Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет64/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90

ПАРОКСИзМ  (грек.  раraxуsmos  – 

тітіркену) – 1) спазмалық ұстама не-

месе  селкілдек  ауруының  кенеттен 

асқынған адамды булықтыратын тү- 

рі.  Бұл  эмоцияық  қалыптың  бұзы- 

луының  кісінің  жан  жүйесі  күйзел- 

ген жағдайда торығу, үрейлену жағ- 

дайынан көрініс беріп отырады. 



ПАРЫз – адамның ел-жұрт, мемле-

кет  пен  қоғам  алдындағы  борышын 



ПАРА

ПАРЫ

433

білдіретін  әдептік  ұғым.  П.-дың  әр 

заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық 

жағдайға орай анықталып түрленеді 

және  толықтырылады.  П.  адамның 

бейімділігі мен белсенділігіне, сезім- 

талдығы мен естілігіне байланысты. 

Сондықтан  оны  адам  болмысы  мен 

мүддесінен,  туған  ел  тұрмысы  мен 

туған  жер  қажетінен  бөліп  қарауға 

болмайды.  П.  дүниетанымдық  бағ- 

дармен ұласып, астарласып жатады. 

Өйткені, П. өмірдің қажеттілігін рас- 

тау, құндылығын көбейту ынтасынан 

туындайды, адамның қоғамдық бол- 

мыстағы орнын жалғастыру қажетін 

қуаттайды.

Парыз: 1) адам мен қоғам арасында- 

ғы қарым-қатынастың ұрпақтық мән-

жайын іріктейді; 2) адамның адамға 

қамқорлығын, жағымды әдеп пен адал 

еңбек ету үлгісін сақтайды, жастар- 

дың  үлкендер  мен  Отан  алдындағы 

перзенттік  қарызын,  азаматтық  мін- 

детін  тиянақты  орындауға  жұмыл- 

дырады;  3)адамның  жақсы  қасиетін 

орнықтыруға ұлтаралық қатынастың 

тиімді түрлеріне қызмет еткізеді.



ПАРЫҚСЫзДЫҚ – жеке тұлғаның 

әр  түрлі  өмір  құбылыстарын  бағ- 

дарлай  алу  белгісі.  Парықсыздық 

ақылсыздықтан  пайда  болады.  Әр 

нәрсенің (заттың. құбылысының, іс- 

әрекеттің)  парқын  білу  –  адамның 

жауапты  міндеті.  Өмір  құбылыста- 

рын  парықтай  білуге  жас  ұрпақты 

үйрету  –  ата-ананын,  айналасының 

міндеті. Парықсыздық – бір объекті- 

ге оң немесе теріс эмоционалдық реак- 

циялардың,  адамның  қызығушылы- 

ғының  жоқтығын  сипаттайтын  нем- 

құрайдылығы.



ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮМӘНДАНУ 

(грек. рathos – азап, ауру) – нақты не- 

месе ықтимал қолайсыздық пен қиын- 

шылыққа  төзуге  ипохондриялық  то- 

рығушылық. Мәселен, асқазанның сәл 

де  болса  мазалауы  не  тері  қабатын- 

дағы кінәрат субъектіні қатерлі ауру- 

ға шалдықтым деген азап ойға жете-

лейді. Бұған сондай-ақ күмәншілдік, 

жеңіл-желпі нәрсенің өзін егжей-тег- 

жейлі талдау, оған мән берушілік, бе- 

йімділік және басқа да мінез ерекше- 

ліктері  себепші  болады.  Патология- 

лық  күмәнданудан  психотерапевтік 

ақылға  қонымды  кеңесі  арқылы 

арылтуға болады.



ПАТОЛОГИЯЛЫҚ  МІНЕз;  грек. 

рathos – азап шегу, ауру және ... ло-

гия)  – адамның  берекесіз,  бақытсыз 

көңіл жайында нақты реніштен, жай- 

сыз қырсықтан, түрлі бәледен туын-

дайтын  әдеп-дағдының  адамгерші- 

лік  пен  әдептілік,  денсаулық  (ипо- 

хондриялық)  туралы  ауыр,  үрейлі, 

мазасыздықты біржақты тамырла-туы. 

Мысалы, өз бітімі мен жүріс-тұрысы- 

на күдікпен қарайтын адам асқазаны 

аздап бұзылса да, денесі бөртіп қыза- 

ра қалса да, ондай оқыс күйге үлкен 

секеммен қауіппен қарап, өз дегбірін 

қашырады.  Жорамал  күйді  секем-

шілдік  пен  шүбәланғыштық  сияқты 

басқа жеңіл мінез-құлықтар қоздыра 

түседі. Патологиялық мінездің естен 

танарлық  сандырақ  пен  құндылығы 

жойылмас идеядан айырмашылығы – 

мінездегі  кесапатты  психотерапия- 

лық әңгіме арқылы жеңілетуде тіпті 

емдеуге болады.



ПАТОЛОГИЯЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ  –  ауырған  адамның  психика- 

ПАРЫ

ПАТО

434

лық  қызметі  мен  қасиетінің,  мінез-

құлықтың  ауытқу  заңдылықтарын 

зерттейтін психология (медициналық 

психология)  ғылымының  саласы. 

П.п. психологиялық теорияға сүйеніп, 

аурудың қозуы мен қайтуын дені сау 

адамның  психикалық  үрдістерінің 

қалыптасуы мен өту сипатын салыс- 

тыру  арқылы  анықтайды.  Патоло- 

гиялық психологияның психопатоло-

гиядан  айырмашылығы  –  клиника- 

да байқалған психикалық ауыр күй- 

дің құрылымдық ерекшелігі мен түр- 

лену сипатын психикалық әдісті қол- 

дану  арқылы  түсіндіреді.  Патопси- 

хологиялық зерттеулердің теориялық 

және  қолданбалы  ғылым  аумағында 

маңызы зор.

Соңғы  кездерде  патопсихологияның 

органикалық  практикада  психоте- 

рапевтикалық  жұмысқа  да  қатысуы 

дамып  келеді.  Патопсихологиялық 

эксперименттің  балалық  шақтың 

психиатриялық  клиникасында  да 

орны  ерекше.  Патопсихологияның 

тарихы  психиатрия,  неврология  жә- 

не  эксперименталды  психология  са- 

лаларының  дамуымен  байланысты. 

Негізгі патопсихологиялық экспери- 

ментті  (Б.В.Зейгарник),  кез  келген 

диагностикалық  процедураны  та- 

нымдық үрдістердің тұтастық жүйе- 

сін  және  (В.Н.Мясишев)  мотивтерді 

«тұлғааралық қатынасты» модельдеу 

үшін  пайдаланылады.  П.п.-  әртүрлі 

аурулар  нәтижесінде  адамдардың 

психикасы мен қылығында пайда бо-

латын ауытқуларды зерттейтін  және 

солар  туралы  білімдерді  қарастыра- 

тын психология саласы.

ПӘТУА (консенсус; лат. сопsensus – 

келісу, бірауыздылық) – 1) даулы мә- 

селелер  бойынша  дауысқа  салмай 

келіссөз  барысында  ортақ  келісімге 

келу. Оқу-білім мекемелерін басқару 

процесінде  шешім  қабылдаудың  бір 

амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бі- 

тім,  тоқтам,  келісім;  ислам  дінінде 

шариғат бойынша керекті мәселе, іс 

жөнінде  дінбасы  муфтидің,  бас  қа- 

зының  шығарған  қарары,  шешімі, 

тоқтамы, қорытындысы. Мұсылман- 

дар  үшін  пәтуа  –  бұлжытпай  сөзсіз 

орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. 

Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау 

түрінде  жазылып,  мұсылмандарға 

жария етіліп, таратылып отырған.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚАБІЛЕТ- 

ТЕР – мұғалімнің педагогтік қызмет- 

те  жоғары  нәтижелерге  жетуін  қам- 

тамасыз ететіндей даралық-психоло- 

гиялық  ерекшеліктері  мен  кәсіптік 

тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал- 

пылама  жиынтығы.  Педагогикалық 

қабілеттердің мынадай түрлері сара- 

ланады: гностикалық (танып білу жә- 

не одан ләззат ала білу), дидактика- 

лық (түсіндіре білу, білім бере үйрете 

білу),  коммуникациялық,  (қарым-қа- 

тынас,  ынтымақтастық  жасай  білу), 

конструктивтік  (оқу-тәрбие  мате- 

риалын іріктеп ала білу, жобалай, жа- 

сай білу), ұйымдастырушылық (шә- 

кірттерін әр алуан қарекет түрлеріне 

еліктіріп,  тарта  білу,  қатысушылар- 

дың  бәрін  біріктіріп,  олардың  мүд- 

делерін қойылған мақсатты орындау- 

ға бағыттай білу), перцептивтік (ба- 

ланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, 

олардың сезімдері мен жай-күйін тү- 

сіне  білу,  эмпатияға  қабілеттілік), 

болжамдаушылық  (педагогикалық 

көрегендік  жасай  білу,  педагогика- 

лық  қызметтегі  өзара  әрекеттестік 

ПӘТУ

ПЕДА


435

нәтижелерін болжай білу), суггестив-



тік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жі-

герлік иландырушылық ықпалы, нық 

айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер 

нәтижесіне  жете  білу  қабілеті),  экс- 



прессивтік (мұғалімнің өзінің білімі 

мен  сенімдерін  эмоциямен  әсерлі 

етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, 

дауыс  ырғағы,  ым-ишара,  оңтайлы- 

лық элементтерін жетік меңгеруі).

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ – білім беру мен тәрбиелеудің 

психологиялық негіздерін зерттейтін 

жас  ерекшелігі  психологиясымен 

тығыз байланысты сала, өйткені білім 

беру мен тәрбиелеудің психологиялық 

заңдылықтарын  оқитындардың  жас 

шамасы  және  даралық  ерекшелік-

терін  ескермейінше,  дамыту  мүмкін 

емес.  П.п.  саласындағы  зерттеулер 

білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мәнін 

дұрыс  түсінуге,  оқулықтар  мен  оқу 

құралдарына қойылатын әртүрлі та-

лаптарды  анықтауға,  оқушылардың 

ақыл-ой  әрекеті  мен  мінез-құлқын 

басқара  отырып,  олардың  дамуын 

қамтамасыз  ететін  білім  беру  және 

тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып 

негіздеуге мүмкіндік береді. П.п. пе- 

дагогтар мен оқушылардың арасын- 

дағы өзара қатынас мәселелерін, пе- 

дагогтың жеке басына қойылатын та- 

лаптарды  зерттейді,  педагогикалық 

қабілеттер  мазмұны  мен  қалыптасу 

үрдісін  ашады.  Сонымен  қатар  оқу- 

шылар ұжымындағы өзара қатынас- 

тармен, олардың психологиялық да- 

ралық  ерекшеліктерімен  санасып 

отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.

Оқу-тәрбие жұмыстарын және бала- 

лардың  психологиялық  ерекшелік-

терін қарастырып, бірқалыпты даму 

заңдылықтарынан  ауытқыған  бала- 

лармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргі- 

зу  әдіс-тәсілдерінің  психологиясын 

зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдар- 

мен  жұмыс  істеудің  ерекшеліктері- 

мен және оларды қалай оқыту мәсе- 

лелерімен де шұғылданады.

Тәлім-тәрбие  психологиясының  ке- 

лесі тармақтары бар: 1) Оқыту психо- 

логиясы  –  дидактикалық  психоло- 

гиялық  негіздерін,  оқыту  мен  білім 

берудің  жекелеген  әдістеме  мәселе- 

лерің бағдарлап оқыту мен балалар- 

дың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге 

де мәселелермен айналысады. 2) Тәр- 

бие психологиясы – гуманистік және 

әлеуметтік тәрбие мәселелерінін пси- 

хологиясын зерттеп, оқушылар ұжы- 

мының,  еңбекпен  түзету  педагоги- 

касының  психологиялық  негіздері-

не  қатысты  мәселелерді  іздестіреді. 

Бұлардан басқа мұғалімдер психоло-

гиясы, кемтар балаларды (ересектер- 

ді  де)  оқытып  тәрбиелеу  мәселеле- 

рін қамтиды. П.п. – балаларды оқыту 

мен тәрбиелеу мәселелері туралы бі- 

лімдерді  қарастыратын,  сондай-ақ 

мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  ата- 

аналардың,  педагогикалық  топтар 

мен  ұжымдардың  іс-әрекетінің  пси- 

хологиялық  негіздерін  зерттейтін 

психология ғылымының саласы. П.п. 

терминін орыс педагогі П.Ф. Капте- 

рев  (1849-1922)  енгізді.  П.п.  қалып- 

тасуына  XIX  ғ.  ортасындағы  сарап-

тау психологиясы тікелей ықпал етті 

П.п.  педагогика  мен  балалар  психо- 

логиясымен, дифференциалдық пси-

хологиямен тығыз байланысты. П.п. 

құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәр- 

бие психологиясы, оқыту психология-

сы, мұғалім психологиясы. 

ПЕДА

ПЕДА


436

Психологиялық-педагогикалық зерт-

теу  нәтижелері  білім  беру  әдістері- 

мен  мазмұнын  құрастыру  кезіңде, 

оқу құралдарын жасауға, диагности-

ка құралдары мен психикалық даму 

түзетімін  тексеруде  қолданылады. 

Педагогтың жұмыс істеу стилі – пе- 

дагогикалық  үрдісте  жетекшілердің 

оқушылармен  қатынас  жасау  әдіс- 

терінің  жиынтығы,  педагогикалық 

жұмысқа теориялық және тәжірибе- 

лік дайындалудың бірлігі де П.п. қа- 

растыратын мәселелерінің бірі.



ПЕДОЛОГИЯ – грек сөзінен алын- 

ған,  сөзбе-сөз  аударғанда  оның  эти-

мологиясын  «пед»  (бала),  «логия» 

(ілім-білім),  яғни  бала  туралы  білім 

деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни  ол 

психология,  педагогика,  физиоло-

гия, биология, медицина, әлеуметтік 

ғылымдардың  жиынтығынан  туын- 

дайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың 

аяғы мен ХХ ғасырдың басында қа- 

лыптаса  бастаған  бала  туралы  ғы- 

лымның үлкен бір саласы. Оның не-

гізін салған Америка ғалымы, психо-

лог Стендли Холл (1846-1924).

Оның  пайда  болуы  эксперимент-

тік  педагогика  мен  психологияның 

қолданбалы  салаларының  дамуы 

мен ғылым әлеміндегі эволюциялық 

идеяның  өріс  алуына  байланысты 

еді. Педологиялық зерттеулер батыс 

елдерінде Дж.Болдуин, Мейман, Ре-

сейде  В.М.Бехтерев,  Г.И.Россолимо, 

А.П.Нечаев  есімдерімен  тығыз  бай-

ланысты. Педологияға алғаш рет әділ 

бағасын  берген  белгілі  орыс  психо- 

логы, академик В.М.Бехтерев болды.

Ол  1903  жылы  Санкт-Петербургтегі 

Әскери  академияда  жүйке  қызметі, 

жан аурулары кафедрасын ұйымдас- 

тырып, академик И.П.Павловтың шарт-

ты рефлекстер теориясымен үндесе- 

тін  «Қосарланған  рефлекс»  дейтін 

ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908 

жылы  өзі  ұйымдастырған  психо- 

неврологиялық ғылыми-зерттеу инс- 

титутының  жанынан  шағын  педо- 

логиялық ғылыми-зерттеу мекемесін 

ашады.  Мұнда  бала  психикасының 

жалпы  дамуы  мен  қалыптасуын  ке- 

шенді  зерттеу  мақсатында  білікті 

тәрбиешілерді  іріктеп,  оларды  зерт-

теуге  қажетті  құрал-жабдықтармен 

қамтамасыз етіп, баланың туған күні- 

нен бастап (бала туғаннан кейін 7-10 

күнде  осы  мекемеге  қабылданған), 

зерттеуге алынатын болған. Ол есей- 

генге  дейін  осы  мекеменің  қамқор- 

лығында болып, физиологиялық, ана- 

томиялық,  психологиялық  тұрғыдан 

зерттеуге  алынған.  Мұнда  баланың 

жандүниесі,  оның  физиологиялық, 

анатомиялық өсуімен қосарлана зерт- 

телінген. Бұл бір кездегі К.Д.Ушин- 

скийдің  «Адам  –  тәрбиенің  нысана-

сы» деген еңбегінде адамды туғаннан 

бастап, жан-жақты танып-білу үшін, 

оны  жан-жақты  зерттеу  керек  деген 

ойының  жалғасы  болып  табылады. 

Бала жанын жан-жақты зерттеу – пе- 

дологияның ерекше көңіл бөлген мә- 

селесі  болды.  Сөйтіп,  В.М.Бехтерев 

ғылым тарихында педологияның зерт- 

теу  лабораториясын  ашқан  бірінші 

орыс ғалымы болды. Кейіннен мұн- 

дай орталықтар мен бірнеше зерттеу 

орындары  Брюссельде  (1913),  сон-

дай-ақ Еуропа мен Америкада пайда 

болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен 

даму  баланы  зерттеудің  ең  негізгі 

кредосы» дейтін идеясын 1950 жыл- 



ПЕДО

ПЕДО

437

дары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Ба- 

ланың антропологиялық психология-

сы» тұрғысынан зерттеді.

В.М.Бехтеревтің  бастауымен  1907 

жылы  педологиялық  институттың 

Жарғысы  жасалды.  Мұнда  баланы 

ұзақ  уақыт  бойына  бақылау,  анасы- 

мен  қоса  жан-жақты  қамқорлыққа 

алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғы- 

да сондай-ақ, институттағы бала тәр- 

биесі, үйде ата-анасы тарапынан бе- 

рілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жы-

луынан кем болмауы тиіс деген қағи- 

да орын алды. Институтта үш бөлім 

(психология,  гигиена  мен  физиоло-

гия, педагогика) болды. Мұндағы ғы- 

лыми қызметкерлер бірлесіп, жас өс- 

кінді  жан-жақты  тәрбиелеуде,  яғни 

В.А.Сухомлинский  айтқандай,  «Ба- 

лаға жүрек жылуы» дейтін гуманис- 

тік идеяны басшылыққа алды. БК(б)П 

Орталық Комитетінің 1936 жылғы Үш 

тілдегі «Наркомпростар жүйесіндегі 

педологиялық бұрмалаушылықтар ту-

ралы» қаулысынан кейін, педологияға 

дұрыс көзқарас болмады. Сол кездегі 

тоталитарлық режим ғылым саласына 

да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы 

қаулының педологияға қиянат жаса- 

ғаны,  оның  ақ-қарасын  айырмағаны 

қазіргі кезде белгілі болып отыр.

Қайта мұның теоретиктері мен прак-

тиктері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы 

қаулының зардабы психологтарға да 

қолайсыз әсер етті, оның «Бала және 

педагогикалық  психология»  дейтін 

салаларының дамуына тұсау салын-

ды. Өйткені педологтар өзгермейтін 

орта мен тұқымқуалаушылық дейтін 

ғылыми  тұрғыдан  қате  ұстанымды 

басшылыққа алған болатын. Педоло- 

гияға оң көзқарас тек соңғы жылда- 

ры,  яғни  ғылымда  демократиялық 

принцип  қалпына  келгеннен  кейін 

ғана  қайтадан  өріс  ала  бастады.  Ға- 

лымдар  (психологтар,  физиологтар) 

педологияның  теориялық  қисында- 

рының  әлсіздігін  мойындай  отыра, 

оның  практикалық  зерттеу  әдістері- 

нің  маңызын  жоққа  шығармайды. 

Әсіресе,  педологияның  қиын  бала-

ларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің, 

оларды тест арқылы зерттеу әдістері- 

нің құндылығын мойындайды.

Академик  В.П.Зинченко  педология- 

ның  ғылыми  концепциясында  бала 

тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 прин- 

ципті  басшылыққа  алғандығын  бы- 

лайша тұжырымдайды:

1)  баланы  бір  ғана  психологияның 

көмегімен жан-жақты зерттеуге бол- 

майды,  оны  гигиеналық,  физиоло- 

гиялық, антропометриялық, басқа да 

әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерт-

теу қажет. Бұл генетикалық принцип 

деп аталады;

2)  Баланы  үнемі  даму  үстінде  зерт- 

теу қажет;

3) Оны әлеуметтік ортамен байланыс- 

тыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қо- 

ғамдық-тарихи теориясына сәйкес);

4) Баланы іс-әрекет үстінде зерттеу.

В.М.Зинченконың  осынау  пікірле- 

рін  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәс- 

кеу  университетіндегі  психология 

кафедрасының  профессоры,  акаде- 

мик  А.Г.Асмолов  қолдап,  «Педоло- 

гия»  журналын  шығарды.  Бұл  ай- 

тылғандар  Орталық  Партия  комите- 

тінің  жоғарыда  аталған  қаулысынан 

зардап  шеккен  педологияны  қайта- 

дан  өмірге  келтірудің  бір  көрінісі. 

Бұл  жайт  Қазақстандағы  тәлім-тәр- 

бие  ғылымдары  саласында  зерттеу 

жүргізіп жүрген оқымыстылардың да 

есінде болуы тиіс.

ПЕДО

ПЕДО


438

ПЕРСЕВЕРАЦИЯ (лат. perseveratio – 

қасарушылық,  қыңырлық)  –  белгілі 

бір қимыл-әрекетті, қобалжуы, арна- 

йы  пиғылдан  тыс  қайталанып  үне- 

мі  қайта  жаңғыртылуы.  П.  ерекше 

жағдайда  әр  түрлі  көрініс  табады: 

қимыл-қозғалыс, эмоциялықсенсор- 

лық-персетивтік сезімдік – аясында, 

сондай-ақ ми бөліктері жартылай за- 

қымданғанда, байқалатын жағымсыз 

бейнелер. П. көңіл күй жиі бұзылған- 

да  немесе  қатты  қалжырағанда  қай- 

талануы мүмкін.

ПЕТРОВСКИЙ  АРТУР  ВЛАДИ-

МИРОВИЧ (1924-2005) – орыс пси- 

хологі,  академик.  Ресей  білім  ака- 

демиясының президенті. Психология 

тарихы,  педагогикалық,  әлеуметтік 

психология  салаларынан  2000-ға 

жуық  ғылыми  мақаланың,  30-ға 

жуық жеке еңбектердің (оқулық, мо- 

нография  т.б.)  авторы.  Жиырмаға 

жуық еңбектері шетел тілдеріне «қы- 

тай, вьетнам, болгар, неміс т.б.) ауда- 

рылған. Негізгі еңбектері: «Совет пси- 

хологиясының тарихы» (1966), «Жас 

және  педагогикалық  психология» 

(1979),  «Жалпы  психология»  (1970-

2004), «Әлеуметтік психология» (1986), 

«Психологияның  жапы  теориялық 

мәселелері» (2001) т.б.

ПИАЖЕ ЖАН (1896-1980) – Швей-

цария  психологі.  Психиканың  түрлі 

кезеңмен  дамуы  концепциясының 

авторы.  «Генетикалық  эпистемоло-

гия»  ілімін  жасаушы.  Женева  және 

Париж университетінің профессоры. 

Сорбонна  (Франция),  Гарвард  және 

Чикаго университетінің құрметті про-

фессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Рус- 

со атындағы институтты басқарады, 

1940  жылдан  Женева  университеті- 

нің эксперименталды психология ка- 

федрасы мен психалогиялық лабора- 

ториясын  меңгереді.  1955  ж.  «Гене- 

тикалық эпистемология жөнінде Ха- 

лықаралық Орталық» құрды. Ол ба- 

ла интеллектісін зерттеу жайында ғы- 

лыми мектеп ашты. Ол «Логика жә- 

не эпистемология» (таным теориясы) 

жөніндегі  еңбектерімен  әйгілі.  Пиа- 

же: «Ойлау дегеніміз – операциялар 

жүйесі» – дейді. Операция – ішкі қи- 

мыл-әрекеті,  сыртқы  заттық  әрекет- 

тің жемісі, ішкі әрекет реалды объек- 

тілер арқылы іс жүзіне аспайды, об- 

раз,  белгі,  символ  арқылы  жүзеге 

асады.  Операцияның  концепциясы 

негізінде, ол баланың эмоциялық іс- 

әрекет генезисін, қабылдауының да- 

муын  қарастырады,  Пиаженің  кон-

цепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғы- 

лымдардың (логика, психология, со- 

цаология,  эпистемология  т.б.  тәсіл- 

дерін  біріктіру  негізінде  жол  көрсе- 

теді. Оның еңбектері: «Баланың ой-

лауы  мен  сөйлеуі»,  «Генетикалық 

психологияның проблемалары», «Қа- 

рапайым  логиканың  құрылымдық 

генезисі» т б.

ПЛАЦЕБОЛЫҚ-ЭФФЕКТ  (лат. 

рlasebо – сауығамын) – қандай да бір 

дәрі  деп  тағайындалатын  зиянсыз 

препарат  –  плацебоны  ішкізгенде 

субъекттің  физиологиялық  не  пси- 

хологиялық күйінде болатын өзгеріс. 

П.-э. дәрі қабылдау фактісінің өзінің 

психотерапевтік  әсер-әрекетін  көр- 

сетеді және жаңа препараттың әсері- 

не иландырудың қатыстылығы дәре- 

жесін  анықтау  қажет  болғанда  қол- 



ПЕРС

ПЛАЦ

439

данылады. Бұл орайда сыналушылар 

тобына жаңа құралмен емдейміз деп 

хабарланады  да,  бұдан  соң  топтың 

жартысына плацебо беріледі. Екі кі- 

ші топ бойынша нәтижелерді салыс- 

тыру  дәрінің  шын  мәніндегі  нәти- 

желілігі туралы пайымдауға мүмкін- 

дік береді. П.-э., сондай-ақ психоте-

рапияда психологиялық міндеттерде 

пайдаланылады.

ПРАКТИКАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАР  – 

болашақ  психологтардың  қолданба- 

лы  сипаттағы  мақсаты-міндеті  тұл- 

ғалық ерекшелікті анықтауға бағдар- 

ланған.  Кейбір  әдістемелерде  прак- 

тикалық  жұмыстың  орнына  эмпи- 

рикалық зерттеулер деген ұғым қол- 

данылады.  П.ж.  болашақ  психолог- 

тарды дайындау бағдарламасына ен- 

гізіліп,  теориялық  қалыптасқан  бі- 

лімдерін  тәжірибелік  тұрғыдан  ба- 

қылаудан өткізуге арналады.

Практикалық  жұмыстарды  жүйелі 

түрде орындау – анализ, синтез, салыс- 

тыру,  зерттеудегі  теория  мен  прак- 

тиканың  байланысы,  психологтар- 

дың  дербес  тәжірибелері  және  та- 

нымдық  мүмкіндіктерінің  дамуы 

сияқты ойлау амалдарын меңгерудің 

маңызды  құралы  болып  танылады. 

П.ж. білімді бекітуге және нақтылау- 

ға  себепші  болады.  Практикалық 

жұмыстарды  орындау  мазмұны  мен 

тәсілдері  қалыптасқан  білімдерінің 

нәтижесіне  байланысты.  Мысалы, 

химиядан  практикалық  жұмыс  хи- 

миялық  құбылыстарды  түсіндіруге 

және бақылау біліктілігін дамытуға; 

заттарды алуға және ажырата білуге 

себепші  болады;  мамандарды  хи- 

миялық лабораториядағы жұмыстың 

қарапайым тәсілдерімен таныстыра-

ды;  заттармен,  химиялық  ыдыстар- 

мен жұмыс істеу дағдыларын қалып- 

тастырады.

Биологиядан  практикалық  жұмысқа 

табиғи объектілерді анықтау бойын-

ша жүргізілетін жұмыстар, экспери- 

мент  жатады.  География  сабағы  бо- 

йынша жүргізілетін П.ж. арқылы гео- 

графиялық және топографиялық кар- 

талармен  жұмыс  істей  білу,  тұрғы- 

лықты жердің планын құру және т.б. 

біліктілігі  қалыптасады.  Психолог- 

тарды  дайындаудың  бастапқы  са-

тысында  жоғарыда  аталған  ғылым 

салалары сияқты болашақ маманның 

теориялық білімдерін тәжірибеде іс- 

ке  асырудың  жаттықтырушы  сипат- 

тарында  болады.  Сондай  іс-әрекет- 

тердің  күрделілігі  біртіндеп  өзгере- 

ді:  болашақ  мамандар  практикалық 

жұмыстарды  көп  уақыт  жұмсамай 

орындау дағдыларына көшеді. Тиісті 

дағдыларды меңгергеннен кейін пси-

хологтар  мақсатқа  сәйкес  практика- 

лық жұмыстарды өз бетімен жүргізу- 

леріне мүмкіндік алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет