Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет75/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90

СТРУМИНСКИЙ  ВАСИЛИЙ 

ЯКОВЛЕВИЧ  (1880-1967) – Орын- 

бордағы қазақ ағарту институтының 

тұңғыш  директоры.  1923  жылы 

«Психология»  –  «Диалектикалық 

материализм  тұрғысынан  баяндал- 

ған ғылыми психологиялық мәселе- 

лері»  деп  аталатын  кітаптың  авто- 

ры.  Бұл  еңбек  психология  ғылымы- 

ның  марксизмге  бетбұрыс  жасау- 

дағы  тұңғыш  зерттеу  болды.  Оның 

методологиялық олқылықтары тура- 

лы сол кездері ғылыми жұртшылық- 

тың сан қилы кереғар пікірлері бол- 

ды.  Струминский  Қазақстанда  оқу- 

ағарту  жұмысына  біраз  үлес  қосты. 

Оның  қаламынан  «Еңбек  мектебі- 

нің қызметкері үшін үстелдік кітап» 

«Жан сыры» (Орынбор, 1923)., «Орын- 

бордағы  1-ші  басқыш  мектеп  шә- 

кірттерінің  сөйлеу  ерекшеліктері» 

(Орынбор, 1924) т.б. еңбектері туын- 

дады.  Кейіннен  ол  педагогика  ғы- 

лымдарының  докторы,  РСФСР  Пе- 

дагогика  ғылымдары  академиясы- 

ның  корреспондент-мүшесі  дейтін 

ғылыми атаққа ие болды.



СТЫЧИНСКИЙ  ИОСИФ  ЛАзА-

РЕВИЧ (1896-1969). 1919 жылы Са- 

ратов университететіндегі медицина 

факультетін  бітірген.  Ол  жүйке  ау-

рулары  кафедрасының  ординаторы, 

кейіннен доценті қызметін атқарады. 

1921-27 жылдары халық ағарту инс- 

титуты  мен  университетте  психоло-

СТРУ

СТЫЧ


507

гиядан  сабақ  береді.  1931  жылдан 

Саратов медициналық институтының 

кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан 

профессоры  болды.  1944-1949  жж. 

Алматыдағы  «Ана  мен  баланы  қор- 

ғау»  ғылыми-зерттеу  институтының 

директоры,  1947-1969  жж.  Абай 

атындағы  Қазақ  пединститутының, 

С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемле- 

кетттік  университетінің  профессо- 

ры,  психология  кафедрасының  мең- 

герушісі, 1958-62 жж. Қазақстан пси- 

хологтар  қоғамының  төрағасы  бол- 

ды.  Ол  көптеген  жеке  еңбектер  мен 

ғылыми мақалалардың авторы. Олар- 

дың  кейбірі:  «Бөбектердің  психоло- 

гиясын зерттеу» (Саратов, 1921), «Пси- 

хика  мен  жүйке  саласын  зерттеу» 

(Саратов,  1925),  «Сөйлеу  кемістігін 

топтастыру туралы» (Харьков, 1939), 

«Ойлау мен сөйлеу» (Халық мұғалі- 

мі,  1951,  N4),  «Педагогикалық  пси- 

хологияның бүгінгі таңдағы міндет-

тері» (Қазақстан мектебі, 1967, N3), 

т.б.


СУБДОМИНАНТА  (лат.  sub-  ас-

тында,  (dominantis)  басым).  Адамға 

әсер  ететін  көптеген  заттар  мен  ті- 

тіркендіргіштердің  ішінде  біреуі 

миға көбірек әсер етеді де, мидың бір 

бөлігін күшті қоздырып, жаулап ала- 

ды да, қалған әлсіз тітіркендіргішер- 

ден туындайтын мидағы әртүрлі қо- 

зулар  доминанта  деп  аталады.  Бұ- 

лардың  толықтырып  отыратын  кез- 

дері де болады.

СУБЛИМАЦИЯ – Дау-дамай кезін-

де күйзелістен құтылудың бір жолы. 

Адамның  жыныстық  құмарлықтан 

творчестволық жағдайға көшуі – осы 

жағдайдың  жеке  бір  көрінісі.  Бұл 

терминді психологияға З. Фрейд ен-

гізген (1900). Жыныс құштарлығынан 

(биологиялық)  көңіл  күйді  пайда-

лы  іс-әрекетке  бұруда  әзіл-оспақ, 

қалжыңның  да  сублимациялы  рөлі 

бар екендігі байқалады.

СУБСЕНСОРЛЫҚ  ҚАБЫЛДАУ

Адам өз өмірінде көптеген әрекеттер 

үстінде заттарды, құбылыстарды бір- 

бірімен  салыстыруға,  олардың  си- 

паттарын  реттеп  топтастыруға  дағ- 

дыланады.  Адамның  іске  талапта- 

нуы оянып, заттарды қабылдау жеті-

ле  түсіп,  байқағыштығы  артады. 

Қабылдаудың  осылай  бірден-бірге 

дамуы арқылы адам объектінің ерек- 

ше қасиеттерін байқап қана қоймай, 

оның  ұсақ  бөлшектеріне  назар  ау- 

дарып, оны жүйелеп қабылдауға әдет- 

тенеді. Затты осылай қабылдау түрін 

С. қ. деп атайды.

СУБЪЕКТ  –  сыртқы  ортаны  білу 

жолында түрлі айналысушы адамның 

таным  мен  іс-әрекетпен  белсенділі- 

гімен бағыт-бағдарының иесі болып 

табылатын адамның индивид, тұлға, 

даралық  секілді  атауларының  сино-

нимі. Субъект ұғымы психологиядан 

гөрі  философия  ғылымында  жиі 

қолданылады. Алғаш рет осы термин-

ді қолданысқа енгізге Аристотель.



СУИЦИД (ағылш. suicide – өзін-өзі 

өлтіру) – жан жүйесі қатты күйзелген 

күйде  не  психикалық  аурудың  сал- 

дарынан  адамның  өзін-өзі  қол  жұм- 

сау  өлтіру  әрекеті;  психикасын  жа- 

ралайтын  қиын  жағдаяттардың  ық- 

палымен  өмірден  өтудің  ұғынылған 

түрдегі  актісі;  мұндайда  адамның 

өз өмірі ең қымбат құндылық мәнін 

СУБД

СУИЦ


508

жоғалтады. С.-тің себептері сан алу-

ан және олар субъекттің жекебастық 

деформацияларымен,  айналасында- 

ғы жағдайды жанын жаралағанымен 

ғана байланысты болмай, түп-тамы- 

ры қоғамның әлеуметтік-экономика- 

лық  және  адамгершілік  тұрғысынан 

ұйымдастырылуында да болуы мүм- 

кін. Біздің елімізде және шетелдерде 

суицидке  жол  бермеу  үшін  арнаулы 

суицидологиялық қызметтер, «сенім 

телефондары» ұйымдастырылған.

СУРДОПСИХОЛОГИЯ (лат. surdus– 

саңырау, күңгірт естілетін және ...ло- 

гия) – арнаулы психологияның саңы- 

рау сондай-ақ құлағының мүкісі бар 

адамдардың  психикалық  дамуын  

жетілдіру мүмкіндіктерін зерттейтін 

жантану саласы. С. құлағының мүкісі 

бар  адамдардың  сақау  болуына  жол 

бермеу  амалдарын  зерттейді,  естіп 

қабылдаудың  кемістігін  көру  арқы- 

лы, дірілдік, түйсіктер және т.б. арқы- 

лы  алмастырудың  компенсаторлық 

мүмкіндіктерін  анықтайды,  мұндай 

адамдардың  танымдық  қарекетінің 

ерекшеліктерін  зерделейді,  есіту 

түйсіктерінің  болмауы  немесе  жете 

дамымауы  жағдайында  қалыптаса- 

тын ойлаудың, жадтық және басқа да 

психикалық  процестердің  ерекше- 

ліктерін зерттейді. С.-ның мәліметте- 

рін есепке алу – саңырау және құла- 

ғы  мүкіс  балаларда  оқыту  мен  тәр- 

биелеуді, оларды өндірістік тұрғыда 

даярлау мен еңбекке орналастыруды 

ұйымдастырудың қажетті шарты бо-

лып табылады.



СУФИЕВ ЕЛЕШ (1918-1980). Қазір- 

гі Батыс қазақстан облысының Фур-

манов  ауданында  туған.  Е.  Суфиев 

Оралдың А.С.Пушкин атындағы пе- 

дагогикалық  институтының  химия-

биология факультетін бітірген (1937). 

Ол  біраз  жыл  мектептерде  мұғалім- 

дік қызметте болады. 1946-80 жылдар 

арасында  Ақтөбе,  Алматы,  Шым-

кент  қалаларындағы  жоғары  оқу 

орындарында  психологиядан  сабақ 

береді.  Өмірінің  соңғы  жылдары 

Қазақ  қыздар  педагогикалық  инсти-

тутында  психология  кафедрасының 

меңгерушісі болды. 

Е.  Суфиев  психология  саласында 

жазылған  біраз  еңбектердің  авторы. 

Ол көп жылдар бойы қазақ шәкіртте- 

рінің  орыс  тілін  меңгеруінің  пси- 

хологиялық  негіздерін  зерттеп  кел- 

ді. Оның 1952 жылы ҚазМУ-дің ғы- 

лыми  кеңесінде  қорғаған  «Қазақ 

мектептерінің  бастауыш  кластарын- 

дағы  оқушылардың  орыс  тілін  мең- 

геруінің  психологиясы»  атты  дис-

сертациясында  қазақ  балаларының 

орыс  тілі  сабағында  ақыл-ойы  мен 

ауызекі  сөйлеуінің  даму  ерекшелік- 

тері  психологиялық  тұрғыдан  тал- 

дауға  алынды.  Автор  оқушылардың 

ұғынуына  қиындық  келтіретін  кей- 

бір  орыс  тіліндегі  атауларға  тоқта- 

лып,  мұның  табиғи-ғылыми  жағын 

И.П.Павловтың  жоғары  жүйке  жү- 

йесі қызметі туралы іліміне негіздей 

отырып  түсіндіреді,  оқушылардың 

кейбір  психикалық  функцияларын 

(қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта 

түсу, орыс тілін оқыту әдістерін же- 

тілдіру  жөнінде  біраз  ұсыныс-ке- 

ңестер береді. Оның қаламынан пси- 

хологияның  әртүрлі  тақырыптарын- 

да жазылған бірнеше еңбектер туын-

дады.  Олардың  кейбірі:  «Баланың 

дамуы және оның мектепке әзірлен- 

уі (1965), «Психология оқулығының 



СУРД

СУФИ

509

қазақша аудармасы туралы» («Халық 

мұғалімі»,  1950,  N2),  «Қазақ  мек-

тебінде  орыс  тілін  оқытудың  кейбір 

психологиялық  мәселелері»  (1967), 

т.б.  Осы  еңбектердің  қай-қайсысы 

да қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие 

процесін  жандандыру  үшін  қажетті 

дүниелер.

СҰХБАТ  1)  бағытталған  диалог. 

Психологияда  тиісті  ақпарат  жинау 

үшін,  сондай-ақ  психотерапевтік 

әсер ету үшін қолданылады. Сұхбат- 

тың  еркін  және  стандартты  түрлері 

бар.  Әдістері:  клиникалық  С.  және 

диагностикалық С. 2) ауызша пікір- 

терім  арқылы  әлеуметтік-психоло- 

гиялық  ақпарат  алу  амалы.  С.  екі 

түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әң- 

гіме түрі реттелмеген; ә) нысаны ал-

дын ала әзірленген сұрақтарға негіз-

делетін С. Сұрақ – 1) оқушылардың, 

студенттердің білім деңгейін анықтау 

үшін  қойылатын  сұрау;  2)  адамдар 

бір-бірімен қарым-қатынас барысын- 

да  ойларын  айқындау  үшін  қойыла- 

тын сұрау. С. оқушылардың, студент- 

тердің  білімін  әр  қырынан  тексеру 

үшін қойылады.



СЫДЫҚОВ  ӘМІРЖАН (1898-1984)

Бұрынғы  Семей  облысы  Бесқарағай 

ауданында дүниеге келген. Ә.Сыды- 

қов ұстаздық жолын сонау 1918 жы- 

лы бастауыш мектеп мұғалімінен бас-

тады. 1924 жылы Мәскеудегі халық- 

қа  білім  берудің  орталық  институ- 

тын  тамамдады.  Оның  тағылым  ал- 

ған ұстаздары А.Блонский, Н.К.Круп- 

ская  секілді  аса  көрнекті  ғалым-пе- 

дагогтар болды. Институтты бітірген-

нен кейін 1928 жылға дейін коммуна 

мектебінде,  жалпы  білім  беретін 

орта  мектептерде  істеді.  Сонан  ке- 

йін  Семейдің  губерниялық  халыққа 

білім  беру  бөлімінде  меңгерушісі 

болып  қызмет  атқарды.  1928-1943 

жылдары  Қазақ  КСР  оқу  комисса-

риатында  –  әдіскер,  ал  1943  жылы 

өмірінің  ақырына  дейін  педагоги- 

калық  ғылымдардың  Ы.Алтынса- 

рин  атындағы  ғылыми-зерттеу  инс- 

титутында  ғылыми  қызметкер,  сек- 

тор меңгерушісі, директордың орын-

басары, директоры болып істеді.

Ә.Сыдықов  республикамызда  педа- 

гогика  ғылымының  дамуына  зор 

үлес  қосты.  Оның  қазақ  мектептері 

үшін бағдарламалар мен оқулықтар, 

әдістемелік  құралдар  жасаудағы  ең- 

бегі өлшеусіз.

Оның  тұңғыш  ғылыми  мақалалары 

«Темірқазық»  (Мәскеу)  және  «Таң» 

(Семей)  журналында  жарық  көрді. 

1920-1940 жылдары оның қаламынан 

«Оқу,  жазу  туралы  психология  не 

айтады?» (Жаңа мектеп, 1929, № 10); 

«Баланың  оқуға  белсенділігі»,  «Оқу 

тәрбие  әдістері  және  бұл  жөніндегі 

бұрмалаушылықтарға  қарсы  күрес», 

(Қызылорда,  1933);  «Дағды  және 

әдет» (Халық мұғалімі, 1947, №3) т.б. 

мақалалар  туындады.  Ә.Сыдықов 

республикадағы  педагогикалық  ой-

пікір тарихын тұңғыш зерттеушілер- 

дің  бірі.  Оның  «Ы.Алтынсариннің 

педагогикалық  идеялары  мен  ағар- 

тушылық қызметі» (1949, 1966) атты 

монографиясының орны ерекше.

Ә.Сыздықовтың  сан-алуын  ғылы- 

ми-зерттеу  еңбектері  «Педагогика 

сөздігінде»,  «Үлкен  және  педагоги- 

калық  энциклопедияларда»  тағы  да 

басқа  ұлт  тіліндегі  басылымдарда 



СҰХБ

СЫДЫ

510

жарық  көрді.  Ол  жөнінде  бірнеше 

әдістемелік  еңбек  жазды,  педаго-

гика  мен  психология  оқулықтары 

(Б.М.Теплов пен профессор К.Н.Кор- 

ниловтың)  оның  аударуымен  жарық 

көрді.

СЫПАЙЫЛЫҚ  (әдептілік,  ізетті- 

лік) – адамдарды сыйлау, қарым-қа- 

тынас  пен  өзара  қатынастың  күнде- 

лікті нормасы мен ережесіне айнал- 

ған, айналадағылармен қарым-қаты- 

нас  жасаудың  әдепті  тәсілі  болып 

табылатын  тұлғаның  адамгершілік-

тік-психологиялық  қасиетінің  биік 

шыңы.

СЫРТҚЫ  СөЙЛЕУ.  Дыбыстап 

сөйлеудің  негізгі  түрі  ауызша  және 

жазбаша,  актив,  пассив  түрінде 

сөйлеу жатады. Ол диалог және мо-

нолог болып екіге бөлінеді. Диалог – 

сөйлеудің ең жеңіл түрі де, монолог–  

терең толғандыруды қажет ететін өте 

күрделі түрі. Монологтық сөйлеуге – 

мұғалімнің дәрісі, лектордың баянда-

масы,  артистің  сахнадағы  сөзі  және 

т.б. жатады.

ТАБАНДЫЛЫҚ – адамның ұнамды 

ерік-жігер  сапаларының  бірі.  Т.  – 

қиыншылықтар мен кедергілерге қа- 

рамастан  мақсатқа  қалай  да  жетуге 

бағытталған еріктік қасиет. Т. баланы 

мектепке  дейінгі  жастан  бастап-ақ 

шамасы  жететіндей  тапсырмалар-

ды  аяғына  дейін  орыңдай  білуге, 

өзінің мінез-құлқын алдағы нәтиже- 

ге  бағындыру,  кейде  тікелей,  сол 

сәттік  ниеттілікке  қарама-қарсы  ка-

рекет  жасауға  дайын  болып  мақсат- 

ты  нәтижеге  жетуге  тәрбиелеу  негі- 

зінде жетіледі. Т. қасиеттерін кемел- 

дендіруде,  бұл  тұрғыдағы  тәрбиеде 

мәнді  мақсаттар  және  тапсырылған 

іс  үшін  жауапкершілік  пен  борыш- 

тылықты  ұғынудың  маңызды  мәні 

бар. Т. – көптеген ішкі-сыртқы қиын- 

шылық пен кедергілерге қарамастан 

алдына  қойған  мақсатына  жетуден 

көрінетін  ерекшелік.  Мұндай  кісі 

ылғи  да  қажымай-талмай  әрекет 

етіп,  осы  жолда  кездесетін  небір 

ауыртпалыққа  төзіп,  оларды  бірінен 

соң  бірін  жеңіп,  мақсатына  жетіп 

отырады.  Осындай  жағдайда  оның 

ерік-жігері  бұрынғыдан  да  бетер 

шыңдала,  жетіле  түседі.  Бұған  екі 

СЫПА

ТАБА


511

аяғынан бірдей айырылса да, әскери 

ұшқыш қызметіне қайта оралған Со-

вет  Одағының  батыры  Алексей  Ма-

ресьев пен кешегі азамат соғысында 

екі  қолынан  айырылған  жас  қазақ 

жауынгері  Мыңбай  Тұрсыновтың 

өмірі жақсы мысал бола алады. Соң- 

ғысы  ауруханада  жатқанда  бақайы- 

мен жазу жазды, аузымен қыл қалам- 

ды тістеп сурет салды, елге келгесін 

шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын 

да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, 

совхозда  есепші  болды.  Кейін  өз 

басынан кешкен осы қиыншылықта- 

рын  «Өліммен  беттескеңде»  (1965) 

дейтін кітабында баяндады. Осы мы-

салда  табандылық,  тек  тепсе  темір 

үзетін,  қол-аяғы  балғадай,  жеті  мү- 

шесі  сау  адамдарда  ғана  кездесетін 

қасиет  емес,  қандай  қиын  жағдайда 

да  жан  аямай  тіршілік  ете,  еңбек 

етуді ерекше сүйе білетін адамдардың 

қасиеті  екендігі  байқалады.  Т.  кісі 

таңдамайды,  тілесе  кім  болсын,  ай- 

қын  мақсаты  бар,  еңбексүйгіш,  іске 

мейірлене,  құлшына  кіріскен  адам- 

ның бойына даритын қасиет.



ТАҒДЫР – адам өміріндегі барлық 

оқиғаларды  алдын  ала  белгіленуін 

білдіретін діни ұғым. Құран Кәрімде 

«Адам  жер  бетіне  шыр  етіп  түскең- 

де,  Алла  тағала  оның  өмірінің  қан- 

дай  болатынын  маңдайына  жазып 

қойған,  жазмыштан  қашып  құтыла 

алмайсың» деген уағыз бар. Адамдар 

бір-бірімен  қиын  істе  кездескеңде: 

«Алланың  жазғанын  көреміз  де»,  – 

деп,  қандай  қиыншылық  болса  да: 

«Жазмыштан қашып құтылмаймыз», – 

деп тағдырға мойынсұнады.

ТАҒЫЛЫҚ – 1) Еуропа ғылымында 

адамзат  тарихының  бірінші  кезеңін 

білдіретін  атау.  Мұны  жабайылық 

немесе Т. деп алғашқы адамдардың іс- 

әрекетін, еңбекке қарым-қатынасын, 

табиғатын  игерудегі  еңбек  тәсілінің 

жабайылығын  бейнелеу  үшін  қол- 

данған.  Ғылым  мен  техниканың  да-

муы, дене еңбегін ой еңбегінің алмас-

тыруы өркениетті туғызды; 2) ауыз- 

екі  сөзде  адамдардың  мәдениетсіз- 

дігін, надандығын сипаттау үшін де, 

Т.  дөрекілік  ұғымын  білдіруге  де 

қолданылады.



ТАЙПА – 1) алғашқы қауымдық қо- 

амдағы  бір  жерде  тұратын,  тілі  бір-

дей

;

  бірнеше  рулардан  құралған, 



өзара  туыстық  байланыстары  бар 

адамдар  тобы.  Тайпада  ортақ  әдет-

ғұрып,  мәдениет  болды.  Тайпаны 

басқару, маңызды істерді және туыс- 

тар арасындағы даулы істерді шешу 

ақсақалдар  кеңесінің  билігінде  бол- 

ды. 2) Тайпа ұрпақ, халық.

ТАЛАНТ (грек. talantоп – бастапқы- 

да салмақ, өлшем, кейіннен ауыспа-

лы мағынада – қабілеттер деңгейі) – 

қабілеттердің  ең  алдымен,  арнайы 

қабілеттердің  дамуының  ең  биік 

деңгейі.  Т.  Адам  қарекетінің  при-

нципті жаңалығымен, бірегейлігімен 

бұрын-соңды  болмаған  жаңалығы- 

нан  байқалады.  Адамның  таланты 

музыкада,  әдебиетте,  ғылымда,  тех-

никада  т.б.  іс-әрекеттерде  көрінеді. 

Таланттың дамуы еңбек ете білумен, 

еңбек сүйгіштікпен тығыз байланыс-

ты.  Әйгілі  ғұламалардың  пікірінше 

«талантты өсіретін нәрсе – істі сүю» 

деп  бекер  айтпаған.  Осы  себепті 

адамның  Т.-ының  дамуында  оның  

дүниетанымы,  қоғамдық  позиция- 

сы  орасан  зор  рөл  атқарады.  Твор- 

честволық  қызметтің  сан  салалы 



ТАҒД

ТАЛА

512

өкілдерінің барлық қуат-қабілеттері- 

нің бірдей шарықтайтын кездері бо- 

лады.  Мұндайда  олардың  санасы 

барынша  өткірленіп,  мейлінше  ай- 

қындалады,  байқағыштағы  онан 

сайын  арта  түседі,  жазатын  нәрсесі 

мұқият әрі тез дайындалумен қабат, 

іште жетіліп піседі.

Бұл – адам талантының шарықтауы- 

ның  тамаша  бір  көрінісі.  М.Әуезов 

«Абай жолының» кейінгі үш кітабын 

машинкаға  жатқа  айтып  бастырған. 

Тек зор талантты адамның ғана осын-

дай  «керемет»  қасиеттері  болады. 

Жазушы  Ә.  Нұрпейісов  Мұхтардың 

талант  ерекшелігін  былайша  сипат- 

тайды: Бірде үйіне бардым. Кабине- 



тінің  есігі  ашық  қалыпты.  Мұқаң 

«Ақын  аға»  аталған  үшінші  кітап- 

ты жатқа айтып тұр... Оның жү- 

рексіне,  толқи  шығатын  қоңыр  да- 

уысы шалқар шабыт тұсында шал- 

қи төгілген аса білімді, көл-көсір кө- 

ріністерді, адам жанын аламан-асыр 

қылатын ащы-тәтті шындықтарды, 

өлмес-өшпес  көркем  сөзге  айналды- 

рып жатты. Дес бермей бара жат- 

қан  ой  тасқынын  іріккісі  келгендей 

ара-тұра  бір  жөтеліп  алады  да, 

қайтадан  сөз  маржанын  толас-

сыз  тоғыта  береді.

1

  Осы  сәт  бізге 

үлкен  талант  иелерінің  шығармала- 

ры  оп-оңай  өзінен-өзі  жазыла  сала-

тындай  етіп  көрсетуі  мүмкін.  Ал, 

шындығында  бұлар  «инемен  құдық 

қазғандай»  еңбектенеді.  Аты-шулы 

ақын-жазушылардың,  ғалымдардың 

қолжазбаларын көрсек, олардың бір 

жазғанын  қайта-қайта  өңдейтінін, 

сан рет көшіріп жазатынын, бір сөз- 

бен айтқанда, қажымай-талмай, ерен 

еңбек  ететіндігін  байқатады.  Т.  деп 

қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе та- 

бысты, дербес түрде шешілуіне жағ- 

дай жасайтын аса үздік қабілеттілік- 

тердің ұштасуын атайды.

ТАЛҒАМ  –  жеке  адамның  немесе 

әлеуметтік  топтардың  көркем  шы- 

ғарманы,  сұлулықты  кейіпсіздіктен 

ажырата білу қабілеті. Талғам – эсте- 

тикалық  сананың  саласы.  Өмірдегі 

сұлулықты, табиғат көріністерін, ең- 

бек пен әлеуметтік қарым-қатынаста- 

ғы,  жеке  адам  бойындағы  әсемдік 

көріністерді  бағалай,  қабылдай  білу 

қасиетін  талғампаздық  қасиет  деп 

бағалайды. Талғам адамның дүниеге, 

қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын 

білдіреді.  Талғамға  адамның  көзқа- 

расы мен білім деңгейі, өскен ортасы-

нан жеке тәжірибесі елеулі әсер етеді. 

Мәселен,  кейбіреулердің  сәнқойлы- 

ғы,  модаға  әуестігі,  ала-құла  қызға 

қарап  күйінуі  (жұрт  оларды  стиля- 

га  деп  атайды),  талғамы  дұрыс  қа- 

лыптасқан адам деп айту қиын. Өйт- 

кені  жақсы  талғам,  жүйелі  жақсы 

тәрбиенің нәтижесі.



ТАНУ – естің бұрынғы қабылдаған-

дарға  кезіккенде  (кездескенде)  кө- 

рінетін қайта жаңғыртудағы қарапа- 

йым түрі. Т. қабылдау дәрежесіне орай 

түрліше болады. Мысалы, кейбіреу- 

лер  бұрынғы  көргенін  бірден  айны-

тпай  таниды,  еңді  біреулер  тіптен 

тани  алмай  қиналады.  Т.  ұқсатумен 

де  байланысты.  Мысалы,  адам  бір 

жерге келгенде, бұрын көрген сондай 

бір  жерді  есіне  түсіріп,  айналадағы 

нәрселерді соған ұқсатады.



ТАНЫМДАҒЫ  БІРЛЕСКЕН  ІС-

ӘРЕКЕТ.  Танымдағы  бірлескен  іс-

       1 

Ә.Нұрпейсов. Ұлы адам жайлы бірер сөз. «Ле-

ниншіл жас». 7 желтоқсан, 1967.



ТАЛҒ

ТАНЫ

513

әркеттің  өзегін  құрайтын  зерттеудің 

негізгі бағыттары мыналар: әлеумет- 

тік-психологиялық жағдайларды жә- 

не оқыту процесіндегі танымдық іс-

әрекеттің  тиімділік  механизмдерін 

зерттеу;  полиэтностық  орта  жағда- 

йындағы этностық нанымдардың сте- 

ротиптер  мен  құндылық  бағдарлар- 

дың қалыптасу және даму механизм- 

дерін  кешенді  зерттеу;  адамдардың 

бірлескен іс-әрекетіндегі, соның ішін-

дегі моноэтностық және полиэтнос- 

тық өзара әркет пен қарым-қатынас- 

тағы мағына, мотив, және мақсат құ- 

рылым  механизмдерін  зерттеу.  Осы 

бағыттардың негізінде топ және тұлға 

іс-әркетін  мағыналы  реттеу  концеп-

циясына негізделген әртүрлі өмірлік 

жағдайдағы адамдардың бірлескен іс-

әрекетінің құрылымы туралы жүйелі 

түсінік бар. Қазақстанда осы мәселе- 

нің сыр-сипатын көптен бері профес- 

сор С.М.Жақыпов зерттеп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет