АҚТА
АҚТА
30
ның өзіне тән ерекшеліктерін бес
саусағындай білетін адамдар ғана ай-
та алады. Бұл халқымыздың тікелей
еңбек тәжірибесінің, мал шаруашы-
лығына орай қалыптасқан ұлттық пси-
хологиясының басты бір белгісі. Ақ-
тамберді толғауларында бұдан басқа
да тәрбиелік мәні бар ақыл-кеңестер
аз емес. Осы орайда жырау көтерген
мәселелерді топтастырсақ: бұларда
жалғыз жүріп мұратқа жете алмай-
сың, қайда болсаң да көппен бірге
көр; білімнен күшті ешнәрсе жоқ,
білімнен сусындау, оған ынтықтану,
адамның тіршіліктен көретін негізгі
ләззаттарының бірі («Білімді туған
жақсылар аз да болса көппен тең»,
«Білімді туған жақсыға залал қылмас
мың қарғыс»), өмірден күдер үзбеу,
келешекке үміт арту – ер жігітке тән
асыл қасиет («Үмітім бар ақырдан»,
«Орын тапқан ер жігіт жерсіз болар
деймісің»); ата-ананы дұрыстап сый-
лай алсаң намысыңа кір келтірмей,
мінезіңді тізгіндеп оны еркіне жі-
бермей жүрсең өз ісіңе ылғи да есеп
беріп, алдыңа таудай талап қойып,
тынбай әрекеттенсең ғана мақсат-
мұратыңа жете аласың деп түйіндей-
ді жырау («Әзір Мекке алдында, пе-
йіліңмен сыйласаң, атаң менен анаң-
ды», «Намысқа тиген кір кетпес», «Өз
мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар
ма»). Ақтамберді жастарға ел-жұр-
тыңды жан-тәніңмен сүй, бір-бірің-
мен тату, ынтымақты бол, сонда ғана
ойлаған ойыңа, көздеген мақсатыңа
жете аласың деп салауатты кеңестер
береді («Бірлігіңнен айрылма, бірлік-
те бар қасиет, татулық болар береке,
қылмасын жұрт келеке»).
Жау қолынан азат етілген қазақ же-
ріне жұртты орнықтыру жолында
қарт жырау – ақын қажымай-талмай
қызмет етеді, өз қол астындағы елге
жер жыртқызады, егін салдырады.
Зерттеуші М.Мағауиннің айтуынша,
ол Шыңғыс, Аягөз, Қаракөл өңірінде
тоған қаздырған («Нашар қайтып
күн көрер егін салар құлқы жоқ, жо-
сып жүр әлі тоқтамай, мекен еткен
жұрты жоқ... Талпынып салдым
егінді»). «Бар арманым айтайын, Ба-
тырларша жорықта, Өлмедім оқтан
қайтейін, Ел аман болсын лайым», –
деп жырау жарық дүниеден кеткен-
ше үмітім бар ақырдан, деп ел бірлігін
ойлап бейбітшілікті тілеп, туған хал-
қының мұң-мұқтажын жоқтап, қабыр-
ғасы қайысқан адамның сыңайын бай-
қатады.
АҚЫЛ – адамдардың сана-сезімін,
жан-қуаттары мен қасиеттерінің жа-
ғымды жақтарын көрсететін мағы-
насы кең психологиялық категория.
Қазақтың психологиялық ой-пікір қа-
лыптасу тарихында бұл ұғымға ақын-
жырауларымыз (Асан қайғы, Бұқар
жырау, Шал ақын, Дулат т.б.) ерекше
мән берген. Қазақ психологі М.Мұқа-
новтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы,
1980) еңбегінде осы ұғымға терең
психологиялық талдау берілген. Ға-
лым А-дың кең мағынада қолданы-
латынын қостай келіп, оны интеллект
ұғымымен байланыстырады. Сөйтіп
А. сана ұғымы секілді логикалық тұр-
ғыдан кең мағынада айтылатын не-
ше-түрлі деңгейлері бар ұғым болып
табылады. Қазақ халқы бұл жағдайда
адамдарды ақылды, ақылсыз деп қыс-
қаша бөліп қараған. Психология ғы-
лымында А. көбінесе ойлау процесі-
менен тығыз байланысты. Соның ішін-
АҚТА
АҚЫЛ
31
де продуктивті, нәтижелі ойлау деген-
мен тоқайласады.
АҚЫЛДЫҢ САПАЛАРЫ – ақыл-
ды дамыту және тәрбиелеу үшін оның
жеке сапаларын естен шығармау ке-
рек. Ол сапалардың ішіндегі ең басты-
лары мыналар:
1. Ақылдың сыншылдығы, яки ой жұ-
мысын қатты мінеп, сынай білу; бел-
гіленген гипотезаларды не қуаттайтын,
не жоққа шығаратын дәлелдерді әр
жағынан аударыстыра қарап, ақыл та-
разысынан өткізу керек. Ақылы сын-
шыл емес адам мәселені шешуде ойы-
на алғаш келгеннің бәрін тұжырым-
ды пікір деп қарауға бейім тұрады.
Ақылдың сыншылдығының көрсет-
кіші мыналар: адам өзінің болжаула-
рын қашан да сыннан өткізілетін
гипотеза деп қарауы керек; түрлі бол-
жаулардың ішінен бұл сынды көтер-
мейтін, лайықсыз деп танылғандары
алынып тасталады: егер де мәселенің
шартына және талабына дәл келме-
гені байқалса, онда әрекеттен бас тар-
ту керек. Сыншыл ақыл – «қатал»
тәртіпті ақыл.
Қиялы бай, жүйрік адам ақылының
сыншылдық сапасын тәрбиелеуге ерек-
ше көңіл бөлуі тиіс. Қиялдың байлы-
ғы ойдың қатал тәртіптілігімен қосы-
лып келсе, ол творчестволық қызмет-
тің мықты тірегі болмақ. Егер қиялды
сыншыл ой тәртіпке келтірмесе, онда
адам жүзеге аспайтын, іс болып шық-
пайтын жоспарларға салынып, бос
қиялшыл болып кетуі мүмкін.
2. Ақылдың орамдылығы деп еркін кең
ойлап, мәселені ескі әдетпен не үй-
реншікті жолмен шеше салмай, оның
орнына қарай, мәселенің шартына ла-
йық жаңа әдістерін тауып, шешу қа-
білетін айтады.
Ақылдың орамдылығы тек бірқа-
лыпты тәсілдердің әсерінен аулақ бо-
лудан ғана көрінбей, сонымен қатар,
мәселені түрліше әдістермен шешуге
әрекет жасаудан да бұрын бір сына-
лып, қате деп табылған әдісті қайтала-
мау әрекетінен де көрінеді. Көп адам-
дардың бір мәселені шеше алмайтын
себебі көбінесе баста бір ойына келген
әдістің жарамсыз әдіс екендігін, оның
ешқандай нәтиже бермейтінін біле
тұра, оған қайта-қайта орала беруін-
де. Бұл жерде ойдың өзінше «талап-
сыздығы» байқалады: адам өз ойын
бастапқы бір жолдан басқа жаққа бұ-
ра алмайды.
3. Ойдың кеңдігі мәселені тұтас, бү-
тіндей қамти білуден көрінеді, соны-
мен қатар іс үшін аса маңызы бар көп
бөліктері мен түрлі ұсақ жақтарын да
естен шығармайды.
Күрделі мәселені дұрыс шеше білу
мәселенің барлық жағын оймен қан-
шалықты толық қамти білуге, оның
бір жақтарын шеше бастағанда, басқа
жақтарының да қоятын талаптарына,
шарттарына көңіл аудара білуге бай-
ланысты. Күрделі математикалық есеп-
терді шығаруда кездесетін қиыншы-
лықтар мен қателердің көбі есептегі
берілген шарттардың барлығын бір-
дей қамти алмауға байланысты.
4. Ойдың ұшқырлығы. Әртүрлі іс-
әрекет саласы мәселені ойша шешу-
дің жылдамдығына түрліше талап
қояды... Бұл ақылдың басқа сапала-
рының жоғары дәрежеде дамуының
нәтижесі, ойлаудағы асығыстық бұ-
ған бүтіндей қарама-қарсы қасиет бо-
лып табылады.
АҚЫЛ
АҚЫЛ
32
Ойдың ұшқырлығы қажетті жағдай-
да барлық ақыл күшін бір нүктеге
жұмылдыруға ойлаудың жоғарғы бел-
сенділігін тудыру қабілетіне байланыс-
ты. Ойдың ұшқырлығы сондай-ақ
мәселенің барлық жағын көруге мүм-
кіндік беретін ойдың кеңдігіне де,
тоқтамның дұрыс тәсілдеріне қайтадан
оралып, уақыттың зая болуынан сақ-
тайтын ақылдың икемділігіне де бай-
ланысты. Ол түрлі жорамалдарды тез
сынап, олардың жарамсыздарын алып
тастап отыруға мүмкіндік беретін ой-
дың сыншылдық қабілетінің жоғары
дамуын талап етеді.
Ойдың ұшқырлығына қарама-қар-
сы асығыстық ой жұмысының жалқау-
лығынан болады. Ол адамды сына-
лып біткен гипотезаларға сеніп, ауыр
ой жұмысынан құтылу үшін кез-
келген тоқтаммен, берілген мәселенің
тек бір бөлігіне ғана негізделген тоқ-
таммен келісуге итермелейді. Оның
асығыстығымен күресе білу – ақыл-
дың жақсы сапаларын дамытудың қа-
жетті шарты.
АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІН ЖОСПАР-
ЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯ-
СЫ – ғалым-психолог П.Я.Гальпе-
рин жасаған және оның шәкірттері
дамытқан тұжырымдама. Бұл ақыл-
ойдың алдын ала белгілі жоспар бо-
йынша біртіндеп, сатылап берілген бі-
лімді, икемділікті және дағдыны да-
мытудың жалпы психологиялық негіз-
дерін қарастыратын теория.
АЛАМАН – қазақ түсінігінде, ала-
мандық басқаларға бағына қоймай-
тын бәсекелестік, бейресми топтың бір
түрі. Ол ру менмендігінің сипаты, яғ-
ни әр рудың анадайдан бадырайып,
мінездің акцентуациясы секілді бесе-
неден байқалып тұратын көрінісі. Қа-
зақтың әлеуметтік-психологиялық
ұғымдарының бірі, елдің сана-сезі-
мінен гөрі рулық, тайпалық мүддені
жоғары қоятын, менмендігі күшті
ұйымшыл топтың атауы.
АЛҒАШҚЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ. (Нә-
ресте-бал бөбек) – Өмірге жаңа кел-
ген нәресте күн санап өсіп отырады.
Мәселен, оның өсуі туған кезіндегі-
сімен салыстырғанда бір жыл ішінде
25 процент өседі. Нәрестенің сүйегі
бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де
жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ
келеді. Өйткені оның сүйегінде бор
мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу бо-
лады. Организмнің үздіксіз өсіп, да-
муы – өзара тығыз байланыста бола-
тын процесс. Балалардың жас ерек-
шелігіне байланысты түрлі мүшелер
мен жүйелердің даму қарқыны бір-
дей болмайды. Мәселен, адамның сү-
йек, буын жүйелерінің дамуы жиыр-
ма жасқа таман, көз бен есіту қызме-
тінің дамуы жеті-он жас шамасында
аяқталады.
Нәрестенің жүйке жүйесінің даму
қарқыны да айтарлықтай болады. Ал-
ғашқыда жаңа туған нәрестеде кей-
бір шартсыз рефлекстер болады да
(тамақ, қозғалыс, бағдар т.б.) кейін
олар көбейе түседі. Шартты рефлек-
стер екі-үш жетіден кейін (мәселен,
бір мезгілде емізуге байланысты реф-
лекстер) пайда бола бастайды. Екін-
ші айда баланың барлық анализатор-
ларында шартты рефлекстер жасалу-
ға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі
айлық бала жай суды тәтті судан, ал
үш айлық бала тәттіні тұздан, сон-
дай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажыра-
АҚЫЛ
АЛҒА
33
та алады. Төрт айлық бала айналасы-
на көз тоқтатады, үйдегі адамдарды
бөтен кісілерден ажырата бастайды.
Бес айда көзбен қолдың координа-
циясы (үйлесімі) қиюласады да, бала
төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмты-
лады, оны аузына апарады. Алты-
жеті айлық балада үлкендерге елік-
тей бастаудың элементтері (алақанын
бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар
жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге
ұқсас дыбыстар шығаруы байқала-
ды. Шартты рефлекстердің анализа-
торларда пайда бола бастауымен нә-
рестелік кезең аяқталады.
Бірінші жарты жылдықта ми қабы-
ғында тежелудің барлық түрлері кө-
рінеді. Бұл жағдайдың тәрбие про-
цесі үшін ерекше маңызы бар екен-
дігі белгілі.
Жарты жастан былай қарай балада
«Бұл не?» рефлекстері қауырт дами-
ды. Қол сипай-сезу анализаторының
қызметін атқаруға көшеді. Мұның өзі
нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбек-
теуге, айналасындағылармен қарым-
қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Олар үлкендердің сұрауларына жауап
қайтаруға тырысады.
АЛҒЫС – жақсылық жасағаны, іл-
типаты, қызмет көрсеткені және т.б.
үшін адамға (топқа, ұйымға) ризалық
сезімі; өз тарапынан лайықты жауап
беруге әзірлікпен білдіріледі. А. қо-
ғамның құлықтық тіректерінің бірі
болып табылады. А. – жақсылықты
жақсылықпен өтеу жөніндегі мораль-
дық талап. А. адам алғашқы қауым-
дық ұжымда өзін бөлектей бастаған
кезде, өзара қызмет көрсету тәжірибе-
сі мүмкін болған уақытта пайда бол-
ды. А. принципі әлеуметтік-құлықтық
императив сипатында болды: сый-
сияпат жасау міндетті деп есептеліп,
барша жұрт тарапынан танылды.
Бертін келе А. білдіру неғұрлым кең
мәнге ие болды: тауарлар мен қызмет
түрлерінің өзара айырбасының эконо-
микалық және заңдық қарым-қаты-
настарына құқықпен қалыптастырыл-
маған қосымша деп саналды. Қазір-
гі уақыттағы ұғынылуында А. адам-
дардың қарым-қатынасындағы әділет-
тілік принципінің аса маңызды көрі-
нісі. А-ты жағымпаздықтан, пара-
қорлықтан, жекелей және қоғамдық
істерді жайғастырудың өзге де мо-
ральға жат нысандарынан ажырата
білу керек. Біреуге қатысты А. білді-
ру міндеттілігі гуманизм, патриотизм,
адалдық және т.б. принциптеріне
келетін жағдаяттар моральдық тұрғы-
дан неғұрлым күрделі болып шы-
ғады.
АЛДАМҰРАТОВ ӘБІЛХАН (1926-
2001) – қазақ психологі. 1952 жылы
С.М.Киров атындағы Қазақ мемле-
кеттік университетінің логика және
психология бөлімін бітірген. 1952
жылдан бастап Қызылорда және Ал-
маты қалаларының жоғары оқу орын-
дарында психологиядан дәріс оқыған.
Оның жетекшілігімен 4 ізденуші
кандидаттық диссертация қорғаған.
Негізгі еңбектері: М.Мұқановпен
бірге жазған «Психология пәнінен ла-
бораториялық-практикалық сабақтар»
1-ші бөлімі (Алматы, 1978.), 2-ші
бөлімі (Алматы, 1979.), «Қызықты
психология» (Алматы, 1992.), «Жалпы
психология» (Алматы, 1996.), 1993
жылы «Қазақ оқушыларының грам-
матикалық категорияларды меңгеруі-
нің психологиялық астарлары» деген
АЛҒЫ
АЛДА
34
тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғаған. Оның педагогикалық психо-
логия тақырыбында жазған көптеген
ғылыми мақалалары бар.
АЛДАНУ – түрлі себептерге байла-
нысты шындық құбылыстарды бұр-
малап, теріс қабылдау себептері ғы-
лымда әлі толық анықталмаған. А-дың
пайда болуына көру талдағыштары-
ның ерекшеліктері, қабылдау жағда-
йының өзгеруі, көру мүшесінің түр-
лі кемістіктері т.б. әсер ететін болуы
керек. Көру қабылдауында «Оптика-
лық-геометриялық алдану» (екі өл-
шемді контурлық кескін фрагментте-
рі арасындағы метрлік арақатынас-
тардың бұрмалануы); «Жарық кон-
трастары қарама-қарсылық феноме-
ні» (сұр жолақ қара фонға қарағанда
ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).
Қимыл-қозғалыста да алданулар көп
кездеседі. Олар: а) автокинетикалық
қозғалыс (толық қараңғыда байқала-
тын, объективті түрде қозғалмайтын
жарық көзінің ретсіз орын ауысты-
руы); ә) стробоскопиялық қозғалыс
(қозғалмайтын екі тітіркендіргішті
бірінен соң бірін іле-шала көрсеткен-
де қозғалыс туғандай әсер болуы);
б) индукциялық қозғалыс (қоршаған
фонға қарай қозғалмайтын объекттің
қозғалысы сияқты көрінуі). Грузин
психологтары (Д.Н.Узнадзе және оның
шәкірттері) арнайы бағдар алдану-
ларын (нұсқалық иллюзиялар) зерт-
теген. Шарпантье алдануының сал-
мақтылығы бірдей, бірақ көлемі әр-
түрлі екі нәрсенің кішірегі ауыр сияқ-
ты көрінеді. Неміс ғалымы Г.Гельм-
гольцтің айтуынша, алдану эффектісі
қабылдаудың тұрақтылығын қамта-
масыз ететін механизмдердің әдетте-
гіден тыс жағдайдағы қызметі. Көпте-
ген зерттеулер алданудың оптикалық
және физиологиялық себептерін (де-
терминант) анықтауға арналған. А-дың
сырын дұрыс түсінудің тәжірибелік
мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архи-
тектура мен бейнелеу өнерінде, поли-
графиялық әшекейлеулерде, театр
сахналарын безендіруде жан жүйесіне
қолайлы әсер («психологиялық ком-
форт») ету үшін қолданылады.
А. деп түрлі себептерге байланысты
шындықтағы объектілерді қате
қабылдауды атайды. А. сан алуан се-
бептерге байланысты пайда болады.
Мыс., шай құйылған стаканға салын-
ған қасықтың «сынған» ұқсап тұруы
физика заңдылықтарымен түсіндіріл-
се, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ
пікірлер адамның әртүрлі ерекшелік-
теріне байланысты. Көзге қозу үрдісі-
нің жайылуы, көздің затқа бейімде-
луі, қозғалысы, қабылданатын затқа
көздің төселмеуі т.б. 1. болмас іс, сағым;
2. бұлдыр, қиял. Қабылдаудың, қиял-
дың және естің феномендері. Адам-
ның миындағы, шынайы құбылысқа
немесе объектіге сәйкес келе бермейді.
АЛКОГОЛИзМ – алкоголь ішім-
діктерін мөлшерден көп жүйелі түр-
де пайдалану. А. келесі түрлерін бөліп
көрсетуге болады: 1) тұрмыстық мас-
тық – жағдаяттық себептермен үйре-
ну белгісі тумаған алкогольді пайда-
лану; 2) (хронически) созылмалы ал-
коголизм; 3) алкогольді психоздар. А.
жүйелі пайдалану кезінде адамда суи-
цидтік әрекеттермен алкогольді деп-
рессия пайда болуы мүмкін. Кейінгі
кезде бұл симптомның «жасаруы»
белең алуда, яғни оның белгілерінің
жасөспірімдік-балаң жаста пайда бо-
АЛДА
АЛКО
35
лу тенденциясы байқалуда. Медици-
нада А. екі түрін бөліп көрсетуге бола-
ды: 1) екінші ретті (симптоматика-
лық) А. – алкоголизмнің басқа психи-
калық аурудың – мысалы, шизофре-
нияның – негізінде пайда болуы. 2) хро-
никалық А. Оның белгілеріне жата-
тындар: – ішімдіктің мөлшерін қада-
ғаламау; – спирттік ішімдіктің доза-
сын арттыру арқылы оны үзбей пай-
далану; – алкогольдің жоғары доза-
сын ішкенде құсу рефлексінің жойы-
луы, алкоголь туралы ылғи ойлау; –
өзінен-өзі жалғыз ішу; – мастықтың
суретінің өзгеруі: қозу стадиясының
ұзаруы, босаңсу, мастықтың соңында
ұзақ ұйқыға кету.
АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ (1841-
1889) – педагог, ағартушы. Ы.Алтын-
сарин арнаулы психологиялық еңбек-
тер жазып қалдырмаған, әйтсе де оның
сан алуан ойға толы шығармалары-
нан (оқу құралдары, хаттары мен жаз-
балары, т.б.) қоғамдық және педаго-
гикалық психология мәселелеріне
орайлас айтылған көптеген қызықты
деректер табылады. Бұл пікірлер оның
өзі айналысқан практикалык істері-
нен туындаған сияқты. Ой қозғаған
осындай түйіндерге: бала және оны
тәрбиелеу жолдары, оқыту процесі-
нің психологиялық, педагогикалық не-
гіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары,
қоғамдық психология мәселелері, т.б.
жатқызуға болады.
Ы.Алтынсарин өз «Хрестоматиясын-
да» жас өспірімдердің жан дүниесін,
ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы
көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың
ортақ міндеті деп есептеді. Көшпелі
қазақ баласының айналасын дұрыс
қабылдай алуы, осыған орай оның
байқағыштық қасиеттерін арттыру,
жетілдіру мақсатын көздеп, «Хресто-
матияға» үнді ертегісінен мынадай бір
тамаша үзінді берген: «Біреу ағаш-
қа іліп қойған етін ұрлатып алып, ай-
наласына жар салады. «Аласа бой-
лы, қолында қысқа мылтығы бар, со-
ңында тарақ құйрық кішкентай иті
бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?» деп.
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен
барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс.
Ауылдас адамдары үндіден «ұрының
түсі-түгін қайдан білдіңіз?» – деп сұ-
рапты. Сонда үнді айтыпты дейді: –
Ұрының, аласа бойлы екенін білгенім,
менің қолыммен ілген етімді, ол ағаш-
тың астына тас қойып, соның үсті-
не шығып алыпты. Қарт екенін біл-
генім, жүргендегі ізінен байқадым –
адымының арасы тым жақын екен.
Мылтығының қысқа екенін: етімді
ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп
қойған екен, сонда мылтықтың аузы
ағаштың кішкене қабығын жырып
кетіпті, жер мен сол жырылған қабық-
тың арасынан шамаладым. Ұрының
қасында иті бар екенін және ол иттің
әрі кішкентай, құйрығы тарақ құйрық
екенін білгенім етімді ұрлап жатқан-
да, ит анадай бір құмайттырақ жерде
отырған екен, соның құмға түсіп қал-
ған ізінен және бұлғаңдатқан құйры-
ғының табынан байқадым депті – міс».
Ы.Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш
болудың адам өмірінде, оның дүние
тануында қаншама маңыз алатынын,
тіпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ
өмір тәжірибесі мол адамдардың ба-
сында да біртіндеп қалыптасатынын
сөз етеді де, шәкірттерді, өмірді жан-
жақты зерттеп білуге, түймедейден
түйедейді таба білетін ізденімпаз, зер-
делі болуға меңзейді.
АЛТЫ
АЛТЫ
36
Психология ғылымы – адам өмірінде
әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше
екендігін, істеген істің жүріс-тұрыс-
тың, демалыстың, яғни өмірдің сан
алуан саласының қай-қайсысы да бір-
тіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке ай-
налып отыратындығын, бірақ әдеттің
де әдеті бар, яғни адамда жарамды
жақсы әдеттермен қатар жарамсыз,
жаман әдеттер де болатындығын ескер-
теді. Мәселен, салақтық – жаман әдет,
одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы
орайда Ы.Алтынсариннің «Салақтық»
атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адам-
ға зиянды екендігін жақсы көрсетеді.
Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыж-
дағатты болғанмен жуынып, таза жү-
руді білмейді. Ақыры сол тазалыққа
бейғамдығының кесірінен ауырып,
қайтыс болады.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин
әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың
жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл,
мазмұны тартымды, олардың жан-
дүниесіне әсер етерліктей етіп ірік-
телініп алынған. Осы әңгімелерде мұ-
ғалімдер мен ата-аналардың балалар-
ды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
мақсаты көзделеді.
Ы.Алтынсарин көтерген психоло-
гиялық мәнді мәселелердің енді бір
тобы оның әдістемелік пікірлерімен
астарласып жатады. Ыбырай жақсы
тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге
тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де
еді. Ы.Алтынсариннің «Қазақтарға
орыс тілін үйретудің бастауыш құра-
лында» көптеген қызғылықты пси-
хологиялық пікірлер бар. Осы айтыл-
ғанға орай ол бірде былай деп жазды:
«Әуелі оларға зат есімге ғана жататын
зат аттарын үйретемін, содан кейін
заттың сынын көрсететін сын есімді
үйретемін. Осылардан кейін зат есімді
олардың сынымен қосып «ақ адам»
деген сияқты сөйлемдерді құрып үй-
ретемін». Екінші бір жерде ол: «Қа-
зақ балаларына орысша кітаптарды
оқытуға, оқығандарын түсіндіріп оты-
руға кіріспей тұрып олардың жеке
сөздерді болсын және негізгі грамма-
тикалық ережелерді болсын түсіну
үшін бірқатар жүйелі әзірліктен өт-
кізу керек болды. Мұндай алдын ала
әзірлік жасалмаса, оқушылардың тү-
сінігі тым шалағай болып шығады...
ешбір грамматикалық ереже жайын-
да белгілі бір түсінік алуға оқушы-
лардың шамасы келмей қалады, көпке
дейін «она» деген сөздің «он» деп,
«иду» деген сөздің орнына «шел»
деп, тағы солар сияқты қателер жасап
жүретін болады».
Ғұлама педагогтың осы ойларында
қаншама тамаша психологиялық тү-
йіндер жатыр. Ол шәкірттердің білім-
ді жай жаттап алып, үстірт меңгер-
мей миға тоқып, санасынан өткізіп,
әрбір сөздің мәніне терең бойлап тү-
сінуін талап етті. Ол мұғалімдерге
барлық пәнді осылайша жүргізудің
қажеттігін, яғни К.Д.Ушинскийдің
тілімен айтқанда оқу жүйесіне барлық
сезім мүшелерін (көз, құлақ, иіс, т.б.)
қатыстырып, оқушылардың қызығу
белсенділігін арттыра берудің ерекше
маңыз алатындығын ескертті. Ол сон-
дай-ақ қазақ балаларының өзіндік
кейбір ұлттық ерекшеліктерін көрсе-
те келіп, осы жәйтті де оқыту – тәрбие
ісінде мұғалімдердің үнемі ескеріп
отыруын қажет деп санады. Мәселен,
оның өзі қазақ балалары үшін «Хрес-
томатия» құрастырғанда осы жағдай-
ды қатты ескергені байқалады. «Қатаң
тұрмыста өскен қазақтарға, – деп
Достарыңызбен бөлісу: |