Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев


АНИМИзМ (лат. anima – рух, жан) –  адамдардың, жануарлардың өміріне,  АНДР



Pdf көрінісі
бет7/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90

АНИМИзМ (лат. anima – рух, жан) – 

адамдардың, жануарлардың өміріне, 



АНДР

АНИМ

44

заттар мен қоршаған дүниенің құбы- 

лыстарына  ықпал  ететін-міс  аруақ- 

тарға және рухтарға сену. Анимисти- 

калық түсініктер алғашқы қауымдық 

құрылыста  пайда  болды.  Өндіргіш 

күштердің  даму  дәрежесінің  төмен- 

дігі және осының салдарынан білім- 

дер  қорының  болмашы  ғана  болуы, 

адамның  табиғаттың  жат,  жұмбақ 

сырлы болып көрінген дүлей күште- 

рінің  алдындағы  дәрменсіздігі  А-

нің  пайда  болуының  негізгі  себебі 

болды. Қоғам  дамуының белгілі  бір 

сатысында  бұл  күштерді  кейіптеу 

оларды игерудің формасы болды. Ани- 

мистикалық түсінік бертінгі діни се- 

німдердің түп төркіні.



АНКЕТА  –  зерттеудің  негізгі  мін- 

детімен  логикалық  түрде  байланыс- 

ты  сұрақтар  жүйесінен  тұратын  ал- 

ғашқы әлеуметтік-психологиялық ақ- 

параттарды  алудың  әдістемелік  құ- 

ралы.  А.  сұрау  арқылы  адамдардың 

үлкен топтарынан ақпарат алуға мүм- 

кіндік  береді.  Едәуір  шынайы  нәти- 

желер А. сұрақтарының дұрыс құрас- 

тырылуы және таңдамалы жинақтың 

жалпы популяцияны дұрыс бейнеле- 

уі нәтижесінде алына алады. А. құрас- 

тыру – зерттеудің негізгі болжамда- 

рын сұрақтар тіліне ауыстыру – күр- 

делі әрі көлемді еңбекті қажет ететін 

процедура.  А.  сұралушыға  қатысты 

шынайы және мәселеге орай маңыз- 

ды мазмұнды алуды қамтамасыз етуі 

қажет.

Ғылыми құнды анкетаны құрастыру – 



көбінесе ұжымдық жұмыс. Құрасты- 

рудың бірінші кезеңі – А. мазмұнын 

анықтау.  Ол  сұралушының  өмірлік 

тіршілігінің  фактілері  (оның  білімі, 

азаматтық  күй-қалпы,  оның  өткен 

шақтағы және қазіргі шақтағы әрекет- 

тері және т.б.) жөніндегі сұрақтардың 

жиынтығы  болуы  мүмкін.  Егер,  со- 

нымен  қатар,  пікірдің  қарқындылы- 

ғын білу қажет болса, онда сұрақтар- 

ға  бағалау  шкаласы  қоса  беріледі. 

А. құрастырудың екінші кезеңі – сұ- 

рақтардың қажетті түрін таңдап алу. 

Сұрақтар ашық болуы мүмкін. Ашық 

сұрақтар мазмұны мен формасы бо- 

йынша  сұралушының  қалауына  сай 

жауапты беруге мүмкіндік береді. Жа- 

бық сұрақтарда тек «иә» немесе «жоқ» 

деген жауаптарды беру талап етіледі. 

Функциялары бойынша сұрақтар не- 

гізгі немесе қосалқы, қадағалаушы не- 

месе нақтылаушы және т.б. болуы мүм- 

кін. Сұрақтың түрі жауаптың толық- 

тығына  және  шынайылығына  әсер 

етеді. Сұрақтардың құрылымына ке- 

летін болсақ, олар қысқа, мағынасы 

бойынша  анық,  қарапайым,  нақты 

және бірмәнді болуы қажет. А. құрас- 

тырудағы жиі кездесетін қателер: 1) жа- 

уаптың жасырын мәні; 2) тым қатты 

детализациялау; 3) сұрақтардың екі- 

мәнділігі; 4) сұрақтардың бір-бірінен 

айқын  ажыратылу  күшінің  аздығы. 

Жақсы сұрақтар сенімділік пен валид- 

тіліктің әдеттегі критерийлеріне сәй- 

кес  болуы  қажет.  А.  құрастырудың 

соңғы кезеңі – қойылатын сұрақтар- 

дың саны мен ретін анықтау. Сұрақ- 

тардың  бірізділігі  анкеталық  сұрау- 

дың түріне сәйкес әртүрлі болады.



АНОНИМДІ МАСКҮНЕМДЕР (Al- 

coholic Anonymous)  –  бағдарланған 

еркектер  мен  әйелдердің  өз  ырық- 

тарымен ынтымақтасқан бірлестікте- 

рі. Бұлар өзіне және бір-біріне жәр- 

демдесуші бейресми психотерапевтік 

топтар.  1935  жылдары  АҚШ-та  бір 



АНКЕ

АНОН

45

бизнесмен  абстиненттік  синдромды 

басынан кешірудің қолайлылығына өзі 

сеніп, басқаларды да соған сендіруге 

әрекеттенген. Мұндай әрекеттерді 110 

елдің млн-нан аса адамдары қолдап, 

осы үрдіс 1980 ж. Ресейде де ене бас- 

таған. Көптеген медиктер мен психо- 

терапевтер осындай ұйымдарды мас- 

күнемдіктен айырылтуға жағымды ық- 

пал етеді деп бағалайды.

АНОМАЛИЯ – ауытқулық (әдеттегі 

нормадан ауытқулық). 1) есімдерді ес- 

ке  түсіру  қабілетінің  ішінара  не  то- 

лық жоғалуы. Термин бұл мағынасы- 

ның афазиялық және амнезиялық син- 

дромдарды белгілеу үшін ғана қолда- 

нылады, баршаға мәлім әдеттегі жағ- 

дайлар үшін пайдаланылмайды; 2) қо- 

ғамда не топта әлеуметтік құрылым 

күйреп, әлеуметтік құндылықтар мен 

мәдени нормалар жоғалатын кездегі 

ахуал; 3) сырттай жақсы ұйымдасқан 

қоғамның  мүшелері  тым  мамандан- 

ған, аралас-құраластықты шектейтін- 

дей әлеуметтік құрылым салдарынан 

өздерінен оқшаулаған халде сезінетін 

жай-күй – аномалды құбылыс. Психо- 

логияда – психикасында ауытқуы бар 

адамды сипаттауда пайдаланылатын сөз.

АНТИЦИПАЦИЯ  –  1.біліп  қою, 

сезіп қою, болжап білу; 2. қандай да 

бір нәрсенің болатынын күту (сезу). Ан- 

тиципатио деген лат. сөзі, қаз. күні бұ- 

рын біліп қою деген мағынаны білді- 

реді.  А.  –  болашақты,  алдағы  бола- 

тын оқиғаларды алдын ала болжау. А. 

ұғымы психология ғылымына В.Вунд- 

пен енгізілді. Қазіргі кезде А. ұғымы 

екі мәнінде қолданылады: 1) адамның 

әлі басталмаған оқиғаға жауап қайта- 

ра алу қабілеті, сәйкес позаны ұста- 

ну, белгілі бір қимыл-қозғалыстарды 

жүзеге асыру; 2) адамның өз әрекет- 

тері, қылықтарының нәтижелерін олар- 

дың шынайы басталмауы жағдайын- 

да алдын ала болжап, көру. А. адам- 

ның алдағы оқиғалардың барысы мен 

қорытындысын алдын ала болжау, ин- 

туитивті сезу, ақыл-ойша модельдеу 

қабілетімен тығыз байланысты.

АНТРОПОГЕНЕз – адамның (homo 

sapiens) пайда болу процесі. Эволюция 

теориясының  көзқарасы  бойынша, 

маймылдардың келесі өзгеше қасиет- 

тері антропогенездің негізгі алғышарт- 

тары  болып  табылды:  1)  локомоция 

мен манипуляцияның жоғары дамуы; 

2)  жануарлар  үшін  шекті  болатын 

қолдардың,  әсіресе  қол  саусақтары- 

ның  аса  қозғалғыштығы  және  осы- 

ның  нәтижесінде  өте  күрделі  ұстау, 

қармау  қозғалыстарына  қабілеттің 

дамуы; 3) иіс сезуден бұрын биноку- 

лярлық көрудің басым дамуы; 4) топ- 

тық мінез-құлық пен қарым-қатынас- 

тың жоғарғы дамыған түрлері.

АНТРОПОЛОГИзМ  –  адам  таби- 

ғат жаратылысының ең жоғарғы өні- 

мі  болып  табылатыны  туралы  түсі- 

нік, адам ұғымын, материя мен сана 

ұғымдарына қарағанда, мәні бойын- 

ша анағұрлым маңызды, негізгі дүние- 

танымдық  категория  ретінде  санай- 

тын тұжырымдама. А. адам мен таби- 

ғаттың  бірлігін,  барлық  қоғамдық 

құбылыстардың адамның табиғи қа- 

сиеттеріне тәуелділігін атап көрсете- 

ді. Революцияға дейінгі отандық (ке- 

ңестік) психологтар үшін А. тән болды, 

яғни  олар  тарихи  және  әлеуметтік 

өзгерістерді  адамға,  оның  практи- 

калық пайдасына қатысты қарастыр- 



АНОМ

АНТР

46

ды, сонымен қатар, отандық психоло- 

гиядағы  адамгершіліктік,  этикалық 

мәселелердің басым болуын анықта- 

ды.  Егер  еуропалық  психологияда 

тұлғадан  жоғары  біріктіруші  бастау 

болып, ойлау, адам жанындағы рацио- 

налдылық  мойындалса,  ал  отандық 

психология  сананың  тұлғадан  жоға- 

ры элементтерінің болуын жоққа шы- 

ғармай, оларды негізінен адамгерші- 

лік те көріп, олардың жеке тұлғалар- 

мен емес, халықтармен, ұлттармен шы- 

ғарылғанын атап көрсетті.



АНТРОПОЛОГИЯ – адам жөнінде- 

гі  ғылым.  Бұл  ғылымның  әртүрлі 

түсініктері  кездеседі:  негізінен  оны 

биологиялық (адамның және оның нә- 

сілдерінің пайда болуы мен оның ұйым- 

дасуының эволюциясы жөнінде) жә- 

не этнография, эволюциялық теория- 

лар, палеонтология, салыстырмалы пси- 

хология, нәсілтану және т.б. біріктіре- 

тін кешендік ғылым ретінде анықтай- 

ды. Америкалық антрополог Марга- 

рет  Мид  (1901-1978)  А.  –  бұл  адам 

мәселесі  жөніндегі  әртүрлі  зерттеу- 

лерді  синтездеуге  болатын,  жалғыз 

аумақ деген пікірді білдірген. Оның пі- 

кірі бойынша, А-ның негізгі міндеті 

гуманитарлық, жаратылыстану және 

қоғамдық ғылымдар арасындағы ше- 

караны бұзу болуы қажет. Ол біздің 

нормалардан  қатты  ажыратылатын 

қоғамдарды зерттеу кезінде адамдар 

тек әртекті мәдениет қана шабыт бере 

алатын жеке-дара таңдау мен жалпыға 

ортақ шыдамдылықтың жоғарғы дең- 

гейіне жете алады деген үміт білдір- 

ген. Неміс философы Иммануил Кант 

өзінің «Антропология» атты кітабын- 

да  (XVІІІ  ғасырдың  соңында  жазы- 

лып, 1900 жылы Санкт-Петербургте 

аударылған)  А.  адамтану  деп  түсін- 

ген. Ол бұл ілімде адамның өмір кей- 

пін, гигиенасын, тәуліктік еңбек уа- 

қытын  үйлесімді  ету  және  адамның 

ішкі  күштеріне  (рух,  ақыл-парасат, 

жауапкершілік сезімі, өзін-өзі реттеу 

және т.б.) көңіл бөлу арқылы аурулар- 

ды жеңіп, денсаулықты жасауға бола- 

ды деп жазған.

Оның  жүйесінің  негізгі  қағидасы  – 

өз күшін аямау, оларды той-думанмен 

және шамадан тыс жағдайды жасау- 

мен әлсіретпеу. Қоғамдық өмірдің құ- 

былыстарын  табиғи  пенде  ретіндегі 

жеке адамдардың қасиеттері мен қа- 

жеттіліктерімен  түсіндіру  Л.Фейер- 

бахпен жасалынды. Ол А. әмбебап ғы- 

лым  ретінде  түсінді.  Едәуір  толық, 

бірақ ұстамды және кейбір кезде сын- 

дық  көзқарасты  біз  Н.Г.Чернышев- 

скийден  байқаймыз.  А.  философия, 

психология және педагогиканың кей- 

бір қазіргі заманғы бағыттарына (эк- 

зистенционализм, психоанализ және 

т.б)  тән.  Ангропометрия  –  антропо- 

логияның бөлімі мен әдісі; адам де- 

несінің және оның бөліктерінің мөл- 

шерін анықтау. А. мағлұматтарының 

негізінде киім, үй жиһазы және бас- 

қа да бұйымдардың мөлшері жөнінде 

нұсқаулар  құрастырылады.  Жұмыс 

орнының параметрлеріне деген талап- 

тар адам бойын, аяқ-қолдарының ұзын- 

дығы, иығы, табанының көлемі, қол 

саусақтарының  және  т.б.  мөлшерін 

зерттеудің А-нан алынады. Неміс ан- 

тропологі Ф.Нолад бірнеше мың боз- 

балаларды зерттеп, мынадай қорытын- 

ды жасады: ата-ананың туған жерлері 

неғұрлым алшақ болса, соғұрлым ба- 

лаларының бойы ұзын болады.



АНТРОПОМОРФИзМ – грек. «ан- 

тропоз» – қаз. «адам» және «морфе» – 

АНТР

АНТР

47

«түр», «форма» деген екі сөзден құрал- 

ған. Табиғат құбылыстарымен жануар- 

ларды,  құдайларды  адам  сипатында 

елестететін түсініктер. А. – шынын- 

да тек адамдарда ғана болатын психи- 

калық қасиеттер мен қабілеттердің жа- 

нуарларда  да  болатыны  туралы  тү- 

сінік.

АНТРОПОЦЕНТРИзМ  –  ақиқат- 

тың барлық құбылыстары мен процес- 

терін түсіндіруде ортаға адамды қою 

қажеттілігі жөніндегі философиядағы 

бір тұжырымдама. А. өкілдері келесі 

болжамға сүйенеді: биологиялық эво- 

люция  заңдары  бірыңғай  және  олар 

міндетті түрде әртүрлі планеталарда 

өзін-өзі танитын материяның жоғар- 

ғы түрі – адамның бар болуына әкеле- 

ді.  Осы  болжамға  ғаламның  саналы 

өркениеттерімен байланыс орнату мүм- 

кіндігі негізделеді. Инженерлік пси- 

хологияда  (Инженерлік  психология- 



ны қараңыз) орталықта мәшине бола- 

тын  механоцентрлік  тұжырымдама- 

ның  орнына,  алдыңғы  орынға  адам 

қойылатын  антропоцентрлік  тұжы- 

рымдама келді. Мәшине енді тек адам- 

ның физикалық және психологиялық 

мүмкіндіктерін күшейтетін «қызмет- 

ші» рөлін атқаратын болды. Антропо- 

центрлік кешен – адам, компьютер, ор- 

та кіретін техникалық жүйе. А.к. бар- 

лық құрамдас компоненттері өзара ты- 

ғыз байланыста болып, бір-біріне әсер 

етеді. Адам А.к. орталық буыны бо- 

лып  табылады.  Осыған  байланысты 

өндірісте, басқаруда, танымда, оқыту- 

да, ойында және т.б. аралас адамдық-

мәшинелік  жүйелер  жасалады.  А.к. 

қызмет етуінің негізгі принциптері – 

адамдық  және  техникалық  компо- 

ненттердің бірлігі, тиімділік, гуманиза- 

ция,  сенімділік,  еңбек  субъектісінің 

оның барлық жағымды қасиеттері мен 

артықшылықтарымен  бірге  шешу- 

ші рөлі.


АҢДАУ – сананың болжамға сүйен- 

ген, көмескі көрінісі; танымның бас- 

тапқы сатысы. А. синонимі – аңғару. 

Адамның өзінің танымдық тәжірибе- 

сі негізінде сезім мүшелері арқылы қа- 

былдаған сыртқы (материалдық) және 

ішкі (рухани) дүние әсерін пайымда- 

уы, мәнін аңғаруы. Бұл процесс әрі қа- 

рай санамен, ақылмен зерделеуге, та- 

нуға  көшуі,  шын  танымға  айналуы 

мүмкін. Таным процесі түйсіну, сезіну, 

аңдау сатылары арқылы жүреді. Сезім 

мүшелері қызметінің сапасына, инди- 

видтің темпераменті мен ақыл-ой алғыр- 

лығына байланысты адамдардың аң- 

дағыштығында айырмашылықтар бо- 

лады.

АҢҚАУЛЫҚ – адам мінезіндегі нан- 

ғыштық, бейқамдық, қулығы жоқтық 

қасиет. Мінез-құлқының тұрақты қа- 

сиеттеріне айналуы, ең алдымен, сол 

адамның дүниетаным деңгейі мен ақыл- 

ой өрісіне байланысты. Адамдардың 

иланғыш,  сенгіштігіне  байланысты 

халқымыз адам мінезіндегі аңқаулық- 

тың әртүрлі сипаттарын «аңқаулану», 

«аңқаусу», «аңқаю», «аңғал», «аңғал- 

дық»,  «аңғырт»  дейді.  Кейбір  адам- 

дардың аңғалдықтарды әдейі жасай- 

тындықтарын мінеп-шеней, олар «аң- 

қау», «аңқаусиды», «аңғырттану», «аң- 

ғалданды» деген атаулармен анықтал- 

ған. Адамның иланғыштығы мен бей- 

қамдығы – аңқаулықтың көрінісі. А. 

білімсіздіктен  туындамайды.  Ол  мі- 

нез-құлықтағы аңғырттық қасиет.

АНТР

АҢҚА


48

АПАТИЯ – (грек. apatheia – қаз. бей- 

тараптық, қызықпаушылық) адамның 

өзіне және айналадағы болып жатқан- 

дарға  төменгі  белсенділікпен  және 

теріс эмоциялық ойланулармен салғырт 

қарауы. 1) енжарлық, көңілсіздік. Өмір- 

ге немқұрайды қараудан, сезімнің то- 

пастанып,  көмескіленуінен  болады; 

Апатияға салынған адам туған-туыс- 

қандарына, жақын дос-жаранына сел- 

қос қарайды, идеялық мүдделерден, 

мәдени дағдылардан айырылады, эмо- 

циялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бас- 

тайды;  2)  филос.  стоиктерше,  адам 

жанының сезімдерден, барлық құмар- 

лықтан жұрдай болуы; 3) эмоционалды 

немқұрайдылық, әрекетсіздік ахуал.



АППЕРЦЕПЦИЯ  –  апперцептио 

деген лат. сөздерінен алынған. (Лат. 

«ап» – үстеме жұрнақ, «перцепцио» – 

қабылдау. Қаз. қабылдауға қосымша 

деген мағынаны білдіреді). Адамның 

психологиялық ахуалы мен оның өт- 

кендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын 

қабылдауда  мұның  маңызы  ерекше. 

Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселер- 

ді қабылдауда танымдық өлшем қыз- 

метін  атқарады.  А.  тұрақты  және 

уақытша деп екіге бөлінеді. Тұрақты 

А.  адамның  қызығуы  мен  дүниета- 

нымына, мамандығы мен білім дең- 

гейіне  байланысты  болып  отырады. 

Мыс., «түбір деген сөзді филолог пен 

биологтың, математик пен химиктің 

қабылдауы түрліше.



Уақытша А. адамның әртүрлі алда- 

нуы  (иллюзия)  салдарынан  жаңсақ 

пікірлер туғызады. Мұндай мәселені 

зерттеген неміс ғалымы Г.Лейбниц. А. 

ұғымы  бір  нәрсеге  сананың  шоғыр- 

ланып  анық  ерекше  айқындайтын 

ахуалын  білдіреді.  Ал  келесі  неміс 

ғалымы  В.Вундтың  пайымдауынша, 

ойлаудың және психикалық үрдістер- 

дің барысын бағдарлайтын ішкі күш- 

ті білдіреді. А. – қабылдаудың адам- 

ның  өткен  тәжірибесінен,  психика- 

лық іс-әрекетінің жалпы мазмұны мен 

оның  жеке-дара  ерекшеліктерінен 

тәуелділігін  бейнелейтін  қабылдау 

процесінің  қасиеті.  А.  қабылдаудың 

тұлғалық деңгейін сипаттайды. А. қа- 

былданатын объекттің мағыналық қа- 

былдануын  қамтамасыз  ететін  және 

оның ерекшеліктері жөнінде болжам- 

ды туғызуға мүмкіндік беретін инди- 

видтің өмірлік тәжірибесінің нәтиже- 

сі ретінде сипатталады.

А. келесі түрлері ажыратылады:

1)  тұрақты  А.  –  қабылдаудың  тұл- 

ғаның тұрақты ерекшеліктерінен: дү- 

ниетанымы, сенімдері, білім деңгейі 

және т.б. тәуелділігі;

2)  уақытша  А.  –  жағдаяттық  пайда 

болатын психикалық қалыптар: эмо- 

циялар, экспектациялар, бағдарлар жә- 

не т.б. көрініс табады.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам 

жаңсақ пікірде болады, мұны уақыт- 

ша апперцепция дейді. А-ның уақыт- 

ша түріне А.С.Пушкиннің «Вурдалак» 

деген өлеңі жақсы мысал бола алады. 

Осы өлеңінде Ваня қорқақ бала түнде 

зират  арқылы  жүріп  бара  жатады. 

Ол қорыққанынан қара терге түседі, 

сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан 

шыққан  өлікке  балайды.  Өйткені, 

оның өзі осындай кереметтердің «бо- 

латындығына» сенетін.

М.Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жор- 

тар қарттың басынан кешкен бір оқи- 

ғаны былайша суреттейді. «Бейіттің 

іші әлгіден де жарық болып кетіп, ар- 

тынан  бәсеңдегендей  болды...  құ- 

дай көрсетпесін – көзіме бұрын тү- 

АПАТ

АППЕ


49

сін көрмеген, атын естімеген бір пә- 

ле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жал- 

мауыз» дедім. Нобайы адамға ұқса- 

майды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. 

Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі 

бойы  –  қол  сұғымдай  шашы  бұр- 

қырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қор- 

қынышты жері – аузы. Ырсиып, от 

болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр 

екен.  Аузынан  кәдігідей  от  бүркіп 

тұр...  өзге  еш  жері  көрінбейді.  Қа- 

раңғы бұрышта қып-қызыл от болып 

жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған 

тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын 

десем, буынымды баса алатын емес- 

пін...  ақырып  келіп,  иығымнан  бас 

салды...».

Жын-шайтан,  пері,  албасты  дейтін 

ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт 

ішінде осындай «керемет» көріністерді 

туғызған  жауыннан  паналап  жүрген 

екінші бір адамның әлсін-әлі жағып 

жүрген  сіріңкесі  екен.  «Қорыққанға 

қос  көрінеді»  деген  мәтел  осындай 

адамдардың психологиясын өте жақ- 

сы көрсетеді.



АРАзДАСУ  –  мінез-құлықтағы  өш- 

тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты 

жағымсыз қылықтар. А. «араз», «араз- 

құраз», «дүрдараз», «дүрдей-дүрдию» 

дейтін мінез көріністерінен байқала- 

ды. А. өш, қас, тату еместікті білдіре- 

ді. А. – өштесу, қастасу, ренжіп ұры- 

су  әрекеттерінің  айғағы.  А-дың  ша- 

рықтау шегі өштесіп-қастасып ұрысу, 

кейде  тіпті  аяғы  төбелеспен  бітеді. 

Араздасқан  адамдардың  ұнамсыз 

әрекеттері сырт пішіндерінен, көзқа- 

растарынан, сөз саптауларынан бай- 

қалады.  Басараздық  –  жеке  адамдар 

арасындағы өшпенділік. Психология- 

да А-ды адамдардың өзара жете тү- 

сінбеу салдарынан туындайтын адам- 

гершілікке жат қылықтар деп санайды.



АРАЛЫҚ  МИ  –  барлық  омыртқа- 

лы жануарлар мен адам миының бір 

бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері- 

нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық 

ми  орта  мидың  алдында  тұрады. 

Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те- 

рі,  ет  және  сіңір  рецепторларының 

импульстер келіп, одан әрі мидың бас- 

қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор- 

ганизмдегі  су,  тұз,  көмірсу,  май  ал- 

масуын  және  дене  жылылығын  жә- 

не  т.б.  бірқатар  физиологиялық  құ- 

былыстарды  реттеп  тұратын  веге- 

тативтік жүйке орталықтары бар.



АРАМзАЛЫҚ  –  адам  мінезіндегі 

қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық- 

тан туындайды. А. мінездің көрініс- 

терін сұм, залым, ішмерез деп те атай 

береді. А. пен өтірікшілік егіз қозы- 

дай жаман қасиеттер. Халық даналы- 

ғының  «Арамзаның  құйрығы  бір-ақ 

тұтам» дейтін мәтел осыдан қалған. 

А.  арам  ниет,  арам  ой-пікір  арқылы 

көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз, 

жексұрын  сипаты  ретінде  адамның 

кісілік қасиеті мен азаматтық тұлға- 

сын  бағасыздандыратын  келеңсіз 

қасиеттер. Құдай тыйым салған қы- 

лық,  іс  мағынасында  араб  тіліндегі 

«haram»  сөзінен  сын  есім  жұрнағы 

арқылы  жасалған  жиренішті  мінез-

құлық атауы.



АРИСТОТЕЛЬ  СТАГЕРИТ  (384- 

322) – жан құбылысының «функцио- 

налдық»  анықтамасын  алғаш  жаса- 

ған ежелгі грек философы (жан тәннен 

бөлінбейтін  мән:  жан  тәннің  мәні, 

оның  мақсаты,  формасы  мен  функ- 

АРАз

АРИС


50

циясы), жан туралы алғашқы арнайы 

психологиялық  трактаттың  авторы. 

Ол психикалық процестер туралы көз- 

қарастарды  жүйеге  келтіріп,  өзінің 

жан туралы идеясын негіздеді, оның 

үш түрі (өсімдіктер, жануарлар және 

адамдар) болатындығын айтты. А-дің 

танымдық  және  аффективті-еріктік 

процестерінің заңдылықтары туралы 

ілімі XVII ғасырға дейін жан туралы 

зерттеулердің  негізгі  арқауы  болып, 

әрі  қарай  психиканы  зерттеуші  бас- 

қа  ғұламалардың  еңбектерінде  жал- 

ғастырылды.

АРЛАНУ – адамның имандылық се- 

зімдерінің бірі. А. – адамның өзінің 

оғаш қылығына намыстанып, оны ұят- 

сынуы. Арлы болу («жарлы болсаң да, 

арлы бол») – өте жарасымды сипат. Бұл 

көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, 

көздеген мақсатына жетпей тынбай- 

тын адамдарға тән қасиет. А. – адам- 

ның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан 

қадамы үшін өзін-өзі жазғырып өкі- 

нуі, ренжуі секілді көңіл күйінің өзге- 

руінен  жақсы  байқалады.  Ар-ұятты 

қастерлеу, намысқойлық – жұртшылық 

алдында өзінің жауапкершілігін арт- 

тыруға жәрдемдесетін сындарлы қа- 

сиет. А. адамды іштей тебіренте тол- 

ғандырып, қоғам алдында ар-ожданын 

таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, кі- 

сінің азаматтық борышын адал, мінсіз 

атқаруға итермелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет