БАСТ
БАСТ
112
Мұндай әдіс затты жан-жақты танып
білуге мүмкіндік береді, оқушылар-
ды байқағыштыққа үйретеді.
Мектепке келгесін бала зейіні де
қауырт дами түседі. Алғашқыда оның
зейіні шашыранды болады. Ол бір
нәрсеге жөндеп зейінін тұрақтата ал-
майды, оның көңілі әрнеге оп-оңай
ауып кете береді. Сондықтан да, оқы-
ту бұл кезде тікелей қызығуға сүйе-
ніледі. Мәселен, мұғалім әріптен буын,
буыннан сөз, сөзден сөйлем құрай-
ды, әріптердің орнын алмастырып, одан
түрлі мағыналы сөздер тудырады. Бұл
баланы қызықтырып, өзіне тартады.
Бірақ сабақты үнемі осылай өткізу оқу
әрекетіне аса қажетті ырықты зейінді
дамытуға жағдай туғызбайды. Оқу –
күрделі әрекет. Сондықтан оған әдейі
күш жұмсап, ұйымдасып кіріспесе
болмайды.
Баланың ырықты зейінін дамыту
түрлі жолдармен жүргізіледі. Көрнекі
құралдарды дұрыс пайдалана білу –
осындай тәсілдердің бастысы. Мәсе-
лен, бірінші сынып оқушыларын са-
наттырып үйретуде таяқшалар пайда-
ланылады. Таяқша-тапсырманы орын-
дауда бала психикасына әсер ететін
көрнекі тірек. Заттың нақты бейне-
сіне сүйену – осы жастағы бала пси-
хикасының басты ерекшелігі. Са-
бақты ылғи көрнекілікке негізде-
уге де болмайды, сондықтан сөзбен
көрнекілік ұштасып келгені дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары оқыға-
нын, көрген-білгенін есте жақсы сақ-
тай алады. Олар көбінесе ашық бояу-
лы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәр-
селерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті
(әсіресе, ойынға байланысты) нәрсе-
лерді есіне сақтауға тырысады. Бі-
рінші, екінші сыныпта оқушылар әде-
йілеп есте қалдырудың жолын біл-
мегендіктен, олар материалды түгел-
дей жаттап алады. Мұндай жаттап
алушылық – оқу тәсілін білмегендік-
тен, нені қалайша есте қалдыру қа-
жетін сезінбегендіктен туындайтын
қасиет. Егер мұғалім, есте қалдыру
мен қайта жаңғыртудың арнаулы әдіс-
терін балаға үйретіп, бұлардың нә-
тижесін үнемі тексеріп отырмаса,
бала жалаң жаттауға әдеттеніп ке-
теді. Мұндайда бала материалдың іш-
кі мәнісін түсінбей, тек қарасын біл-
геніне мәз болып жүре береді. Мате-
риалды мағынасына қарай есте қал-
дыруға дағдыланбаған баланың ке-
йін жоғары сыныпқа барғанда күрде-
лі материалды ұғынуға шамасы кел-
мейтін болады.
Жеті-сегіз жасар баланың, ойлау қа-
білетінің де шеңбері тар. Оның ай-
наласын қоршаған дүние (үй, көше,
мектеп) шағын, тәжірибесі аз. Сон-
дықтан бала алыстан орағытып ой-
лай алмайды. Баланы ойлатып үйрету
үшін төңірегін тереңірек білуге жағ-
дай туғызу қажет. Ол әр нәрсенің ат-
қаратын қызметін, не тұрған орнын
(«балтамен ағаш жарады», «отын са-
райда тұрады») ғана білмесін, өзіне
таныс нәрселерді суреттеп, салысты-
рып айтып беретін болсын. Өйткені
ойлау бір нәрсені екіншісімен салыс-
тыруды, оларды жіктеп-жүйелеуді,
бір-бірімен байланыстыруды, қажет
етеді. Оқушының бір зат жөнінде нақ-
ты елесі, дұрыс қабылдауы болма-
са, ол оны өмірден көрмесе, бұл зат
жөніндегі оның ұғымы да саяз бола-
ды. Мәселен, мұғалім баладан қандай
тау аттарын білесің деп сұраса, Ала-
тау, Қаратау дей келіп, бұған Кентау
қаласын да қосып жібереді. Бала осы
БАСТ
БАСТ
113
ұғымның негізгі ерекшелігін тау сөзі
деп түсінеді де, оның басты белгісін,
кездейсоқ белгісінен ажырата ал-
майды. Өйткені баланың ой-өрісінің
тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған
осы ұғымның мазмұнына енетін не-
гізгі белгілерді қамтуға мүмкіндік
бермейді. Қорыта келгенде, төменгі
сынып оқушыларының психикасына
тән ортақ қасиеттердің бастылары-
на жалпы әсерге тез берілгіштік,
еліктегіштік, көрнекіліктің қажеттігі,
ойлануының нақтылығы, эмоцияла-
рының бояулы келетіндігі, қимыл-
қозғалысқа бейімділігі т.б. жатқызу-
ға болады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесі бала-
ның жеке ерекшеліктерінің (мінезі,
қабілеті, темпераменті т.б.) қалыпта-
суында елеулі орын алады. Бұл жер-
де балалар ұжымының рөлі аса зор.
Мектеп ұжымының балалардың ойын
кезіндегі ұжымнан мазмұны да, фор-
масы да бөлек.
Мектеп ұжымының негізгі ерекше-
лігі оқушылардың білім негіздерін
меңгеруге байланысты ортақ мақсат-
ты көздейтіндіктерінен, жеке мүдде-
сін, көпшілік мүддесіне бағын-дыра
алуларынан байқалады. Мектеп ұжы-
мының ең негізгі мақсаты – оларды
оқуға жұмылдыру болып табылады.
Мәселен, «өте жақсы оқу», «Отанның
қамқорлығына жауап беру», «тәртіпті
болу – бұл ұжымға тигізген зор
үлес» деген моральдық ұғымдарға
үшінші-төртінші сынып оқушылары
жақсы түсіне бастайды. Оқушы бір-
тіндеп өзінің оқитын сыныбын, мек-
тебін сүйетін болады. Осы негізде
олардың жолдастык, достық т.б. осын-
дай моральдық сезімдері оянып қа-
лыптасады.
БАТА – адамға жақсы тілек білдіріп,
оны құдайдың қорғап-қолдауда қолда-
нылатын ұлттық тәлім-тәрбие тәсіл-
дерінің бір түрі. Басқа да жоралар-
мен бірге Б. дұға оқу, Аллаға сыйыну
кездерінде де айтылады. Бата адамға
психологиялық тұрғыдан әсер ету, оны
рухани жағынан қолдау үшін де қол-
данылады. Оны көп жағдайда кө-
некөз қариялар, көпті көрген ақсақал-
дар береді. Кісіге қуат беретін оң ба-
тамен қатар, кей жағдайларда теріс
бата деп аталатын түрлері де болады.
БАУЫРМАЛДЫҚ – қазақтың ұлт-
тық психологиясына тән имандылық
қасиеттің ерекше бір көрінісі. Халқы-
мыздың бауырмалдығы «бала бауыр
еттен жаралған» деп, оны ерекше
қастерлеп, әлпештеуден басталады. Ата
текті дұрыс ажырата алу – бауыр-
малдықтың бір көрінісі. Бұл «рушыл-
дық» емес, өзінің шыққан тегін бі-
луге деген ынтызарлық. Өз руын ғана
қастерлеу, қызмет бабында қандас-
тарына ғана қамқорлық жасау білімді,
инабатты, зиялы адамға жараспай-
ды. Кеңпейілді, ақниетті, адал жү-
ректі, пәк көңілді қазақ халқының ту-
мысындағы мінез-құлқына қарама-
қайшы келетін «бөліну», «бөлшекте-
ну» пиғылдарын уағыздайтын адам-
дарда имандылық пен адамгершілік
жағы жетіспей жатады. Ондайлар ел
бірлігіне нұқсан келтіріп, кейде жеке-
леген руларды тіпті қайғы-қасірет-
ке ұшыратуы да ықтимал. Халқы-
мыздың бауырмалдық секілді атам за-
маннан сүйегіне сіңген асыл қасиеті
«Құран-кәрім» қағидаларымен де
ұштасып жатады. Осы қасиетті кітап:
ешбір адам баласы жат емес, барлық
адамзат баласы бір-біріне дос, бауыр
БАУЫ
БАТА
114
дейді. Олай болса, «Ақ, қарамыз,
сарымыз – дос-бауырмыз бәріміз» –
деп, халықты ру мен жүзге бөлмей,
кішкентай кезден жас ұрпақты бауыр-
малдық қасиетке баулуымыз қажет.
Жас ұрпақ әркез «бауыр», «бауырым»,
«бауырластық» деген сөздердің мән-
мағыналарын терең де жете түсінге-
ні абзал. Өйткені, бауырмалдық хал-
қымыз ерекше қастерлейтін құдіретті
қасиет. Онсыз өмір жоқ, ол бар өмір-
дің «тұздығы», жылуы мен қуаты, сә-
ні мен мәні.
БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ – ор-
ганизмнің ми қызметі сыртқы әсер-
лердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге
қабілетті. Мидағы бейне, образ сол
бейнеленген зат пен құбылыстың ті-
рі суреті деуге болады. Неорганика-
лық материяның (өлі табиғат) өзінде
де түрлі нәрселер бейнеленеді. Мәсе-
лен, заттың айнадағы сәулесінен біз
оның суретін көреміз. Ал егер оны
алып кетсек, оның суреті де айна бе-
тінен жоғалып кететіндігі мәлім. Пси-
хикалық бейне де осы іспеттес, яғни
сыртқы орта әсер етпейінше, мида
ешқандай психикалық құбылыс пай-
да болмайды.Айна бетіндегі бейне
де, адам миындағы бейне де «бейне-
лену» деген бір сөзбен аталғанымен
бұл екеуінің арасындағы айырма-
шылық жер мен көктей. Айна бетін-
дегі сәуле «жансыз» сәуле болып та-
былады. Ал адам миында болатын
бейнелеу процесінің айна бетіндегі
сәуледен бір ерекшелігі – соңғы бей-
не өте күрделі, ол жүйке процестері
жұмысынан туады. Адам миындағы
бейненің тағы бір ерекшелігі оның
сөздің әсерінен бейнеленуі. Бейнеле-
ну мәселесі кезінде Аристотель, әл-
Фараби еңбектерінде де елеулі орын
алды.
БЕЙСАНА – санасыз акт, адамның
жан дүниесінде санадан тыс атқары-
латын әрекет. Б. әрекетке адам мән
бере қоймайды. Бейсана, субъект өзі-
не әсері бар екенін есеп бере алмай-
тын шынайы құбылыстың ықпалы-
мен болатын психикалық үрдістер,
актілер мен күйлер жиынтығы неме-
се психикалық бейнелеудің формасы.
Бейсананың санадан айырмашылы-
ғы, бейсананы ырықты бақылау және
ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес.
Бейсаналықта өткен, қазіргі және бо-
лашақ жай бірігіп бір психикалық ак-
тіде іске асады (мысалы, түс көруде).
Бейсаналық балада ертеректе бола-
тын (таным әрекетінде) ойлауында,
интуициясында, аффектісінде, үрей-
ленгенде, түстерінде, гипноздық жағ-
дайда көрініс береді. Бейсаналы құ-
былыстарды психоанализ бағытымен
түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бей-
саналықты динамикалық ығыстыру»
терминін ғылымға енгізді. Ол бейса-
налықта әлеуметтік нормалардың та-
лабына байланысты іске аспаған әуес-
қойлық пен құштарлықтар болады
деп түсінген. Психологияда бейсана-
лықты зерттеуге қазіргі кезде көп кө-
ңіл бөлінуде.
БЕЙІМДІЛІК – адамның белгілі бір
әрекетпен айналысуға бет бұрысы,
оған көңілі аууы, оянып келе жатқан
қабілеттің алғашқы белгісі. Б.
әрекеттің бір саласына (сурет, музыка
т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Б.-
ті балада қандай да бір нышанның
барлығын хабарлайтын белгі деуге де
болады. Балалық кезде ерекше көзге
БЕЙН
БЕЙІ
115
түсетін бейімділіктер оның келешек
қабілетінің көрсеткіші болып та
табылады, мәселен, екі-үш жасар
баланың музыка үніне құлағының
елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке
байланысты табиғи негіздің бар
екендігін көрсетеді. Жас балаларда
әрекеттің әр түріне байланысты
бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз
бейімділіктен алдамшы, шүбәлі
бейімділікті айыра алу керек. Нағыз
бейімділік адамның әрекетке тек
құштарлығы ғана емес, оны нәтижелі
етіп орындауында. Мәселен, осындай
бала сабақ үлгіруде қатарындағы
балалардан көп ілгері озып кетіп
отырады. Ал бейімділіктің алдамшы
түрінде адам іске қатты әуестенгенмен
сол салада жақсы нәтижеге ие бола
алмайды. Оның мүмкіндігі орта
дәрежеде ғана болады.
БЕЛСЕНДІЛІК – тұлғаның іс-
әрекеттегі функционалдық көрінісі. Ол
субъекттің өзімен ұйымдастырылады,
реттеледі және құрылымданады. Б. –
бұл тұлғаның өз қажеттіліктерін,
қабілеттерін, өмірге қатынастарын
қоғамның қоятын талаптарымен үй-
лестіру негізіндегі тұлғаға ғана тән
өмірді ұйымдастыру, реттеу және
өзін-өзі реттеу тәсілі. Б-тің қозғау-
шы күштері, құралдары, сыртқы та-
лаптардың бірігу тәсілі тұлғаның іш-
кі құрылымына байланысты болады.
Жоғары талаптану мен қабілеттердің
төменгі деңгейінде бұл жүйе қайшы-
лықты болады, ол тұлғадан белгілі
бір күшті, ерік-жігер әрекетін неме-
се сыртқы көмекті қажет етеді. Сон-
дықтан, белсенділік қалаулы мен қа-
жеттінің, бар мен потенциалдының,
жеке-дара мен типтіктің арасындағы
қайшылықты тұлғаға тән шешу тәсі-
лін білдіреді. Б. психологияда белсен-
ділік іс-әрекеттің динамикалық шар-
ты оның пайда болу, орындалу және
басқа түрге өзгеру, өздік қозғалыс
қасиеті туралы түсінік. Тірі жандар-
дың спонтандық қимыл-қозғалыс ту-
дыруға және ішкі немесе сыртқы сти-
мул – тітіркендіргіштердің әсерімен
өзгеріске ұшырауға қабілеттілігін тү-
сіндіретін ұғым. Іс-әрекетті орындау
барысында Б. нәтижелілікке жетелей-
ді. Б. іс-әрекеттің мотивтеріне де тә-
уелді болады.
БЕХТЕРЕВ ВЛАДИМИР МИ-
ХАЙЛОВИЧ (1857-1927) – физио-
логия, психология, педология, меди-
цина саласында Сеченев, Павлов-
тармен қатар тұратын ғұлама ғалым.
В.М.Бехтерев 1857 жылдың 1 февра-
лында Вятск губерниясындағы Сора-
ли селосында дүниеге келді. Ол жас
шағында тұрмыс қиыншылығын көп
көрді. Жас кезінен табиғатты ерекше
сүйетін Бехтерев гимназияда жүрген-
де-ақ ғылыми-жаратылыстану әде-
биеттерін құмарта оқиды, ағылшын-
ның ұлы табиғат зерттеушісі Ч.Дар-
виннің еңбектерімен танысады. Бех-
терев гимназияны бітіргеннен кейін
Петербургтегі Медико-хирургиялық
(кейін Әскери-медициналық деп атал-
ған) академияға оқуға түседі. Акаде-
мияның аудиторияларында студент
Бехтерев бұрын білуге ынтызар бол-
ған ғылым негіздерін бар ынта-жіге-
рімен меңгере бастайды. Академия-
ның соңғы курсында ол машинаның
күрделі проблемаларының бірі – жүй-
ке және психика ауруларының кли-
никалық мәселелеріне ерекше назар
аударады.
БЕЛС
БЕХТ
116
1878 жылы Бехтерев академияны үз-
дік бітіреді. Оның талант қабілетін
байқаған ғалымдардың көмегімен ол
профессорлық қызметке әзірленуге
академияда қалады. 1880 жылы Бех-
терев «Кейбір психикалық аурулар-
дағы дененің температурасын зерт-
теудің клиникалық тәжірибесі» деген
тақырыпта диссертация қорғайды.
Оған приват-доцент атағы беріліп,
Қазан университетіне қызметке жібе-
ріледі.
Бехтеревтің ғылыми шығармашылы-
ғының Қазанда өткен дәуірі ғылыми
және саяси-әлеуметтік істерге толы.
Ол Қазандағы округтік психиатрия-
лық емхананы үлкен клиникаға ай-
налдырады, мұнда ғылыми және пе-
дагогикалық мәні бар мәселелерді
зерттейді. Қазан университетінде ол
Россияда бірінші болып психофи-
зиологиялық лаборатория ұйымдас-
тырады, невропатологтер мен пси-
хиатрлардың қоғамын құрып, «Невро-
логия хабаршысы» дейтін журнал шы-
ғарады. Қазанда болған 8 жыл ішінде
ол «Кейбір байқалған жүйке аурула-
ры» деген екі томдық еңбегін және
өзінің классикалық еңбегі «Бас майы
мен жұлынның өткізгіш жолдарын»
баспаға әзірлейді.
1893 жылдан Бехтерев Петербургтегі
Әскери-хирургиялық академияда қыз-
мет етеді. Мұнымен қатар ол Әйел-
дер медицина институтының жаңа-
дан ашылған жүйке және психика ау-
рулары кафедрасының меңгерушісі
болып тағайындалды.
Академияның клиникасын басқару-
дағы 20 жыл ішінде Бехтерев «Ми
функциясы туралы ілімдердің негізі»,
«Психика және өмір», «Объективтік
психология» атты күрделі еңбектер-
мен қатар, ғылымның әр саласында
200-ден аса құнды мақалалар жария-
лады.
Ғылым дүниесінде Бехтерев невро-
патология және психиатрия саласын-
дағы еңбектерімен ерекше көзге тү-
седі. Ол психикалық ауруы бар адам-
дарды емдеп жазуға болатындығын
дәлелдеді.
В.М.Бехтеревтің оқу-тәрбие мәселе-
сіне байланысты көптеген құнды пі-
кірлері де аз емес. Ол педологияның
Ресейде негізін қалады.
БИЛИНГВИзМ (лат. bi – қаз. екі,
lingia – тіл; қостілділік) – жеке адам-
ның немесе тұтас бір халықтың өз
ортасында ана тілімен қатар екінші
бір тілде немесе екі тілде бірдей сөй-
лей алуы. Б. – психологиялық, әлеу-
меттік, тілдік құбылыс. Екінші тілді
меңгеру тәсіліне қарай Б. таза (арна-
йы оқу арқылы) және аралас (күнде-
лікті тілдесу арқылы) түрге бөліне-
ді. Б. қоғамдық сатылардың бәріне
тән. Ол адамның шет тілін меңгеру
нәтижесінде, сондай-ақ ана тілінен
бөтен тілде сөйлейтіндермен ұзақ уа-
қыт қарым-қатынас жасау барысын-
да қалыптасады.
БИНЕ АЛЬФРЕД (1857-1911) –
француз психологі, Францияда экспе-
рименталды психологиялық зертха-
наны тұңғыш құрушы (1889), зерделі
даму, иландыру, сана патологиясы жә-
не т.б. мәселелер бойынша көптеген
еңбектердің авторы. Тестологияның
негізін қалаушылардың бірі, зияткер-
лік, зерделі дамудың тесттерін жа-
сап, бұған интеллект (ақыл-ой) жасы
зерделі ұғымын енгізген. Негізгі ең-
бектері: «Ой қорытындысының пси-
БИЛИ
БИНЕ
117
хологиясы» (1886), «Экспериментал-
дық психологияға кіріспе» (1894),
«Ақыл-ой дамуын зерттеудің әдісте-
месі» (1922) т.б.
БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ зАҢ (грек.
bios – қаз. өмір және genesis – тууы,
пайда болуы) – табиғаттағы әрбір
тірі ағзаның жеке дамуы (онтогенез)
кезінде сол түр эволюциясының (фи-
логенезінің) аса маңызды кезеңдерін
қысқаша және жылдам қайталап өту
заңдылығы. Мұны заң ретінде алғаш
неміс ғалымы Э.Геккель тұжырымда-
ды (1866). XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың басында эволюциялық
биология идеяларының психология-
ға енуімен байланысты биогенетика-
лық заңға сүйеніп, жануарлар мен
адамның мінез-құлқы, психикасы қыз-
метінің дамып, өзгеру механизмін
түсіндірмекші болған, әсіресе оның
ұрықтық дамуында өз түрі дамуының
ерекшеліктерінің қайталауын ең ал-
ғашында мұны Ч.Дарвин байқаған.
Американдық психологтар С.Холл,
Дж.Болдуин және т.б. адамның жас-
тық дамуын антропогенездің қайта-
лануы және адамзаттың тарихи да-
муы ретінде түсіндірді. Осылайша,
ерте балалық шақ алғашқы қауым-
дық өнім мен тамырларды жинау ке-
зеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ
аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ –
кәсіптік өндіріс кезеңімен және т.б.
салыстырылды. Б.з. жаратылысты
зерттеушілер Ф.Мюллер мен Э.Гек-
кельдің баланың психикалық дамуын
онтогенезбен (ағзаның жекелік да-
муы) және филогенезбен (ағзаның та-
рихи дамуы) салыстыруға байланыс-
ты енгізілген түсінік. Баланың дамуын
зерттегенде биологиялық эволюция-
сына басымырақ сүйенеді.
БИХЕВИОРИзМ (ағылш. beha-
vio(u)rism – қаз. қылық, жүріс-тұрыс)
– XX ғасырдың бас кезінде қалыптас-
қан психологиялық бағыттардың бі-
рі. Б. теориясының негізгі зерттеу
нысаны сана емес, адам мінез-құлқы
болып табылады. Мінез-құлық пси-
хологиясы АҚШ-та ерекше дамы-
ды. Б. бағытының көрнекті өкілі аме-
рика ғалымы, әрі психологі Джон
Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәс-
түрлі психологияның пәнін, жан құ-
былыстарын жаңа мінез-құлық психо-
логиясымен өзгерту қажеттігін ұсын-
ды.1913 жылы Д.Уотсон психология-
ны мінез-құлық туралы ғылым ретін-
де қарастырды. Жаңа бағыттың пай-
да болуы «Психология, оны бихевио-
рист қалай көреді» атты мақаланың
шығуымен ерекшеленеді. Оның ав-
торы Уотсон психология басқа жара-
тылыстану ғылымдарының арасында
өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп
жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге
дейін психологияның пәні және зерт-
теу әдісі теріс түсіндіріліп келді және
психологияның зерттеу нышаны са-
на емес, мінез-құлық, ал интроспек-
тивтік әдістің орнына – субъективтік
әдіс деп тұжырымдады.
Бұл мақаланы батыс психологтары
«бихевиористік төңкерістің» баста-
луы деп бағалады. Мақаладан кейін-
гі 10 жылдықта Б. толқыны барлық
америка психологиясын қамтыды. Б.
психологиядағы прагматистік бағыт,
оның пайда болуы тез қарқынмен
дамып отырған капиталистік эконо-
миканың сұраныстарына байланыс-
БИОГ
БИХЕ
118
ты. Бихевиористердің мақсаты –
психологияны мінез-құлықты басқа-
руға қабілетті білімнің саласына ай-
налдыру. Д.Уотсонның түсіндіруін-
ше, Б. түпкі мақсаты – адам мінез-
құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай
жеткілікті деп есептеді: мінез-
құлықтың өзін суреттеу, организмге
әсер ететін ішкі, сыртқы дене сти-
мулдарын және оған жауап беретін
мінез-құлық реакциясын байланыс-
тыратын заңдарды тану.
Адам жануарлардан тек мінез-құлық
реакцияларының күрделілігімен,
оларға жауап беретін стимулдардың
әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бихе-
виористердің дәлелдеуінше, негіз-
гі ғылыми ұғымдар болып табыла-
тын стимул – сыртқы ортадан келе-
тін тітіркендіргіш, реакция – тітір-
кендіргішке ағзаның жауабы және
стимул мен реакцияның байланысы –
ассоциация. Сонымен, Уотсон сана-
дан ғылыми категория ретінде бас тарта
отырып, өзінің еңбегінде И.П.Пав-
ловтың шартты рефлекстер туралы
әдістемесіне сүйенеді. Б. пайда бо-
луына америка зерттеуші-ғалымы
Э.Торндайктің (1874-1949) еңбек-
терінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайк-
тің негізгі зерттеулері жануарларға
жүргізілді, олар «проблемалық жә-
шік» деп аталатынға орналастырыл-
ды. Э.Торндайк «проблемалық жә-
шіктегі» жануарларлардың мінез-
құлқын бақылап, байқау және қате-
лесу әдісімен әрекет ете отырып, жа-
нуарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді
деген қорытындыға келеді. Үйрету,
бейімделу реакциясын қалыптасты-
ру бірнеше рет қайталаудың нәти-
жесінде іске асады (жаттығу заңы).
Егер реакциядан кейін ағза үшін жағ-
дай ойдағыдай іске асатын болса,
реакция бекітіледі, стимул мен реак-
цияның арасында берік байланыс
қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевио-
ристер механикалық түрде адамға
пайдаланды. Адамдардың жануар-
лардан айырмашылығын олар реакция-
сының өте күрделі сипатынан көре-
ді. Бихевиористер мінез-құлықтың ор-
таның әсеріне байланыстылығын дұ-
рыс анықтап берді. Бірақ олардың
тұжырымдамасы механикалық сипат-
та болды. Олар кері реакцияның тек
стимулмен емес, сонымен қатар ішкі
жағдайлармен байланыстылығын
ескермеген. Жануарлар психикасын
зерттеуге адам мінез-құлқы моделі
тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жа-
нуарлар мен адам психикасының
сапалық ерекшелігі бұрмаланды.
Д. Уотсон адамның мінез-құлқы тітір-
кендіргіштерге бағыныштылығы ту-
ралы ғылымды байыта түсті. Бұл
байланыстылықты S→R (стимул –
реакция) формуласы түрінде бейне-
леді. Б. негізіне психологиялық зерт-
теулердің пәні ретінде психиканы,
сананы жоққа шығару жатады. Зерт-
теу нышаны ретінде мінез-құлық-
ты мойындайды. Психология ғылы-
мына мінез-құлық пен ортаның ара-
қатынасының заңдылықтарын зерт-
теу ұсынылды. Бихевиористер жа-
нуарлар сияқты адам да жай тетік,
машина тәріздес сыртқы ортаның
әсеріне жауап береді дегенді айта-
ды. 1925ж. Д.Уотсонның кезекті еңбегі
«Бихевиоризм» атты кітабы жарық
көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сырт-
қы тітіркендіргіштердің нәтижесінде
кез-келген келбеттегі, мінез-құлық-
тағы адамды «жасауға» болатынды-
Достарыңызбен бөлісу: |