АРМАН – қиялдың келешекке ба-
ғытталған ерекше бір түрі. Оның
негізінде дербес жаңа бейнелер құры-
лады, бірақ арман әрдайым болашақ-
ты көздейді және адамның аңсаған
тілегін білдіреді А-ның екі түрі бар:
пайдалысы және зияндысы. А. адам қия-
лының ерекше бір түрі. А. актив әре-
кетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүд-
демізге орай бейнелер жасау, игі мақ-
сат-мүддемізді іс жүзіне асыруды
қиялдау. А. – келешектегі әрекеттерге
арналған қиял. А. – шығармашылық
қиялға дайындықтың ерекше сатысы.
А-ды бағалауда ескеретін жайттар:
а) арманның әрекетке қатысы; ә) шын-
дықпен жанасуы; б) оның келешек үшін
мәні. А. – өз қалауымызша ойда жаңа
бейнелер туғызады. Шығармашылық
қиялдың ерекшелігі – іс-әрекетпен ті-
келей байланыспай келешекке бағыт-
талғаны. Оны шығармашылық қиял-
дың дайындық сатысы дейді. Адам
болашағы үшін күресудің орнына
бос лағып, құрғақ қиялға сүңгісе мақ-
сатына жете алмайды. Енжар, селсоқ
адамның қиялы сүреңсіз келеді, оны
көбінде мұң басады. Ол жарқын бо-
лашақ үшін күреспейді, тек мойнына
су кеткен кісідей мүлгіп отырады
да қояды. Қиыны да, қызығы да мол
өмір ондайларды қызықтырмайды,
бос қиялға салынған кісі өмір ауырт-
палықтарын, мұндағы қуаныш, қай-
ғы-қасірет дегендерді жөндеп түсін-
бейді, тек құрғақ қиялға салынып
жүре береді. А. – жастарға қажетті қа-
сиет. Олар жарқын болашағына иман-
дай сеніп, дұрыс армандай білуі қа-
жет. Өйткені, алға қойған мақсатқа же-
ту үшін шындыққа орайлас арман-
дағанда ғана, ол адамға зор қуат бе-
ріп, келешектегі іс-әрекетке талпын-
дырады.
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ (1815-1898) –
психологиялық пайымдауларымен
ерекшеленген ақындардың бірі. Ол
Жетісу облысындағы Верный уезі,
Ұзынағаш болысында туған. Суырып-
АРЛА
АРОН
51
салма ақын өзінің өлең-толғауларын-
да, сюжетті өлең-дастандарында ту-
ған халқының талап-тілегін, мұң-мұқ-
тажын жоқтап, қарапайым адамдар-
дың ой-мақсатын білдіреді, елдің ға-
сырлар бойғы арман-мүддесі мен мұ-
ратын көркем бейнелер арқылы зор
шабытпен жырлады. Оның бүкіл са-
налы өмірі, сарқылмас дарыны еңбек
адамының мүдделеріне қызмет етті.
Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең
алдымен терең психологиялық тұжы-
рымдармен, көркемдік, әсемдік әле-
мімен, тілінің мәнерлі әуезділігімен
сипатталады. Ол адамның мінез-құл-
қының әр алуан қалтарыс-қатпарла-
рын, ішкі психологиялық тебіреніс-
терін, тұлғаның жеке басын, оның
моральдық, рухани қадір-қасиетін ше-
бер көрсетеді. Ол жақсыны жаман-
нан, жексұрынды бекзаттықтан айы-
ра білмейтін, жеке басының арамды-
ғын, тек баюын ғана мейлінше күйт-
тейтін адамдарды шенеп сынайды.
Ақынның психологиялық идеялары
оның «Жақсы мен жаманның айыр-
масы», «Нақылдар», «Әділеттік арна-
сы», «Бөрілі менің байрағым», т.б. осы
сияқты лирикалық өлеңдері мен ақын-
дық толғауларында терең де бейнелі
кестеленеді.
АРСЫзДЫҚ – (грек. kynismos) –
қоғамдық адамгершілік моральға сый-
майтын қылық. Бұл ұғым ежелгі Гре-
киядағы киниктердің (циниктердің)
философиялық атауынан шыққан.
Бұл мектеп өкілдері жалпыға бірдей
адамгершілік тыйымдар мен әдепті-
лік ережелерін елемейтін көзқарас-
тарды уағыздады. Кейін қоғамдық
пікір мен ұяттың маңызын терістей-
тін жеке тұлғалық ұстаным деп атал-
ды. Бұл тұрғыдан А. нигилизмге жа-
қын. Мінез-құлықтағы және сенім-
дегі А. өз мақсатына кез келген тә-
сілмен, соның ішінде моральға жат
жолмен жетуді көздеген адамдарға
тән. А. субъект өзін жазаға тартыл-
майтынын түсінгенде және парасатты
адам болып көрінгісі келмейтін жағ-
даяттарда байқалады. Мұндай кезде
ол дөрекілік, әдепсіздік, ұятсыздық
және кемістіктерге тығыз байланыс-
ты болады. А. өткір мысқыл және ке-
леке, мазақ түрінде де көрінуі мүмкін.
А. көбінесе менмендік, өркөкіректік,
дандайсу жас мінез-құлқы жеткіншек
шағында байқала бастайды. Үлкен-
дердің жеткіншектерге дөрекі тәсіл-
дерді (көпірме сөзділік, әдепсіздік,
қорлау, жәбірлеу, кемсіту) қолдануы
жағдайды одан сайын өршітуі мүм-
кін. Балалардағы А. көріністеріне от-
басындағы кикілжің, әсіресе ата-ана-
сының айырылысуы және т.б. себеп
болады. Жасөспірімдердің өзіне бас-
қалардан артықтығын сезінуі де (егер
үлкендер қолдаса) А. көріністеріне
апарып соғуы мүмкін.
АРХЕТИП (грек. arche – қаз. бастау
және tipos – пішін, үлгі, алғашқы бейне).
Термин швейцария психологі Юнг
еңбектерінің ықпалымен қазіргі ба-
тыс әдебиетінде қанат жайды. «Ұжым-
дық санасыздық» дегеннің бастапқы
құрылымын, адамның қайталанып
тұратын тұрмыс жағдайларының,
міндеттерінің және күйзелістерінің
ескірген психологиялық «шемені» де-
генді білдіреді. Жеке немесе әлеумет-
тік өмірдің проблемалық, дағдарыс-
ты жағдайының ықпалымен, Юнгтің
пікірі бойынша санасыз қозғалыс
болады және тиісті А. жүзеге асыры-
АРСЫ
АРХЕ
52
лады. Бұл орайда осы процестің іш-
кі себептік, ықтиярсыздық, демоника-
лық сипаты болады. А. аналитикалық
психологияның негізгі ұғымдарының
бірі. Ұрпақтан-ұрпаққа көшіп оты-
ратын бейнелер байланыстарының тә-
сілі. А.Юнгтің пікірінше, адам психи-
каларының жасырын бейсанасын көр-
сететін психиканың құрылымдық эле-
менті. А. әр этностың өз өмір салтын
сақтап отыруға тиісті құндылықтары-
на тәуелді.
АСАН ҚАЙҒЫ – ақын, жыраулар-
дың ішінде өзінің терең толғаныста-
рымен жұртшылыққа кең танылға-
ны – Асан қайғы. Оны қазақ даласы-
ның ұлы ойшылы, халқымыздың қо-
ғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікір-
лерінің көш бастаушыларының бірі
десек артық бола қоймас. Қазақ хал-
қының өз алдына дербес ел болу үшін
бас құрай бастаған кезеңінде Асан
қайғы сынды ойшыл тұлғаның дүние-
ге келуі де заңды еді. Зерттеушілер
Асан қайғы Алтын орданың ыдырау
дәуірінде өмір сүрген, Жәнібек, Ке-
рей хандардың айналасында болған
дейді. Бір кездегі ғұлама ғалымымыз
Ш.Уәлиханов оны көшпенді ноғай –
қазақ ұлысының ұлы философы»
деген еді. Академик М.Әуезов Асан
қайғыны «халық мұңын арман етіп
алысты меңзеген... өзі үшін емес, елі,
жұрты үшін іздеген Асан ел қамқо-
ры» деді.
Қазақ аңыздарында Асан – құтты
қоныс, жақсы жайлау іздеп дүние кез-
ген жиһангер, халқының сол кездегі
хал-ахуалы мен келешегін тебірене
сөз еткен жырау. М.Әуезов айтқандай,
Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан
қайғысы о дүниені, ақырет жайын
ойлағаннан туған қайғы емес, оның
мәні бүкіл қазақ жұртының ортақ
мұңымен байланысып жатыр.
Асан қайғы қазақ қоғамының прог-
ресі үшін барша жұртты бай, кедей
деп бөлмей адамгершілікке баулудың
аса қажет екендігін айтады. Ол адам-
дардың мінез-құлқының жақсаруын
қоғамда қажетті, ең негізгі фактор
деп санайды. Адам бірі мен бірі тату,
бейбіт өмір сүріп, өз мұқтаждарын
толық қанағаттандыру үшін әрекет
етуі тиіс, бұл үшін ол өзінің жеке ба-
сын үнемі жетілдіріп отыруды ойлас-
тыруы қажет. Оның ойынша, адам-
ның мінез-құлқы жақсы болуы үшін
ол айналасындағыларға аяныш біл-
діруі, қамқорлық жасауы тиіс. Адам
әрқашанда әділ, қанағатшыл, кіші-
пейіл, ұстамды болып, басқаларға нұқ-
сан келтірмейтіндей дәрежеде тәр-
биеленсін. Өзіне қажетті игіліктерді
жасау арқылы ғана адамның қолы
бақытқа жетеді, сонда ғана оның ба-
сына бақ қонады. Әрине, Асан қайғы
адамдардың салт-санасы қоғамдық
әлеуметтік зұлымдықтардан туындай-
тынын біршама аңғара алғанымен
олармен күресудің жолдарын қоғам-
ның таптарға бөлінгендігін анық ұға
алмады.
Асан қайғы туралы деректердің бар-
лығында да оны Жәнібек хандығы
тұсында өмір сүрген, сол хандыққа
қараған қазақ елінің жоғын жоқтаған
ойшыл жырау ретінде көрсетеді. Зерт-
теушілердің (Ш.Уәлиханов, Г.Пота-
нин, Қ.Халидов, С.Сейфуллин, С.Мұқа-
нов, Б.Кенжебаев, М.Бяткин, Ә.Мар-
ғұлан, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, М.Фети-
сов, X.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, т.б.)
айтуынша, Асан қайғы толғауларын-
да негізінен мемлекеттік, елдік мәсе-
АСАН
АСАН
53
лелер, қоғамдық ойлар қозғалып, кең
даланың сұлу табиғаты, жер байлы-
ғы, жан-жануары, географиялық жағ-
дайы, тұрмыс-тіршілігі сөз болады.
Асан қайғы толғауларын оқып отыр-
ғанымызда, біз оны көбінде хан ай-
наласынан көреміз («Ай, хан, мен айт-
пасам білмейсің, айтқаныма көн-
бейсің... Өзіңнен басқа хан жоқтай,
өзеуреп неге сөйлейсің»). Бірақ осы-
ған орай, оны ханның шашбауын кө-
терген, сарай жырауы деуге болмайды.
Ол қашан да ханға жағынбай, жарам-
сақтанбай, тура сөйлеген адам сияқ-
ты. Осы жайтты оның толғаулары
жақсы аңғартады. Біздіңше, Асан қай-
ғы барша жұрттың, барлық көшпенді
қазақ халқының мұң-зарын білдіру-
ші, жоқтаушысы. Оның есіміне жал-
ғанған «Қайғы» сөзі халықпен байла-
нысының белгісі іспеттес.
Заман құбылысын, қоғам шындығын,
байлық пен кедейліктің шығу тегін
теңсіздік пен әділетсіздіктің шын
сырын ұға алмағанымен де оның на-
ғыз гуманист ойшыл-жырау екендігі-
не шүбә келтіруге болмайды. Оның
адам түгіл құрт-құмырсқа, жан-жа-
нуарға дейін жаны ашып, аяушылық
білдіруі осы айтқанымызды дәлелдей
түссе керек. («Құйрығы жоқ, жалы
жоқ құлан қайтып күн көрер, аяғы
жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн
көрер?!»).
Жырау толғауларында адам және
оның қасиеттері, өмір сүрудің мақ-
саты, тіршіліктің қызығы іспеттес фи-
лософиялық мәнді тұжырымдар жиі
ұшырайды. Ел үшін еңіреген ерлерді
дұрыс тани алмай, кімнің дос, кімнің
қас екенін ажырата алмайтын кездері-
міз де болады деп тебіренеді жырау
(«Ауылдағы жамандар, ер қадірін не
білсін... Көшсе қона білмеген, қонса
көше білмеген, айтқанына көнбеген,
жұрт қадірін не білсін!»).
Жырау халқымыздың жас ұрпағын
адамгершілік қасиеттерге баулып, олар-
ды кішіпейіл, көпшіл болуға, қара-
пайым да қайырымды болуға, әрі істі
кеңесіп істеуге, асып-саспауға, достың
көңілін қалдырмауға, өтірік айтпау-
ға, қандай жағдайда да адамға адам-
гершілік қасиеттің (кешірімді болу,
ерегіспеуі, ұсақ-түйек нәрсеге бола
босқа қырқыспау т.б.) ауадай қажет
екендігін, мұнсыз өмір сүрудің маз-
мұнсыздығын, сайып келгенде, бар-
ша жұртты бірлікке, татулыққа көп-
шіл болуға шақырып, бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығарған жағ-
дайда ғана ауызбірлігі күшті, кез-кел-
генге жем болмайтын іргелі ел болаты-
нымызды еске салады.
Қай заманда да халқымыз терең ой-
лап, тебірене сөйлеуге ерекше мән
берген. Мұны ұрпақ тәрбиесіндегі не-
гізгі мәселе деп ұққан. Бұған Асан қай-
ғы да ерекше мән берген сияқты. Жы-
рау түсінігінде сөздің де сөзі бар, ай-
тылып сол жерде қалатын сөз бар да,
ауыздан шыға сала ел аузына ілігіп,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп сақталып,
талай ғасырлар жасайтын сөз бар.
Соңғысы мақал-мәтел түрінде кездесе
ме, әлде даналық афоризм түрінде
кездесе ме, немесе тұтас толғау түрін-
де кездесе ме, әйтеуір көзделген ны-
санаға дөп тиіп, жүрекке қозғау салып,
іске түрткі болып, адамды белсенді
тіршілікке меңзейді. Тек шындық пен
әділеттілікті, халықтың мұң-зарын,
арман-тілегін білдіре алса ғана сөз құн-
ды болады. Адамдардың күнделікті
қарым-қатынасына, көңіл күйіне, жан
дүниесіне орайлас сөйлей білу бұл
АСАН
АСАН
54
үлкен өнер деп ой тастайды ақылгөй
жырау.
Асан қайғының қайтпас, қажырлы
қайраты бәрінен бұрын өзінен кейінгі
ұрпақ мүддесіне арналды. Сондықтан
да халқымыз Асан қайғы айтты деген
аталы сөздерді әркез қастерлеп еске
тұтады. Халық даналығының заңды
мирасқоры Асан толғауларының тәр-
биелік мәні зор.
АССИМИЛЯЦИЯ – ұлттың немесе
оның бір бөлігінің басқа ұлттың тілін,
мәдениетін қабылдауы немесе ұлтсыз-
дануы. А. кеңестік ғылыми әдебиетте
табиғи және күшпен ассимиляциялау
деп екіге бөлінді. А-ның қай түрі де
зорлық, өйткені өз еркімен ұлттық
қасиеттерінен айырылуға келісетін
ұлт жоқ; А. бір халықтың басқа ұлт-
тармен тілдерін, мәдениеттерін, ұлт-
тық өзіндік саналарын жоғалтқан-
дарына байланысты еніп, соның нә-
тижесінде ұлттық-психологиялық
ерекшеліктерінің трансформацияла-
нуынан көрініс береді.
АССОЦИАНИзМ – психикалық үр-
дістердің динамикасын ассоциация
принципімен түсіндіретін әлемдік
психологиялық бағыттарының негіз-
гі түрлерінің бірі. Сырттай көрінбей-
тін себептердің негізінде пайда бо-
латын кейіптер (бейнелер) ассоциа-
цияның жемісі деп алғашқы рет Арис-
тотель ассоцианизм постулатын ұсын-
ған. Субъекттің санасындағы фено-
мендер байланысын ассоциация прин-
циптерімен қарастырғандар Дж.Бер-
кли және Д.Юм, ал материалистік ас-
социация жүйесін жасаған Д.Гартли.
Нейрофизиология мен биологияның
жетістіктерін А. түсіндіруде пайдалан-
ғандар Г.Гельмгольц, эмоцияны түсін-
діруде – Ч.Дарвин, бас миының реф-
лексін оқытуда – И.М.Сеченов. ХVIII-
ХІХ ғасырларда психикалық құбы-
лыстарды түсіндіруде жетекші орын-
да болды. XIX ғ. ассоциацияның маңыз-
дылығын және қалыптасу жағдайла-
рын зерттеген Г.Эббингауз, Г.Мюл-
лер т.б. Қазіргі заман психологиясын-
да әртүрлі психикалық үрдістердің
ерекшеліктерін көрсету мақсатымен
ассоциацияларды зерттейді (әсіресе
мағыналық ассоциацияның оқытуда-
ғы рөлін).
АССОЦИАТИВТІ АЙМАҚ – ми
қыртысының ой-түйсік және есте сақ-
тау аймағы. Таламустан келетін аф-
ференттік қозулар тек өздерінің (сен-
сорлық) аймағына ғана барып қоймай,
оның жанындағы (1-5 см) аймағына
да тарайтындығы анықталған. Бұл
аймақтың негізгі қызметі сезім мүше-
лерінен келген қозуды қорытып анық-
тау, ажыратып есте сақтау. Мыс: көру
орталығы сау болғанымен, оның жа-
нындағы ойлау, есте сақтау (ассоциа-
циялық) аймағы бұзылса, адамзатты
көргенімен оның не екенін ажыра-
туы, тануы, салыстырып білуі нашар-
лайды.
АССОЦИАТИВТІК ПСИХОЛО-
ГИЯ – Батыс ғалымдары (Ньютон мен
Локк) ассоциативтік психологияны
механикалық және сенсуалистік көз-
қарастарға негіздей отырып зерттеген
болатын. Ассоциациялық қағидалар-
ды қолданудың өрісін көне замандар-
дағы Үндістан мен ертедегі грек ғұла-
малары да қарастырған. XVIII ғасыр-
дағы ассоциация нағыз детерминис-
тік сипат алып, дене үрдістерінің жиын-
АССИ
АССО
55
тығы атқаратын қызмет аспаппен (мә-
шинемен) істелетін әрекеттер сияқ-
ты болады деген ойға негізделді. А.п. –
психологияның мән-жайын филосо-
фиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ас-
социациялық принциптерге негіздей-
тін бағыттардың жиынтығы.
Психология тарихында ассоциация-
ны жалпы категориялық ұғым деңге-
йінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген –
ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757).
Ол психикалық үрдістердің бәрі ас-
социацияға сүйенеді деп түсіндірді.
Гартлидің «Адамды бақылау» деген
еңбегі (1749 ж.) ассоциацияның ке-
ңінен тарап, өзекті ілім болып қалып-
тасуының бастамасы болды. Бұл ең-
бегінде ол көптеген психикалық үр-
дістерді жүйке жүйесінің толқуымен
ұштастыра баяндап, адамның санасыз
әрекеттерін материалистік тұрғыдан
түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адам-
ның саналы әрекетінің жемісі болып
табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қа-
сиеттерін де анықтады. Оның зерт-
теулері – санасыз әрекеттің сырын
түсіндіретін алғашқы материалистік
тұжырым. ХVІІ-ХІХ ғасырлар ара-
лығында рефлекторлық теорияға не-
гізделген ассоциациялық бұрынғы
тұжырым материалистік тұрғыдан
нығая түсті, оның субстраты мен іш-
кі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун
(1778-1820), Джемс Милль (1778-1830),
Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерт-
теушілер қолдады.
Олардың көзқарастары бойынша,
біріншіден, психика түйсік пен қара-
пайым сезім түрлерінен тұрады; екін-
шіден, ассоциация бойынша – бөл-
шектер алғашқы да, ал күрделі пси-
хикалық құрылымдар – елес, ой, се-
зім екінші деп саналады; үшіншіден,
ассоциациялар осы екі топтағы пси-
хикалық үрдістер арқылы құрылады;
төртіншіден, ассоциациялар күнде-
лікті тәжірибе арқылы санада жиі
қайталанып отыру нәтижесінде бекіді.
Ассоциациялардың жасалу барысы
биология мен жүйке физиологиясын
зерттеу нәтижелерімен анықталады.
Г.Гельмгольц (1821-1849) ассоциа-
цияның жасалуын сезім мүшелерінің
қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассо-
циацияны эмоция арқылы түсіндірді.
Орыс физиологі И.М.Сеченов (1829-
1905) ассоциацияның физиологиялық
негізін бас миы рефлексінің қызметімен
ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спен-
сер (1820-1903) оны психиканың фи-
логенездік дамуымен ұштастырып,
жалпы психика дамуы мінез-құлық-
тың өзгеруіне бейімделеді деді. ХІХ ғ.
80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-
1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді
басқа да психологтардың еңбектерін-
де ассоциацияның жасалу жолдары
түрліше түсіндіріліп, бұл тұжырым
одан әрі дамытылды.
Психологияның XIX ғасырдың орта
кезіне дейінгі дамуында бұл ғылым-
ның дербестік сипаты айқындалып,
оны зерттеушілер табиғи ғылыми не-
гізге жүгінді, физиологиялық зерттеу
әдістерін қолданып, биологиялық үлгі-
ге иек артты. А.п. негізінен, Англия-
да өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алды-
на дербес бағыт ретінде қалыптасты.
Бұл бағыттың материалистік те, идеа-
листік те ағымдары болды. Мате-
риалистік ағым психологиялық құбы-
лыстарды зерттеуге детерминизм прин-
ципін ендіруді көздеді. Ал XX ға-
сырда А.п. механикалық бағытты ұс-
танған бихевиоризммен ұштасты.
Психологиялық мағынасы белгілі
АССО
АССО
56
жағдайда екі не бірнеше психикалық
құрылымдардың өзара байланысты-
лығын білдіреді.
АССОЦИАЦИЯ (лат. associatio –
қаз. қосылыс) – 1) неғұрлым жалпы
мағынада – екі (одан да көп) элемент-
тердің арасындағы анықталған кез
келген функциялық байланыс; 2) би-
хевиоризмдегі үйрену теориясында
стимулдар (S) мен реакциялар (R)
арасындағы байланыстар немесе бірі-
гу. Бихевиористер сол байланыстың
табиғатын ұғуға тырысты; 3) қайсыбір
стимул немесе оқиға әсерінен алын-
ған нақты психологиялық тәжірибе:
мысалы, «ауыл» деген сөзді естіген-
де, бірнеше ассоциация пайда болады;
4) статистикада – бір айнымалыдағы
өзгеріс дәрежесінің екінші айныма-
лыдағы өзгерістерге байланысты бо-
луы; 5) психологияда – сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуі-
нен туатын адамның психикалық про-
цестері мен қимыл-әрекеттерінің бай-
ланысы.
А. адамның бұрынғы тәжірибесі не-
гізінде пайда болып, заттар мен құбы-
лыстардың кеңістіктік-уақыттық қа-
тынастары (кеңістік пен уақыт ішінде-
гі іргелестік ассоциациясы, мысалы,
көктем мен жасыл шөптің шығуы)
олардың ұқсастығын (ұқсастық ас-
социациясы, мыс., жапырақ сыбдыры
мен сыбырласу) немесе қарама-қар-
сылығын (күн мен түн, кәрілік пен
жастық) бейнелеуі мүмкін. Объектілер
арасындағы анағұрлым күрделі, мы-
салы, себептер мен салдар арасында-
ғы байланысты білдіретін ассоциа-
ция болады. Физиологиялық тұрғыдан
қарағанда, А. екі немесе бірнеше ті-
тіркендіргіштің бір мезгілде немесе
бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын
уақытша процесінде үлкен орын алады.
Білім алу – адамның бұрынғы тәжіри-
бесі мен жаңадан игерген түсініктері,
ұғымдары арасындағы байланыс (ас-
социация) жасау процесі екені мәлім;
6) бір психикалық құбылыстың (қабыл-
дау, елестету) жаңғыруы екіншісінің
пайда болуын ілестіретін олардың ара-
сындағы байланыс.
А. туралы ұғым ежелгі дүниенің фи-
лософиялық ілімдерінде қалыптасқан.
Психологиялық ой А. фактісін жай
ғана баяндап қоюдан (мыс., затты қа-
былдау оның иесінің бейнесін туды-
рады) оны организм ішіндегі про-
цестермен түсіндіруге көшті. Бұл – А.
ұғымына детерминистік (лат. determi-
nare – психикалық құбылыстардың
өздерін тудыратын факторларға заң-
ды әрі қажетті тәуелділігі) мағына бе-
реді: санада бейненің, әдетте, оған
шақыртқы болатын сыртқы тітіркен-
діргішсіз пайда болуы – денелік
процестердің өткендегі тәжірибеде
бекіген байланысының есебіне жат-
қызылды; бұл процестер, Аристотель-
дің айтуынша, олардың араластығы,
ұқсастығы немесе кереғарлығы (кон-
траст) себепті жақындаса түсіп, берік
бірлестіктер түзуі мүмкін.
Жанда үйлестік мүшелерінің бірі пай-
да болғанда, ол «автоматты түрде»
организмде жасырынған басқалары-
на шақыртқы болады. «Идеялар ас-
социациясы» терминін, ассоциацияны
ақыл-ойға негізделген байланыстар-
ға қарсы қойған, Дж.Локк енгізді. А.
туралы ұғым ХVIII-ХІХ ғасырлар-
дың философиялық жүйелері үшін бас-
ты ұғым болды. А-ның физиология-
лық негізі – шартты рефлекстер.
Достарыңызбен бөлісу: |