Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет4/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

АЙМА

АЙМА

23

бақтастыра баяндалатындығында. Мә- 

селен,  автор  өз  тұжырымдарын  сол 

кездегі белгілі орыс психологі А.Ф.Ла- 

зурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат- 

тары әлемге әйгілі неміс және амери- 

кан психологтарына (Джемс, Мюнс- 

терберг,  Штерн,  т.б.)  сілтеме  жасап, 

бұларға  өзіндік  пікір  білдіріп,  осы 

мәселенің  анық-қанығына,  ұңғыл-

шұңғылына ой жүгіртіп, сайып кел- 

генде, күні кешегі көшпелілер психо- 

логиясының  жаңа  жағдайдың  әсері- 

мен біртіндеп өзгеріске түсе бастаға- 

нын паш етеді.

Ж.Аймауытов  психологияның  жеке- 

леген мәселелерін өзінің соңғы еңбе- 

гі «Комплексті оқыту жолдары» (Ал- 

маты, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты 

кітабында да жол-жөнекей сөз етеді. 

Кітап 9 тараудан тұрады, ол педаго- 

гикалық  курсты  тыңдаушылар  мен 

педтехникум  студенттеріне  арналып 

жазылған.  Онда  оқу  бағдарламасы- 

ның жекелеген түрлеріне талдау жа- 

салынады, оның негізгі үш тірегі (жа- 

ратылыс,  еңбек,  қоғам  мәселелері) 

туралы айта келіп, оқудың түп қазы- 

ғы  –  еңбек  екендігін,  мұны  шәкірт 

психологиясына орайластыра жеткізу- 

дің қажеттігіне баса назар аударады. 

Автор «Комплексті оқыту не?» деген 

сауалға былайша жауап береді: «...бұл 

өмірдегі  сан  алуан  құбылыстарды, 

нәрселерді бір тақырып пен пікірдің 

төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, 

біріктіріп оқыту».

Автор  оқыту  барысында  шәкірттер- 

дің эстетикалық (сұлулық) талғамы- 

ның ерекшеліктерімен санасу қажет 

дейді.  Халық  әндерінің  психология- 

лық  жақтарына  талдау  жасай  келіп, 

ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайы- 

на қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) да әр 

алуан, Түркістан елінің әні бұлтары- 

сы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы 

жоқ,  келте  немесе  бірыңғай  болып 

келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам 

болып,  ауылдан  былай  шыға  беріп: 

«Ауылың  сенің  белде  еді,  аридай»,- 

деп қозғайды. Арқаның әні толқын- 

ды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайтала- 

малы,  қайыруы  ұзын  болып  келеді. 

Теріскейдің,  батыстың  әні  мұңды, 

зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып 

келеді». Ж.Аймауытов бұл жерде ұлт- 

тық (этностық) психологияға ерекше 

мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауым- 

ға арналған тұжырымдарын: «ізденсе, 

талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт 

жоқ. Құнтталмаған, ізденбеген, соңы- 

на  түспеген  адамның  жұмысы  еш 

уақытта берекелі болмақ емес», – деп 

психологиялық тұрғыдан түйіндейді.

Біздегі ұлттық психологиялық термин- 

дердің алғаш жүйеге түсуі де Айма- 

уытов есімімен байланысты. Кей кез- 

де де термин сөздерге ауыр жүк жүк- 

телген,  олардың  жекелеген  ғылым- 

ның  өзіндік  ерекшелігін  бажайлап 

көрсете  алуы  абзал.  Ғылыми  ұғым- 

дардың ана тілімізде дұрыс түйінде- 

луі аса мұқияттылықты қажет етеді, 

сондықтан  да  біз  әрбір  терминнің 

тұрақты орын алуына, біртіндеп ши- 

рай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. 

Жасыратыны  жоқ,  біздер осы күнге 

дейін  терминдік  олқылықтан  шыға 

алмай  келеміз.  Осы  айтылғандарға 

жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ 

Аймауытовтың ерекше назар аударға- 

ны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекше- 

лікпен  санасуды  термин  жасаудың 

негізгі  принципі  етіп  ұстау  –  оның 

термин  жасау  тәжірибесінің  негізгі 

кредосы дер едік.



АЙМА

АЙМА

24

Ғылыми  терминдік  сөздерді  автор- 

дың таңдау тұрғысы да ерекше назар 

аудартады.  Себебі  белгілі  бір  ұғым- 

ның  баламасына  алынып  отырған 

термин сол ұғымның дәл мағынасын 

беруі, сондай-ақ оның келешекте қазақ 

тілінде алатын тұрақты орны қандай 

болмақ  деген  мәселе  осы  тұрғының 

негізгі мазмұнын белгілейді. Мәселен, 

автор еңбектерінде кездесетін әсер – 

впечетление, әуестік – любопытство, 

балалық – детство, тілек – желание, 

жан қуаттары – душевные силы, амал  – 

действие, қызмет – деятельность, қы- 

лық  –  поведение,  көңіл  күй  –  нас- 

троение, мағына – смысл, мақсат  – 

цель, мейірімділік – гуманность, ерік – 

воля, елігу – влечение, еліктеу  – под- 

ражание, ұғым – понятие, ниет  на- 

мерение, рух – дух, т.б. осы іспеттес 

психологиялық  ұғымдар  күні  бүгін- 

ге  дейін  төл  оқулықтарымызда  еш 

өзгеріске  түспей,  ұлттық  терминдер 

қорының төрінен орын алып келеді.

Ж.Аймауытовтың психологиялық қи- 

сындарының  негізгі  желісі  –  оның 

өзі  тұжырымдаған  мына  төмендегі 

қисындарға келіп саяды: «Тән қуаты 

болса, жан қуаты да ажарлы болады», 

«Нашар жаннан – осал мінездер туа- 

ды...», «Жалынды сөз, жалынды жү- 

ректен шығады...», «Баланы іспен емес, 

сөзбен,  үлгімен,  ақылмен  үйреткен 

адам  сорлы...  Адамның  денесі  қан- 

дай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, 

пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп, 

өркенделмек... Ерлік, қайрат үнемі ірі 

жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-

түйек  жұмыста  да  көрінуі  керек...», 

т.б. Аймауытов кітаптарының ерекше 

назар аударатын тағы бір басты ерек- 

шелігі – бұлар төл тіліміздегі тұңғыш 

психологиялық дүние болумен қатар 

бұрынғы Кеңес елін мекендеген түркі 

тектес  халықтар  тілдерінде  алғаш 

жарық көрген бірден-бір туындылар 

екендігінде. Өйткені, қырқыншы жыл- 

дарға  дейін  әзірбайжан,  өзбек,  түр- 

кімен, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт 

тілдерінде  ұлттық-психологиялық 

еңбектердің  жарық  көрмегенін  ес- 

керсек,  осы  басылымдардың  бағасы 

өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай 

өресі  биік  ғылыми  түйіндері  бар 

төл туындылардың сол кездегі отан- 

дық психологияның ғылыми сара жол- 

ға  түсе  қоймағанын,  тіпті  шет  ай- 

мақтағы Қазақстан түгіл, Орталықта- 

ғы  ғылым  ордаларында  да  (Мәскеу, 

Петроград,  т.б.)  белгілі  ғалым-пси- 

хологтар (К.Н.Корнилов, В.М.Бехте- 

ров, П.П.Блонский, т.б.) ескі түсінік- 

терден  арыла  алмағанын  ескерсек, 

сондай  қарбалас  кезеңде  жазылған 

Аймауытов кітаптарын қазіргі ұлттық 

игілікке айналдыру, тіпті оларды орыс 

не еуропа тілдерінің біріне айналды- 

ру – кезек күттірмейтін шұғыл еңбек- 

тердің бірі болмақ.



АЙТЫС – қазақтың ауыз әдебиетін- 

де  ежелден  қалыптасқан  поэзиялық 

жанр, топ алдында қолмақол суырып 

салып  айтылатын  сөз  сайысы,  жыр 

жарысы. Осынау халқымыздың ерек- 

шелігі психологиялық тұрғыдан ізде- 

се  таптырмайтын  деректердің  бірі. 

А.  психологиялық  сипатын  тұңғыш 

рет проф. М.Мұқанов өзінің «Ақыл-

ой  өрісі»  (Алматы,  1980)  кітабын- 

да талдауға алған. 2005 жылы проф. 

С.Бердібаева «Қазақ айтысының пси- 

хологиялық мәселелері» атты доктор- 

лық диссертация қорғады. Осы зерт- 

теушілердің айтуынша А. көшпелі ха- 

лықтардың, әсіресе қазақ халқының 

АЙМА

АЙТЫ


25

ойлау  және  сөйлеу  ерекшелігін,  мі- 

незі мен темпераментін, ішкі жан- 

дүниесін,  ерік-жігер,  қажыр-қайра- 

тын көрсететін қайталанбас психо- 

логиялық  құбылыс  екендігін  нақты 

деректер  келтіру  арқылы  дәлелдеп 

шықты.  Дейтұрғанмен  қазақ  айты- 

сының  әлде  де  ашылмаған  психо- 

логиялық  сыры  мен  қыры  жеткілік- 

ті. Осы мәселені зерттеу қазіргі Қа- 

зақстан психологтарының аса өзекті 

проблемалары болуы тиіс.



АКАЛЬКУЛИЯ (грек. а – қаз. бекер- 

леуші сөз бөлшегі + kalculatio – каль- 

куляция, сан, санау) – баланың санды 

білмей, есептеу амалына қабілетсіз- 

дігі.  Мұндай  қабілетсіздік  орталық 

жүйке  жүйесінің  ауруға  ұшырауы 

себебінен  болады.  Жүйке  қызметін- 

дегі  бұл  аурудың  ошағы  ми  жарты 

шарының сол жақ сыңарындағы тө- 

белік  алаптың  желке  бөлігінде 

орналасқан. Қабілетсіздіктің бұл түрі 

(ми  қабығындағы  жасушалардың 

зақымдалуына  орай  мидың  өзге 

алаптарына  жайылуы)  кейбір  кем- 

ақыл балаларда байқалады. А. ауруы- 

на ұшыраған балаларға арнайы әдіс- 

тер  арқылы  оқу  іс-әрекеттері  ұйым- 

дастырылады.



АКИНЕзИЯ  (грек.  акіпеsіа  –  қаз. 

қимыл-қозғалыс)  –  адамның  өздігі- 

нен аяқ-қолын қимыл-қозғалысқа кел- 

тіре алмай қиналуы. Ондай адамның 

қол-аяғы мен өзге мүшелерін жансыз- 

дандыратын  аурудың  түрі.  Мұндай 

кеселге адам долданып ашу-ызаға бу- 

лыққан  кезінде  ұшырауы  мүмкін. 

Аурудың  бұл  түрі  кейбір  жағдайда 

адамды  әлсіздендіріп,  қимыл-қозға- 

лыс әрекеттерін баяулатады. Бұл жайт 

гипокинез деп те аталады. Ауруды ем- 

деу оның түрі мен сипатына орай жүр- 

гізіледі.

АККОМОДАЦИЯ (лат. ассомоdatio – 

қаз. көз үйрету (үйрену); көз үйрену)

А. – Ж.Пиаженің интеллекттік даму 

теориясындағы  субъекттің  сыртқы 

орта әсерлеріне жауап қайтару тенден- 

циясының бірін білдіретін ұғым. Жал- 

пы, индивид сырттан келетін әсерлер- 

ге екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы 

үрдіспен  –  ассимиляция  және  А.  – 

жауап береді. Егер субъектіде қамти 

алмаса, онда бұл схемалар қайта құ- 

рылып, жаңа объектіге қарай бейім- 

деледі.  Сөйтіп,  жаңа  жауап  қату  тә- 

сілі пайда болады. Демек, субъект схе- 

маларының объектіге төселуі А. деп 

аталады.  Субъект  мінез-құлқының 

әрбір актісінің ұйымдасуын білдіре- 

тін  белгілі  бір  құрылымның  дина- 

микалық  аспектісін  адаптация  құ- 

райды. Ол ассимиляция мен аккомо- 

дацияның  арасында  тепе-теңдік  ор- 

науынан, осы екі процестің үйлесуі- 

нен пайда болады. Өсе келе, баланың 

ақыл-ойы жетіледі. Ол біртіндеп, ті- 

келей  қабылдаудың  әсерінен  босап, 

реализмнен объективизмге өтеді. Мұ- 

ның өзі бала ойлауының эгоцентризм- 

нен арылуын білдіреді. А. – (Ж.Пиа- 

же теориясында) қалыптасқан білім- 

ді,  икемділікті  және  дағдыларды 

пайда болған жаңа жағдайларға сәй- 

кестендіріп өзгерту.



АКМЕ  –  тұлғаның  дамуының  же- 

тілгендігі және іс-әрекет пен шығар- 

машылықта едәуір жоғары жетістік- 

терге  жетуімен  сипатталатын,  оның 

соматикалық,  физиологиялық,  пси- 

хологиялық және әлеуметтік күйі. Бұл 



АКАЛ

АКМЕ

26

күй  адамның  жасымен  байланысты 

және  шамамен  30  жастан  50  жас 

аралығын қамтиды. Кейбір творчес- 

тволық  тұлғаларда  ол  әрі  қарай  да 

жалғасуы мүмкін. Математика сала- 

сында ең жоғарғы жетістіктер 30 жас- 

қа  келеді,  ал  көркем  әдебиетте  –  50 

жастан кейін және т.б. А. күйінен ке- 

йін  адамның  организмінде  инволю- 

циялық процестер пайда болады. Бұл 

олардың кейбір физиологиялық және 

психологиялық функцияларының әл- 

сіреуінде, еңбек қабілетінің төменде- 

уінде және т.б. көрініс табады. Адам 

жетілуінің  жоғарғы  шыңы  (акме)  – 

оның  өмірінің  ұзақ  уақытын  қамти- 

тын кезеңнен тұратын және әрқашан 

да оның қаншалықты азамат, белгілі 

бір іс-әрекет саласының маманы ре- 

тінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен 

қатар, акме ешқашан тұрақты болып 

табылмайды, ал ол аз немесе көп ва- 

риативтілікпен, өзгергіштікпен айрық- 

шаланады. Антикалық өмірбаяндар- 

да «акме» деп өмір мен шығармашы- 

лықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы 

кезеңін  атаған.  Қазіргі  заманғы  ак- 

меологияны – «гүлдену кезеңі» жөнін- 

дегі ғылымды – ең алдымен, әртүрлі 

мамандықтардағы адамдар қай жаста 

оған  жететіні  және  осы  деңгей  қан- 

ша уақыт тұра алатыны қызықтыра- 

ды. А. басты проблемасы болып та- 

былатын – ол өмірдің белгілі бір ке- 

сіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүл- 

дендіре  алатын  жасампаздың  өзінің 

рухының күйі.



АКМЕОЛОГИЯ  –  адамның  кемел- 

дену  кезеңінде,  әсіресе  оның  осы 

жастың едәуір жоғары жетістіктеріне 

жету жағдайындағы даму феномено- 

логиясын,  заңдылықтары  мен  меха- 

низмдерін  зерттейтін  жаратылыста- 

ну, қоғамдық және гуманитарлық пән- 

дердің түйісуіндегі ғылым саласы. А. 

ұғымын жетілген адамдардың дамуы 

жөніндегі  ғылым  ретінде  ең  алғаш 

1928  жылы  Н.А.Рыбников  ғылыми 

айналымға енгізді. А. маңызды проб- 

лемалардың  бірі  –  адамның  кемел- 

денген  жасында  өзін-өзі  жан-жақты 

көрсете  білудің  алғышарттарын  жа- 

сайтын оның жас кезінде қалыптасуы 

қажет  сипаттамаларды  айқындау. 

Адамның  50  жастан  кейін  де  тұлға- 

сының сақталып, шығармашылық қуа- 

тын  арттыруда  әртүрлі  психофизио- 

логиялық  жаттығуларды,  аутогенді 

жаттығуларды, сондай-ақ түрлі ойын- 

дарды, ақыл-ой еңбегін, музыканы қол- 

данудың  тиімділігін  дәлелдейтін 

зерттеулер де бар.

АКСЕЛЕРАЦИЯ  –  соңғы  100-150 

жылдар  ішінде  балалар  мен  жасөс- 

пірімдердің соматикалық дамуы мен 

физиологиялық жетілуінің тез жүруі. 

А. дененің салмағы мен көлемінің ар- 

туында, жыныстық жылдам жетілуде 

көрініс табады. Соңғы зерттеулердің 

статистикалық мәліметтеріне сүйен- 

сек, соңғы жүз жыл ішінде балалардың 

туғандағы бойының ұзындығы шама- 

мен 0,5-1 см-ге, ал салмағы 100-200 г 

өсті;  5-7  жастағы  балалардың  бойы 

әрбір  он  жылда  1,5  см,  ал  салмағы 

0,5  кг  өседі;  мектеп  жасындағы  ба- 

лалардың бойы 10-15 см өскен. Жы- 

ныстық  жетілу  орташа  алғанда  1-2 

жасқа ерте басталады. Кейбір дәстүр- 

лі қатынастардың, оқыту-тәрбие жағ- 

дайларының  сақталуы  жағдайында 

мұндай  жасөспірімдерде  психоло- 

гиялық  бөгеттер  мен  шиеленістер, 

мінез-құлықтың аффективті түрі кө- 



АКМЕ

АКСЕ

27

рініс табады. Сонымен қатар, психо- 

логиялық А. түсінігі де бар, ол – ба- 

лалардың  ақыл-ой  дамуының,  жан 

қуаттарының  түрлі  әсерлерге  орай 

тезірек дамуы.



АКСИОЛОГИЯ – тұлғаның, топтың, 

ұжымның,  қоғамның  материалдық, 

мәдени,  рухани,  адамгершіліктік 

және психологиялық құндылықтары 

жөніндегі  ілім.  Жалпы  адамзаттың 

тіршілігі болмыстағы құндылықтар- 

ды  орнықтырады,  әрбір  қоғамда 

құндылықтық-нормалар  жүйесі  қа- 

лыптасады. Қандай да бір құндылық- 

ты өлшеу мен бағалау уақыт өте келе 

өзгеріп отырады. А. тұлғаның, дүние- 

нің, әділдіктің өзіндік құндылығы жө- 

нінде тұжырым жасайды. Адаммен 

қабылданған  құндылықтар  оның  өз 

субъективті  құндылықтық  бағдарла- 

рын  құрайды.  Құндылықтардың  қа- 

рама-қайшылықсыздығы  тұлғаның 

біртұтастығын сақтайды.



АКТИВАЦИЯ  (лат.  activus  –  қаз. 

әрекетшіл)  –  негізінен,  іс-әрекетке 

даярлық ұғымын білдіреді. А. – жүйке 

жүйесінің  қозу  және  реактивтілік 

деңгейін  сипаттайтын  күйі.  А.  өзі- 

нің психологиялық механизмдері бо- 

йынша  әртекті  болып  табылады.  А. 

мидың  лимбикалық  және  ретику- 

лярлық жүйе құрылымдарын қамти- 

тын жүйке жүйесі бөлімдерінің жал- 

пы  әсерлерімен  анықталады.  Осы 

әсерлердің  балансының  өзгеруіне 

қарай А. вегетативті көрсеткіштерде – 

жүрек  соғысының  жиілігі,  тері  қар- 

сылықтары, артериалды қысым, ты- 

ныс  алудың  өзгеруінде  белгіленген 

сапалық  ерекшеліктері  де  өзгереді. 

А.  ұзақ  мерзімді  –  тоникалық  және 

қысқа  –  физикалық  болады.  Оның 

жалпы сипаттамасы болып табылатын 

жүйке жүйесінің А. мен жеке ми құ- 

рылымдарының А., сондай-ақ психо- 

логиялық А. мен физиологиялық А. 

ажырату қажет. Активация: жеке-да- 

ралық деңгей – әрбір адамның өзіне 

тән А. деңгейі. Оның фонында адам- 

ның әдеттегі іс-әрекеті жүзеге асады. 

Бұл деңгей – жеке-даралықтың таби- 

ғи  детерминациясы  болып  табыла- 

ды. Активация: оптималды деңгей – 

жүйке  жүйесі  күйінің  мінез-құлық 

әрекетіне максималды сәйкес келу дең- 

гейі.  Осының  салдарынан  іс-әрекет 

үлкен тиімділікпен орындалады.

АКТУАЛАНДЫРУ  –  актуалис  де- 

ген лат. сөзі. Мәселелер мен құбылыс- 

тардың  мән-жайын  ашып  көрсетіп, 

нақты іс-әрекетке айналдыруА. пси- 

хологияда бұрын әсер еткен бейнелер- 

ді есте тиянақты сақтауА. бейнелер 

мен қимыл-қозғалыстарды, ой жүйесі 

мен айтылған сөз тізбегін анық жаң- 

ғырту әрекеті.

АКЦЕПТОР ӘРЕКЕТІ «акцептор» – 

«қабылдаушы» деген лат. сөзі. Бұл – 

зат. Ол атомдарға, электрондарға және 

өзге  де  заттарға  қосылып,  орталық 

жүйке жүйесінің қызметін жанданды- 

рады. Нейродинамикалық сипаттағы 

әрекеттер. А.ә. жүйке жүйесінің қыз- 

метінде реттеледі. Ұғымды П.К.Ано- 

хин  енгізген.  Орталық  жүйке  жүйе- 

сінің қызметін белгілейтін гипотети- 

калық психофизиологиялық аспап жә- 

не  шынайы  орындалған  әрекетпен 

ұштасатын болашақ әрекеттің нәтиже- 

сін көрсететін модель.

АҚКөҢІЛДІК – мінездің түрі, адам 

баласының  аяулы  қасиеттерінің  бі- 



АКСИ

АҚКө

28

рі. Ақкөңіл адамның басқалармен қа- 

рым-қатынасына  ізгі  ниеттілік,  шы- 

найы  тілектестік,  ілтипаттылық  пен 

жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән. 

«Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас» 

деген халық нақылында бұл тамаша 

адамгершілік қасиетке ие кісінің мі- 

нездемесі  дәл  де  нәзік  бейнеленген. 

Мұндай адамдар – баршаның ісі іл- 

гері бассын, көптің көңілі өссін, тө- 

ңірек  түгел  болып,  жұрттың  жүзіне 

жайдарылық  нұры  жайылсын  деп 

тілейді, соған өздерінің көңілі көнши- 

ді. Олар сұратпай-ақ, басқаға көмекте- 

суге әзір тұрады, басқаны көңілден- 

діруге, шаттандыруға, қиындықтан құт- 

қаруға  құмар.  Халық  ондай  адамды 

ақжүрек  кісі  деп  марапаттап,  құр- 

меттейді.



АҚНИЕТ – көңілі таза, пейілі ақ, адал 

адамның  мінезіндегі  құнды  қасиет. 

Ниет адамның ықылас-ынтасын біл- 

діретін психологиялық сипат. Ол адам- 

ның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүд- 

десімен сабақтас. Халқымызда «Асы- 

ңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз» дей- 

тін мақал осы жайтты білдіреді. Халық 

ашық-жарқын мінезді адамды құрмет 

тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.



АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ (1675-1768) – 

әйгілі  батыр,  жауынгер,  әскербасы- 

лардың бірі. Оның ақындық таланты 

тым  ерте  танылып,  өзінің  жалынды 

жырларымен  халықты  жат  жұрттық 

басқыншыларға қарсы күреске жігер- 

лендіреді. Жырау толғауларында көш- 

пенділердің өзіндік психологиясы кө- 

рініс  тапқан.  Көшпенділер  ежелден 

ақкөңіл,  қонақжайлылығымен,  мей- 

мандостығымен  баршаға  мәшһүр. 

Осынау  ұлттық  қасиет  Ақтамберді 

толғауларындағы басты тақырыптар- 

дың бірі. Жырау түсінігінде қазақ үшін 

байлық – мал.

Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, тері- 

сі – киім. Мал – халқымыз үшін көш- 

се көлігі, мінсе жүйрігі болғанын же- 

ріне  жеткізе  айта  келіп,  жырау  жас 

ұрпаққа айтқан ақыл-кеңестерінде осы 

төрт түлікті бағып-қағу үшін қалтқы- 

сыз еңбек ет, малшылық кәсіпті сүй, 

жай сүюден ештеңе шықпайды, оның 

тілін, бабын таба білуің қажет дейді. 

Мал атаулының қадір-қасиетін тебіре- 

не жырлаған жырау, сайып келгенде 

жастарды шаруашыл, еңбекқор болу- 

ға шақырады да, оларды бірлікке, та- 

тулыққа,  ата-ананы  сыйлауға,  туған 

жерді басқыншы жаудан қорғай білу- 

ге, ержүректікке, батыр болуға үндей- 

ді.  Өзі  жөнінде  бірде  ойшыл  ақын 

былай  дейді:  Жақынға  қылман  зор- 

лықты! Дұшпаннан көрген қорлығым, 

Сары бу болды жүректе, Он жетіде 

құрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға 

қарай аттандым, Жеткіз деп құдай 

тілекке!

Ақындық  даңқымен  қатар  палуан- 

дық, батырлық даңқы қатар шыққан 

Ақтамберді жырау творчествосындағы 

басты мотив – жастарды ерлікке, ба- 

тырлыққа  баулу,  оларды  дұшпаннан 

именбеуге, жауды құрақша жапыратын 

шабуылға жігерлендіру. Жыраудың өз 

басында жастар өнеге алатын қасиет 

көп.  Мына  төмендегі  жолдарда  ол 

өзінің  батырлық  тұлғасын  көрсету 

арқылы, әрбір қазақ жасы дәл осындай 

болу керек деген идеяны айтқысы ке- 

леді. Енді сөзді қарт жыраудың өзіне 

берейік: Жауға шаптым ту байлап, 

Шепті бұздым аңғайлап, Дұшпаннан 

көрген қорлықтан, Жалынды жүрек 

қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап, 

АҚНИ

АҚТА


29

Өлімге жүрміз бас байлап... Жуылмай 

қастың қанымен, Намысқа тиген кір 

кетпес.

Ауыр жеңілістерді, дүркірей қашқан 

босқыншылықты  көзімен  көріп,  ой- 

рат  басқыншыларына  қарсы  күресті 

ұйымдастырушылардың алдыңғы са- 

пында  жүріп,  елге  ұйытқы  болған 

Ақтамберді жырау өз заманының та- 

лабын, өз ортасының тілек-мүддесін 

білдіріп, бүкіл қазақ болып атқа қо- 

нуды, сөйтіп, дұшпанға қирата соққы 

беруді  армандайды.  Ақын  толғаула- 

рынан алға қойылған айқын мақсат, 

оны жүзеге асырудың жолдары, нақ- 

ты  жоспарлар,  келешектен  үміттену 

(«Үмітім бар ақырдан»), асқақ арман 

көрінеді.  Ерте  есейген,  көргені  мен 

түйгені көп, өмір тәжірибесі мол Ақ- 

тамберді  жырау  халқының  келешегі 

жайлы көп армандаған.

Жырау арманы – халық арманы. Ас- 

тына арғымақ мініп, ақ кіреуке сауыт 

киіп, қоңыраулы, жалаулы найза кө- 

теріп,  көп  қолмен  жауға  тиісу,  оны 

дүркіретіп  қуу,  сөйтіп,  туған  жерді 

дұшпаннан азат ету – сол кездегі әр- 

бір  қазақ  баласының  асыл  арманы 

болды. Жырау халықтың басына ауыр 

күн  туған  жағдайларда  да  олардың 

жарқын болашақтан күдерін үздірмей, 

жаудан  үдере  қашқан  елге  зор  қуат 

береді.  Жұртты  жауға  қарсы  жаңа 

күреске, жеңіске жұмылдырады. «Ар- 

маны жоқ жігіттің дәрмені жоқ» де- 

гендей, осындай асқақ арман тек Ақ- 

тамберді  жырау  секілді  ерік-жігері 

күшті,  қайсар  мінезді  адамнан  ғана 

табылатын қасиет. 

Халқымыз  ежелден  ақкөңіл  қонақ- 

жай, меймандос ел болған. Мейман- 

достық  –  бейбітшіліктің  символы 

іспеттес. Көшпенді ата-бабаларымыз 

қашанда  бейбітшілікті  аңсаған.  Өз 

бетімен ешкімге ұрынбаған. Той-думан, 

ас  беру,  қыз  ұзату  т.б.  осындай  ұлы 

жиындарда салтанат шеруі бірінен-бі- 

рі  асып  түсіп,  ақ  дәм,  ақ  дастарқан 

жаюлы  тұрған.  Ұлттық  психология- 

ның осы жағы Ақтамберді толғаула- 

рындағы басты тақырыптың бірі сияқ- 

ты. Мұны төмендегі жолдардан жақ- 

сы аңғаруға болады. «Ойпаң жерге он 

отау, Қыраң жерге қырық шатыр ті- 

гіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан 

малым кетпесе, Қазаным оттан түс- 

песе, Ауылдан топыр үзілмей, Ошақ- 

тың оты өшпесе, Он кісіге жараса, 

Бір кісіге арнап тартқан табағым».

Патриархалдық-феодалдық қазақ қо- 

ғамының  бел  баласы  Ақтамберді 

бірде:  «...Бұлаңдап  жүрген  жігіттің, 

Жомарт қолын жоқ кесер», – деп жыр- 

лайды. Көшпелі қазақ елі үшін өмі- 

рінің қуанышы, тіршілік көзі болған 

мал тақырыбына Ақтамберді өз тол- 

ғауларында қайта-қайта оралып соға 

берген. Жырау ұғымында халқымыз 

үшін мал асылы – жылқы. «Жылқыдан 

асқан мал бар ма? Биенің сүті сары 

бал, Қымыздан асқан дәм бар ма? Же- 

ліде құлын жусаса, Кермеде тұлпар бу- 

санса,  Сәні  келер  ұйқының,  Жылқы 

қолдан тайған соң, Қызығы кетер күл- 

кінің», – деп «Сары балдай» дертке да- 

уа, шипалы сусын қымызды, жемесең 

түсіңе кіретін жылқы етін ер жігіттің 

жан серігі, ең жақын досы болып та- 

былатын сәйгүлік тұлпарды ақын те- 

бірене жырлайды.

Мәселен, сәйгүлік, тұлпар, арғымақ се- 

кілді жылқының өзіне тән қасиеттері 

жайлы «от басар орны отаудай», «ор 

қояндай қабақты», «сапты аяқтай ерін- 

ді»,  «омырау  еті  есіктей»,  «ойынды 

еті бесіктей» деген теңеулерді жылқы- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет