Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет56/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90

МОМЫ

МОМЫ

378

Солдат жанында командирі тұрғанын 

сезсе, көрсе, батыл да сенімді әрекет 

етеді.  Ал  командир  толқи  бастаса, 

жауынгерлері  де  толқып,  командир 

қорықса – солдаттарды әп-сәтте үрей 

билеп алатынына назар аудартады.

Командир  ең  алдымен  өзінің  ішкі 

қорқынышын жеңіп, толқуын басып 

алмай  ұрысқа  басшылық  жасауға 

қақысы  жоқ.  Өзі  табандылық  көр- 

сете алмай тұрған командир жауын- 

герлерін ерлікке жұмылдыра алмай- 

ды.  Командир  сәтсіздіктен  қорқып, 

тайсақтамауы  керек,  ол  қатал  әрі 

қарамағындағыларға әділ болуға тиіс. 

Міне,  сонда  ғана  солдат  одан  әділ 

мемлекет өкілін көреді, оған үздіксіз 

сенеді. Командир жауынгерлеріне же- 

ке  үлгі  көрсетіп  те  сондай-ақ  мәж- 

бүр  ету  арқылы  да  ықпал  етіп  оты- 

рады. Ол солдатты үнемі тынымсыз 

бақылап, олардың жай-күйін қадаға- 

лап отыруға міндетті, өйткені коман- 

дир  бүкіл  ұрыстың  сәтті  аяқталуын 

қамтамасыз  етуші,  жеңістің  атасы. 

Офицер басшылық ету психологиясын 

әбден меңгерген парасатты адам бо- 

луы  шарт.  Офицердің  болмысын 

түсінбей  ұрыс  пен  шайқастың  мән-

мағынасын  терең  түсініп  ұға  алу 

қиын.


Әскери  психологиялық  ой-пікірлер 

тарихында  сирек  ұшырасатын  Мо- 

мышұлы  қолданған  кейбір  ұғымдар 

мен  түсініктерге  тоқталып  өтейік. 

Олар  төмендегідей:  ойлау  (мышле- 

ние), ес (память), назар (внимание), 

мінез  (характер),  сезім  (чувство), 

парыз  (долг),  ар  (совесть),  абырой 

(гордость),  ұят  (стыд),  масқара  бо- 

лу  (позор),  жігерлендіру  (вооду- 

шевление), өзара көмек көрсету және 

коллектившілдік  сезім  (взаимная 

выручка или чувство коллективизма), 

үрей  (боязнь),  қорқыныш  (страх), 

зәресі,  үрейі  ұшу  (ужас),  сасу  (па- 

ника), үміт үзу (отчаяние), өжеттілік, 

қайсарлық  (дерзновение),  ұлттық 

рух (национальный дух), ұлттық пат- 

риотизм  (национальный  патрио- 

тизм),  күншілдік  (зависть),  зерігу 

(скука),  қулық  (притворство),  екі- 

жүзділік  (лицемерие),  күдік  (сом- 

нение),  тобыр  (толпа),  ерік  (воля), 

ынтасыздық  (невнимательность), 

салақтық (неаккуратность), күш-қай- 

рат  (энергия),  табандылық  (настой- 

чивость),  өзін-өзі  ұстай  білу  (само- 

обладание), бастаманы қолға алу (ини- 

циатива),  батылдық  (храбрость), 

шешімсіздік  (нерешительность),  мі- 

незсіздік  (бесхарактерность),  т.б. 

Батыр  қырықтан  астам  психология- 

лық  ұғымдар  мен  түсініктерге  тоқ- 

талып,  оларға  нақты  да  дәл  әрі  ай- 

қын,  қанатты  сөздей  қысқа  анық- 

тама  беріп  отырады.  Б.Момышұлы 

талдаған  психологиялық  термин- 

дердің  ауқымы  мен  аясы,  мазмұны 

мен ғылыми астары өте кең. Қарама- 

ғындағы  жауынгерлердің  тыныс-

тіршілігін, мінез-құлқын, қабілет-қа- 

рымын,  өз  міндетін  тамыршыдай 

тап  басатын  командир  ретінде  ол 

солдат психологиясына соншалықты 

зейін  салып,  терең  үңіле  білгендігі 

ерекше байқалады. Мәселен, күдік – 

қорқыныштың  бір  түрі,  ойдың  тол- 

қуы  деген  анықтама  беріп,  күдікте- 

не  бастаған  командирдің  өз  мінде- 

тін  орынбасарына  арта  салып,  жа- 

уапкершіліктен  қашқақтайтынына 

ерекше  тоқталып,  дивизия  коман- 

дирі  генерал  Черниговтың  ақылы- 

МОМЫ

МОМЫ


379

ның  тұрлаусыздығынан  өзінің  бір 

емес,  үш  рет  ажал  қақпанына  түсіп 

қала жаздағанын, осы жағдай «күдік» 

деген ұғымды терең зерттеуіне себеп 

болғанын  ашына  жазады.  Оның 

күдік, қорқыныш, зәресі ұшу сияқты 

психологиялық  мәселелерге  үнемі 

қайта-қайта  оралып  отыруында  зер 

сала қараған жанға мұнда үлкен мән 

бар  екендігі  байқалады.  Мәселен, 

Александр Бек повесінің бір тарауы 

«Қорқыныш» деп аталатыны белгілі.

Адам баласына, жалпы тірі нәрселер- 

дің  бәрінің  де  табиғатына  қорқы- 

ныш, өзін-өзі аман сақтау сезімі тән. 

Ал ұрыс жағдайында қорқыныш се- 

зімі жауын-гер мен командирдің бо- 

йын түгелдей билеп, жағасынан ала 

түсетіні белгілі. Адамның жағымсыз 

сезімдерінің  ішінде  қорқыныш  се- 

зімі  бойды  билеп  алса  –  ең  қауіпті 

жау  сол.  Батырдың  жазбаларында 

қорқыныштың  бірнеше  түрлері  си- 

патталады.  Олар:  әскери  қызметтің 

қорқынышы,  әскери  жорық  қор- 

қынышы,  ұрыс  алдындағы  қорқы- 

ныш,  ұрыс  кезіндегі  қорқыныш, 

т.б.  ұрыс  кезінде  солдаттың  бойын 

екі  түрлі  сезім  билейді:  ол  –  парыз 

және  қорқыныш  сезімі.  Ұрысқа 

дейін  сондай-ақ  ұрыс  үстінде  бұл 

екі сезім үнемі жауынгер бойын би- 

леп,  оны  арпалысты  күйге  түсіреді. 

Жауынгердің  ішкі  әлемі  алай-түлей 

күй  кешеді.  Егер  осындай  күресте 

жауынгер  бойындағы  парыз  сезімі, 

оның дұшпанға деген өшпенділік се- 

зімі  жеңсе  –  онда  жауынгер  батыл- 

дықпен шебер шайқаса алады, ол әр- 

бір  қадам  басқан  сайын  тапқырлық 

танытып, ең қауіпті сәттердің өзінде 

темірдей тегеуірінділік көрсетеді.

Жауынгер  тәрбиесінде  ол  ұлттық 

салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердің, 

яғни  этнопсихологиялық  ерекше- 

ліктердің маңызы. Ұлы Отан соғысы 

тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп 

берді. Ол мұны терең ұғынып, оның 

ерекше маңыздылығын түсіне білді. 

Б.Момышұлы  ұлттық  рух,  ұлттық 

патриотизм  сияқты  ұғымдарға  баса 

назар  аударып,  әртүрлі  этностар 

(қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ук- 

раин, белорус, т.б.) бойындағы жақ- 

сы  қасиеттерді  көре  біліп,  оларды 

ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра 

білуге үнемі зор мән беріп отырды.

Әскери  тәрбиедегі  басты  әдіске  жа- 

уынгерлердің  көзін  жеткізе  білуді 

жатқызып, оны мәжбүр етуге қосал- 

қы  құрал  ретінде  қарайтынын,  өйт- 

кені  солдатты  еріксіз  мәжбүр  етіп, 

өз ықтиярына көндіргеннен гөрі көз 

жеткізудің  пәрменділігіне,  ал  көзі 

жеткен  адам  өз  міндеті  мен  боры- 

шын  саналы  түрде  ғана  емес,  зор 

шабыт,  творчестволықпен  орыңдай- 

тынына  асқан  білімділікпен  назар 

аудартады,  сондықтан  ол  бас  ию- 

шілікке,  көнбістілікке,  көнтерілікке 

тәрбиелеуді  –  адамды  моральдық 

тұрғыдан  толық  езіп-жаншу  деп 

біледі.


Б.Момышұлы  жалпы  Шығыс  ха- 

лықтарына  ежелден  тән  намысқой- 

лық,  үлкенді  сыйлау,  ар-ұят,  парыз, 

имандылық, Отанға, ата мекенге де- 

ген  сүйіспеншілік,  үлгі-өнегеге  мо- 

йын  ұсынушылық  сияқты  ана  сү- 

тімен қанға сіңіп дағдыға айналатын 

жауынгерлік  қасиеттердің  психо- 

логиялық  астарларына  тоқталады. 

Мәселен,  казақтың  ұлттық  ойында- 

рының  (көкпар,  аударыспақ,  сайыс, 

МОМЫ

МОМЫ


380

асық  ойнау,  т.б)  солдаттарды  епті- 

лікке,  ширақтыққа  үйрететініне,  ал 

мұның  өзі  жауынгерге  ұрыс  жағда- 

йында  ауадай  қажет  екендігін  тәп- 

тіштеп түсіндіреді.

Бауыржан  Момышұлының  психо- 

логиялық  пікірлерінің  кесектігі  мен 

ірілігі,  терең  талдаулары  мен  тұжы- 

рымдарының  сонылығы  –  оның 

қолбасшылық  қасиетінің  даралығы 

мен  жан  дүниесінің  кеңдігі,  асқан 

жаңашылдығын  байқатады.  Осы- 

нау  психологиялық  ой-пікірлер  мен 

толғаныс-тұжырымдар  тек  жауын- 

герлерді тәрбиелеуге ғана емес, қазір- 

гі  әскери  психология  ғылымы  үшін 

де маңызы зор. Мұны біз әлі де қа- 

рулы күштерімізді жүйелі түрде иге- 

ріп  пайдалана  алмай  келеміз.  Сон- 

дықтан  осы  бай  да  бірегей  мұраны 

зерттеу  –  қазақ  оқымыстыларының 

басты парызы болмақ.

МОТИВ  (себеп,  түрткі)  –  белсен- 

ділігінің ішкі көзі, тұлғаның қылық- 

тар  мен  әрекеттерді  таңдау  негізін- 

де  жататын  себептерді  жанданды- 

рады.  М.  субъекттің  қажеттіліктері- 

мен  байланысты,  бірақ  ол  тек  қа- 

жеттілікті  ғана  емес,  оны  қанағат- 

тандыру  жолдары  мен  әдістерін  бі- 

лумен  де  байланысты.  Мотивация  – 

өмірге  қажетті  мақсаттарды  туғыза- 

тын  қажеттілікті  қанағаттандыру- 

ға  бағыттайтын  қылықтардың  бар- 

лық  факторлары,  механизмдері  жә- 

не  үрдістерінің  жиынтығы.  М-тер- 

дің  таластары  –  адам  мотивтерінің, 

қажеттіліктерінің,  ұмтылыстарының 

үйлеспеушілігінің  негізінде  туын- 

дайтын  көтеріңкі  эмоциялық  толқу- 

лар  және  қарама-қарсы  әрекеттерін 

сипаттайтын оның ішкі психология- 

лық ахуалы.

МҰҚАНОВ  МӘЖИТ  (1920-1985). 

Қазақтың  психология  саласындағы 

бір докторы. Ол Ақтөбе облысының 

Шалқар ауданында туған. Еңбек жо- 

лын  1934  жылы  Ақтөбеде  жұмыс- 

шы  болып  бастаған.  1939  жылы 

Вольскідегі әскери-әуе училищесін бі- 

тіреді,  соғысқа  қатысқан.  1945  жы- 

лы Ақтөбедегі темір жол училищесі 

директорының  орынбасары.  Қазақ- 

стандағы  ғылыми  психологияның 

дамуына  елеулі  үлес  қосқандардың 

бірі  –  Мәжит  Мұқанов.  Ол  Ұлы 

Отан  соғысынан  оралғаннан  кейін 

Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы 

педагогикалық  институтын  бітіріп 

(1949),  кейіннен  Қазақ  университе- 

тінде  психология  мамандығы  бо- 

йынша  аспирантураны  тәмамдайды, 

1950  жылы  профессор  Т.Тәжібаев- 

тың  жетекшілігімен  кандидаттық 

диссертация қорғайды. Мұнда ол қа- 

зақ  жауынгерлерінің  ұлттық  психо- 

логиясына,  халқымыздың  Отан  со- 

ғысы  майданында  көрсеткен  ерлік, 

батырлық  қимылдарына  талдау  жа- 

сайды.  Ол  1953-60  жылдар  арасын- 

да  Алматының  шет  ел  тілдері  пе- 

дагогикалық институтының, 1960-85 

жылдары  Қазақтың  Абай  атындағы 

пединститутының психология кафед- 

расының меңгерушісі болды. М.Мұ- 

қанов  1980  жылы  докторлық  дис- 

сертация  қорғап,  кешікпей  профес- 

сор атағын алды. Ол жалпы психоло- 

гия, жас, педагогикалық, этнос пси- 

хологиясынан  жазылған  оннан  аса 

жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның  көп  жылдар  бойы  зерт- 

теуі  ақыл-ой,  интеллект  мәселесін 



МОТИ

МҰҚА

381

бұлардың адамның жан дүниесінде- 

гі  алатын  орнын  анықтауға,  ойлау 

әрекетінің  мән-жайын  ашуға  арнал- 

ған. Автор ақыл-ойдың өрістеп оты- 

руын  тарихи-этникалық  тұрғыдан 

зерттеп,  әрқилы  дәуірдегі  адам  ин- 

теллектісінің дамуы оның өмір сүр- 

ген  ортасына,  тіршілік  жағдайы 

мен  әлеуметтік  қарым-қатынасына 

байланысты  болып  отыратындығын 

қазақ  елі  өмірінен  алынған  нақты- 

лы  деректермен  дәлелдейді.  Мәсе- 

лен, ол қазақ  халқының Қазан төң- 

керісіне  дейінгі  өмір  тіршілігі  мен 

экономикалық  жағдайына,  әлеумет- 

тік ортаға байланысты ақыл-ойы мен 

интеллектісінің  дамуындағы  бір- 

сыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қа- 

лыптасу  жолын  арнайы  жүргізілген 

тәжірибелер арқылы сипаттайды, Ол 

халқымыздың  ақыл-ойы  мен  өмір 

тәжірибесінің  жиынтығын  ғылымда 

продуктивті және рефлексия (ой жү- 

йелілігі) деп аталатын ғылыми атау- 

лар  төңірегінен  іздестіреді. Осы  ай- 

тылған жан қуатының көріністерінің 

айтыс  өнері  мен  мақал-мәтелдерде 

орын алатынын айта келіп, ғалым өз- 

ге кісінің жағдайына көңіл аударып, 

оның  ішкі  ойын  өзіне  айтқызбай- 

ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тіл- 

де когнитивтік эмпатия деп аталатын 

жан қасиетін Сырым батыр мен жас 

келіншектің  арасындағы  өткір  сөзге 

құрылған  диалог  арқылы  жақсы 

көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адам- 

дардың  (тәжірибе  Қытайдан  келген 

қазақтарға  жасалынған.  –  Қ.Ж.) 

ойлау  қызметінде  де  рефлексия  бар 

екендігін  дәлелдеп,  әр  халықтың 

тарихи дамуында айналысқан кәсібі 

(қазақтар  үшін  мал  шаруашылы- 

ғы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшелік- 

терінің  қалыптасуына  елеулі  әсер 

ететіндігін  байқаған.  Мәселен,  тә- 

жірибе жасауға қажет болған жағдай- 

да  олардың  май  шамның  орнына 

тезек отын пайдалануы. Автор оқы- 

маған  адамдарда  теориялық  пікір 

айту  кездеспейді  деу  қате,  өйткені, 

теорияның  төркіні  тәжірибеден  өр- 

біп  отырады  деп  түйіндейді.  Зерт- 

теуде  әр  халықтың  өмір  сүру  бары- 

сында, тұрмыс-тіршілігінде кездесе- 

тін  түрлі  ырым-жорамалдар  әртүрлі 

заттар  мен  құбылыстардың  түр-тү- 

сін, жеке қасиеттерін айыра білудегі 

кейбір  өзіндік  ерекшеліктері  (бұған 

жағрапиялық  орта,  соңдай-ақ  таби- 

ғаттың  экологиялық  жағдайлары 

маңызды  әсер  ететіндігі),  адамның 

өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жаз- 

ба сөздің ес процесінде тигізетін түр- 

лі ықпалы туралы сөз болады.

М.Мұқанов  жүргізген  ендігі  бір 

экспериментте  оқымаған  сауатсыз 

адамдардың есте сақтау қабілеті күш- 

ті  болатындығы  анықталған.  Мәсе- 

лен,  көшпенді  ата-бабаларымыз- 

дың  тыныс-тіршілігінде  жазба  де- 

ректердің  болмауы,  түрлі  ақпарат 

хабары  мөлшерінің  аздығы,  сезім 

мүшелерін  қосарлай  пайдалануы 

олардың  суырыпсалма,  шешендік 

қабілетінің  күшті  болуы  М.Мұқа- 

новтың  пікірінше  ауызекі  сөз  әлде- 

қайда көп сақталады, өйткені ол жиі 

пайдаланылады.  Және  жұрт  бұған 

бар  ықылас-ынтасын  салады,  ал 

жазба  сөздің  есті  онша  өсірмейтін- 

дігі  –  оқыған  адамның  білгендерін 

қағазға  (қойын  дәптеріне)  жазып 

алуға әдеттенгеніне байланысты бол- 

са керек.

МҰҚА

МҰҚА


382

Автор  кейбір  ғалымдардың  «ха- 

лықтардың  жағрапиялық  орнала- 

суына,  ұлтына,  т.б.  қасиеттеріне  қа- 

рап  тілдері  бай,  кедей  деп  бөлетіні, 

мәселен, «түркі тілдес халықтардың 

тілі  кедей,  күрделі  ойды  жеткізуге 

икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек 

кейінгі  кезде  ғана  қалыптасты»,  – 

дейтін  ұшқары  пікірлерін  әшкере- 

леп, оны нақтылы фактілер келтіріп 

дәлелдейді.  Шындығына  келсек  қа- 

зақ  халқының  сөз  байлығы  кейбі- 

реулер айтатындай, әсте кедей емес, 

қайта  тілдік  қоры  орасан  бай  өрке- 

ниетті  халықтардың  қай-қайсымен 

болса да жарысқа түсе аларлық, да- 

риядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жан- 

әбіловтің  «Қазақ  тіліндегі  мал  ша- 

руашылығының  терминдері»  деген 

зерттеуінде (1953) негізінен мал ша- 

руашылығымен  айналысқан  ата-ба- 

баларымыз төрт түлікке байланысты 

үш  мыңнан  аса  атаулары  бар  екен. 

Соның ішінде тек түйенің өзіне ғана 

қарасты  үш  жүздей  сөз  кездесетіні 

нақты деректер арқылы көрсетілген. 

Соңдай-ақ  қазақтың  он  томдық  тү- 

сіндірме сөздігінде «көз», «бет» ұғым- 

дарының  әрқайсысының  қырық- 

тан астам синонимдерінің бар екен- 

дігі де көп жайтты аңғартса керек.

Өзінің этнос психологиясына байла- 

нысты  көп  жылғы  зерттеулерін  қо- 

рытындылай келіп, профессор М.Мұ- 

қанов  адамның  ойлау  әрекеті  ин- 

вариантты (өзгермейтін) және өзгер- 

мелі  болып  отыратындығын,  мұның 

өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дә- 

уірдің  бір  кезеңінен  екіншісіне  өт- 

кенде ойлау механизмі өзіндік ерек- 

шеліктеріне  орай  өзгеріске  түсіп 

отыратындығы  –  адам  интеллекті- 

сінің инвариантты жағы психология- 

лық дамудың алғышарты және басты 

тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен 

кісінің ой-өрісі шарттас болатынды- 

ғын,  мұның  дамудың  барлық  ке- 

зеңдерінде де орын алып отыратын- 

дығын  дәлелдеп  берді.  М.Мұқанов 

қазақ  этнопсихологиясы  саласында 

ұлттық кадрларды даярлауға да біраз 

үлес  қосты.  Оның  жетекшілігімен 

бірнеше  адам  (Б.Ыбыраев,  Қ.Нұр- 

ғалиев,  Н.Нұртазина,  т.б.)  диссерта- 

ция  қорғады.  Осы  салада  бірер  ең- 

бектер жазылды. Осы деректер М.Мұ- 

қановтың  ұлттық  психология  са- 

ласында жемісті еңбек еткенінің жақ- 

сы айғағы.



МҰҢАЮ  –  адамның  бұрын  басы- 

нан  кешірген  қолайсыз  оқиғалары 

мен жүзеге аспаған сәтсіз істері жа- 

йындағы дәрменсіз ойы, құрғақ қия- 

лы. Мұндай жағдай адамның тыны- 

шын  алады,  ойын  бөліп,  қиялын 

сан-саққа  жүгіртуі  мүмкін.  Бұл  кө- 

бінесе ерік-жігері нашар, білімі мен 

тәжірибесі  таяз  адамдарда  жиі  кез- 

десетін  психикалық  күйдің  енжар 

түрі.  Орыстың  ұлы  жазушысы  Н.В. 

Гоголь  өзінің  «Өлі  жандар»  рома- 

нында  Маниловтың  образы  арқы- 

лы осы жағдайды тамаша көрсеткен.



МҰХАМЕД  ХАЙДАР  ДУЛАТИ 

(1499-1551) – әлемге әйгілі «Тарих-

и  Рашиди»  («Рашидтің  тарихы») 

төлтума  еңбектің  авторы.  Кітап 

2003  жылы  Алматының  Тұран  бас- 

пасынан  жарық  көрді  (көлемі  614 

бет).  Мұнда  көшпенді  қазақ  халқы- 

ның психологиясы, әлеуметтік этно- 

графиялық  ерекшеліктері  кеңінен 



МҰҚА

МҰХА

383

сөз  болады,  сондай-ақ  ел  басқару, 

дін,  соғыс  ісі  туралы  ғылыми  тұр- 

ғыдан  көңіл  аударарлық  түйіндер 

жеткілікті.  Аталмыш  кітапта  қазақ- 

тың  психологиялық  ұғымдары  көп- 

теп кездеседі («күнә», «қылық», «оң- 

тай», «ұшқыр ой», «парасат», «қиял», 

«таза ой», «тәлімше» т.б.). Ойды ке- 

лесі  адамға  жеткізу  үшін  оны  са- 

рапқа салып, әр нәрсеге талдау жасау 

қажет... сезімге беріліп үстірт ойлау 

үлкен қателік... сөзің өңді болса түбі 

мәнді болмақ. Жақсы сөйлемек,  жан- 

ға шырай бермек. 

МҮШЕЛ    ЖАС  –  адамды  жас  ша- 

масына  қарай  атағанда,  ол  көбінесе 

мүшел  жасының  мөлшеріне  бай- 

ланысты  айтылады.  Біз  қазір  адам- 

ның туған күнін, белгілі бір уақиға- 

ның 10, 20, 40, 50, 60 тәрізді дөңге- 

лек  сандарға  толған  мерзімін  –  мү- 

шел  жасы,  мүшелді  жылы  дейміз, 

яғни  атаулы  күн,  елеулі  жыл  деген 

ұғымда.  Қазақ  халқы  көне  дәуір- 

дегі  жыл  санау  дәстүрінде  адамның 

әрбір 12 жыл толып, 13-ші жылға аяқ 

басқан жасын мүшел деген. Мысалы, 

13, 25, 37, 49, 61. Бұлай болып келу- 

дің  себебі  қазақтың  жыл  санауында 

әрбір жылға шартты түрде ат қойып 

есептеуіне байланысты. Қазақ 12 ай- 

ды  бір  жыл  деп,  12  жылды  бір  мү- 

шел деп санаған. Мүшелдегі 12 жыл- 

ға – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, 

Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, 

Ит,  Доңыз  деп  ат  қойып,  жылдың 

басы  Тышқан  болсын,  жаңа  жыл 

наурыз күнінен басталсын деп ережеге 

келіскен де, осы тәртіп бойынша ха- 

лықтық күнтізбе жасаған.

Мүшел жас – циклымен 12 ай атау- 

ларын бір бірімен шатастырып алмау 

үшін оларды есте мұқият сақтау үшін 

халқымыз  бұларға  психологиялық 

жағынан теңдесі жоқ тақпақ тіркес- 

терін ойлап тапқан. Мәселен, біздің 

көшпенді  ата-бабалармыз  жыл  қа- 

йыру  тәсілін  оңайлату  мақсатында 

мына  төмендегі  төрт  жол  өлеңді 

жаттаған: «Түйе сеніп бойына, Қалған 

ұмыт  жылдардан,  Жатпа  қарап, 

мойыма,  Тайма  именіп  ділмардан». 

Мұнда  әрбір  сөздің  бірінші  әрпі 

жылдардың  атына  түйе  –  тышқан, 

сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған – 

қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жы- 

лан,  жатпа  –  жылқы,  қарап  –  қой, 

мойыма – мешін, тайма – тауық, име- 

ніп – ит, ділмардан – доңыз, ал сөй- 

лемдегі  сөздердің  бір-бірімен  ретті 

тіркестері тетелес жыл атауының тіз- 

бегіне  сай  келеді.  Бірақ  адам  осын- 

дай  құрғақ  жаттаумен  алысқа  бара 

алмайды. Өйткені, бұл құбылыстар- 

дың ішкі мәнін түсіндірмейді. Естің 

бұл түрін тек қосалқы сүйеніш етіп, 

негізінен мағыналы есте қалдыруды 

дамытқанымыз пайдалы.

Адамды  жасына  қарай  атауда  тағы 

бір  еске  алатын  этнографиялық  сәт 

бар.  Ол  –  бір  адамның  өмірін  100 

жылға  мөлшерлеп,  оны  Дәуір  деп 

атайды.  «Елу  жылда  ең  жаңа,  жүз 

жылда – қазан» деген мәтел сөз өл- 

ген адамға «дәуір садақасы» деп мол- 

даларға  мал  беріп,  марқұмның  өмір 

бойғы  күнәсін  сатып  құтылу,  кейде 

бір  ғасыр  аралығын  бір  дәуір  деп 

атау  содан  қалған  салт.  Жыл  санау- 

дың  мүшелдік  әдісі  бір  ғана  қазақ- 

та  ғана  емес,  басқа  да  шығыс  елде- 

рінде көне заманнан бар тәсіл.

Қазақта  адамның  жасын  айырушы-

ларды  «жыл  қайырушы»  деп  ата- 

ған.  Адамдарды  жас  мөлшері  мен 

МҮШЕ

МҮШЕ


384

мүшелдеріне  қарай  атауды  қалып- 

тастыруда  жыл  қайырушылардың 

да  кейбір  атау  сөздері  негіз  болған. 

Олар бір адамның өмірін, яғни дәуір- 

ді  –  Жас  дәурен  (50  жасқа  дейін), 

Орта жас – (70 жасқа дейін), Қайтқан 

кез (70-тен асқан кез) деп үшке бөліп 

атаған.  Сонымен  қатар  жоғарыда 

айтылған мүшелді – балалық мүше- 

лі, жігіт мүшелі, кісілік мүшелі, кәрі- 

лік мүшелі, таусыншақ жас деп тағы 

5 топқа бөліп қараған.

Бірінші  топтағы  балалық  мүшелге 

24 жасқа дейін, ІІ топ жігіт мүшелі- 

не 25 пен 37 жас арасы, ІІІ топ кісілік 

мүшелге 38 бен 49 аралығы, IV топ 

кәрілік  мүшелге  50  жас  пен  75  жас 

аралығы, V топ таусыншақ жасқа 76 

жастан әрі қарайғы жастағылар кір- 

ген. Адамды жасына қарай атау осы 

бес мүшелдің аяғын 5 топқа бөлінген 

8 мүшелдің ішінен шығады. Мысалы, 

балалық  мүшел  –  Нәресте  (2  жасқа 

дейін).  Сәби  (5  жасқа  дейін.  Мұны 

Сүндет  жасы  деп  те  атайды),  Бөбек 

– (8 жасқа дейін), Қыршын (10) жас- 

қа  дейін,  Жеткіншек  (13-16  жасқа 

дейін), Қолқанат (16-21 жасқа дейін; 

кейде жасөспірім де 6 шаққа бөлініп 

аталады.  Нәресте  шақ,  Сәби  шақ, 

Қолқанат  шақ  т.б.).  Жігіт  мүшелін 

– ересек шақ (естияр) – 23-25 аралы- 

ғы,  Бозбалалық  шақ  –  25-30  аралы- 

ғын,  Жігіттік  шақ  –  30-40  аралығы, 

Ағалық  шақ  (жігіт  ағасы,  от  ағасы, 

ер  ағасы,  қос  ағасы)  –  40-50  ара- 

лықтарына  жіктеген.  Кісілік  мүше- 

лік  –  «кемелденген  шақ»  –  60-73 

аралығын, Қайтқан шақ деп – 73-80 

аралығын, кәрілік таусыншақ жас 80 

жастан әрмен қарай. Көшпенді өмір 

тәжірибесінен  туындаған  қазақы 

жас  ерекшеліктерінің  жіктелісі  қа- 

зіргі  кездегі  адам  жасын  жіктеуге 

байланысты стандартқа келе бермей- 

ді. Сондықтан да біз ұлттық жас жік- 

телісін халықтық психологияның де- 

ректері ретінде түсінуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет