Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет18/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90

БИХЕ

БИХЕ

119

ғы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біт- 

кен  қасиеттердің  мәні  жоққа  шыға- 

рылған жоқ, сонымен қатар жеке тұл- 

ғаның өзінің сенімі, ұстанымы және 

қатынастары жоққа шығарылды. 30- 

жылдардың өзінде бихевиоризм идея- 

сының  өміршеңдігі,  оның  мәнділігі 

бірте-бірте шайқала бастады. Амери- 

када  кезекті  экономикалық  тоқырау 

басталды, жаппай жұмыссыздық, ха- 

лықтың жағдайы одан әрі нашарлай 

түсті.

Көрнекті  америка  психологі  Роберт 



Вудвортс  функционалдық  психоло- 

гияның  негізін  салушылардың  бірі 

(1869-1962)  болды.  Ол  бихевиорис- 

тердің  ұсынған  «стимул  –  реакция» 

үлгісін жоққа шығарып, оның құра- 

мына  аралық  буын  –  ағза  мен  ұста- 

нымды  енгізді,  түрткі  туралы  ілім- 

ді талдады. Сонымен, Б. қатты сынға 

алынып,  мінез-құлық  психология- 

сының реформасы басталды. Ол ре- 

форманы Эвард Толмен жене Кларк 

Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал 

жаңа  бағыт  «необихевиоризм»  деп 

аталды. Олардың айтуынша, психоло- 

гиядан  дәстүрлі  ұғымдарды:  образ, 

түрткі және т.б. шығарып тастау мүм- 

кін  емес,  олар  реакция  мен  стимул- 

дың арасында тұрады деді. Сонымен 

Б. барлық өз тарихының барысында 

психологияны  мінез-құлық  ағзасы 

туралы жаратылыстану ғылымына ай- 

налдыру  ұранымен  шұғылданды. 

Б.  және  необихевиоризмнің  барлық 

нұсқаларының  негізгі  кемшілігі  – 

олардың  әдіснамалық  негізі  позити- 

визм және адам механикалық фило- 

софиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, 

осы екі әдіснамалық ұстаным негіз- 

сіз болды.

БИЯзЫЛЫҚ  –  адамның  сыртқы 

ортамен байланыс жасайтын қарым- 

қатынастарының  ішіндегі  сыпайы- 

гершілік,  әдептілік  жиынтығы.  Жа- 

ғымды мінез бітістерінің бір сипаты. 

Әлеуметте белгілі нормалар мен адам- 

гершілік  принциптерін  орындауға 

бейімділік.  Б.  адамға  қажет  қасиет, 

сезімталдық мөлшерінің негізгі бел- 

гілерінің бірі. Ұлы ақын Абай «Жү- 

ректен қозғайтын, әдептен озбайтын» 

деп,  биязылықтың  нормасын  сақ- 

тауды  адамдық  парыз  санаған.  Б.  – 

мәдениеттіліктің  белгісі.  Игі  әдет, 

оның  әдет-ғұрыпқа  айналуы  бия- 

зылықты  қалыптастырады.  Б.  әлеу- 

меттік ортаның талабына бейімделу- 

ге жетелейтін тұлғаның қасиеті.



БЛОНСКИЙ ПАВЕЛ ПЕТРОВИЧ 

(1884-1941)  –  орыс  психологі.  Жал- 

пы және педагогикалық психология- 

ның  көрнекті  өкілі.  Психологияның 

негізгі мақсаты мінез-құлықты зерт- 

теу деп, оның бихевиоризмнен айыр- 

машылығы кісінің әлеуметтік жағына 

мән беріп, «саналы мінез-құлық» деп 

түсінген.  Еңбектері:  «Ғылыми  пси- 

хологияның  очерктері»  (1921),  «Ес 

және  ойлау»  (1935),  «Оқушы  ойла- 

уының дамуы» (1937) т.б.

БОзБАЛА  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

жас мөлшері жігіттік пен жасөспірім- 

дік  шақтың  аралығынан  табылатын 

15-17-дегі, кейбірі әлде де мектепте 

оқитын, енді біреулері түрлі қызмет- 

те жүрген бозбала балаң жастағылар- 

дың осы кездері бойлары өсіп, салма- 

ғы  артып,  кескін-келбеті  де  ересек 

адамға  жақындайды,  жан  қуаттары 

мен  дене  күшінің  (бұлшық  еттері, 



БИЯз

БОзБ

120

қаңқасы)  мүмкіндіктері  арта  түседі. 

Жас  адамның  жыныстық  жағынан 

жетіліп,  өзінің  ішкі  жан  дүниесіне 

ерекше  үңіле  түсуі,  құрбы-құрдас, 

жора-жолдастарымен қарым-қатынас 

жасауға аса ынталы болуы, бойымен 

қатар  ақыл-ойының  да  біршама  то- 

лысуы осы жастағыларға тән негізгі 

психологиялық құрылымдар. Жастық 

шақ  –  адам  өмірінің  көктемі.  Бұл 

жайлы халқымыз жеріне жеткізе айт- 

қан. Мәселен, «Ақыл – жастан», «Жас- 

тық  –  жалын»,  «Болымдының  бала- 

сы  он  бесінде  баспын  дер»,  «Жігіт 

болсаң  шоқ  бол,  шоқ  болмасаң  жоқ 

бол»  секілді  қатты  сөздер  боз  бала- 

лық шақ – адамның ақыл-ойы қауырт 

өсетін,  қажырлы  іс-әрекетке,  қимыл 

қозғалысқа  аса  құштар,  албырт,  ро- 

мантикалық  кез  екенін  өте  дәл  бей- 

нелейді.


Жастық шақтың басты белгісі – адам- 

ның жаны мен тәнінің сапалық, сан- 

дық  жағынан  да  үлкен  өзгерістерге 

түсуінде.  Осы  жаста  адамның  қо- 

ғамдық  белсенділігі  артады,  сана-

сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала, 

молая түседі. Ол өзі өмір сүретін ор- 

тадан тиісті орнын алуға тырысады, 

қоршаған  ортаға  сын  көзбен  қарай 

бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі 

бағалауға талпыну, рухани өмірге қы- 

зығу,  имандылық  пен  адамгершілік 

идеялары  оянып,  кемелдене  бастай- 

ды. Халық даналығы жастарға қызы- 

ғы  мол,  қайтып  оралмайтын,  кейін 

іздесең де табылмайтын адам өмірін- 

дегі осынау қызықты кезеңді бос өт- 

кізсең – оның орнын еш уақытта да 

толтыра  алмайсың  дей  келіп,  –  бұл 

кезде  ғылым-білімді,  өнердің  сан 

алуан  түрлерін  меңгеруге  адамның 

мүмкіндігі  мол  болатынын,  сол  се- 

бепті  оған  көп  оқып,  үлкендерден 

тағылым алып, үйрене, біле берудің 

керектігін  әдейілеп  ескертеді,  олар- 

дың  еңбексүйгіш,  көпшіл,  белсенді, 

өнегелі азамат болуын аңсайды.

Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер 

де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы 

болсын»,  «Менмендік  –  жігіттің  со- 

ры», «Өзім білем деген жігіттің – ба- 

сына ойран салғаны, көп біледі деген 

жігіттің  –  басына  қорған  салғаны», 

«Селтеңдеген жігіттің серкесінің со- 

ры», «Жасында көргені жоқ, өскенде 

айтары  жоқ»,  «Жас  күніңде  еңбек 

қылсаң, есейгенше жетілерсің», «Жас- 

тың жұмыссыз жүргені – сөкет», – де- 

ген мақал-мәтелдер – бозбалаға, жас 

жігітке тікелей айтылған ақыл-кеңес- 

тің  бір  тобы.  Балғын  жастық  шақ  – 

тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де 

пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен 

бәрін  де  елжірей  қабылдай  беретін, 

өзіндік ерекшелігімен көрінетін қай- 

таланбас  тәтті  дәурен.  Осы  жаста- 

ғылардың арманы да, мақсаты да көп.

Бұл  оған  зор  түрткі  болып,  ылғи  да 

мазасын алып, тыным таптырмайды. 

Кім  болам?  Не  үшін  бұл  дүниеге 

келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа 

қалайша  пайдамды  тигізем?  Өзімді 

қоршаған дүниенің сыры неде? Оның 

жақсылығы мен жаманшылығы қоса 

жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру 

үшін қандай мінез керек, оны қалай 

тәрбиелеуге болады? Бозбала шақтың 

аса бір жан сұлулығы – оның өзіндік 

романтикасы, әсіресе болашаққа де- 

ген таудай талабы мен үлкен үмітін- 

де. Он бесте тартып міндім аттың 

жалын, Сол кезде айтқан сөзім – от 

пен жалын, Бүркіттей тасқа түскен 

талап етіп, Сонымен біраз жүрдім 

ұзын сарын...  Балғын жастың осын- 

БОзБ

БОзБ


121

дай психологиясын кезінде Шал ақын 

осылайша  сипаттаса,  кейіннен  ой- 

шыл ақынымыз С.Торайғыров «Адас- 

қан өмірде» төмендегіше көрсеткен: 

Бұл  жаста  көп:  бересі-аласы  да, 

Алдымда  толған  мақсат,  толған 

таңдау, Алайын мынасын ба, анасын 

ба?..  Әр  үміттің  қиялы  сәулеленіп,  

Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...

Күн  сайын  тұрады  артып  қайрат-

күшім.  Асығыс  жоқ,  мен  әлі  жетем 

деймін, «Дәл бүгін жетпедім деу бе- 

кер»,  –  деймін.  Ірі  мақсат  болмаса 

ұсақ іске, Неге мен алданамын уақыт 

бөліп?!  «Жастық  адамға  бір-ақ  рет 

беріледі, – деп жазды Б.Г.Белинский, – 

мұның басқа жас кезеңдерінен ерек- 

шелігі – барлық әдемілік атаулы мен 

асқаралы  мұратқа  біртабан  жақын- 

дығы».

Бозбаланы ойлантып, тебірентпейтін 



нәрсе жоқ. Олар: әр түрлі адамдардың 

мінез-құлқы  мен  дүниетанымы,  кө- 

ңіл күйлері, адамгершілік жайлы тол- 

ғаныстары, жұртшылық пен жеке бас 

мүддесінің  ара  салмағы,  бақыт  пен 

борыш, қарыз бен парыз, достық пен 

махаббат,  басқа  жыныс  өкілдерінің 

сырларын танып-білуге құмарту, ма- 

хаббатқа аңсары ауу, т.б. Бозбала өзін 

еңбек пен оқу үстінде жасөспірімдер- 

ден гөрі айқын танытады, істе азамат- 

тық ар-намысымен қимылдайды. Оның 

әртүрлі  іс-әрекетінен  жеке  басының 

бағыт-бағдары,  инициативасы  мен 

іскерлігі, қоғамдық белсенділігі, ерік- 

жігер, қажыр-қайраты қалайша қалып- 

тасып келе жатқанын байқауға бола- 

ды. Бұлардың көпшілігі өзінің ұжым- 

дағы, қоғамдағы орнын жақсы түсіне- 

ді, досы мен дұшпанын ажырата ала- 

ды,  көкейтесті  арманы  мен  талғам- 

паздық сезімдері өрістейді.

Осы кезеңдегі еңбек пен оқудың ой- 

дағыдай  ұштасуы  олардың  күрделі 

жан қуаттарының (ойлау, сезім, қайрат, 

т.б.) дамуына қолайлы әсер етеді. Мә- 

селен,  олар  оқып-танып  меңгеретін 

қоғамдық  және  жаратылыстық  пән- 

дер  (алгебра,  физика,  химия,  қоғам 

тану, т.б.) бұлардың абстракті логика- 

лық  ойлауын  дамытуға  жағдай  жа- 

саса, оқу-өндірістік комбинаттарын- 

да тәжірибеден өту – еңбек дағдыла- 

рын, шеберлік пен ептілік икемдікте- 

рін  жетілдіруге  жәрдемдесетіні  сөз- 

сіз.  Бозбаланың  интелектісі  (қабыл- 

дау,  ес,  қиял,  т.б.)  шарықтап,  дами 

түсетіндіктен,  олардың  қабылдауы 

да жүйелене, күрделене түседі. Естің 

логикалык, мағыналы жағы, әдейілеп 

еске  түсіру,  қайта  жаңғырту  форма- 

лары жаңа мазмұнға ие бола бастай- 

ды, ойлау қабілеті белсенді, орамды, 

терең,  дербес  болып  келеді.  Олар 

жұрттың  айтқанын  таразыға  салып, 

сын көзімен қарап, бұларды пайым- 

дай салыстырып, содан кейін ғана тиіс- 

ті қорытындыға келуге тырысады.

Шығармашылықтық  ойлау,  яғни  ай- 

наланы  жәй  ғана  аңғарып  қоймай, 

өткендегіні де танып-білуге құмарту, 

болашаққа  көз  жүгірту,  заттың  ішкі 

мәнін,  сыр-сипатын,  жалпы  заңды- 

лықтарын  тұжырымдау  –  осы  жас- 

тағылардың ойлауына тән басты ерек- 

шелік.  Балаң  жастағылардың  дүние 

танымы  мен  сенімін  қалыптастыру 

ісіне әлде де болса тәлімгерлер тара- 

пынан  жолбасшылық  қажет.  Өйт- 

кені, оқу мен тәрбиенің, теория мен 

практиканың, интеллект пен сезімнің, 

жігер мен мінездің, сенім мен талғам- 

ның қалыптасып, шыңдалуы аса күр- 

делі  құбылыс.  Жайсаң  мінез,  нақты 

дүниетаным мен берік сенім жоқ жер- 

БОзБ

БОзБ


122

де нағыз имандылық пен адамгерші- 

лік, жайсаң жан сұлулығы қалыптаса 

қоймайды.  Жасыратыны  жоқ,  кей 

жерлерде дүниетаным мен сенімді қа- 

лыптастыру  ісіне  жекелеген  ересек 

адамдар жүрдім-бардым қарайды, олар 

әр  жастың  белсенді  өмірлік  бағыт-

бағдарын,  өзіндік  көзқарасын,  яғни 

оларды  терең  толғандырып  жүрген 

небір  шытырман  психологиялық  те- 

біреністерді, осы кезеңде кездесетін 

кейбір мінез қайшылықтарын, бұдан 

туындайтын  дискомфортты  елеп-ес- 

керіп жатпайды да, жас ұланға бері- 

летін  ақыл-кеңестер  көбінесе  жал- 

пылама,  үстіртін  болып  келеді.  Тә- 

лімгерлердің  іс  жоспарларында  әр 

бозбаламен  дербес  жүргізілетін  жұ- 

мыстар ойластырылса ләзім.

Бұл  жердегі  негізгі  түйін  –  ата-ана 

мен  тәлімгер  қауым  балаң  жастың 

жан дүниесіне толық бойлап, олардың 

толғаныс-тебіреністерін, мақсат-мүд- 

делері  мен  талап-талпыныстарын 

барынша дұрыс түсіне біліп, дер ке- 

зінде қол ұшын беруі, оларға әр кез 

аса  сезімталдықпен,  байсалдылық- 

пен, сергектікпен қарауы тиіс.

БОЙЖЕТКЕН  ПСИХОЛОГИЯ- 

СЫ – қазақ ұғымында 15-16-ға кел- 

ген бойжеткен ақыл-есі, дене бітімі, 

келбет-кескіні кемелденген, отау құ- 

руға жарап қалған қыз бала. Қай ха- 

лықта  болмасын  қыз  әдемілік  пен 

әдептіліктің,  сұлулықтың  баламасы 

іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, 

әдепті жігітті де «қыз мінезді жігіт екен» 

деп тегін айтпаған. Халық аузындағы 

«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың 

тіккен  кестесіндей»  деген  тіркестер 

бойжеткенге  тән  психологияны  (нә- 

зіктік пен байсалдылықты, шеберлік 

пен ұқыптылықты, сұлулық пен сым- 

баттылықты,  т.б.)  аңғартып  тұрған 

жоқ па? Кез-келген қазақ отбасы осы- 

нау  ерекшелікті  жақсы  түсіне  біліп, 

бойжеткен қызын алақанына салып, 

әлпештеумен бірге, оны ылғи да жі- 

бектей  мінезімен,  уыздай  тәтті  қы- 

лығымен, әдеп-ізеттілігімен, иман-ина- 

баттылығымен, күміс күлкісімен көр- 

гісі  келген.  Оларды  кішкентай  кезі- 

нен көздің қарашығындай сақтап әл- 

пештеп, мәпелеп, жаны мен арының 

таза, мінезінің өнегелі болуын қада- 

ғалап отырған, сонымен бірге «қызға 

қырық үйден тыйым» салу керектігін 

де ұмытпаған.

Сұлулық пен сымбаттылықты, шебер- 

лік пен нәзіктікті қажетсінетін үй іші- 

лік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу, 

т.б.), көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді 

түрлі  өнерге  баулуды  –  бойжеткен 

тәрбиесінің басты міндеті деп білген. 

Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесін- 

де ереже ұсынбайды, тек бағдар бере- 

ді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жо- 

сығын  нұсқайды.  Ол  негізінен  қыз- 

дың мінезі мен құлқына кіріге өтілген 

адал мен арам, обал мен сауап деген 

төрт ұғым төңірегінде топтасады. Адам 



үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ 

түсінік те – жанмен сезіну, ойлану, 

толғану,  әсерлену,  әрекеттену.  Мұ- 

ның алғы шартты – бақылай білу, кө- 

ре білу, кісінің ішкі сырын танып, ұғы- 

ну арқылы өзін-өзі түсініп, иманды- 

лық пен өнегені бойына сіңіріп, ша- 

ма-шарқына қарай оны жүзеге асыра 

білу. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі от- 

басы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, 

аяулы ана, ардақты, ақылман әже.

Олай болса, халық танымындағы бой- 

жеткенге қажетті сипат – имандылық, 

инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, іс- 



БОЙЖ

БОЙЖ

123

мерлік, биязылық, мейірімділік әр бой- 

жеткеннің  асыл  мұраты  болса  игі. 

Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір 

ерекшелік – тәлімдік ақыл-кеңесті жас 

ұрпақ  санасына,  әсіресе  қыз  балаға 

тұспалдап, астарлай жеткізу. Бұл салт 

ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін 

сақталған.  Мәселен,  «Келінім  саған 

айтам,  қызым  сен  тыңда»  деген  бір 

ауыз сөздің өзінде-ақ тәрбиелік талап-

тілектерді бірден бетке айта салмай, 

көбінде оларды жанамалап жеткізге- 

нін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңес- 

ті  көп  жағдайда  қыздың  анасы,  не 

сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұ- 

лар  –  бірде  талап-тілек,  бірде  ойла- 

нып-толғануға  негіз  болатын  зілсіз 

ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің 

мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайық- 

ты  «жақсы  сөз  –  жарым  ырыс»  де- 

гендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлақ- 

қа сіңетін. Қыз бала жастайынан үй 

ішілік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу, 

ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату, 

шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас 

әзірлеу, үй ішін күту, т.б. осы іспеттес 

істерге)  машықтанып,  баулынған. 

Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ 

елінің қайсыбір аймақтарына тән же- 

ке  ерекшеліктері  мен  өзгешелікте- 

ріне қарамастан, қыздарды адамгер- 

шілік  мінез-құлыққа  тәрбиелеудегі 

халықтың дәстүрі ортақ еді. Қыз тәр- 

биесінде халқымыз күш көрсету, қор- 

қыту  тәсілдерінен  бойды  аулақ  ұс- 

тап, оларды мәпелеу, иландыру, сен- 

діру әдістері арқылы үлгі-өнеге көр- 

сетуге ерекше мән берген. Қыз бала 

14-15  жасқа  жетісімен-ақ  бой  түзей 

бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сән- 

ді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, ай- 

наласындағыларға  әдемі,  сымбатты 

көрінуге тырысады.

Әсіресе,  шаш  күтімі,  бет,  тіс  күті- 

мі сияқты кісіге ажар беретін косме- 

тикалық  –  гигиеналық  атрибуттарға 

ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  жерде 

ұлы  Абайдың  «Білектей  арқасында 

өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып 

жүрсе ақырын, кәмшат бөрік, ақ та- 

мақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе 

ең мұндай түрін» деген бейнелі суре- 

ті  қазіргі  бойжеткендерімізге  де  ар- 

нап  айтылғандай.  Расында  да,  қыз 

баланың көркі алдымен білектей ар- 

қасына өрген бұрым, яғни шаш күті- 

міне байланысты болатыны хақ. Бой- 

жеткеннің өңіне шашының қалыңды- 

ғы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы 

қандай  жарасымды  десеңізші!  Заң- 

ғар жазушымыз М.Әуезов «Абай» ро- 

манында  бейнелеген  қазақ  бойжет- 

кендерінің келбет-көркі мен сымбаты- 

на  еріксіз  тамсанамыз  емес  пе?  Сү- 

йіндіктің қызы Тоғжан өз үйіне өзгеше 

көктем нұрын кіргізген жан. Мұхтарша 

айтсақ,  Тоғжанның  жүзі  мағыналы 

нұрға малынып тұрғандай. Оның сыл- 

дыраған шолпысы, құлағындағы әше- 

кей сырғасы, басындағы кәмшат бөркі, 

білек толған білезіктері, аппақ жүзі, 

қыр мұрны мен қарақаттай көзі, жаңа 

туған  айдай  қиылған  жіп-жіңішке 

қасын  ұлы  жазушы «Тоғжан көрініп 

кеткенде  сұлу  ай  жарқ  етіп,  қайта 

батқандай  болды»,  –  деп  суреттейді 

емес  пе.  Қыз  баланың  талғаммен 

киінуінің бір сыры – өз тұрқының кей- 

бір табиғи кемістігін жасырып, жақ- 

сы  жағының  бәрін  айқын  көрсете 

алатындай, яғни сән үлгісін өзіне бе- 

йімдей ала білуінде; ішкі, рухани мә- 

дениеті  төмен  адамның  дұрыс  тал- 

ғаммен әдемі киіне алуы да екіталай. 

Жас  адамның,  әсіресе  қыз  баланың 

бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, 

БОЙЖ

БОЙЖ


124

сөз саптауы, жұртпен қарым-қатына- 

сы, т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс.

Тәрбие ғылымының тарланы А.С.Ма- 

каренко  дұрыс  жүру,  тұру  әдепті 

бола білу ұсақ-түйек емес деп тегін 

айтпаған.  Жақсы  мінезге  қыз  бала 

жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қо- 

нымды  болмақ.  Мінез-құлық  тәлімі 

туралы  жазылған,  жақсы  ақыл-ке- 

ңестер  беретін  кітаптар  да  аз  емес. 

Мүмкіндігінше, соларды тауып оқу –  

әр  бойжеткеннің  парызы  болмақ. 

Алайда, әдемі қылық пен жақсы тә- 

лім жайлы қаншама кітап оқып шық- 

қанмен  ешкім  өз-өзінен  әдепті  де, 

жақсы мінезді бола алмайтыны белгі- 

лі. Бұл арада есейіп, ер жеткенге де- 

йін ата-ана тәрбиесі елеулі орын ал- 

са, ес кіріп, ой мен бой толысқан кез- 

де  адамның  өзін-өзі  ұдайы  тәрбие- 

леуі,  ауыздықтай  тежеп  отыруы  аса 

маңызды. Сондықтан да, Сұлтанмах- 

мұт Торайғыров «Жақсылық көрсем – 

өзімнен,  жамандық  көрсем  –  өзім- 

нен, «тағдыр қылды» деулерді – шы- 

ғарамын  сөзімнен»,  –  деп  тебіренді 

емес пе? Балаң жаста алғашқы махаб- 

бат оянады. Бұл рухани талаптан, асыл 

арман мен мұраттан туған асқақ сезім. 

Әдетте  бойжеткен  мен  бозбаланың 

бір-біріне  деген  ыстық  ықыласы  бі- 

рігіп, сабаққа дайындалудан, киноға, 

сауық кешке, сырғанаққа бірге бару- 

дан,  оңаша  жерде  бір-бірімен  сыр- 

ласудан, оқыған кітаптары, адамдар- 

дың жақсы, жаманды қасиеттері жай- 

лы пікір алысуы арқылы өрбиді. Ма- 

хаббатпен  әрленген  рухани  қарым-

қатынас балаң жастың жанын бақыт-

нұрға толтырып, шат-шадыман күй- 

ге бөлеп, биік мақсат-мұратқа жете- 

лейді.

«Махаббаттың  мың  түрлі  құпиясы 



бар,  жүрек  оны  жан  шыққанша  жа- 

сырар» дегендей, жас адамның осын- 

дай нәзік жан-күйін түсіне білген үл- 

кендер (әке-шеше, аға-жеңге, т.б.) олар- 

дың  арына  тиіп,  өздерінен  алыста- 

тып алмай, қайта ақылын айтып, ту- 

ра  жолға  бағыттап  отыруы  –  үлкен 

адамгершіліктің белгісі болмақ. Қыз 

абыройы – болашақ отбасының, бо- 

сағаның беріктігіне қатысты мәселе. 

Қазақ  халқы  «Қыздың  жолы  жіңіш- 

ке»  деп,  қыздың  жаза  баспауын  қа- 

таң  қадағалап  отырған.  Әрине,  бой- 

жеткен  абыройы  оның  ақыл-пара- 

сатына, инабаттылығына, іске бейім- 

ділігіне,  өнерпаздығына,  білімдар- 

лығына, сезім дүниесі жайлы ой-өре- 

сінің  тереңдігіне  байланысты  екені 

хақ.  Сондықтан  да  әрбір  ата-ана  өз 

қыздарының  абыройлы  болуына 

ерекше мән беріп, қадағалайды. Әсі- 

ресе  қыз  анасына  көп  нәрсе  байла- 

нысты. Ал, анасын ардақтай білмеген 

қыз  өз  абыройын  да  сақтай  білмей- 

ді.  Өз  намысын  қорғаған  қыз  ожар, 

есер жігітке кіріптар болмайды, қай- 

та есті жігітке ес қосады.

Қыз  абыройлы  болу  үшін  оның  мі- 

нез-құлқы ибалы, инабатты болуы ке- 

рек.  «Қыз  қылығымен  жағады»  де- 

ген  мақал  содан  қалған.  Халық  тал 

шыбықтай бұралып, өсіп келе жатқан 

балаң  қыздың  алдына  келешекте 

кездесетін өмірлік міндеттер қойып, 

оларды  орындап  отыруды  да  қыз 

абыройы  деп  есептеген.  Сөйтіп,  қа- 

зақ ұғымында, жоғарыда айтып кет- 

кеніміздей, бойжеткен парызы – ізет- 

тілік  пен  биязылық,  жарасты  киіну, 

әжесі  мен  атасын,  шеше  мен  әкені 

барынша  қадір  тұтып,  сый-құрмет 

БОЙЖ

БОЙЖ


125

көрсету, қабақ шытпай жүріп – тұру, 

үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, өсек-

аяңға жоламау, орынсыз дөрекі сөй- 

леп, шайпау болмау, ұрпақ тәрбиесі- 

нен хабардар болу, ұлттық салт-дәс- 

түрді құрмет тұту, ана тілін ардақтау, 

жеңгесімен  жанындай  дос  болу,  үй 

шаруасына  араласу  (қой,  сиыр  сауа 

білу, арқан есіп, жіп иіріп, кілем то- 

қып, кесте тіге білу, ас-суды әзірлей 

алу, т.б.), яғни үй шаруасына қажет- 

ті  дағды  икемділіктерді  жетік  мең- 

герген  бесаспап  жан  болып  қалып- 

тасу. Сондықтан да әрбір ата-ана үй- 

де де, түзде де, қаршадайынан осы- 

нау  қасиеттерді  қыз  баланың  бойы- 

на дарытып отырулары қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет