Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет85/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90

ФРЕЙДИзМ  –  австриялық  ғалым 

Зигмуңд Фрейдтің (1856-1939) есімі-

мен аталатын психологиядағы бағыт. 

Зерттеу  ілімі  психоанализ  деп  ата-

лады.  Ф.  XX  ғасырда  психологияда 

кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерт-

теуі бойынша, адам мінез-құлқының 

қозғаушы  күші  мен  шешуші  факто-

ры,  жыныстық  елігу  болып  табы- 

лады.  Мұндай  елігу  мен  сезім  әре- 

кетін ол санадан тыс табиғи қажетті- 

лік  деп  санады.  Бұл  адам  тірші- 

лігіндегі биологиялық процесс болса, 

психиканың  дамуы  мен  оны  бас- 

қару  әлеуметтік  фактормен  де  ай- 

қындалатыны ескерілмеді. Адам бо- 

йындағы  белсенділік  әрекет  табиғи 

әрі биологиялық құбылыс деп сана- 

лады. Шетелдік психологтар Фрейд- 

тің  көзқарасын  орынсыз  деп  сана- 

ғанымен,  кемшілігін  ашып  көрсете 

алмады.  Олар  фрейдизмді  ғылым 

жетістіктеріне  бейімдемек  болып, 

«жаңа  фрейдизм»  деген  ағым  шы- 

ғарды. Бұл ағым бойынша: адам тір-

шілік еткен ортасына тәуелді болып, 

сол ортаға бейімделгіш келеді. 

ФРУСТРАЦИЯ  (лат.  frustatio  –  ал- 

дау) – межелі істің жүзеге аспай қа- 

луы дегенді білдіреді. Жоспарланған 

ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себеп- 

тер мен кедергілерге ұшырап, адам- 

ның көңілі құлазып, бойын ашу-ыза 

кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қана- 

ғаттанбаушылық  сезіммен  жан  дү- 

ниесі қиналады, адамның сезімі мен 

эмоциясы жағымсыз күйге ұшырай- 

ды.  Ф.-лық  жағдайдағы  көңіл  күй 

өшпенділік, қаһар, ыза тудырады. Ф. 

адамның  көңіл  күйінің  кейпін  біл-

діретін жайттың бірі.



ФУНКЦИЯЛЫҚ  ЖҮЙЕ.  Ф.  ж-ні 

орыс физиологі П. К. Анохин (1898-

1974)  зерттеді.  Ол  адамның  мінез-

құлқын реттейтін тұжырымдама ұсы- 

нады.  Тұжырымдамада  функциялық 

жүйенің  үлгісі  ретінде  кең  тарады. 

Тұжырымдама  бойынша  адам  қор- 

шаған әлемнен тыс өмір сүре алмай-

ды,  адам  үнемі  сыртқы  фактордың 

ықпалында  болады.  Кейбір  фактор- 

дың  әсерін  адам  сезінбейтін  немесе 

нашар  сезінетін  болса  да,  ерекше 

әсер етеді – адамға жауап қайтаратын 

реакция туғызады. Бұл жауап қайта- 

ратын  реакция  бағдарлау  реакция-

сымен  сипатталады  және  адамның 



ФРЕЙ

ФУНК

575

белсенділігін  арттырады.  Ф.Ж.-нің 

нәтижесі  оның  жүйе  құру  факторы 

болып келеді. Ф.Ж.-ге құрамды бөлім 

ретінде рефлекс кіреді. Организмнің 

функциялық  жүйесі  –  объективтік 

шындық,  сондай-ақ  қазіргі  кездегі 

физиологиялық субъективтік катего- 

риясы. Ф.ж. тірі организмнің жұмы- 

сын  және  оның  қоршаған  ортамен 

қатысу  қағидаларын  зерттеуге  мүм- 

кіндік береді.



ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  ПСИХО-

ЛОГИЯ  (лат.  functio  –  атқару)  – 

ұғыну, сана процестерін, олардың ағ- 

заның  ортаға  бейімделуіндегі  фун-

кциясы  тұрғысынан  зерттейтін  ба- 

ғыт.  Биологиядағы  эволюциялық 

теорияның  ықпалымен  және  әлеу- 

меттік  практиканың  сұрамдарына 

орай  пайда  болады.  Бұл  практика 

кұрылымдық  психологиядағы  са- 

наның стильдік әр элементтік талда-

нуын индивид үшін өмірлік маңызы 

бар  міндеттерді  орындау  кезіндегі 

сананың іс-әрекеттік рөлін зерттеуді 

талап еткен болатын. Ф.п.-да бірне- 

ше ағым болды. Психология ағзаның 

қажетсінулеріне қатысты және оның 

өзгермелі  табиғи  және  әлеуметтік 

ортаға пәрменді бейімделу міндетте- 

ріне  байланысты  сананың  функция-

лары туралы ғылым деп ұғынылады. 

Осы арқылы психология саласы едә- 

уір ұлғайтылды.

Ол  сананы  ғана  емес,  мінез-құлық- 

ты,  бұның  түрткі  себептерін,  адам- 

дар арасындағы даралық айырмашы- 

лықтарды, үйрету механизмдерін жә- 

не  психологияны  практикамен  жа- 

қындастырған  басқа  да  проблема- 

ларды  қамтитын  болды.  Бұл  бағыт- 

ты  жақтаушылар  эксперименттік 

психологияға  елеулі  үлес  қосты. 

Алайда  олардың  теориялық  пози- 

цияларының  босаңдығы  салдары-

нан  ғылыми  ықпалынан  айырылып 

қалды. XX ғасырдың 20-жылдарында 

америкалық  функциялық  психоло- 

гияны бихевиоризм ығыстырып шы- 

ғарды.


ФУНК

ФУНК

576

ХАЛЫҚТЫҚ  ПСИХОЛОГИЯ  – 

адамның  күнделікті  өмірінің  оның 

басқа  адамдармен  алуан  түрлі  пси- 

хологиялық  байланыстары  мен  қа- 

тынастарын  зерттейтін  ғылымға  де- 

йінгі  психологияның  түрі.  Х.п.-ның 

иесі – нақты адамдар.

Адамдардың ішінде өмірлік даналы- 

ғы  мол,  психологиялық  көрегендігі 

жоғары  кісілерде  кездеседі.  Олар 

адамның бет-әлпеті, позасы мен кө- 

зінің  қарасынан  сол  адамның  көңіл 

күйін, ниеттерін біліп қояды. Х.п.-да- 

ғы  балалардың  өз  құрбы-құрдаста- 

рының,  ата-анасы  мен  мұғалімдері- 

нің  субъективтік  қасиеттерінде  бағ- 

дарлай  алады.  Х.п.-ның  негізін  бір-

лескен  іс-әрекет,  қарым-қатынас, 

адамдардың шынайы өзара қатынас- 

тары  құрайды.  Адамдардың  психо- 

логиялық  ерекшеліктерін,  мінез- 

құлқын  білдіретін  қарадүрсін  пси- 

хологиялық  ұғымдар  мен  ғылыми 

ұғымдардың  арасында  сәйкессіздік 

болады. Х.п.-ның мазмұны халықтың 

салт-дәстүрлерінде,  түрлі  нанымда-

рында,  ауыз  әдебиетінде,  ертегілер-

де,  мақал-мәтелдерде,  т.б.  көрініс 

табады. Адамдар күнделікті өмірден 

психологиялық тәжірибе жинап, бас- 

қа адамдарды түсінудің, оларға тиім- 

ді  әсер  етудің  тәсілдерін  меңгереді. 

Ондай қабілеттілікті психологиялық 

біліктілік деп те атайды. Бұл қасиет 

әсіресе педагогтарда қалыптасуы қа- 

жет.  Х.п.-ның  білімдер  қарапайым 

бақылау және өзін-өзі бақылау арқы- 

лы, интуиция арқылы көрініс табады.



ХАРИзМА (грек. сharisma – тарту) – 

жеке тұлғада оған бас игізгендей жә- 

не  оның  мүмкіндіктеріне  сөзсіз  се-

нетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл 

феномен  топтасу  процесінде  өз  мұ- 

раттарын  жеке  бір  адамға  түгелдей 

дарыған  деуге  бейім  шағын  және 

әсіресе үлкен топтарға тән. X. көбіне 

экстремальды  тарихи  жағдайларда 

пайда болады. Х.-лық лидерге оның 

жақтастарының  барлық  жетістіктері 

байланыстырылады, тіпті оның көрі- 

ну  кемшіліктері  дәріптелуге  дейін 

барады. Х.-лық лидердің діни немесе 

саяси аренадағы қабілеттері тылсым 

мәнде ұғынылып, құтқарушы деп та-

быну шығады.

X.  оған  сәйкес  әлеуметтік-психоло- 

гиялық  қажетсіну  болғанда  қалып- 

тасады.  Топтық  психологияның  фе-

номені ретінде X., әдетте, өзінің ай- 

налдырған  түрінде  қабылданады: 

барлық  назар  харизманы  жасаушы 

ізбасарларға  аумай,  лидерде  бола-

ды. Діни психологияда X. құдайдың 

рақымы  деп  бағамдалады.  Х.-ға  өт- 

пелі сипат берушілік, оның мұрагер- 

леріне тарату, иерархиялық тұрғыдан 

орнықтыру әрекеттері болады.

ХИРОМАНТИЯ  (грек.  cheir  –  қол 

және тanteiа – бал ашу, көріпкелді- 

лік) – адамның даралық, ерекшелік-

ХАЛЫ

ХИРО


577

тері  туралы,  оның  мінезі,  басынан 

кешкендері  және  алдағы  тағдыры 

туралы  алақан  терісінің  бедеріне  – 

капиллярлық  және  әсіресе  флексор- 

лық сызықтарға қарап бал ашудың ең 

ежелгі жүйелерінің бірі.

X.  ежелгі  заманнан  бар,  үнділерде, 

халдейлерде,  еврейлерде,  гректерде, 

римдіктерде  болған.  Оның  түп  не-

гізінде X. астрологиямен тығыз бай-

ланысты, өйткені бал ашу кезінде на- 

зар  салынатын  қолдың  басты-басты 

белгілері – алақандағы «жеті төмпе- 

шік». Күннің және жеті планетаның 

Шолпанның, Юпитердің, Сатурнның, 

Меркурийдің, Марстың және Айдың 

аттарымен  аталады.  Қолдың  терісі- 

нің бедерлерін зерттеу жөніндегі аны- 

ғында  ғылыми  делінетін  хабарлар 

XII  ғасырға  қатысты.  1686  X.Маль- 

пиги  адамның  алақаны  мен  саусақ- 

тарының  бедер  өрнектерін  қысқаша 

сипаттаған. XIX ғасырда бұл бағыт- 

тағы  неғұрлым  мәшһүр  зерттеулер 

чех ғалымы Я.Пуркине мен америка- 

лық ғалым Уайлдердің еңбектері бол- 

ды. Ғылыми психология хироманти-

яны қашаң да қабылдамаған, алайда 

тұқымқуалаушылыққа  байланысты, 

саусақ бедерлерінің эмбриондық да-

муын зерттеу білімнің жаңа саласы – 

дерматоглификаның шығуына түрткі 

болады.


Бұл терминді америкалық ғалымдар 

Камминс пен Мидл ұсынады. Соңғы 

уақытта  кейбір  зерттеушілер  еңді 

дерматоглифика арнасында қолға қа- 

рап  бал  ашудың  дәстүрлі  практика- 

сынан  адамның  даралық  ерекше- 

ліктерінің  денелік  бейнеленуі  тура- 

лы білім шығаруға тырысуда: алақан 

терісінің бедері мидың дамуы сияқты 

ана  құрсағында  дамудың  3-4  айла- 

рында  қалыптасады,  мұның  өзі  ата- 

ананың  гендік  жинағының  немесе 

ұрықтың  хромосомдық  абсракция- 

лардың ықпалынан болады деген ги-

потеза зерттелуде.

ХОЛЕРИК ( грек,– холе – өт) – тем- 

пераменттің  типі  (Мінезді,  қызу  мі-

незді, жігерлі адам). Х.-тің эмоцияға 

берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс 

ауытқып,  құмарта  көтеріліп  кететін 

шыдамсыз,  күйгелек  кісі.  Әп-сәтте 

қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, 

бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып ба-

рып басылады, бастан кешкен сезімі 

санасында терең із қалдырады, қимыл-

қозғалысы  шапшаң.  Икемсіз  оқыс 

қылықтарына  қарамастан,  қызулы, 

жігерлі, пысық және іс-әрекет атқару- 

ға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта 

беріліп, екпінмен істейді, анық, әсер- 

лі,  мәнерлі  сөйлейді.  Сезім  күйлері 

сөзінен, мимика, пантомимикасынан 

білініп тұрады. X. белсенді, батыл ке- 

леді,  іске  шапшаң  кіріседі,  бастаған 

іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам 

қатысқан  ойындарға  құмар.  Өзі  де 

ұйымдастырып, аяғына дейін белсе-

не  қатысады,  шыдамсыз,  күйгелек, 

лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады 

және ашуын ұзақ сақтайды. X. тем-

пераменті  тез  туатын  күшті  сезім-

дерімен, эмоциялық қозғыштарымен, 

шамданғыштығымен,  жігерімен, 

үлкен  қозғалғыштығымен,  ұғымды 

қимылдарымен,  бай  мимикасымен 

сипатталады.

ХОЛЕ

ХОЛЕ


578

ЧЕЛПАНОВ  ГЕОРГИЙ  ИВАНО-

ВИЧ (1862-1936) – орыс психологы, 

философы,  Мәскеу  психологиялық 

институтының негізін салушы (1912). 

Психологияда жан мен тәннің эмпи-

ристік параллелизм теориясын ұсын- 

ды.  Ол  В.Вундтың  психофизиоло- 

гиялық  параллелизм  концепциясын 

басшылыққа  алды.  Орта  мектептер 

үшін логика мен психология оқу құ- 

ралдарын  жарыққа  шығарды.  «Ми 

және  жан»  атты  еңбегінде  (19200) 

маркстік материалистік теорияны сы- 

нады.  Ресейде  тәжірибелік  психо- 

логияға  ерекше  мән  берген  ғалым 

психикалық құбылыстарды танудың 

бірден-бер жолы – адамның өзін-өзі 

бақылауға  алуына  байланысты  деп 

есептеді.  Еңбектері:  «Тәжірибелік 

психологияға  кіріспе»  (1915),  «Ап- 

риорлық пен туабіттілік туралы ілім-

ге байланысты кеңістік пен уақытты 

қабылдау проблемасы» (2 том, 1896, 

1903), «Ми және жан», (1900), «Тәжі- 

рибелік психологияға кіріспе» т.б.



ШАБЫТ – рух, рухтанушылық (шы- 

ғармашылық  күштің  пайда  болуы); 

шабытпен  іс-әрекет  орындау.  Ш. 

адамның  рухани  күштерінің  ширы- 

ғып  өрлеуі,  шығармашылық  толға- 

нысы;  ғылым,  техника,  өнер  туын- 

дысының ниеті мен идеясының пай- 

да  болуына  немесе  жүзеге  асыры- 

луына  түрткі  болатын  жан  құбылы- 

сы.  Ш.  қаншалықты  өздігінен  келе- 

тіндей болып көрінгенмен, ол, әдет- 

те,  бұған  дейінгі  қажырлы  еңбектің 

нәтижесі болып табылады. Ш. адам- 

ның  көтеріңкі  жалпы  белсенділігі- 

мен,  қарекетінің  ерекше  өнімділігі- 

мен, шығармашылықтың рахатын се- 

зінумен, жүзеге асыруға дем беретін, 

ерік-жігер, қажыр-қайрат ерекшелігі-

мен сипатталады.

Ш.  «құштарлық»  пен  эмоцияның 

ұштасуынан  көрінеді.  Шығармашы- 

лық  процестің  санадан  тыс  тәрізді 

болып  көрінуі  шығармашылықтың 

өзінің барынша саналылығының нә- 

тижесі, сананың ерекше айқындылы- 

ғының, ойлар мен бейнелердің өзін- 

ше  бір  үлгіде  лықси  келіп,  айшық- 

тана  көрінуінің,  жадтың,  зейіннің 

идеяны орындауға бағытталған құл- 

ЧЕЛП

ШАБЫ


579

шыныс  пен  ерік-жігердің  жемісі. 

А.С.Пушкиннің  айтуынша,  геомет-

рияда  да,  поэзияда  да  шабыт  керек. 

Ш. – адам назарының жинақы түрде 

бір мәселені шешуге тұрақталуы, на- 

зардың бұған ерекше түйілуі.

Ол  іс-әрекеттің  түрлі  саласында  әр- 

қилы  көрініс  береді.  Француз  мате-

матигі  А.Пуанкаренің  айтуынша,  ол 

өзінің көп жылдар бойы шешімін та- 

ба алмай жүрген бір формуласын дү- 

кенге  кіріп  келгенде,  сондағы  бір 

кітаптың бетінен елестетеді де, соны 

дәптеріне  жазып  алады.  Бұдан  соң 

да, сөйтіп ұзақ жылдар бойына ойдан 

кетпей  жүрген  идея  оп-оңай  шеші- 

мін табады. Қысқа уақыт ішінде ора- 

сан  зор  табысқа  қол  жету,  оның  ал- 

дындағы көп ізденіс, жан-жақты ой-

лаумен  тынымсыз  еңбектің  нәтиже- 

сі. П.И. Чайковский «Шабыт тек із-

денген  адамға  ғана  кезігетін  қонақ, 

жалқау адамға шабыт жуымайды», – 

десе,  А.Богомолов  «Шабыт  –  твор- 

чествоның  нақты  құралы,  іске  де-

ген  сүйіспеншіліктің  дәнекері,  ұзақ 

өмірдің арқауы», – дейді.



ШАҒЫН ТОП –  ортақ мақсат-мін- 

деттер  арқылы  бір-бірімен  тікелей 

байланысатын  адамдар  бірлестігі. 

Ш. т.-тағы моральды-психологиялық 

кейіп кіші топтың әлеуметтік психо- 

логиялық күйін сипаттайтын түсінік. 

Бұл  түсінік  негізінде  топ  мүшелері- 

нің  алдарына  қойылған  мәселелерді 

ұйымдасып  шешуіне  және  жұмыс 

жасауына  психологиялық  дайынды- 

ғы қарастырылады.

ШАҚШАЛАР  –  фоторецептордың 

бір түрі. Көздің тор қабығының ішкі 

бетінің орта бөлігінде 1 мм-де 1400000-

ға  дейін  қалың  орналасқан.  Ш.  өте 

жарық сәулелерді ғана қабылдайды. 

Адамның  көзінде  7  млн.-дей  күндіз 

жарықты  көрудің  аппараты  шақша 

клеткалары бар делінеді. Егер оның 

қызметі бұзылса, адам жарыққа қарай 

алмай, «түс соқыры» (ахромазия) ау-

руына ұшырайды.

ШАРТСЫз  РЕФЛЕКС  –  тұрақты, 

сондықтан ол үйреншікті (адекватты) 

тітіркендіргіштерге  (тамақ,  жарық, 

жылылық және т.б.) ми бағанасында 

белгілі  рецепторлық  алаң  арқылы 

жауап беріп отырады. Ш.р. көбінесе 

туғаннан қалыптасса, ал кейбірі кеш 

пайда болады (мыс: жыныс рефлек-

стері). И.П.Павлов оларды инстинкт 

немесе  шартсыз  рефлекстер  тізбегі 

деп атаған.

ШАРТТЫ  РЕФЛЕКС  –  организм- 

нің  маңызды  қажеттіліктерін  қана- 

ғаттандыратын  тітіркендіргішті  үй- 

лестіру нәтижесінде туындаған реак-

циясы.  Шартты-рефлекторлық  реак-

циялары – көптеген әртүрлі стимул-

дары бар, олардың әрқайсысы шарт- 

ты  сигнал  қызметін  атқаруды  басқа 

стимулдар  туындататын  реакцияға 

тәуелсіз андай да тұтас ситуацияның 

организмге әсер етуімен тауындаған 

рефлекторлық  реакциялар.  Шартты 

рефлекторлы оқыту – шартты рефлекс 

механизмі бойынша жаңа тітіркендір- 

гіштер арқылы реакцияның игерілуі.

ШАРТТЫ ТОП – белгілі бір ныша- 

ны бойынша (іс-әрекеттің сипаты, жы-

нысы, жасы, білім деңгейі, ұлты жә- 

не т.б.) біріккен, әлеуметтік психоло-

гиясын  зерттеу  объектісі  болып  та- 

былатын  және  бір-бірімен  тікелей 



ШАҒЫ

ШАРТ

580

не  жанама  объективтік  қарым-қаты- 

настары  жоқ  адамдардың  қауым- 

дастығы.  Бұл  қауымдастықты  құ- 

райтын адамдар бір-бірімен ешқашан 

кездеспеуі  мүмкін  екендігі  былай 

тұрсын, бір-бірі туралы ештеңе біл- 

меуі де мүмкін. Бірақ бұл орайда, олар 

өздерінің  нақты  топтарының  басқа 

мүшелерімен  белгілі  бір  азды-көпті 

бірдей қатынастарда болады. Мыса- 

лы, мектепке дейінгі баланың, шарт-

ты  жастық  топтың  психологиясын 

зерделеу үшін мектепке дейінгі тиісті 

жастағы  біраз  баланы  олардың  нақ- 

ты топтарында зерттеу қажет.



ШАРШАУ –  қажу жағдайының да- 

муымен  астасатын  субъективтік  се- 

зінулер кешені. Босаңсу, болбырлық, 

дәрменсіздік  сезімдерімен,  физио- 

логиялық  қолайсыздық  түйсігімен, 

психикалық процестердің өту бары-

сында  кінәраттардың  ұғынуымен, 

жұмысқа деген ынтаның болмай қа- 

луымен,  қарекетті  тоқтатуға  деген 

түрткі  себептің  дендеуімен,  жағым- 

сыз  эмоциялық  реакциялармен  си- 

патталады.  Ш.  бірсарынды  әрекетті 

ұзақ  уақыт  орындау  кезінде  де  пай-

да  болуы  мүмкін.  Алайда  қажумен 

байланысты емес оғаш шаршау, сон- 

дай-ақ  объективтік  тұрғыдан  қажы- 

ған адамның шаршамауы секілді жағ- 

дайлар да болады.



ШЕШЕНДІК  –  халқымыздың  жай- 

саң психологиясын аса биіктен көр- 

сететін ұлттық ерекшеліктерінің бірі. 

Бейнелі, астарлы, тұспалдап айтатын 

шешендік сөзге аса үйір халық екен-

дігіміз  жайлы  ғұлама  ғалым  Шоқан 

Уәлиханов:  «Қазақ  шешендікке  құ- 

мар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты 

жаны сүйеді», – деп, кезінде айтқан 

еді. Халқымыз «Тіл тас жарады, тас 

жармаса бас жарады», «Жылы-жылы 

сөйлесең,  жылан  інінен  шығады»  – 

деп,  сөз  құдіретінің  психологиялық 

астарын жақсы аңғарған. Шебер де, 

шешен сөйлей білу – адамның асыл 

қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны 

олар  өзгелерге  психологиялық 

жағынан әсер етудің ерекше құралы, 

тәсілі деп те санаған.

Шешендік  өнер  дарыған  кісі  отан- 

шыл,  елінің  салт-санасын,  әдет-ғұр- 

пын жетік білетін «ұшқыр ойлы, орақ 

ауыз,  от  тілді,  күміс  көмей»  болып 

келеді. Ол халқының бастан өткізген 

«тар жол, тайғақ кешулерін», арман- 

тілегін,  мұң-зарын,  өмірлік  құнды- 

лықтарын бірер тіркеспен ғана «мірдің 

оғындай»,  «тайға  таңба  басқандай» 

етіп, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобық- 

тай түйінін» ғана айтады. Халқымыз- 

дың осынау тамаша қасиетін кезінде 

тіпті бізге оң қабақпен қарамайтындар 

да көре білген. Мәселен, неміс саяхат-

шысы А.Брем (1829-1884): «Қазақтар 

сөз өнеріне жетік келеді. Бұл қасиет 

жұрттың бәріне де: оқыған білімділер-

ге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге 

де, байға да, жарлыға да тән қасиет» 

десе, шығыстанушы П. М. Мелиоранс-

кий (1868-1906): «Қазақтар шешен, әрі 

әдемі сөйлеудің шебері»... дейді.

Ал көне түркі жазбаларын зерттеген 

С.Е.Малов (1890-1957) осы ойды бер- 

мен  қарай  былайша  жалғастырады: 

«Түркі  халықтарының  ішіндегі  ең 

суретшіл,  образды  тіл  –  қазақ  тілі». 

Қазақтар  өзінің  шешендігімен, 

әсем  ауыз  әдебиетімен  даңқты.  Ра-

сында  да,  батыр  Бауыржан  ағамыз 

айтқандай, біздің туған тіліміз – өзінің 

өткірлігімен  «бой  балқытып,  тамыр 

ШАРШ

ШЕШЕ


581

шымырлатып, жан жүйені жандырып, 

құлақ құрышын қандырып, ұғымына 

қонымды, жүрегіңе тиімді тіл» емес 

пе? Осындай аса бай тілі бар халық- 

тың шешен болмасқа қандай дәті бар?

Бір  көргенін  жазбай  танып,  ілезде 

жаттап  ала  қоятын,  өз  ойын  екінші 

адамға  жеңіл  де  жедел  түсіндіре 

алатын осынау қарапайым халықтың 

асқан  зеректігіне  қазақ  даласында 

болған шетжұрттықтар ауыздарының 

суы  құрып,  қайран  қалып  отырған 

ғой. Олар қыр халқының, сондай-ақ, 

ыстық-суыққа  аса  шыдамдылығын, 

қиыншылыққа  төзімділігін  айтудан 

жалықпаған. Мәселен, поляк зиялысы 

А. Янушкевич (1803-1857) бұл жөнінде 

былай  деп  жазыпты:  «Қазақтардың 

ақыл-ой  қабілетінің  кереметтігіне 

барған  сайын  менің  көзім  жетуде. 

Сөздері  қандай  жеңіл!  Әрқайсысы 

айтайын  деген  ойын  түсіндіруге 

де,  қарсыласының  дәлеліне  бірден 

тойтарыс беруге де керемет шебер». 

Осынау ұлттық тамаша қасиетімізден 

қазіргідей  тіл  жұтаңдығына  кезік-

кен  алмағайып  заманда  айырылып 

қалмай,  оның  тұтас  көлемін  көздің 

қарашығындай сақтай алмасақ – бұдан 

ұлттық  намысқа  нұқсан  келетіні 

хақ. Олай болса, еңбектеген баладан 

еңкейген кәріге дейін туған тілімізді 

ардақтап,  оның  қадір-қасиетін  мақ- 

тан  тұтып,  соның  көсегесін  көгерту 

жолында жатпай-тұрмай әрекет етуі- 

міз қажет.

ШЕШІМ    проблемалық  жағдаят- 

тың ойлау операцияларының қалып- 

тасуы. Ш. процесінде шешімді іздеу, 

қабылдау және іске асыру кезеңдері 

сараланады.  Ш.-дердің  тиімділігі  – 

қандай  да  бір  сұраққа  адамның  өте 

жақсы  шешім  құрастыруы;  қабыл- 

данған  шешімді  іске  асыру  нәтиже- 

сінде  максималды  жағымды  жетіс- 

тіктерге  жетуі,  мүмкін  болатын  жа- 

ғымсыз салдарды минимумге жеткі- 

зуі. Ш.-ді түзету – қандай да бір ше- 

шімді немесе оны орындау процеду-

расын шешім қабылданғаннан кейін 

түзету, өзгерту. Ш.-ді қадағалау – кли-

ент мәселесіне байланысты консуль- 

тация  үрдісіндегі  қабылданған  ше- 

шімнің іс жүзінде қалай орындалуын 

байқау және бағалау.

ШИзОФРЕНИЯ  (грек.  shizo  –  бө- 

лемін және phren – ақыл, ой) – пси- 

хикалық  ауру.  Ш.,  негізінен  жоғары 

жүйке  жүйесі  қызметінің  бұзылуы- 

нан,  сондай-ақ  әртүрлі  жағдайдың, 

түрлі  аурулардың  адам  психикасы-

на  әсер  етуіне  байланысты  пайда 

болады.  Ш.  кезінде  сандырақ,  ка-

татония,  аутизм,  күйіп-пісу,  галлю-

цинация,  еліру,  мелшиіп  қозғалмай 

қалу  сияқты  психикалық  өзгерістер 

байқалады.  Басында  ауру  белгілері 

айтарлықтай байқалмай өтеді. Кейін 

психикалық  өзгерістер  тұрақтанып, 

күшейе түседі. Ауру күшейген кезде 

науқастың түсінігі өзгереді, сөйлеген 

сөздері басқаларға түсініксіз болады. 

Шизофренияның белгілері кейде өте 

айқын білінсе, кейде бірнеше жылдан 

кейін байқалуы мүмкін. Кататониялық 

Ш.,  параноидты  Ш.,  қарапайым  Ш. 

дейтін  және  т.б.  түрлері  бар.  Ката- 

тониялық Ш. кезінде науқас қимыл- 

сыз, мелшиіп қалады.

Кейде  керісінше  қатты  күледі  неме-

се  күйзеліп  жылайды,  мағынасыз 

сөйлейді.  Параноидты  Ш.  кезінде 

ауру адам анда-санда сандырақтайды. 

Әр  нәрсені  елестетіп,  соған  еліктеп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет