Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет77/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90

ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ  ҚИЯЛ  –  бұл 

әр адамның өз жағынан іс-әрекеттің 

әр  саласында  соны  жаңа  бейнелер 

жасау.  Қабілетті  жазушының,  ақын- 

ның, суретшінің, композитордың, ға- 

лымның  т.б.  қиялы,  осыған  жақсы 

мысал. Т.қ. – тек зиялы қауымға тән қа- 

сиет емес. Ол іс-әрекеттің сан алуан 

түріне  байланысты  нәтиже  беретін 

(рационализатор  жұмысшы  мен  ша-

руа,  олимпиадаға  қатысатын  оқушы 

мен  студент,  ғарышкер-ұшқыш  т.б.) 

адамдардың  бәрінде  кездесетін  құ- 

былыс.  Т.қ.  –  қайта  жасау  қиялына 

қарағанда әрі қиын, әрі күрделі. Мә- 

селен, Абай мен Құнанбайдың көркем 

бейнелерін жасау, оларды жәй сипат-

тап жазған шығармадан (қайта жасау 

қиялы) әлде қайда ауыр. Қиялдың осы 

түрі  өнер  қайраткерлерінің  іс-әре- 

кеттерінде үлкен орын алады. Орыс 

сахнасының  майталманы  К.С.Ста- 

ниславский  бұл  жөнінде  былай  деп 

жазды:  «Артистің  көкірегінде  өзі 

бейнелеп  тұрған  адамның  ой-тол- 

ғаныстары  –  туғанда  ғана  шынайы 

өнер  туады,  нағыз  жанды  сезім  еш 

уақытта  зорлағаннан,  қолдан  жаса- 

ғаннан келмейді», – дейді.

Мәселен,  Чехов  спектакліндегі  Ра- 

невскаяның ролін орындаушы Ольга 

Книппер  –  Чехова  шие  бағын  сата-



ТӘРТ

ТВОР

520

ды деп хабарлағанда шын көңілімен 

көзіне жас алады екен. Мұндайда ак-

тер сахнада ойдан шығарылған нәрсе- 

ге шындықтың өзіндегідей көзқарас- 

пен  қарайды.  Бұл  –  творчестволық 

қиялы өте бай адамның қолынан ке-

летін қасиет. Ақын-жазушылар қиялы 

арқылы  өзінің  келешек  кейіпкерле- 

рін  «көреді»,  олардың  мінез-құлық- 

тарын  «елестетеді»,  сөзін  «естиді». 

Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз 

кейіпкерлерімен  бірге  өмір  сүреді, 

олардың  ойын,  көңіл  күйін  «сезіп», 

қоян  қолтық  араласып  жүргендей 

болады.  Мысалы,  француз  жазушы-

сы  О.Бальзак  егер  жеңі  жыртық  бі- 

реудің  көшеде  кетіп  бара  жатқанын 

көрсе, өзін сол адамға ұқсататынды- 

ғы соншалық, – өз жеңім де жыртық 

емес  пе  екен  деп,  еріксіз  өз  жеңіне 

қолын  жүгіртіп,  тесікті  жаппақшы 

болады  екен.  Байқағыштық,  жеке 

өмірдің  эмоциялық  байлығы,  алдын 

ала орасан зор жұмыстар істей білу- 

ге қабілеттілік (мәселен, Л.Толстой- 

дың айтуынша, «Соғыс және бейбіт-

шілік» романын жазу үшін жинаған 

материалдары «бүкіл бір кітапхана» 

болған)  адамның  твочестволық  қия- 

лының  самғауына  күшті  әсер  етеді. 

Өмірден  түйгені  шамалы,  твор- 

честволық  қиялы  жетілмеген  адам- 

нан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. 

Абай мұны өте дұрыс көре білген.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын 

Қазақтың келістірер қай баласы?».

Бұл  өлеңіне  Абай  «қиыннан  қиыс- 

тырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы 

тиіп»,  «іші  алтын,  сырты  күміс  сөз 

жақсысын»  секілді  сөз  тіркестері 

арқылы  өздігінен  жаңа  туындылар 

бере алатын нағыз майталман ақын- 

дардың  психологиясын,  олардың 

творчестволық  қиялындағы  ерекше- 

ліктерді көрсетіп отыр. Ғалым үшін 

де творчестволық қиял аса қажет.

Творчестволық қиял ғалымның твор- 

честволық  ойына  аса  қажетті  мате- 

риал  береді.  Мәселен,  ғылыми  жо- 

рамал  жасағанда,  эксперимент  жұ- 

мысын ұйымдастырғанда, тапқан жа- 

ңалықтарды тексеріп сынауда ғалым 

өз  қиялына  үнемі  сүйеніп  отырады. 

Бірақ  нағыз  ғылыми  жұмыс  көп 

еңбектенуді қажет етеді – ол еріккен- 

нің  ермегі  емес,  ғылымның  жолы 

ауыр. Қажымай, талмай өнімді еңбек 

ете білушілік, шыдамдылық, іске мей-

лінше  берілушілік  –  нағыз  ғалымға 

тән қасиеттер.

ТЕЖЕЛУ – белсенді, қозумен ажы- 

рағысыз  байланысты,  жүйке  орта- 

лықтары немесе жұмысшы органда- 

ры  қызметін  кідіртуге  апарып  соға- 

тын процесс. Жүйке орталықтарына 

қатыстылары орталық Т., екіншілері 

перифериялық Т. деп аталады. Пери- 

фериялық  тежелуді  кезбе  жүйкені 

ырғақты тітіркендіру кезінде жүрек- 

тің  жиырылуы  кідіртілетінін  анық- 

таған ағайынды Эр және Эд. Вебер- 

лер 1840 жылы ашты. Орталық теже- 

луді 1863 жылы И. М. Сеченов ашты. 

Бұл ашылыс нейродинамиканы зерт- 

теуге ғана емес, сонымен қатар пси- 

хикалық  процестердің  реттелуіне 

де  терең  ықпал  жасады.  Тежелудің 

табиғаты  ұзақ  уақыт  анықталмады. 

Бастапқыда  физиологтар  оны  тиісті 

ТВОР

ТЕЖЕ


521

жасушалардың  енжар  жағдайымен 

немесе  сарқылуымен  теңдестірді. 

Қазіргі  уақытта  жасушалық  белсен- 

діліктің  тежелуінің  әртүрлі  екі  әдісі 

анықталды;  тежелу  не  ерекше  те-

жеу  құрылымдарының  белсенділігі 

артуының нәтижесі болуы мүмкін, не 

Т.  жасушасының  алдын  ала  қозуы- 

ның  салдары  ретінде  пайда  болуы 

ықтимал.

ТЕЖЕЛУ  ТҮРЛЕРІ.  И.П.Павлов 

шартты  рефлекстердің  табиғатын 

зерттеу  үстінде  тежелулердің  бірне- 

ше  түрін  анықтады.  Ол  ең  алдымен 

тежелуді  сыртқы,  шартсыз  (яғни, 

туғаннан пайда болатын) және ішкі, 

шартты (өмірде жасалып отыратын) 

деп екі үлкен топка бөлді.

Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бө- 

лінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер 

шартты  рефлекс  жасалып  жатқан 

бөлмеге  жаңадан  бір  тітіркендіргіш 

қосылса,  (мәселен,  бөлмеге  бөтен 

кісінің кіруі), онда ит сілекей бөлуді 

тоқтатады, яғни жаңа тітіркендіргіш 

шартты  рефлекстің  пайда  болуына 

бөгет жасап, оны тежеп тастайды.

Тежелудің бұл түрі организмнің өмі- 

рі үшін аса маңызды. Егер организм 

сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркен-

діргіштерді сезе алмаса, ол жауынан 

қорғана алмас еді, тамағын тауып жей 

де алмас еді.

Сыртқы  тежелудің  екінші  түрі  шек-

тен тыс тежелу деп аталады. Ми қа- 

бығының  жұмыс  істеу  қабілетінің 

белгілі шегі бар, Егер миға үнемі күш- 

ті тітіркендіргіштер әсер ете беретін 

болса, жүйке клеткаларының тәртіп- 

пен  біркелкі  жұмыс  істеуіне  нұқсан 

келуі  мүмкін.  Мидың  шаршаған  ке- 

зінде пайда болып, оны апаттан сақтап 

қалатын тежелудің осындай түріп кей-

де қорғаныс тежелуі деп те атайды.

Ішкі тежелу бірнеше. Солардың бірі 

сөне  тежелу.  Егер  шартты  тітіркен- 

діргіш,  (мысалы,  қоңырау)  бірнеше 

рет беріліп, бірақ шартсыэ тітіркен-

діргішпен (тамақ) нығайтылмаса, он- 

да  шартты  рефлекс  жасалынбай,  ол 

сөне  бастайды,  яғни  байланыс  уа- 

қытша  тежеледі.  Бірнеше  уақыттан 

кейін тағы да қоңырау соғылса, шарт- 

ты рефлексте қайтадан көрінеді. Бұл 

шартты  байланыстың  бұзылмаған- 

дығын, тек уақытша тежелгенін көр- 

сетеді. Мұндай тежелулердің пайда-

сы организмге бір жағдайда қажетсіз 

болған рефлекстерді уақытша өшіріп 

отыратындығында.

Ішкі  тежелудің  бір  түрі  ажырату 

(дифферендиациялық)  тежелуі.  Бұл 

организмнің  түрлі  заттар  мен  құбы- 

лыстардың  арасындағы  ұқсастық- 

тарды  айыра  білу  қабілетін  көрсе- 

теді.  Мысалы,  итке  шартты  реф-

лекс  жасауда  метроном  арқылы  96 

рет  соққанда  тамақ  бермей,  әр  100 

соққанда  ғана  тамақ  беріп  отырса, 

кейіннен  сілекей  тек  метроном  100 

рет  соққанда  ғана  шыға  бастайтын 

болады.  Тежелудің  осы  түрінің  ор- 

ганизмнің  тіршілігі  үшін  маңызы 

айтарлықтай. Осындай тежелулердің 

жәрдемімен  организм  бір-біріне 

өте  ұқсас  тітіркендіргіштерді  де  тез 

ажырата алады.

Ішкі тежелу сондай-ақ кешігу, ұйқы 

тежелуі болып та тармақталады. Те- 

желудің түрлерін сөз еткенде сыртқы 

тежелулердің  орталық  жүйке  жүйе- 

сінің  кез  келген  бөліктерінде  пайда 

болатыны, ал ішкі тежелулер тек ми 

қабығына тән құбылыс екендігі естен 

шықпау керек.

ТЕЖЕ

ТЕЖЕ


522

ТЕМПЕРАМЕНТ  –  жүйке  жүйесі- 

нің  тума  қасиеттерінен  туындай-

тын адамның жеке өзгешеліктерінің 

бірі.  Ол  адамдардың  эмоциялық 

қозғыштығынан,  қимыл-қозғалысы- 

нан,  жалпы  белсенділігінен  жақсы 

байқалады. Темперамент – организм- 

нің  физиологиялық  өзгешеліктері- 

мен, әсіресе жоғары жүйке қызметі- 

нің тума қасиеттерімен шарттас пси- 

хикалық құбылыс.

Темперамент  адамның  жалпы  қоз- 

ғалысынан  да  (мәселен,  біреулер 

шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, 

енді  біреулер  жай  қимылдап,  асық- 

пай  істейді),  психиканың  күші  мен 

тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, 

алғыр болса, екінші біреу керісінше, 

сылбыр,  жігерсіз  болады),  адамның 

көңіл  күйінің  ерекшеліктерінен  де 

(салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз 

т.б.)  эмоция  сезімдерінен  де  (біреу 

сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) 

жақсы байқалып отырады.

Темперамент  туралы  алғашқы  ой-

пікірлер  ғылымда  –  өте  ерте  кездің 

өзінде-ақ  айтыла  бастады.  Ежелгі 

Грецияның  белгілі  ғалымы,  дәрігер 

Гиппократтың  (б.э.д.  460-356)  ең- 

бектерінде  бұл  жөнінде  біраз  пікір- 

лер  айтылған.  Гиппократтың  ойын- 

ша,  әр  түрлі  темпераменттер  адам-

дар  мен  жануарлардың  денесінде 

төрт түрлі сұйық заттарға байланыс-

ты  болмақ.  Олар:  денені  жылытып 

тұратын – қан, салқындататын – шы-

рын (слизь), құрғататын – бауырдағы 

сары өт және оған дымқылдық бере-

тін  қара  өт  (талақ).  Осы  төрт  түрлі 

сұйықтың  араласуының  пропорци-

ясын  грекше  «красис»  деп  атаған. 

Ал латын тілінде кейін бұл терминді 

темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп,  Гиппократ  және  оның  шә- 

кірттері  адамдағы  темпераменттер- 

дің әр түрлілігі организмдегі осы төрт 

түрлі  сұйық  заттың  бір-бірінен  аз-

көптігіне байланысты деп түсінген.

Мәселен,  организмде  қанның  про- 

порциясы артық болса, ол сангвини- 



калық (латынша «сангиус» -қан), ал 

шырын басым болса (грекше «флег- 

ма» – шырын), флегматик темпера-

мент деп; ал организмде қара өт ба- 

сым  болса  меланхолик  (грекше  «ме- 

лайнехоле» – қара өт), организмде са- 

ры өт басым болса, холерик (грекше 

холе – өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ  организмдегі  сұйықтар- 

дың бірінен екіншісінің басым болуы 

кейбір  аурулардың  шығу  тарихын 

түсіндіруге де жарайды деді, ол ми- 

дың рөлін түсіне білді, оны бездердің 

бірі деп санады.

Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін 

жаратылыстық  ғылыми  зерттеудің 

алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпе- 

раменттің  санын  он  үшке  жеткізді. 

Гален  организмде  жылылық  неғұр- 

лым басым болса, адамның темпера-

менті  күшті  болатынын,  денесі  сал- 

қын болса, темпераменті баяулайты-

нын айтты. Бұл секілді түсініктердің 

прогрессивтік  маңызы  зор.  Өйткені 

адамның  тәнін  зерттеу,  тәжірибеге 

көңіл  аудара  бастау  –  сол  кезде  кең 

жайылған,  жан  тәнге  байланыссыз 

нәрсе  дейтін  теріс  пікірге  берілген 

үлкен соққы еді.

Орта  ғасырдағы  ғалымдар  темпера- 

ментті  организмдегі  химиялық  зат- 

тардың  құрамына  байланысты  тү- 

сіндіруге тырысты. Кейіннен темпе- 

рамент  организмнің  түрліше  физио- 

логиялық өзгешеліктеріне, атап айт- 

ТЕМП

ТЕМП


523

қанда, қан жолы жүйесінің құрылы- 

сына, зат алмасуға, ішкі секреция без- 

деріне  т.б.  байланысты  деген  пікір- 

лер де тарады.

Неміс философы И.Кант (1724-1804) 

өзінің «Антропология» деген еңбегін- 

де темпераменттің төрт түрі туралы 

толық психологиялық сипаттама бер-

ді.  Бірақ  ол  темперамент  пен  мінез 

ұғымдарын  бір-біріне  балама  ретін- 

де (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар XIX 

ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс ал- 

ды.  Мәселен,  неміс  анатомы  Гейне 

темпераменттердің  түрліше  болуы 

жүйке  жүйесінің  тонусына  байла- 

нысты  десе,  орыс  антропологы  Зе- 

ланд  ми  қабықшасындағы  молеку- 

лярлық  қозғалыстың  жылдамдығы 

мен біркелкілігіне байланысты деді.

Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт 

(1837-1909)  темпераменттерді  қан 

сауыттарының жуандығы мен кеңді- 

гіне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің  физиологиялық 

негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті 

етіп  түсіндірген  академик  И.П.Пав- 

лов болды.

Жүйке  жүйесінің  типтері  деген 

И.П.Павловтың  ілімі  темперамент 

туралы түсінікті ғылыми сара жолға 

түсірді.


Жүйке  жүйесінің  типтері  ми  қа- 

бығындағы  қозу,  тежелу  процес- 

терінің  үш  негізгі  белгісінің  (күші, 

тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиын- 

тығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің күшіне – ми қа- 

бығының  жұмыс  істеу  қабілеттілігі, 

яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркен-

діргіштеріне  мидың  төзімділігі  жа- 

тады.  Жүйке  процестерінің  тепе-



теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-

біріне тең келуін айтады.

Жүйке процестерінің қозғалғышты- 

ғы деп олардың бірінің екіншісіне ал-

маса алу қабілеттілігін айтады.

Осы  принципті  негізге  ала  отырып, 

И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмен- 

дегі түрлерін ажыратады.

Жүйке  жүйесінің  әрбір  типінің  үш 

белгісі  болады.  Мәселен,  күшті 

типтердің бірі –  ұстамсыз тип. Ұс- 

тамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті 

күшті, қозу, тежелу процестері бір-

бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ыл- 

Жүйке жүйесінің типтері

күшті

әлсіз тип



күшті

қозуы тежелуінен басым 

(ұстамсыз тип)

күшті


қозуы мен тежелуі тең 

(ширақ тип)

күшті

қозуы мен тежелуі тең 



(баяу тип)

Темперамент 

типтері (Гиппо-

крат бойынша)

Жүйке жүйесі 

типтері (Павлов 

бойынша)

Жүйке (қозу, тежелу) үрдістері

Күші

Тепе-теңдігі

Қозғалғыштығы

Холерик


Ұстамсыз тип

Күшті


Тең емес (қозуы 

тежелуінен басым)

Сангвиник

Флегматик

Ширақ тип

Баяу тип


Күшті

Күшті


Тепе-тең

Тепе-тең


Қозғалғыш

Баяу қозғалады

Меланхолик

Әлсіз тип

Әлсіз

Төмен


ТЕМП

ТЕМП

524

ғи да басым келіп отыратын) ерекше 

қозғалыстағы тип.

Күшті  типтердің  екіншісі  –  ширақ 



типтер деп аталынады. Мұнда қозу 

мен  тежелу  процестері  бір-біріне 

тең  келіп,  тез  алмасып  отырады. 

Күшті  типтің  үшіншісі  –  қозу  мен 

тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы 

сараң,  баяу  қозғалатын  тип.  Әлсіз 

типте  қозу  мен  тежелу  процестері 

баяу  көрініп  отырады.  Күшті  тітір- 

кендіргіштердің  әсерінен  туатын 

шектен тыс тежелулер де әлсіз типте 

жиі болып отырады. Мұндайда кей- 

де  күшті  типтер  сыртқы  дүниеден 

келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, 

әлсіз  тип  морт  сынып  кететін  бола- 

ды.  Павлов  ашқан  жүйке  жүйесінің 

негізгі  типтері  темпераменттердің 

физиологиялық негіздерін жақсы тү- 

сіндіреді.

Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүй- 

ке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі 

тең, қозғалғыш адам – холериктерді 



ұстамсыз; жүйке жүйесі күшті, қозуы 

тежелуінен  басым, флегматиктерді 

жүйке жүйесі күшті, қозуы мен теже- 

луі  бір-біріне  тең  болғанмен, қозға- 



лысы  баяу  адамдар  десе;  меланхо- 

ликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті 

адамдар  деп  сипаттады.  Темпера- 

менттер мен жүйке жүйесі типтерінің 

өзара қатынастарын осы беттегі таб- 

лицадан көруге болады:

И.П.Павлов  осы  айтылған  негізгі 

типтерден  басқа  да  аралас,  көшпелі 



типтердің  кездесетіндігін  айтты. 

Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қо- 

зуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және 

қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бі- 

рақ аз да болса қозуы басымдау тұра- 

тын), сонымен қатар қозу мен теже- 

лудің күші тепе-тең келетін вариант- 

тары байқалған.

И.П.Павлов  жануарлардың  жүйке 

жүйесінің типін айыру үшін жасаған 

тәжірибесінің  кейбір  қорытындыла- 

ры  адам  темпераменттерінің  физио- 

ло-гиялық негіздерін түсінуге толық 

жарайтындығын  көрсете  келіп,  тем- 

пераментке мынадай анықтама бере- 

ді: «Темперамент жануарлар мен жеке 



адамның жалпы сипаттамасы, әрбір 

индивидиумның  барлық  әрекетіне 

белгілі кейіп беретін жүйке жүйесінің 

жалпы сипаттамасы».

Соңғы жылдары көрнекті совет пси- 

хологы  Б.М.Тепловтың  (1896-1965) 

лабораториясында  жүйке  жүйесінің 

типтері одан ары зерттеле түсті. Егер 

И.П.Павлов  өзінің  тәжірибесін  жа- 

нуарларға  жасаған  болса,  Б.М.Теп- 

лов  пен  оның  шәкірттері  осындай 

тәжірибені  адамдарға  жасады.  Бұл 

зерттеулерде  И.П.Павловтың  жүйке 

жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілі- 

мі адамдардың жеке өзгешеліктерін, 

әсіресе,  оның  темпераменттерін 

анықтауда ерекше маңыз алатын бір- 

ден-бір ғылыми теория екені тағы да 

дәлелдене түсті.

Б.М.Тепловтың  шәкірттерінің  бірі 

В.Д.Небылицин осындай зерттеулер- 

дің  бірінде  жүйке  жүйесінің  әлсіз 

типінің  өзі  бірнеше  варианттарға 

бөлінетінін  анықтап  берді.  Бұрын 

өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын 

осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, 

баяу, қозу мен тежелуі теңгерілме- 

ген типтер деп бөлінетін болды. Әл- 

сіз  типтің  де  сезімталдығы  күшті 

екендігі,  осыған  орай  оның  сыртқы 

ортаға  бейімделе  алу  қабілеті  мол 

екендігі зерттелді.

ТЕМП

ТЕМП


525

ТЕМПЕРАМЕНТ ТЕОРИЯЛАРЫ. 

Гиппократ темперамент адамның ана- 

томиялық – физиологиялық және пси- 

хологиялық  даралық  ерекшеліктері 

деп түсінді.

Одан әрі темперамент туралы ілімнің 

дамуы төмендегі бағыттарда іске ас- 

ты. Бірте-бірте темпераменттің пси- 

хологиялық сипаттамасы кеңейе түс- 

ті. Рим дәрігері Галеннің Гиппократ- 

тан  айырмашылығы  темперамент 

түрлерінің  физиологиялық  қасиет- 

терімен  қатар  психологиялық  және 

адамгершілік қасиеттерін сипаттады. 

Неміс  философы  И.Кант  XVIII  ғ. 

аяғында  темпераменттің  тек  қана 

психикалық  қасиеттерін  сипаттады. 

Жаңа  кезеңге  дейін  темпераменттің 

сипаты негізінен психологиялық ба- 

ғытта қалыптасты. Осыған байланыс- 

ты  темпераменттің  түрлері  туралы 

ұғым өзгерді. Темпераменттің түрлері 

физиологиялық  емес,  психикалық 

қасиеттердің  пропорциясына  бай- 

ланысты  сипатталады.  Кант  темпе- 

раментті  әртүрлі  сезімдердің  және 

іс-әрекеттің  әртүрлі  деңгейдегі  бел- 

сенділігінің  арақатынасы  ретінде 

қарастырды. Неміс психологі Вундт 

XIX ғ. аяғында – темпераментті жыл- 

дамдықтың  және  «жан  қозғалыста- 

рының» күштерінің арақатынасы деп 

білді. Ол темпераменті екі түрге бөлді: 

эмоциясы күшті темпераменттер; әл- 

сіз эмоциялы темпераменттер. Холе- 

рик  және  меланхолик  темперамент- 

терін жатқызды.

Өйткені, холериктің эмоциясы күшті 

болады да және тез әрекет етеді, ал ме- 

ланхоликтің жан дүниесінің ауысып 

отыруы өте шабан, баяу болып келеді. 

Эмоциясы  әлсіз  темпераменттерге 

сангвиник  және  флегматик  жатады. 

Сангвиниктің  қозулары,  сезімдері 

күшті, әрекеттері жылдам болып отыр- 

ды.  Ал  флегматиктің  эмоциялары 

күшті, бірақ олардың әрекеті шабан 

келеді.


Әрине,  бұл  теориялардың  қай-қай- 

сысы  да  біржақты,  ғылыми  негізсіз 

қате теориялар болып табылады. XX 

ғасырда  темперамент  туралы  пікір 

айтқандардың  бірі  және  ерекше  ке- 

ңінен  таралған  Э.Кречмердің  (1888-

1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921 

ж. өзінің «Тән құрылысы және мінез» 

атты  белгілі  еңбегінде  темперамент 

адамның  тән  құрылысының  белгілі 

психикалық  ерекшеліктерімен  бай- 

ланысты  болатындығын  дәлелдейді. 

Э.Кречмердің  теориясы  Еуропада 

кеңінен тарады.

Психология  ғылымының  тарихында 

зерттеушілер  темпераменттің  әр- 

түрлі  типтері  қалыптасқандығына 

тоқталды.  Олардың  ішінде  ерекше 

қызығушылық  туғызған  теориялар 

темпераменттің  қасиеттері  тұқым 

қуалау  арқылы  берілген,  туа  біткен 

қасиет ретінде түсіндіріліп, дене бі- 

тімінің  ерекшеліктеріндегі  дара- 

лық  ерекшеліктерімен  байланысты- 

рылады.

Бұл  теория  дене  бітімінің  теориясы 



деп аталынды. Ерекше кеңінен тара- 

ған теория Э.Кречмердің типология- 

сы.  Бұл  теорияның  негізгі  идеясы 

адамдардың  дене  бітімінің  немесе 

құрылымының  белгілі  түріне  қарай 

белгілі  психикалық  ерекшеліктері 

болатындығы.

Ол  адам  денесінің  бөліктеріне  көп- 

теген  зерттеулер  жүргізіп,  осының 

нәтижесінде  4  дене  бітімінің  типін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет