АССО
АССО
57
АСТЕНИЯ (грек. astheneia – қаз. әл-
сіздік) – өте қатты шаршап-шалды-
ғу, жадап-жүдеу, көңіл күйдің тұрақ-
сыздығының ақырғы шегі, ұйқының
бұзылуы кезінде байқалатын жүйке-
лік-психологиялық әлсіздік. А. – жүй-
ке мен психиканың шаршап болды-
руы салдарынан әлсіреп нашарлауы.
Ағза жұмысының қабілетінің төмен-
деуі (әлсіздік, күшсіздік, шарасыздық,
әуестік, дәрменсіздік), адам ауырған-
да немесе демалыссыз көп уақыт ең-
бек еткенде болатын жүйкелік – пси-
хикалық әлсіздік, дәрменсіздік, сезгіш-
тігі төмендейді, көңіл күй тұрақсыз-
данады. А. кезінде қатты қажу, көңіл
күй тұрақсыз болу, сезгіштік қасиет
төмендеп, ұйқы бұзылады. Қатты
шаршағанда немесе жүдегенде пай-
да болатын жүйкелік-психикалық дәр-
менсіздік. А. әртүрлі сырқаттың және
ақыл-ой мен дененің шамадан тыс
қызмет атқарғанда, дау-жанжал және
қайғылану жағдайында да көрініс
береді. А. әртүрлі ауру-сырқаулар,
сондай-ақ ой және дене еңбегімен
шектен тыс шұғылдану және ұнамсыз
күйзелістер мен қайшылықтардың
нәтижесіңде зорығудың пайда болуы.
АСЫЛБЕКОВ ӘБДІРАХМАН (1903-
1970) – қазақ психологі. Қазіргі Ал-
маты облысы, Жамбыл ауданының Қа-
ракестек ауылында шаруа отбасын-
да дүниеге келді. Сауатын ауыл мекте-
бінде ашып, кейіннен орта және жоға-
ры оқу орындарында оқиды. Өмір жо-
лын 1928 жылы Жетісу халық ағарту
жүйесіндегі мектеп инспекторлығы-
нан бастайды. Одан кейінгі жылдары
әр түрлі қызмет атқарады. 1930-34 жыл-
дары Шымкентте, кейіннен Өзбекстан-
дағы Қарасу балалар үйінде дирек-
тор болады. 1960 жылдан бастап өмірі-
нің соңғы күндеріне дейін Қазақтың
Абай атындағы Мемлекеттік педаго-
гикалық университетінің психология
кафедрасында қызмет атқарған. 1962
жылы Ташкентте «Мектеп оқушыла-
рында ынтаның қалыптасуы» атты
кандидаттық диссертация қорғаған. Ол
педагогикалық және жас психология-
сының төңірегінде көптеген еңбектер
мен мақалалардың авторы. Олардың
кейбірі: «Оқушылардың ынтасын тәр-
биелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі
семьяның рөлі» (1966) т.б.
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ – адам мінезін-
дегі мансапқа, даңққа қызығушы-
лық, өркөкіректік пен өзімшілдік қа-
сиет. А. адамның өмірі мен тіршілі-
гінде, күнделікті қарым-қатынасында
мансап құмарлық деп те атала береді.
Ол адамның бойындағы іскерлігімен,
білімімен, қабілетімен санаспай, қа-
лайда басшы қызметке қол жеткізуді
мақсат тұтады. Әкімдік арқылы жо-
ғары дәрежеге көтерілуді көздейді. А. –
қызметі мен беделі жоғары адамдар
арасында өзін өзгелерден ерекше көр-
сету үшін болып отыратын жағым-
паздық қылықтар. Көңіліне ұнамаған
адамдар жайында өтірік-өсек әңгіме
тарату арқылы күншілдігі мен қызған-
шақтығын әрдайым білдіріп отыра-
ды. Ондай адамның сөзіне ергендер
опық жеп, артынан қателескенін аң-
ғарады. Баянсыз болған ісіне өкінеді.
А. – адам мінезіндегі жағымсыз сипат.
АТРИБУЦИЯ – қабылдау өрісінде
жоқ сипаттамаларды әлеуметтік
объектілерге (адамға, топқа, әлеумет-
тік қауымға) балаудың әлеуметтік-
психологиялық механизмі. А. қажет-
АСТЕ
АТРИ
58
тілігі субъекттің әлеуметтік ортамен
адекватты өзара әрекеттесуіне бақы-
лау арқылы алатын мәліметі жеткілік-
сіз болған кезде, оны «толықтыру»
қажеттілігімен сипатталады. А. – ті-
келей қабылданатын ақпаратты «то-
лықтырудың» негізгі амалы. А. зерт-
теуге ең алғаш Ф.Хайдер (1958) жұ-
мысы бастау болды. 1970 жылдардың
соңына қарай А. аттитюдтармен қа-
тар, әлеуметтік-психологиялық зерт-
теулердің басым объектілеріне айнал-
ды. Ең алғашында ол каузальдық А-ға
баланып, тұлғааралық қабылдаудың
шегінде шоғырланып, адамзаттық мі-
нез-құлықтың себептерін шығару ре-
тінде түсіндірді.
Кейіннен А. ұғымы кең мағынада
қолданыла бастады. Ол тек мінез-құ-
лық себептерін ғана анықтамай, әлеу-
меттік сипаттамаларды кең көлемде
түсіндіруге қолданылды. А. тек тұл-
ғаның ғана емес, сонымен қатар, бас-
қа да әлеуметтік объектілердің де си-
паттамаларын білдірді. Ол қабыл-
данатын объектілерді мағыналық жү-
йеде қарастыруға мүмкіндік берді.
Кеңестік психологияда А. 1970 жыл-
дардың соңына қарай көптеген әлеу-
меттік құбылыстардың механизмі ре-
тінде анықталды. Оның топаралық
өзара әрекеттестіктер мен отбасылық
қатынастарды реттеу, өндірістік жә-
не т.б. шиеленістердің тууындағы
рөлі көрсетіледі. А.(Каузальды) – құ-
былысқа, адамға немесе бір тікелей
қабылдауға әсері болмайтын қасиетті
тіркеу. А. – тұлғааралық қатынастар
жағдайында кісінің басқа адамдар-
дың мінез-құлық себептері мен мотив-
терін түсінуі.
Оны зерттеу мына жағдайларға не-
гізделеді:
1) адамдар бірін-бірі тану кезінде ті-
келей қабылдау процесімен ғана шек-
телмей, олардың мінез-құлқының
себептері жөнінде өздігінше тұжырым
жасап, талдайды;
2) адам жөнінде бақылау негізінде
алынатын ақпарат сенімді қорытын-
ды жасауға жеткіліксіз болатындық-
тан, бақылаушы мүмкін болатын мі-
нез-құлық себептері мен тұлғалық қа-
сиеттерді соған жатқызады;
3) мұндай себептік талдау бақылау-
шының мінез-құлқына әсер етеді. А-ны
зерттеумен бұрын тек қана әлеумет-
тік психология ғана айналысқан бол-
са, қазіргі кезде оны жалпы психология
да, педагогикалық психология да, жас-
тық психология да, спорт психология-
сы да өздігінше зерттейді. А. негізін
салған Ф.Хайдер. Ол бұл мәселенің
негізгі категориялары мен қағидала-
рын жасап шығарды.
А. эксперименттік зерттеудің маңыз-
ды нәтижелері мен қорытындылары
мыналарды анықтады:
1) адамның өз мінез-құлқы мен басқа
адамдардың мінез-құлқын түсіндіру-
дегі айырмашылықтардың болуы;
2) А. процесінің субъективтік – мо-
тивациялық және ақпараттық – фак-
торлардың әсерінен логикалық норма-
лардан ауытқуы;
3) А. адамның мотивациясы мен іс-
әрекетіне ынталандырушы әсер етуі.
Ол бұл іс-әрекеттің сәтсіз нәтижеле-
рін сыртқы факторлардан көруі, ал
сәтті нәтижелерін – ішкі факторлар-
дан көруі. Осындай эксперименттік
зерттеулердің нәтижесінде анықтал-
ған заңдылықтардың негізінде адам-
ның эмоциялары, бағдарлары, мотива-
циясы мен іс-әрекет тиімділігіне әсер
ету мақсатымен, А. пайдаланудың тә-
АТРИ
АТРИ
59
сілдері құрастырылды. Отандық пси-
хологияда бұл мәселенің әлеумет-
тік құрастырылуы іс-әрекет процесі-
нің А. жанамаланатыны жөніндегі
әдіснамалық принципі негізінде жү-
зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің
бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт-
сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі-
гін мойнына арту мен қабылдау құбы-
лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша,
жоғары дамыған топтарда, ұжымдар-
да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым
мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.
АТРОФИЯ – сему, кему (бір мүшенің
сезгіштік қасиетінің кемуі). А. деп әр-
түрлі жағдайлардың (қимыл-қозға-
лыстың жоқтығынан, психикалық күй-
лердің төмендігінен) әсерінен психи-
ка функциясының тозуын, азғында-
луын және кемуін атайды. А. – орга-
никалық құрылымның дегенерация-
сы, солуы. Кейбір психикалық функ-
цияның күшінің болмауынан немесе
басқа да жағымсыз жағдайлардың
(ұзақ уақыттық стресс, шиеленістер,
фрустрация, наркотиктер, интокси-
кация және т.б.) әсерінен дегенера-
циялануы.
АТТИТЮД – әлеуметтік белгіленген
бағдар, тұлғаның басқа адамдармен
қарым-қатынасы жағдайында белгілі
бір мінез-құлықты жүзеге асыруға
бейімділігі, даярлығы. А. термині бел-
гілі бір әрекетке физикалық немесе
ақыл-ойдың дайындық күйі: адам-
ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде
түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар-
дағы бағдар ұғымын қолдану аме-
рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна-
нецкийдің аттарымен байланысты.
Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік
құндылықтарға (ақша, атақ-мансап,
бөтен адамдарға, жақындарға және
т.б.) бейімділігі ретінде сипаттады.
Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің
реакцияларына бағыттаушы және
динамикалық әсер беретін тәжірибе
негізіндегі психологиялық даярлық
күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр-
де құнды бағдарлар белсенді теория-
лық және практикалық іс-әрекет ба-
рысында, білімдерді игеру, басқа адам-
дармен өзара әрекеттесу және қарым-
қатынас нәтижесінде қалыптасады.
АТТРАКЦИЯ – жағымды эмоция-
ның негізінде бір адамның екінші адам-
ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам-
дардың тұлғааралық қабылдауы жағ-
дайында бірінің бірі үшін сүйкім-
діліктің, тартымдылықтың пайда бо-
луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік
бағдарға жатады. Субъектіде А. оның
арнайы эмоциялық қатынасының (жа-
ғымды немесе жағымсыз) нәтижесі
болып табылады және басқа адамға
ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө-
рініс табады. Эксперименттік түрде А.
байланудың және достық сезімі қа-
лыптасуының механизмдері ретінде
зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо-
циялық қатынас субъект пен қабылдау
объектісі сипаттамаларының өзара
ұқсастығынан, қарым-қатынас серік-
тері арасындағы жақындығы, олардың
жиі кездесуі, олардың арасындағы
ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте-
су жағдайларынан (көмекшіл қаты-
нас, бірлескен іс-әрекет) және т.б.
болады.
АУРА – лат. желдің соғуы, ызғар де-
ген сөзі, қысқа мерзімді санасыздық.
Бұл қояншық ауруының хабаршысы
АТРО
АУРА
60
не оның алғашқы белгісі сияқты. Алай-
да қояншық ауруының мұндай бел-
гісі ұстамалы қояншық ауруымен зар-
дап шегетіндердің бәрінде кездесе
бермейді. Аурудың бұл сипаты балалар
мен жеткіншектерде сирек кездеседі.
Аурудың ұстамалы түрі адамның
қимыл-қозғалысы мен сезімдік әрекет-
терінің тоқтап қалуынан байқалып,
бірнеше секундқа, не минуттарға со-
зылуы мүмкін.
АУРУ – сыздау, қақсау. Ағзаны өте
күшті күйрететін және оның өмір сү-
руіне немесе тұтастығына қауіп ту-
ғызудың нәтижесінде пайда болатын
психикалық күй. А. жануарлар әлемі
эволюциясының тапқан бағалығы.
А. физиологиялық үрдістің дұрыс
жайымен өтуіне кедергі болу жағы-
нан психикалық маңыздылығы өте
жоғары. Эмоциялық жағынан ауру
жәбірлейтін және қиын өтетін сипат-
та болады. Адамның өте жоғары дамы-
ған өнегелілік ниеттері ауруға беріл-
меуге көмектеседі.
АУТИзМ (грек. аиtо – қаз. өзім) –
психологиялық шектелудің ең соңғы
түрі және күйі. А. индивидтің қорша-
ған ортамен байланыс-қатынастар-
дан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуы-
нан» және өз күйзелістерінің тұйық
әлеміне енуден көрініс табады. Бұл
термин субъекттің өз ойлауын ырық-
ты реттеу мүмкіншілігінің төменде-
уін, өзін шектейтін тақырыптар ая-
сындағы ойлардан кете алмауды, кез
келген байланыстардан қашуды, бір-
лескен іс-әрекетке қажеттіліктің бол-
мауын білдіру мақсатында ғылымға
енгізілді. Нормада А. тұлғаның кө-
бінесе өз ішкі әлем суретіне және оқи-
ғаларды бағалаудың ішкі критерий-
леріне бағдарланумен байланысты
болатын жеке-дара ерекшеліктерді
сипаттау үшін қолданылады (Эго-
центризмді қараңыз) . Бұл ерекшелік-
тер индивидтің айналадағыларды
интуитивтік түрде түсіне білу, олар-
дың рөлін ойнай білу, біреудің пози-
циясында тұру қабілеттілігінің бол-
мауын бейнелейді.
АУТОГЕНДІ МАШЫҚТАНДЫРУ –
пациенттерді өзін-өзі сендіруге, бұл-
шық еттерін босаңсытуға, зейінінің
шоғырлану қасиетін дамытуға, субъект
үшін маңызды іс-әрекетті көтеріп,
машықтандыруға арналған психоте-
рапиялық әдіс. А.м. екі сатысын көр-
сетуге болады: 1) релаксацияға үй-
рету, ауырлықты, жылылықты, сал-
қындықты түйсіндіру, вегетативтік
функцияларды басқаруды куәланды-
ру. 2) гипноздық күйдің әртүрлі дең-
гейлерін жасау (Г.Шульц т.б.). А.м.
медицинада, психологиялық-педаго-
гикалық қызметте өзін-өзі тәрбиелеу-
де өндірістерде тағы басқа жағдайлар-
да қолданады.
АУЫзЕКІ СөЙЛЕУ – естіп, қабыл-
данатын тілдік құралдар арқылы вер-
балдық (сөздік) тілдесу. А.с.-ге тән
сипат – сөйленген хабарламалардың
жекелеген құрамдастары бірінен соң
бірі туындайды және қабылданады.
А.с-дің туындау процестері бағдар-
лану, бір мезгілде жоспарлану (бағдар-
ламалану), сөйленіп жүзеге асу және
бақылау буындарын қамтиды; бұл
орайда, жоспарлау өз кезегінде қатар-
лас екі арна бойымен жүзеге асады да,
АУРУ
АУЫз
61
ауызекі сөйлеудің мазмұндық және мо-
торлық-артикуляциялық жақтарына
қатысты болады.
АУЫРСЫНУ АДАПТАЦИЯСЫ
Мыс: теріге ине шаншып, инені
қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны се-
зілмей қалады, ал инені сәл қимыл-
датса ауырғанды сезеді. Инені ұзақ
уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауыр-
ғанды қабылдағыш рецептор иненің
сол әсерінің күшіне бейімделіп, сез-
бей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауыр-
сыну биологиялық өте маңызды қор-
ғаныс бейімі болып табылады. Сипа-
ты мен күші бойынша қиратушы ті-
тіркендіргіштердің әсерінен ауыр-
сыну организм үшін қауіпті әсерлер
жөнінде белгі береді. Адам денесін-
де ауырсынуға сезімтал емес және
ауырсынуға сезімтал бөлімдер бола-
ды. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну
нүктелері сәйкес келеді. Эксперимент-
тік зерттеулер көрсеткендей, ауыр-
сыну нүктелерінің таралуы дина-
микалық, қозғалғыш сипатта болады.
Ауырсыну түйсіктері белгілі бір ті-
тіркендіргіштен келетін импульстар-
дың қарқындылығы, ұзақтығы мен
жиілігінің шамадан тыс артуының
нәтижесі болып табылады. Ауырсыну
сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыр-
татын тітіркендіргіштен кейінгі им-
пульстар баяу өткізіледі. Ауырсыну
импульстарына бейімделу өте баяу
жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір
қанағаттанбағандықпен немесе азап
шегумен байланысты. Ауырсынудың
орналасқан жері айқынсыз болады.
АУЫРСЫНУ – түйсіктің ерекше бір
түрі. А. денеге ішкі мүшелерден неме-
се сырттан қолайсыз тітіргендіргіш
әсер еткенде туындайтын жан құбы-
лысының жағдайы. Кісі дені сау ке-
зіндегі түйсіктердің осы түрін байқай
бермейді. И.М.Сеченов мұндай түй-
сіктерді «көмескі түйсік» деп атаған.
Органикалық түйсіктердің құрамына
енетін адам организімнің жалпы
хал-күйінің негізі болып табылатын
осынау түйсіктердің профилактикалық
маңызы зор. Өйткені ол жаңадан бі-
лініп келе жатқан аурудың алғашқы
хабаршысы ретінде бұлар организмнің
бірқалыпты жұмысының бұзыла бас-
тағанын білдіреді. Осындай жағдай-
да адамның көңіл күйі кейде күрт
нашарлап, дегбірсізденіп, ауруды бол-
дырмау шараларын қарастырады. Ерік-
жігері күшті, рухани өмірінің мазмұ-
ны бай, уақытты үнемі іс-әрекетке то-
лы адам тәнге түскен осындай қолай-
сыз жағдайларға сыр бермей, шыдам-
дылық көрсетеді. А. түйсігінде шеткі
жүйке саласы әсіресе ми қабығы ор-
талығы басқарып отырады.
АУЫТҚЫҒАН МІНЕз-ҚҰЛЫҚ (де-
вианттық мінез-құлық) – балалар мен
жасөспірімдердің әкімшілік жазалау
шараларын қолдануға апарып соға-
тын құқық бұзушылықтарды үнемі жа-
сауы; жұмыстан қасақана жалтаруы,
отбасынан немесе балаларды оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп
қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жатпайтын қылмыс
белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет-
тер жасауы. А.м.-қ. физиологиялық
және патологиялық түрлерге ажыра-
тылады. Физиологиялық негіздегі
ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей)
психикаға әсері күшті болғанымен,
АУЫР
АУЫТ
62
адамды оның салдары үшін жауапкер-
шіліктен босатпайды. Яғни мұндай
сезімдік ахуал жағдайында жасаған
қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға-
рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай-
ларда жеңілдетілуі мүмкін. Патоло-
гиялық негіздегі А.м.-қ. адамды бір
сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат-
сыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жа-
сауға итермелейді. Егер қылмысты
әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы-
раған адам жасаса, ондай адам «есі
кіресілі-шығасылы» деп танылады.
Девианттық қылық – қоғамдық нор-
маларға қарсы қылықтар жүйесі не-
месе жеке қылықтар. Мұндай қылық-
тар әлеуметте қолдау табатын (дарын-
дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және
әлеуметте қолдау таппайтын болып
бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын
қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә-
не жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке,
нашақорлыққа бейім қылықтар). Де-
вианттық қылықтар ауытқушы қы-
лықтар. Адамның орныққан құқықты
немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт-
қитын немесе сол тәртіп ережелерін
бұзатын қылықтары.
АФАзИЯ (грек. aphasia – қаз. сөй-
леудің бұзылуы). А. – адамның сөй-
леу қабілетінен жартылай не біржола
айырылуы. Мұндай кемістік мидағы
сөйлеу орталықтары мен қан тамыр-
ларының ісініп, бас сүйегінің зақым-
далу салдарынан болады. Ми ала-
шарының белгілі орталығы зақымда-
луына қарай А.-ның мынадай екі түрі
бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік
А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми-
дағы орталығы (мұны Брока орталы-
ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор-
талығының (мұны Верника орталығы
дейді) зақымдалуына байланысты.
Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан
немесе нашар естуінен мардымсыз
болып қалатын алалия деп аталатын
кемістіктен А-ның айырмашылығы
сол, бұл баланың дамып жетілген
сөйлеу қабілетін жоғалтады.
Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың
сөйлеуі біржола жоғалады немесе
айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі-
рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн-
дай жағдайда сөйлеудің дыбыстық
үйлесімі мен буындары, сондай-ақ
буындар мен сөздердің бір-бірімен
байланысы болмайды. Мұндай кеміс-
тігі бар балалар өзгелердің сөзін де
шала-шарпы ұғынып, оларға толық
жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз-
ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы
мен жазуына да әсер етіп, олар жеке
дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта
алмайды. А-ға ұшыраған балалардың
сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның
естуі мен көру талдағыштарының жұ-
мысын жандандыратын шаралар қол-
данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү-
йесін қалпына түсіретін дағдылар қа-
лыптастырылады.
Сонымен бірге ондай балалардың
сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық
құрылысын үйренулері үшін машық-
тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се-
зімдік А. бойынша бала сөздердің мә-
ні-мағынасын ұғына алмайды, сөз-
дер мен әріптердің дыбысталу ерекше-
ліктерін ажырата алмай қиналады.
Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс
қабылдау қабілетін жоғалтпайды.
Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін
қалпына келтіру бағытында оның есту,
көру талдағыштарының қызметін жан-
АФАз
АФАз
63
дандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу-
сызуға деген әрекетін дамыту арқылы
сөздердің мағынасын дұрыс түсіне
білуге жүйелі түрде машықтандыра-
ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-
лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз
мағынасын түсіну қабілетінен біржо-
ла айырылып қалуы сияқты кемістікке
де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға
байланысты кейбір сөздердің мәнін
ұмытып қалуы сияқты кемістікке де
душар болады.
А. бала психикасының қалыпты да-
муына кедергі жасағанмен, оны ақыл-
ойы кеміс балалар қатарына жатқызу-
ға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі
А. қалпына түсіру үшін логопедиялық
шаралар қолданып, емдеу жұмыстары
жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр-
қилы түрлерінің жүйелі бұзылуын
білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет-
терінің және естудің қарапайым түр-
лерінің сақталуы жағдайында сөй-
леудің фонемалық, морфологиялық жә-
не синтаксистік құрылымының бұзы-
луы түрінде көрініс табады.
Нейролингвистиканың түсініктеріне
сәйкес А. келесі себептерден пайда бол-
ған жүйелі бұзылыс болып табылады:
1) алғашқы реттік дефект;
2) алғашкы реттік дефектінің сал-
дарынан болатын екінші ретті бұзы-
лыстан;
3) бұзылған функцияны компенсация-
лауға бағытталған ми қызметін функ-
циялық өзгертуден.
А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына
әсер еткен фактордың біріне байла-
нысты жеті түрін біліп көрсетеді:
1) сенсорлық А. – фонемалық естудің –
сөздердің дыбыстық құрамын ажыра-
та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу-
ді түсінудегі қиындық;
2) акустикомнестикалық А. – есту –
сөйлеудің естің бұзылысы;
3) негізінде көру есінің бұзылысы жа-
татын оптикомнестикалық А.;
4) белгілі бір логикалық құрылым-
дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке-
сі, жаздың алдындағы көктем сияқты
құрылымдарды түсінудің бұзылысы
болып табылатын, сонымен қатар,
санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы-
лысымен бірге жүретін семантика-
лық А.;
5) моторлық афференттік А. – сөздер-
ді айта алмау, бір дыбыстарды екін-
шісімен алмастырудан көрінетін сөй-
леу бұзылысы;
6) моторлық эфференттік А. – сөй-
леу актілерінің кинетикалық ұйымда-
суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын-
дарының инерттілігі салдарынан бір
сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы-
судың қиындығы;
7) динамикалық А. – сөйлеуді жоспар-
лаудың бұзылысы түрінде көрінетін
сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз-
ша және жазбаша белсенді сөйлеудің
бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |