфференттік  А.  –  сөй- 

леу актілерінің кинетикалық ұйымда- 

суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын- 

дарының инерттілігі салдарынан бір 

сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы- 

судың қиындығы;

7) динамикалық А. – сөйлеуді жоспар- 

лаудың  бұзылысы  түрінде  көрінетін 

сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз- 

ша және жазбаша белсенді сөйлеудің 

бұзылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет