Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет74/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90

СИНТ

СМИР

500

СОДЫР  МІНЕз-ҚҰЛЫҚ  франц. 

agressif – ызалы және лат. – шабуыл- 

даймын) – басқаларға моральдық не- 

месе  физикалық  зиян  көрсету  мақ- 

сатымен  жасалатын  әрекет.  Психо- 

аналитикада  содыр  мінез-құлықта 

тұнжыраңқы  санасыз  елігудің  көрі- 

нуі, необихевиоризмде – фрустрация- 

ның  салдары,  когнитивтік  психоло- 

гияда – субъекттің танымдық сфера- 

сында  сәйкессіздіктің  көрінуі  ретін- 

де қарастырады. С.м.-қ. тітіркендіре- 

тін  объектіге  тікелей  бағытталған 

немесе адам қандай да, бір себептер- 

ге  байланысты  агрессиясын  тітір- 

кендіру  көзіне  бағыттай  алмауы 

мүмкін.  С.м.-қ.  қолайсыз  сыртқы 

жағдайларға,  адамгершілік  тәрбие 

берудің жеткіліксіздігіне, отбасында- 

ғы  қарым-қатынасқа,  ата-ананың 

шектен  тыс  қатаңдығына  және  т.б. 

байланысты қалыптасуы мүмкін.

СОПАҚША МИ – жұлынның тіке- 

лей жалғасы. Мұнда жүрек қызметі- 

нің, қан айналысы мен ас қорытудың 

жүйке  орталықтары  бар.  Біздің  дем 

алу,  түшкіру  реакцияларымыз  со- 

пақша мидың қызметі. Бұл да шарт- 

сыз  рефлекстердің  жасалатын  ми 

байланысының  орталығы  болып 

табылады.

СОТ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  –  пси- 

хологияның  сот  ісін  жүргізуге  қа- 

тысты  мәселелерді  зерттейтін  сала- 

сы.  Мұндағы  зерттелінетін  психо- 

логиялық  мәселелер:  судьялар  мен 

тергеушілердің, құқық қорғау орган- 

дары  мен  адвокатураның  басқа  да 

осы  салаға  қатысты  қызметкерлері- 

нің  кәсіптік  қызметінің  психология- 

лық  мазмұны,  қылмыскердің,  жә- 

бірлену-шілердің психологиясы, куә- 

лардың  айғақтарының  психология- 

лық  мәні,  тергеушінің  жауап  алу, 

қылмыскерді  беттестіру,  оларды 

іздестіру  жұмысының  психология- 

лық астарлары. С.п. әдіснамасы мен 

әдістемесі және басқа да мәселелері.

СОТТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

САРАПТАМА  –  Қылмыстық  істер- 

ді іс жүзінде айғақтаудың басты ны- 

сандарының бірі. Мұндай сараптама 

тергеушінің  анықтауы  бойынша 

қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің 

нормаларына  сәйкес  келу-келмеуі 

айыптаушыларға,  куәгерлер  мен 

жәбірленушілерге  қатысты  қолда- 

нылады.  Соттық-психологиялық 

сараптаманың негізгі мақсаты – қыл- 

мыстық істегі ақиқатты анықтаудағы 

қылмысқа  тартылған  адамның  пси- 

хикалық  ерекшеліктерін  көрсету. 

Соттық-психологиялық  сараптама- 

ның  жекелеген  аспектілері  қылмыс 

жасаған  сәтте  аффекті  жағдайында 

болмағанын  куәлар  мен  жәбірле- 

нушілердің  берген  мәліметтерін 

дұрыс талдау, ақиқат айғақтар беруге 

принциптілік және т.б.



СОЦИОМЕТРИЯ – (лат. societas – 

қоғам және теtrео – өлшеймін). Шет 

ел  психологиясы  шағын  топтарды 

зерттеуде  ауырлықтың  орталығын 

топтарда  жеке  тұлғаның  тұлғаара- 

лық  қарым-қатынас  ерекшеліктерін 

зерттеуге  ауыстырды.  Тұлғааралық 

қарым-қатынастың  эмоциялық-пси- 

хологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу 

болып табылады. Топтар мен ұжым- 

дардағы қарым-қатынас және тұлға- 

аралық қатынастар бақылау, экспери- 

мент,  әңгіме,  анкета,  социометрия 

СОДЫ

СОЦИ


501

әдістері  арқылы  зерттеледі.  Белгілі 

әдістерді қолдану нақты міндеттермен, 

сонымен  қатар  зерттеу  іске  асатын 

жағдайлармен байланысты.

Қазіргі  кезде  кеңінен  тараған  және 

шет  елден  енген  әдістерінің  бірі  – 

социометриялық әдіс немесе социо- 

метрия әдісі, оны алғаш рет ұсынған 

З.Фрейдтің шәкірті – Джекоб Море- 

но  (1892-1974).  Морено  теориясы 

бойынша,  барлық  қиыншылықтар, 

қарама-қайшылықтар,  оның  ішінде 

әлеуметтік,  микро  және  макро  құ- 

рылымының  сәйкес  келмеуіне  бай- 

ланысты.  Социометрия  –  америка 

социологі  және  психологі  Джекоб 

Морено  ұсынған  шағын  топтарда 

тұлғааралық  қарым-қатынастарды 

зерттеудің  ерекше  әдісі.  Қазір 

социометрия әдісін топ мүшелерінің 

арасында  ұнату  және  ұнатпауды 

анықтау  үшін  кеңінен  қолданады. 

Социометриялық әдістің мәні берлігі 

бір  шарттарға  жауап  беретін  адам- 

дарға – бірізділік тәртіппен таңдауды 

іске  асыру  міндеті  қойылған  топ 

мүшелерін  саудалаудың  нәтижесін 

зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі 

социометриялық  өлшемдер  немесе 

ақты  сұрақтар  ұсынылады,  оған  әр- 

бір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәсе- 

лен,  зерттеуші  бірініші  кезекте  кім- 

мен  бірге  жұмыс  істеуді,  көрші  бо- 

луды,  демалуды  қалайды,  кіммен 

екінші кезекте, кіммен үшінші кезек- 

те).  Сонымен  зерттеу  нәтижесінде 

топтағы  «социометриялық  жұлдыз- 

дарды»  немесе  топтағы  ең  көп  таң- 

дауға ие болғандарды анықтау.

Бұл әдіс тез арада топтағы адамдар- 

дың  бір-бірімен  қатынасын  анық- 

тауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті 

сынып жетекшілері, тәрбиешілер ке- 

ңінен  қолданады.  Мектеп  оқушы- 

ларына  төмендегі  сұрақтарға  жауап 

беру сұралады: «Сен кіммен туристік 

жорықтарға, емтиханға дайындалуға, 

бір  партада  отыруға,  бір  командада 

ойнауға,  тілек  білдірер  еді?»  Әр- 

бір  сұраққа  үш  таңдау  беріледі:  нә- 

тижесінде ұжымның кейбір мүшеле- 

рі  көп  таңдауға  мәжбүр  болады. 

Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рө- 

лі,  мәртебесі,  бағыты  туралы  не- 

гізделген  бағалауға,  ұжымішілік 

топтарды, оның лидерлерін анықтау- 

ға  мүмкіндік,  тәріздес  сұрақтар  со- 

циометриялы  өлшемдер  деп  атала- 

ды,  топішілік  тұлғалардың  іс-әре- 

кеті  мен  қарым-қатынасының  әр- 

түрлі  жақтарын  қамтиды.  Осындай 

өлшемдер  белгілі  бір  міндеттерді 

орындаумен тығыз байланысты (оқу, 

қоғамдық жүктемелер, демалыс, бір- 

ге уақыт өткізу және т.б. сияқты).

Таңдау  өлшемдерін  күшті  және  әл- 

сіз деп бөледі. Күшті өлшемдер зерт- 

теу үшін оның өмірінің ең маңызды 

және  қажетті  салаларын  қамтиды. 

Социометриялық таңдау әдісін жүр- 

гізу  экспериментті  жүргізушілерден 

немесе  экспериментатордан  таңдау 

өлшемдерін,  оның  санын  зерттеу 

мақсаттары  мен  міндеттеріне  сай 

анықтауды  талап  етеді.  Социомет- 

риялық  зерттеулердің  жүрісі  белгілі 

дәрежеде  экспериментатордың  же- 

ке басына тікелец байланысты, оның 

топ  мүшелерімен  қатынас  жасай  бі- 

лу ептілігіне, зерттеудің маңызы мен 

қажеттілігін  түсіндіре  білуіне  бай- 

ланысты.  Психологтар  оны  жүргізу 

ісіне  бірден  кіріспейді,  ең  алдымен 

олар топпен танысуға біршама уақыт 

жібереді.  Бұл  кезеңді  социометрия- 

лық  жаттыға  деп  атайды.  Топ  және 

СОЦИ

СОЦИ


502

эксперимент  жүргізуше  бір-бірінен 

үйренеді,  олардың  арасында  ынты- 

мақтастық  және  бір-бірін  өзара  тү- 

сінушілік  қарым-қатынас  қалып- 

тасады.


СОЦИОМЕТРИЯЛЫҚ СТАТУС – 

Социограмма  (лат.  societas  –  социо- 

метрияда  –  әртүрлі  топтар  арасын- 

дағы  өзара  әрекет  құрылымын  ар- 

наулы  сұлбамен  белгіленеді.  Со- 

циометриялық  тест  (сынақ)  –  стан- 

дартталған әдістеменің кең таралған 

түрі  шағын  топтардағы  тұлғаралық 

қатынастарды  көрнекі-кестелік  жә- 

не  индекстік  көріністер  арқылы  ай- 

қындауға арналған.

СөзГЕ ТҮСІНБЕУ семантикалық 

афазияның  бір  түрі.  Әрбір  сөздік 

грамматикалық  құрылысы  мен  мә- 

нін  жеткізудегі  кемістік.  Мысалы, 

осындай  кемістігі  бар  адам  «әкесі», 

«баласы» деген сөздерді дұрыс айт- 

қанымен,  «әкесінің  ағасы»  немесе 

«әкесінің  інісі»  деген  сөздердің  мә- 

нін ажырата алмайды. Мұндай ауру- 

ға  душар  болған  адамдар  сөздерді 

дұрыс  қабылдай  алмайды,  олардың 

дыбыстық  бөлшектерінің  мәнісін 

түсінбейді.

СөзДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ  – 

ойлау  әрекетінің  ерекше  бір  түрі. 

Сөздік-логикалық  ойлауда  белгілі 

ұғым-түсініктер  түрлі  ой-әрекеттері 

арқылы  анықталып,  жүйеге  түседі. 

Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей 

сезімдік,  таным  тәжірибелеріне  не- 

гізделмейді.  Ойдың  шындығы  мен 

ақиқаттығы  ақыл-ой  талқысы  арқы- 

лы анықталады. С.-л.о. – ойлау түр- 

лерінің  бірі,  ұғымдарды,  логикалық 

құрылмаларды  пайдаланатынымен 

сипатталады.  С.-л.о.  өз  функциясын 

тілдік  құралдар  негізінде  атқарады 

және  ойлаудың  тарихи  және  онто- 

генездік дамуының неғұрлым кейін- 

гі  кезеңі  болып  табылады.  Сөздік-

логикалық  ойлаудың  құрылымында 

жалпылаулардың  алуан  түрлері  өз 

функцияларын атқарады.



СөЙЛЕУ  –  адамдардың  материал- 

дық өзгертуші іс-әрекеті процесінде 

тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл ар- 

қылы болатын қарым-қатынас ныса- 

ны. С. қарым-қатынас мақсаты үшін 

не  (жеке  жағдайда)  өз  іс-әрекетін 

реттеу  және  бақылау  мақсаты  үшін 

(іштей  сөйлеу,  Эгоцентрлік  сөйлеу) 

хабарламаларды  туындату  және  қа- 

былдау  процестерін  қамтиды.  Пси- 

хология үшін, ең алдымен, адамның 

жоғарғы  психикалық  функциялары 

жүйесіндегі  орны,  оның  ойлаумен, 

санамен, жадпен, эмоциялармен бай- 

ланысы назар аудартады; бұл орайда, 

оның тұлғаның және іс-әрекеттің құ- 

рылымын  бейнелейтін  ерекшелікте- 

рі  ерекше  маңызды.  С.  іс-әрекеттің 

тұтас актісі (егер оның іс-әрекеттің, 

басқа  түрлерімен  жүзеге  аспайтын- 

дай арнайы мотивациясы болса) не- 

месе  сөйлеушілік  емес  қарекетке 

қамтылған сөздік қимылдар түріндегі 

көрінетін  сөйлеу  қызметі  деп  қа- 

растырылады.

С.  карекетінің  не  сөздік  қимылдың 

құрылымы  принципінде  кез  келген 

әрекеттің  құрылымымен  үйлеседі, 

яғни бағдарлану, жоспарлану (іштей 

бағдарламалану нысанында), жүзеге 

асу  және  бақылану  сатыларын  қам- 

тиды.  С.  әр  жолы  жаңадан  құрала- 

тын белсенді және динамикалық сөз- 

СОЦИ

СөЙЛ


503

дік стереотиптер тізбегі болып табы- 

латын реактивті болуы мүмкін. Ішкі 

себептерден ауызша С. кезінде онда 

пайдаланылатын  тілдік  құралдарды 

ұғынықты  іріктеу  мен  бағамдау  өте 

аз болады, ал жазбаша сөйлеуде жә- 

не дайындалып ауызша сөйлеуде ол 

елеулі  орын  алады.  С.-дің  түрлері 

мен нысандары арнайы заңдылықтар 

бойынша құрылады (мысалы, ауызша 

сөйлесуде тілдің грамматикалық жү- 

йесінде  едәуір  ауытқулар  болады, 

логикалық  ойдан  да  гөрі  көркемдік 

сөз  ерекше  орын  алады).  Сөйлеуді 

С.  психологиясы  ғана  емес,  соны- 

мен қатар психолингвистика, С. фи- 

зиологиясы, лингвистика, семиотика 

және басқа ғылымдар да зерттейді.

СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ – Дене 

шынықтыру  және  жаттығу  әреке- 

тіндегі  адам  психикасының  түрлі 

өзгерістермен  қалыптасу  зандылық- 

тарын  зерттейтін  психология  ғылы- 

мының  саласы.  С.п.-ның  қазіргі  уа- 

қыттағы  негізгі  міндеттері  –  спорт- 

шылардың  спорттық  жоғары  нәти- 

желерге  жетуіне  жағдай  жасау  ғана 

емес, сонымен қатар спортшы тұлға- 

сын  жан-жақты  дамыту,  оның  жал-

пы  және  психологиялық  мәдениетін 

көтеру болып табылады.

Спорттық  жарыстардың  алдында 

спортсмендердің  психикасын  сол 

үрдіске  бейімдеп  жаттықтыру  жә- 

не  бәсекелестік  мәселесінен  жеңім- 

паз  ететіндей  нұсқалармен  қару- 

ландыру.  Жарыс  барысында  өзін-

өзі  билеп,  басқара  алатын  дәрежеге 

машықтандыру.  С.п.  –  жарыс  және 

жаттығу  жағдайларында  адам  пси- 

хикасының  білінуі  мен  дамуының, 

сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік 

заңдылықтарын зерттейтін психоло-

гия ғылымының бағыты.

Психологияның  басқа  да  көптеген 

бағыттары секілді С.п. XX ғасырдың 

60-70-жылдарында  қауырт  дамыды; 

бастапқыда бұл саладағы негізгі зерт-

теулер  спортшылардың  қабілеттері 

мен  мүмкіндіктерін,  спорттық  жат- 

тығулардың  нәтижелілігін  арттыру 

амалдарын  зерттеге  жұмылдырыла- 

ды.  Қазіргі  уақытта  С.п.  зерттейтін 

мәселелер анағұрлым көбейді. Спорт- 

тың  әр  түріне  орай,  жалпы,  педаго- 

гикалық,  жастық  және  әлеуметтік 

психологияның жетістіктері ескеріле 

отырып арнаулы жаттығу кешендері- 

нің  бағдарламалары  жасалуда.  Олар 

спортшылардың физикалық, сондай-

ақ  психикалық  жаттыққандығын, 

эмоциялық  –  еріктік,  этикалық,  мо- 

ральдық-адамгершілік  және  ұжым- 

дық  дайындалғандығын  кемелден-

діруге бағытталады. Спорт психоло-

гиясында  қозғалыс  дағдылары  мен 

біліктерін  нәтижелі  қалыптастыру- 

дың  заңдылықтары,  күш,  төзімді- 

лік,  ептілік  көрсеткіштерін  жетіл- 

дірудің  әдістері  біршама  егжей-

тегжейлі  зерттелген.  Бұл  зерттеу- 

лерде  спортшылардың  арнаулы  қа- 

былдауларының,  Мысалы,  уақытты 

сезіну,  аралық  қашықтықты  сезілу, 

қас  қағым  сәттік  оқиғаларды  бол- 

жау,  «допты  сезіну»,  «суды  сезіну» 

секілді қасиеттерінің қалыпасу жол-

дары мен әдістері анықталады.

Бұған қоса байқағыштықты, елесте-

туді, стратегиялық және тактикалық 

ойлауды, топтық ойындарда үйлесім- 

ді  өзара  әрекеттестікті  жақсарту 

әдістеріне  назар  аударылады.  Бұл 

зерттеулер  спортшылардың  әр  жас- 

тағы  қабілеттерін  және  оларды  ар-

СПОР

СПОР


504

найы  іріктеу  амалдарын  анықтау, 

сондай-ақ  жаттықтыру  салаларында 

одан  әрі  тереңдетіледі.  Спорт  пси- 

хологиясының  психикалық  реттелу, 

сөре  алдында  өзін-өзі  ұстау,  жарыс 

барысында және жарыс жағдаятынан 

кейінгі  ұстаным  секілді  бағыттары 

ерекше  проблемалар  болып  табыла-

ды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде 

спортшының  өз  жеңістеріне  және 

жеңілістеріне  көзқарасы  мәселеле- 

ріне көп көңіл бөлінуде.

Командалар  құру,  олардағы  тұлға- 

лар аралық қарым-қатынастар, олар- 

дың  топтасқандығын  және  құнды- 

лық-бағдарлық бірлігін нығайту про-

блемалары,  жаттықтырушымен  не-

месе жаттықтырушылар ұжымымен, 

жанкүйерлермен  (бұлардың  ішін-

де  «спорт  фанаттарымен»)  қарым-

қатынас, командалар аралық қарым-

қатынастар  мәселелері  әлеуметтік-

психологиялық  зерттеулердің  өз  ал- 

дына  бір  бағыты  болып  саралануда. 

С.  п.-ның  қазіргі  уақыттағы  негізгі 

міндеттері спортшылардың спорттық 

жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай 

жасау  ғана  емес,  сонымен  қатар 

спортшы тұлғасын жан-жақты дамы-

ту, оның жалпы және психологиялық 

мәдениетін көтеру болып табылады.



СТАТУС (әлеуметтік психологияда), 

(лат. status – жағдай, күй) – субъекттің 

тұлғааралық  қарым-қатынастар  жү- 

йесіндегіі  оның  құқықтарын,  мін-

деттері  мен  пұрсаттылықтарын 

анықтайтын  жағдайы.  Сол  бір  ғана 

индивидтің  өзінің  әртүрлі  топтар-

да  әрқилы  статусы  болуы  мүмкін. 

Топтық даму деңгейі жөнінен іс-әре- 

кет пен қарым-қатынастың мазмұны 

жөнінен  ерекшеленетін  топтардағы 

индивид  иеленетін  статустардағы 

елеулі  алшақтық  екінін  бірінде 

фрустрацияның,  кикілжіңдердің 

және  т.б.  себептері  болуы  мүмкін. 

Эксперименттік тұрғыдан статус әр- 

түрлі әлеуметтік-психологиялық әдіс- 

терді  қолдану  арқылы  анықталады. 

Статустың  маңызды  сипаттамала-

ры  төңірегіндегілердің  индивидтің 

сіңірген еңбегін тануының өзіндік бір 

өлшемі ретіндегі мәртебе мен бедел 

болып табылады.

СТЕНИКАЛЫҚ (грек. sthenos – қаз. 

күш  деген  мағынада)  –  индивидтің 

жұмысқа  барынша  қабілеттілігінің 

әртүрлі бөгеттерге беріктігінің, тіпті 

бірнеше  тәулік  бойына  ұйықтама- 

ғанның  өзінде  ұзақ  уақыт  үздіксіз 

қызмет  атқаруға  қабілеттіліктің  си- 

паттамасы. С.-тың қарама-қарсы ұғы- 

мы – астеникалық.

СТИВЕНС зАҢЫ – америкалық ға- 

лым Стикенс ашқан формула, түйсік 

күшін  тітіркендіргіштің  физикалық 

қарқындылығының  белгілі  бір  дә- 

режесімен  байланыстырады.  С.  з.-н 

негіздеу  үшін  психологиялық-фи- 

зиологиялық  зерттеулердің  мәлімет- 

тері қатыстырылады. Алайда, әдетте, 

психофизикалық  өлшеулердің  нә- 

тижелері  индивидуумдық  тұрғыдан 

барынша  өзгермелі  болатындықтан, 

бұл  заңмен  анықталатын  дәрежелік 

тәуелділіктің  Фехнер  заңына  қатыс- 

ты артықшылығын бір мәнде дәлел- 

деуді қиындатады. (қ. Вебер – Фихнер 

заңы).  С.з.  негізгі  психофизикалық 

(Вебер-Фехнер ) заңының бір вариан-

ты, бұл заң стимул мен түйсік күші- 

нің  арасындағы  қатысты  логариф- 

микалық  емес  дәрежелік  функдио- 

СТАТ

СТИВ


505

налдық  тәуелділікпен  болжайды: 

S=К  х  і

n

  мұнда,  S  –  түйсіктің  күші, 



і  –  әсер  етіп  тұрған  стимулдың  ша-

масы,  және  К  мен  n  –  константалар 

(тұрақтылар).

СТИГМЕРГИЯ  (грек.  «еңбекке 

ынталандырамын»)  –  адамның  шы- 

ғармашылық еңбек процесіне берілу 

феномені,  адамның  еңбекке  өздігі- 

нен ынталануы. С. жұмыстың өзі ең- 

бек  процесіне  қатысушыны  қамшы- 

лап, еңбек ләззат алушылыққа айна- 

латын  кезде  болады.  С.  басқаруда, 

кадр  саясатында,  адам  құрамымен 

жұмыста ертеден және табысты қол- 

данылып  келеді,  барлық  тәжірибелі 

саясатшылар,  қоғам  қайраткерлері, 

әртүрлі  дәрежедегі  басшылар  оны 

шеберлікпен  пайдаланады.  Еңбек 

процесіне қосылған адам С. әсеріне 

ұғына  отырып  бағынады.  Адамзат 

қоғамының  дамуының  әртүрлі  ке- 

зеңдеріндегі еңбек процестеріне жа- 

салған көптеген зерттеулердің нәти- 

желеріне қарап мынадай қорытынды 

жасауға  болады:  шебер  басшылық 

жасалғандай жағдайда қызғылықты, 

шығармашылық  жасампаздық  жұ- 

мыс  қажеттілікке  айналып,  қана- 

ғаттанушылық сезіміне бөлейді.

СТИМУЛ  (лат.  stimilus  –  мал  ай-

дайтын үшкір таяқ, піскіш) – 1) ин- 

дивидтің  психикалық  күйлерінің 

динамикасын туындататын (реакция 

деп белгіленеді) және оған себептің 

салдарға  қатынасындай  қатынаста 

болатын  әсер.  Физиология  мен  пси-

хологияда  «С»  ұғымы  тітіркеңдіру 

ұғымына  теңдес.  Бихевиоризмде 

стимул  мен  реакция  арасындағы 

қатынастар  механистік  тұрғыда 

ұғынылады:  стимулға  көбіне  орта- 

ның өзгерістері («сыртқы әсерлер»), 

ал  реакцияларға  организмнің  қоз- 

ғалу жауаптары жатқызылады. Шын 

мәніңде  психологиядағы  стимул  – 

ниет,  оның  нәтижелілігі  адамның 

психикасы,  көзқарасы,  сезімдері, 

көңіл күйі, мүдделері, талпыныстары 

арқылы білінеді. С. бірқатар жағдай- 

ларда  түрткіге  айнала  алатын  болса 

да, түрткімен барабар емес;

2) тітіркендіргіштердің рецепторлар- 

ға  тікелей  әсер  етуі  нәтижесінде 

сыртқы  және  ішкі  мүшелерде  қоз- 

дыру  тудыратын  әсер.  Ол  қуаты  әр- 

түрлі тітіркенулер тудырады. С. қоз- 

ғаушы,  жандандырушы  әсер.  Тітір- 

кендіргіштердің  тікелей  таным  мү- 

шелеріне  (рецепторларға)  әсер  етуі 

нәтижесінде  сыртқы  және  ішкі  ағ- 

заларға  қоздыру  тудыратын  әсер. 

Оның  қуаты  әр  алуан  тітіркенулер 

тудырады.



СТРЕСС  –  ағылшын  сөзі,  қаз.  ша-

мадан  тыс  зорлану,  қысым  жасау 

деген  мағынаны  білдіреді.  Стрестің 

физиологиялық негізі – американдық 

физиолог  У.Кенонның  (1871-1945) 

гомеостазис  (бұл  терминнің  мәні  – 

ішкі  ағза  қызметінің  бір  калыпты 

жағдайы  дегенді  білдіреді)  туралы 

ілімі мен Канада ғалымы Г.Сельенің 

ағзаның  сыртқы  күшті  тітіркен-

діргіштерге  өздігінен  икемділігін 

қорғануы  жөніндегі  зерттеуі.  Мұн- 

дай  тітіркендіргіштердің  ағзаға  әсе- 

рінің күштілігі сондай, олар адамның 

денесіне,  жүйке  жүйесіне,  психика-

сына  да  күшті  әсер  етіп,  сезімдік-

эмоциялық  жағдайын  шиеленістіре- 

ді.  Стрестік  жағдай  адамның  мінез-

қылығына да күшті әсер етіп, қалып- 



СТИГ

СТРЕ

506

ты жағдайларды ауытқуға ұшырата- 

ды,  ол  бейберекет  қимыл-қозғалыс- 

тар  жасайды.  Адамның  психикалық 

үрдістері  –  қабылдау  мен  ес,  зейін 

әдеттен тыс қателіктер жібереді.

Адам  ашушаң,  қызба  болады.  Мұн- 

дай  жағымсыз  көріністер  дистресс 

деп  аталады.  Дистрестік  күй  адам- 

ның  күш-қуатын,  ақыл-ойын  қожы- 

ратып, оған теріс ықпал етеді. Стрес- 

тік күйді жеңу үшін адам өзінің бо- 

йындағы  ерік-жігерін  шыңдап,  та- 

бандылық  пен  ұстамдылығын,  өмір 

тәжірибесін  молайтуға  машықта- 

нуы қажет. С. (титықтау) (ағыл. stress 

күш) – кез келген күшті әсерден адам- 

да  пайда  болатын  психофизиоло- 

гиялық күй. С. ұғымын 1936 ж. кана- 

далық физиолог Г. Селье енгізді. Ол 

эустресс – қалыпты С. және дистресс – 

потологиялық  С.  деп  бөлді.  Пато- 

логиялық  С.  ауру  симптомдарында 

көрінеді.

Селье  стресті  тіршілік  әрекетінің 

ажырамайтын атрибуты деп санады. 

Адамның  сезім  мүшелеріне  тітір- 

кендіргіштердің жеткілікті саны әсер 

етпесе, ол функциясын толық атқара 

алмайды.  Егер  бала  кезден  бастап 

адамның миына сенсорлық, эмоция- 

лық және әлеуметтік тітіркендіргіш- 

тердің  белгілі  бір  саны  әсер  етпесе, 

психикалық  процестер  үйлесімді 

дами  алмайды  және  жеке  адамның 

әлеуметтенуі болмайды. Әсіресе, бұл 

толық  психикалық  депривация  мы- 

салында айқын көрінеді. Қарқынды- 

лығы  жоғары  немесе  шамадан  тыс 

мөлшерде  пайда  болатын  тітіркен- 

діргіштер дистресс туғызуы мүмкін. 

Бұдан  психика  өзгеріске  ұшырап, 

кейде  адам  өліп  кететін  жағдайлар 

болады.  Дистрестік  күй  адамның 

күш-қуатын,  ақыл-ойын  қалжыра- 

тып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік 

күйді жеңу үшін адам өзінің бойын- 

дағы ерік-жігерін шыңдап, табанды- 

лық пен ұстамдылығын, өмір тәжіри- 

бесін молайтуға машықтануы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет