Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет6/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

АЛТЫ

АЛТЫ

37

жазды  ол,  –  мәндірек  әңгімелер  ке- 

рек болады. Мысалдарды қазақ бала- 

ларының оқығысы келмейтінін, оқы- 

са  күлетінін,  ал  олардың  ата-анала- 

ры: балаларымызға сауысқан мен қар- 

ға  сөйлеседі  деген  сияқты  жоқ  нәр- 

сені  үйретеді  деп,  тіпті  ренжитінін 

тәжірибемнен  білемін.  Қазақ  бала- 

ларына,  меніңше,  мағыналы  анек- 

доттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын 

әңгімелер  немесе  оларды  қызықты- 

ратын, мысалы жібек құртының көбе- 

лектерінің  өзгерулері,  құндыздың 

өзіне үй салып алатыны сияқты әңгі- 

мелер тәуірірек болады».

Алтынсариннің  қазақ  балаларына 

орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пі- 

кірлерінің қазіргі күн талабымен ұш- 

тасып жатқан жерлерін ерекше атап 

өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің 

алдымен орысша ауыз екі сөйлесуін 

дамытуды  ойластырып,  бұл  үшін 

арнаулы дайындық сабақтарын өткі- 

зу қажет дейді. Оның осы пікірлерін- 

де де қазақ балаларының психология- 

лық  ерекшеліктерімен  санаспайын- 

ша,  яғни  екінші  тілді  үйрету  үшін 

оларға  арнаулы  жағдай  жасамайын- 

ша оқыту ісі қиынға соғады деген тама- 

ша идея жатыр. Қазақ мектептеріндегі 

орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға 

дейін  Ы.Алтынсарин  ұсынған  осы 

ұсыныстар  ескерілмей  келгені  бізді 

қынжылтады.

Ы.Алтынсариннің  тәрбиеші  ұстаз, 

мұғалімдік өнер жөніндегі айтқанда- 

рында психологиялық түйіндер аз емес. 

Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім 

рөліне айрықша маңыз береді, мектеп 

ісінің сан-саласындағы жетістіктерді 

мұғалімнің  білімі  мен  іскерлігіне, 

беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен 

сүйе білуіне байланысты деп түсінді. 

«...Қазақ мектептерінің бар келешегі 

– деп жазды ол,- көбінесе істің қазіргі 

басталуына  байланысты,  сондықтан 

да мен қазір жақсы оқытушыны дү- 

ниедегі заттың бәрінен де қымбат кө- 

ремін». Ол, әсіресе, Торғай облысында 

өзі  инспектор  болған  жылдарында 

(1879-1889)  мұғалім  проблемасына, 

оның  жеке  тәлімгерлік  қасиеттеріне 

ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин 

мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үне- 

мі жетілдіріп отыруын, олардың «пе- 

дагогикалық және оқытушылық» тә- 

сілдерді меңгеру қажеттігін баса айт- 

ты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай 

міндеттер қойды: нағыз мұғалім бо- 

лу үшін шәкірттердің, өзіндік ерекше- 

ліктерімен  мықты  санасу  қажет,  ол 

үшін педагогикалық әдебиеттерді үне- 

мі оқып, қадағалап отырмаса болмай- 

ды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жа- 

нын жазбай танитын адам болу қажет 

екенін айта келіп, ол оқу-тәрбие сала- 

сында ізденбейтін мұғалімдерге қат- 

ты ренжиді. «Мұндайлар, – деп жаз- 

ды  ол,  –  оқушыларды  адастырады, 

сонан кейін қойылған сұраққа оқушы- 

лардың жауап бере білмегеніне ренжіп, 

өздері  де  ашулана  бастайды,  тіпті 

оқушыларға  өшігуге  дейін  барады. 

Содан кейін оқушыларды бұрынғыдан 

да  адастырады,  мүлде  шатастырып, 

оларды тіпті ешбір жауап бере алмай- 

тын халге жеткізеді» дей келіп, сабақ 

беру методикасы төмен мұғалімдерді 

ол «баламен түсінісе алуға шорқақ, да- 

рыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Оқы- 

тушыларды бағалағанда, – деп жазды 

Ы.Алтынсарин, – олардың іске қаты- 

сы  жоқ  сөздеріне  қарап  емес,  олар- 

дың егістерінің бетіне шыққан жеміс- 

теріне, яғни оқушыларына қарай ба- 

ғалау қажет».

АЛТЫ

АЛТЫ


38

Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі 

шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбі- 

рек тәуелді. Кінәның ең үлкені – ба- 

ла  жанының  нәзік  қылдарын  дұрыс 

сезе алмайтындарында. «Оқушылар- 

дың түсінбеушілігін оқытушылардың 

өз кінәсы деп білмей, оқушылардың 

зер салмайтындығынан немесе топас- 

тығынан»  деп  білетін  оқытушылар- 

дың  қатты  адасатыны  айтпай-ақ  тү- 

сінікті, – дей келіп, ұлы ағартушы мұ- 

ғалімнің жадына мына жәйтті мықтап 

шегелейді! – «Ол кіммен істес болып 

отырғанын, еш уақытта да ұмытпауы 

керек... егер балалар бірдемені түсін- 

бейтін болса, онда оқытушы оларды 

кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөй- 

лескенде ашуланбай, жұмсақ сөйле- 

уі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәр- 

сені де ықыласпен түсінікті етіп түсін- 

діруі керек, екі ұшты астарлы сөз, орын- 

сыз  терминдерді  қолданбау  керек». 

Алтынсариннің  тәрбиеші  ұстаздың 

жеке  басы  туралы  айтқан  пікірлері- 

нің негізгі арқауы – тәлімгерлік жұ- 

мыс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол ұстаз- 

дан өте сезімталдықты, балаға деген 

сүйіспеншілікті, оның жанын жазбай 

тануды қажет етеді. Шәкірттерді сүйе 

білген оқытушы ғана қатаң талапты, 

әрі  өнегелі,  беделді  тәрбиеші  бола 

алады. Оның қазақ елінің жағдайында 

айтқан осындай тамаша ой-пікірлері- 

не ерекше сүйсінесің. Профессор Т.Тә- 

жібаевтің Алтынсаринді «Қазақстан- 

дағы педагогикалық ойдың пионері» 

деген  бағасының  тайға  таңба  бас- 

қандай, әділ баға екендігіне еш шүбә 

келтірмейсің. Өйткені басқа пікірлерін 

былай қойғанның өзінде ардагер пе- 

дагогымыздың мұғалім жөнінде айтқан 

осы  пікірлерінің  өзі-ақ  оны  осылай 

деп атауға толық болатындығын айт- 

тырмай дәлелдейді.

Ыбырай  Алтынсарин  өз  халқының 

жарқын келешегі үшін бар саналы өмі- 

рін сарп еткен, халыққа қызмет етуден 

артық іс жоқ деп түйген, туған халқын, 

ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отан- 

шыл азамат еді. Сондықтан да оның 

көптеген шығармаларында қазақ хал- 

қының өзіндік психологиялық қасиет- 

тері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы 

айтқандары ерекше назар аудартады. 

Алтынсарин қазақ халқының аса мал- 

сақ, сонымен бірге мал бағу өнеріне 

аса  жетік  халық  екенін  айта  келіп, 

оның  ақыл-ой  парасаты  да  жоғары, 

және ежелгі мәдениеті бар ел екенін 

талай рет атап өтеді: «Қазақтарға,- деп 

жазды ол,- осы дарынды, ақыл-есі мол 

халыққа қазір кешікпей тұрып рухани 

және қоғамдық даму жолына түсетін 

бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет 

болып отыр».

Ыбырай  қалың  бұқараны,  қазақ  ең- 

бекшілерін зор қадір тұтып, сыйлау- 

шы еді. Ол осы бір қарапайым жан- 

дардың еңбек сүйгіштігін, адалдығы мен 

шыншылдығын,  жинақылығы  мен 

ақ ниеттілігін ерекше риза көңілмен, 

үлкен мақтаныш сезіммен: «Осы қа- 

рапайым, ақкөңіл, ал кейде тіпті қы- 

зықты адамдармен әңгімелесіп, көңіл- 

ді көтересің», – деп жазды. Сол кездің 

өзінде-ақ Ыбырай халқымыз туралы 

бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көз- 

қарастың  бар  екендігін  жақсы  тү- 

сінді.  Ол  кейбір  менменсіген  орыс 

миссионерлерінің  қазақ  халқын  кем 

тұтып, оған тілін тигізіп: «қазақ тен- 

тек, қазақ қанішер халық» деген па- 

сық  ниетті  оңбаған  пиғылдарына 

бар ашу-ызасымен аяусыз соққы бе- 

АЛТЫ

АЛТЫ


39

ріп, өз халқының ғасырлар бойы жи- 

нақталған  мәдени  мұрасын,  тамаша 

психологиясын мақтаныш етті. «Біз- 

ді, – деп жазды ол, – өзгелер табиғаты- 

нан ақылды, іскер халық деп ойлай- 

ды.  Осының  шындығын  іс  жүзінде 

көрсетуіміз керек... Қазақ – табиғаты- 

нан ақынжанды, дарынды халық», – 

деп жазды Ы.Алтынсарин «Орынбор 

листогы»  газетіне  жазған  бір  мақа- 

ласында.


АЛЫСТАН  КөРГІШТІК  –  көздің 

жарық сәулесін дұрыс сындырмауы- 

нан туатын ауытқулардың бір түрі. Бұл 

кемістік салдарынан бір заттан шық- 

қан  параллель  сәулелер  фокусы  көз 

ішінде бағытын өзгертіп, сынғаннан 

кейін көз торының арт жағына түседі. 

Шын  мәнінде,  «алыстан  көргіштік» 

деген сөз өз мағынасына сәйкес кел- 

мейді, өйткені ондай адам затты алыс- 

тан  да,  жақыннан  да  анық  көре  ал- 

майды. Алыстан көруді рефракцияны 

күшейтетін дөңесті көзілдірік арқы- 

лы жүзеге асыра алады.



АЛЬТРУИзМ – негізгі орталық мо- 

тив немесе адамгершіліктік бағалау- 

дың белгісі басқа адамның немесе әлеу- 

меттік қауымның мүддесі болып та- 

былатын тұлғаның құндылықтық бағ- 

дарлар  жүйесі.  Басқалардың  мүдде- 

лерін ескеріп отыратын мінез-құлық, 

әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және 

даралыққа кереғар мінез ретінде қа- 

растырылады.  А.  термині  француз 

философы О.Контпен эгоизм ұғымы- 

на  қарама-қарсы  ұғым  ретінде  енгі- 

зілді. А. негізгі идеясы – басқа адам- 

дардың  мүддесі,  игілігі  үшін  атқа- 

рылатын  прагматикалық  мақсатқа 

бағытталмаған іс-әрекет. А. адамның 

саналанған  құндылығына  айналып, 

оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. 

Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасы- 

на айналады. А. – абсолютизациялау 

да оны мүлдем бағаламау сияқты те- 

ріс ұстаным. А. адамдардың күнделік- 

ті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс-

әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді 

іске  асырудан  тұратын  әлеуметтік-

психологиялық феномен де болып та- 

былады. А. іске асырудың механизмі 

болып (мысалы, өз өмірімен жан ке- 

шумен баланы құтқару) нақты қауіпті 

жағдайларда жанданатын жағдаяттық 

альтруистік бағдар табылуы мүмкін.

АМНЕзИЯ (грек. а – болымсыздық 

жұрнағы және – қаз. жад, есте сақ- 



тау– мидағы локалдық (бір бөлігі- 

нің)  зақымдалуынан  пайда  болатын 

адамның есте сақтау қызметінің бұ- 

зылуы. А. мидағы тежелу, өшу заңды- 

лықтарына  байланысты  немесе  ми- 

дың  түрлі  локалды  зақымдалуынан 

пайда  болатын,  бірнеше  минуттан 

кейде бірнеше жылға созылатын ес- 

тің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың 

зақымдалуына немесе әртүрлі науқас- 

тыққа, психиканың функцияларының 

бұзылуына  байланысты  болады.  А. 

ең ауыр түрлерін ең алғашында Кор- 

саковский сипаттағандықтан, Корса- 

ковский синдромы деп аталып кеткен. 

А. бірнеше түрлері бар: Антиретрог- 



радтық А. – аурудың басталғанынан 

кейін немесе жарақат алғаннан кейін 

болған  оқиғаларды  есте  сақтай  ал- 

мау. Инфантилді А. – өмірдің бастап- 

қы кезеңдерінде – алты жастан сегіз 

жасқа дейінгі аралықта болатын А. тү- 

рі. Истериялық А. – түбірі инфантил- 

ді А. басталған кейбір невротиктер- 

де кездесетін А. айрықша түрі. Қорға- 

АЛЫС

АЛЬТ


40

ныс А. – жағымсыз, жан жарақатын 

тудырған өткен тәжірибені ұмыту (са- 

надан ығыстыру) түріндегі естің бұзы- 

луы. Постгипноздық А. – гипноздық 

сеанс  жағдайында  оқиғаларды  еске 

түсіре алмауда көрінетін естің бұзы- 

луы. Ретроградтық А. – жарақат ал- 

дындағы (бірнеше сағат, бірнеше күн, 

ал кейде бірнеше жылдар бұрын бол- 

ған) оқиғаларды ұмыту түрінде көрі- 

ніс табатын естің бұзылуы. Мыс., атақ- 

ты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» 

атты  романын  науқастанып  жүрген 

кезінде жазған. Роман басылып шы- 

ғады. Ауруынан айыққан соң В.Скотт 

өз романының қай кезде жазылғанын 

еске түсіре алмапты. А. нақты психо- 

логиялық  немесе  клиникалық  әдіс- 

тердің көмегімен анықталады. Бірақ 

өшкен,  ұмытылған  байланыстар  бір 

кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін.

АМУзИЯ – музыка дыбысын түсін- 

беу (музыкалық қабілеттің жоғалуы). 

Әдетте, органикалық зақымдалу сал- 

дарынан музыканы қабылдауға ішін- 

ара не толық қабілетсіздікке қатысты 

(сенсорлық А.) немесе музыканы өзі 

білдіруге қабілетсіздікке қатысты (мо- 

торлық А.) қолданылады. А-ға ұшы- 

раған адамның миының самай бөлі- 

гіндегі (сол жағында) есту орталықта- 

ры зақымдалған болады. А. афазиялық 

аурулар түріне жатады.



АНАЛИз – талдау, айыру; талдаусыз 

топтау жоқ. А. деп ой операциясын, 

бүтінді (затты немесе құбылысты) бөл- 

шекке бөлудің әдісін атайды. Талдау ой 

арқылы әрбір объекті мен болмыстың 

ерекшеліктерін,  қасиеттерін,  белгі- 

лерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нә- 

тижесінде айқындалған белгілер мен 

қасиеттер біріктіру (синтез) деп ата- 

лады. талдаудың физиологиялық не- 

гізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу 

мен  тежелудің  өзара  байланысты 

қызметі. А. – құбылыстарды жеке бө- 

ліктерге  бөлу  процесінен  тұратын 

ойлау әрекетінің бір тәсілі. Талдау сияқ- 

ты ойлау операциясы танымның не- 

гізі болып табылады. Адамда А. ұғым- 

дармен әрекет ету деңгейінде дамы- 

ды. А. организм мен сыртқы ортаның 

практикалық  және  танымдық  өзара 

әрекеттесуінің барлық актілерін енгі- 

зеді  және  танымның  қажетті  дең- 

гейі болып табылады. Ол ойлау опе- 

рацияларының негізгісі болып табы- 

лады. А. синтезбен тығыз байланыс- 

ты. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы 

анализ бен синтездің жаңа мазмұнға 

ие болған түрі. А. дегеніміз ой арқы- 

лы түрлі заттар мен құбылыстардың 

мәнді  жақтарын  жеке  бөліктерге 

бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құ- 

былыстың барлық элементтері бірік- 

тіріледі. А. бен синтез – бірімен-бірі 

тығыз байланысты, бірінсіз бірі бол- 

майтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен 

бірі  ешқашан  ажырамайтын  ойлау 

процесінің  негізгі  компоненттерінің 

бірі. А. бен синтездің негізінде салыс- 

тыру  деп  аталатын  ойлау  операция- 

сы пайда болады.



АНАЛИзАТОР  (талдағыш)  –  ана- 

лизатор (грек. апаlуsіs – қаз. бөлшек- 



теу, жаю) талдама (сыртқы түйсікті 

мүшелерден бастап, миға дейінгі күр- 

делі  жүйке  механизмі;  ол  дүниедегі 

сыртқы құбылысты, әсерді қабылдай- 

ды  және  талдайды).  И.П.Павловтың 

ұсынған ұғымы. Тітіркендіргіштерге 

әсерлену мен қабылдауда, өңдеуде қа- 

тысатын  афференттік  және  эффе- 



АМУз

АНАЛ

41

ренттік жүйке құрылымының жиын- 

тығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу, 

иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинес- 

тетикалық) т.с.с. талдағыштар (анали- 

заторлар) бар А. – организмнің сырт- 

қы  және  ішкі  ортасынан  келетін  ті- 

тіркендіргіштерді  талдау  және  син- 

тездеу  қызметін  атқаратын  жүйке 

аппараты. Түйсіктердің физиология- 

лық негіздері болып табылатын – ол 

тітіркендіргіштің оған сәйкес анали- 

заторға (сезім мүшесіне) әсері нәти- 

жесінде пайда болатын жүйке проце- 

сі. И.П.Павлов бойынша, анализатор – 

бұл  тітіркендіргіштерді  қабылдау, 

өңдеу  және  оларға  жауап  қайтаруға 

қатысатын  афференттік  және  эффе- 

ренттік жүйке жолдарының жиынты- 

ғы.  А.  –  тітіркендіргіштердің  әсері- 

мен рефлекторлық түрде өзгеріп оты- 

ратын белсенді мүше, сондықтан түй- 

сік пассивті емес, ал әрқашан қозға- 

лыстық  компоненттерден  тұратын 

белсенді психикалық процесс болып 

табылады. А. үш бөлімнен тұрады: Пе- 

рифериялық бөлім (рецептор) – сырт- 

қы энергияны жүйке процесіне айнал- 

дыратын арнайы трансформатор.

Афференттік (орталыққа бағытталған) 

және эфференттік (орталықтан шыға- 

тын)  жүйке  талшықтары  немесе  өт- 

кізгіш жолдар; А-дың мидағы қабық- 

асты және қабықты бөлімдері; бұлар- 

да  перифериялық  (шеткі)  бөлімдер- 

ден  келетін  жүйке  импульстарының 

өңдеуі  іске  асады.  А-дың  шеткі  бө- 

лімдерінің белгілі бір жасушаларына 

ми қыртысы жасушаларының белгілі 

бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осы- 

лайша, мыс., көз торының әртүрлі нүк- 

телеріне ми қыртысында кеңістік бо- 

йынша әртүрлі орналасқан нүктелер 

сәйкес келеді.

АНАЛИТИКАЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ – (1913) К.Юнг негізін салған 

тереңдік психологияның бағыты. Ол 

психиканың  автономды  өзіндік  рет- 

телуші жүйе ретіндегі идеалистік тү- 

сінікке негізделеді. Бұл бағыттың тео- 

риялық  тұжырымы  бойынша  адам 

психикасы  саналы  мен  санасыздық- 

тың өзара компенсациясына негізде- 

леді. Ал олардың интеграциясы – тұл- 

ғаның  тұтастылығына,  оның  жеке-

даралануына жетудің жолы. А.п. пси- 

хопатология және психотерапияға, со- 

нымен қатар, философия, антрополо- 

гия, мәдениет тарихы, этнология, ми- 

фологияға ықпал етеді.

АНАЛОГИЯ – тиісті, лайықты, ша- 

малас, сай келушілік. Объектілер ара- 

қатынасындағы  кейбір  ұқсастықтар. 

А. таным әрекетінде гипотезаны (жо- 

рамалды)  ұсыну  үшін  пайдаланады. 

А.  арқылы  ойлау  ғылыми  жаңалық- 

тарға жеткізуі мүмкін. А. – жекелікке 

қарай  дамитын  нәтижелі  ой  қоры- 

тындысы. Аналогия – ұқсастық. Ұқсас 

нәрселерді салыстыра отырып зерттей- 

ді, аналогия арқылы жасалған қоры- 

тынды мәліметтер болжамды сипат- 

та болады.

АНАЛЬГЕзИЯ  –  ауруға  деген  сез- 

гіштіктің  төмендеуі  немесе  мүлдем 

жойылуы.  А.  анальгетик-дәрілерін 

қолдану арқылы немесе ауру көзімен 

байланыспаған объектілерге (музыка, 

шу және т.б.) шоғырлану, сондай-ақ 

сендіру, өзін-өзі сендіру немесе гип- 

ноздың көмегімен жүзеге аса алады. 

А. жалпы немесе нүктелік массаждың 

да көмегімен, сондай-ақ жылу неме- 

се суықты дененің белгілі бір нүктеле- 

ріне басу арқылы жасалады.



АНАЛ

АНАЛ

42

АНАМНЕз – адаммен тиімді жұмыс- 

ты ұйымдастыру мақсатында әртүрлі 

әдістермен алынған ол жөніндегі мағ- 

лұматтардың жиынтығы. А. ең алға- 

шында  медициналық  психологияда 

қолданылған болатын. Психологияның 

осы  саласының  өкілдері  сол  кездің 

өзінде  объективтік  А.  –  ауру  адам- 

ның айналасындағы адамдардан алы- 

натын  мағлұматтарды  және  субъек- 

тивтік А. – ауру адамның өзінен алы- 

натын мағлұматтарды бөліп көрсеткен. 

Қазіргі кезде А. ұғымы медициналық 

психология шеңберінен шығып, ауру 

процесімен байланысынан босап, адам- 

ның  жеке-дара  даму  тарихы  деген 

ұғымның синонимі ретінде қолданы- 

лады. Анамнез ұғымының медицина- 

дан алынуы, оның әдістерінің психо- 

логияға тікелей ауысуы қажет деген 

сөз емес. Мысалы, мектеп психологі 

баламен жұмыс жасағанда, ол жөнін- 

де негізгі ақпаратты жақындарынан, 

ең  алдымен  ата-аналарынан  алады. 

Психологияда  анамнездік  мағлұмат- 

тарды  алудың  бірнеше  түрлері  бар: 

1) Объективті анамнезде мектеп пси- 

хологі бала жөніндегі мәліметті ата-

анасынан, мұғалімінен және т.б. жа- 

қын адамдарынан алады. 2) Субъектив- 

ті анамнезде әңгімелесу баланың өзі- 

мен  өтеді.  3)  Қосымша  ақпараттар- 

ды – құжаттар, медициналық карта- 

лар, мінездемелер, ведомостар, оқу үл- 

герімі, күнделіктер, баланың іс-әрекет 

нәтижелерін зерттеу. Тәжірибелі пси- 

хологтың  негізгі  міндеті  –  психика- 

лық дамудың белгілі бір жолын анық- 

тайтын факторларды, яғни бала өмірі- 

нің  мәнді  оқиғалары  мен  жағдайла- 

рын  және  олардың  психиканың  өз- 

геруіне әсер ету дәрежесін табу.



АНАНЬЕВ  БОРИС  ГЕРАСИМО- 

ВИЧ  (1907-1972) – психология  ғ.д. 

КСРО Педагогикалық Ғылым акаде- 

миясының толық мүшесі. Адамды ин- 

дивид, тұлға, даралық ретінде қарас- 

тырып, адамтанудың жүйелі моделін 

құрастыруға ұмтылған кеңес дәуірі- 

нің  психологі.  Горск  педагогикалық 

институтын (1928) бітіріп, өзінің ғы- 

лыми ізденістерін ленинградтық реф- 

лексологтардың қатарында, психоло- 

гияның адамтану ғылымдарының бі- 

регейі  болып  бекінуіне  атсалысты. 

Ол адамды биологиялық индивид ре- 

тінде,  оның  онтогенездегі  даму  жо- 

лы, тұлғалық мәнге ие болуымен адам- 

зат әлеміндегі орны, өзіндік даралы- 

ғы туралы «Адам танымының ныса- 

насы» (1969) атты еңбегінде жан-жақ- 

ты қарастырады. 1967-1972 жж. ЛМУ-

де психология факультетінің деканы 

қызметін атқара жүріп, көптеген пси- 

холог ғалымдарды дайындады. Б.Ф.Ло- 

мовтың айтуынша Ананьевтің талант- 

тарды көргіштігі ерекше болған. Кеңес 

психологиясының  «алтын  қорына» 

Ананьевтің «Педагогикалық бағалау- 

дың психологиясы» (1935), «Психоло- 

гия очерктері» (1945), «Сезімдік тану- 

дың психологиясы» (1960), «Түйсіктер 

теориясы» (1961), «ХVIII-ХІХ ғғ. Орыс 

психологиясы тарихының очерктері» 

(1967), «Адам танымның пәні ретін- 

де» (1969), т.б. еңбектері енді.

АНДРОГИНИЯ  (лат.  andros  –  қаз. 

еркектік,  gynes  –  әйелдік)  –  амери- 

калық психолог С.Бем енгізген, өз бо- 

йында  ер  адамға  да,  әйел  адамға  да 

тән дәстүрлі қасиеттерді қатар үйлес- 

тірген  адамдарды  сипаттау  үшін 

алынған түсінік – термин. А. ер адам- 



АНАМ

АНДР

43

ға  да,  әйел  адамға  да  тән  психоло- 

гиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін 

индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкес- 

тілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын 

ата-аналар мен мұғалімдерге балалар- 

дың мектепке бару кезеңіне қарай өз 

жынысына тән мінез-құлықты игеру- 

ге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған. 

Көптеген зерттеулер ер адамдар мен 

әйелдер  арасындағы  психологиялық 

айырмашылықтар  жыныс  арасында- 

ғы айырмашылықтан гөрі, ер балалар 

мен қыздардың отбасылық тәрбиесі, 

сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның 

әсер етуі салдарынан пайда болып да- 

митынын көрсетті. Ер адамдарға (мас- 

кулиндік) және әйелдерге (феминин- 

дік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз си- 

паттамаларға ие болып, бірімен бірі 

түйіспейтін жекелеген екі континиум- 

дерде ғана орналасуы мүмкін. Феми- 

нинділік пен маскулинділік деңгейін 

өлшейтін көптеген тестілер осы прин- 

ципке негізделген.

Осы тестілердің негізінде әрбір адам 

өзінің ер немесе әйел екеніне қатыс- 

сыз мына төрт топтың біріне жатуы 

мүмкін:

1)  маскулиндік  индивидтер  (атаққұ- 



марлық, табандылық, батылдық тәріз- 

ді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын 

танылатын адамдар);

2)  фемининдік  индивидтер  (аффек- 

тивтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән 

қасиеттері басым адам);

3) андрогиндер, өз бойында дәстүрлі 

әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестір- 

гендер;

4) маскулиндік немесе фемининдік бел- 



гілері  көмескі,  яғни  психологиялық 

жыныстық сәйкестігі айқындалмаған 

адамдар.

Бұдан байқалатыны: андрогинияның 

адамның  жағдайға  байланысты  мі- 

нез-құлқын өзгерте алу қабілетінің пси- 

хологиялық сипаттамасын айқындау- 

да маңызы зор екендігі. А. стреске (ти- 

тықтау)  қарсы  табандылық  таныту- 

да, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі сала- 

сында табысқа қол жеткізуге септігін 

тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психо- 

логиялық дезадаптация проблемасын 

болдырмаудан туындаған. Ал қазіргі 

заманда  психологиялық  әдебиеттер- 

де тек маскулиндікке немесе феминдік- 

ке бір жақты екпін жасау әйелдердің 

де,  еркектердің  де  эмоциялық  және 

интеллектуалдық  дамуын  шектей- 

тіні  жөніндегі  көзқарастар  көптеп 

таралуда. Психологтардың тұжырым- 

дауынша,  бір  адамның  өзінде  пози- 

тивті еркектік және әйелдік қасиеттер 

де бола алады. Еркектер де, әйелдер 

де  бірдей  атаққұмар,  сенімді,  адал, 

мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады. 

А.  әдеттегіден  өзгеше  болатын  тәр- 

биенің  нәтижесінде  қалыптасады, 

яғни  егер  отбасында  ата-аналар  А. 

тұлғаларға тән мінез-құлық моделін 

көрсетсе,  ал  екіншісі  оны  қолдаса, 

бала  олардың  осындай  ұстанымын 

және  мінез-құлқын  меңгеріп  алады. 

А. адамның стреске төзімділігін, мі- 

нез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі 

аумақтарында сәттілікке жетуді қам- 

тамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кез- 

дегі жыныстық психологиялық зерт- 

теулер  тек  феминдік  немесе  муску- 

линдікті  қалыптастыру  мәселесімен 

ғана емес, сондай-ақ А. да қалыптас- 

тырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет