Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет87/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90

ЭКСП

ЭКСП

590

бұл  әдістің  әр  түрлі  варианттары-

мен  ойдағыдай  жұмыс  жүргізуде. 

Мысалы,  осы  әдіс  арқылы  проф. 

Н.И.Красногорский  балалардың 

жоғары  дәрежелі  жүйке  қызметінің 

даму  жолдарын,  проф.  А.Г.Иванов-

Смоленский адамдардың бірінші жә- 

не екінші сигнал жүйелерінің қызме- 

тін зерттеген.

Эксперимент  жүргізу  үшін  арнаулы 

лабораториялық  мекемелер  қажет 

болатынын айттық. Енді  оқушылар- 

ды  кейбір  қарапайым  аспаптардың 

атымен таныстырайық. Мысалы, пси- 

хикалық  процестердің  пайда  болу 

шапшаңдығын өлшеу үшін – хронос-

коп,  тері  түйсігінің  сезгіштігін  бай- 

қау үшін – эстезиометр, зейіннің кө- 

лемін  анықтау  үшін  -тахистоскоп, 

есітуді өлшеу үшін – аудиометр, де- 

недегі  бұлшық  еттердің  жұмысын 

тіркеп отыру үшін – эргографты пай-

даланады. Бұлардан басқа құрылысы 

әлдеқайда  күрделі  құрал-жабдықтар 

да толып жатыр.

Лабораторияда  жүргізілетін  экспе- 

рименттің нәтижелілігі мына төмен- 

дегі жағдайларға байланысты болады:

1. Байқалатын объекті жөнінде экспе- 

риментатордың күн ілгері болжамы- 

ның (гипотезасының) болуы тиіс;

2.  Тәжірибе  түріне  лайықты  жұмыс 

жағдайын жасау (жазып отыру, инс-

трукциялар  т.б.  жазу-сызу  құралда-

рымен қамтамасыз ету);

3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген 

жоспар  бойынша  арнаулы  методи- 

каға сай жүргізу;

4.  Бір  құбылысты  бірнеше  рет  тек-

серуден өткізіп, оларға сандық және 

сапалық жағынан дербес талдау жа-

сау;


5. Алынған мәліметтерге байланысты 

негізгі  және  ішінара  қорытындылар 

шығара  отырып,  эксперимент  жүр- 

гізуде ашылған кейбір ғылыми дере-

ктерді (егер зерттеу жұмысы мектеп 

жағдайында жүргізілген болса) оқу-

тәрбие процесінің сапасын жақсарту 

үшін пайдаланса, бұл эксперименттің 

негізгі мақсатының орындалғаны бо-

лып табылады.

Табиғи эксперимент. Эксперименттің 

екінші бір түрі – табиғи эксперимент 

деп аталынады. Табиғи эксперимент- 

ті психологияға тұңғыш енгізген жә- 

не  оны  өзінің  зерттеулерінде  көп 

пайдаланған көрнекті орыс психоло- 

гі А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды. 

Бұл  әдістің  байқау  әдісінен  айыр- 

машылығы, мұнда эксперимент жүр- 

гізуші өзіне керек құбылысты табиғи 

жағдайда  тудырып  отырады.  Егер 

оқушылардың  ойлауын,  сезімін,  ер- 

кін зерттеу керек болса, бұл үшін пси- 

холог  қандай  болмасын  бір  әрекет 

ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән 

ережелері бар ойын ұйымдастырыл- 

са, сол ойын үстіндегі оқушылардың 

психологиялық ерекшеліктері жазы-

лып,  кейін  оған  мұқият  талдау  жа- 

салынады.  Табиғи  эксперименттің 

кейбір  түрлері  арқылы  (оқыту,  кон-

статациялау  эксперименттері  т.б.) 

мұғалімдер оқушылардың кейбір қа- 

сиеттерін  тәрбиелеуге,  жетілдіруге, 

сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арт- 

тыруға мүмкіндік алады.

Бір  экспериментте  III-IV  класс  оқу- 

шыларының  ақыл-ой  әрекетіндегі 

сөз  бен  көрнекіліктің  арақатынасын 

анықтау  үшін  зерттеуші  балаларға 

оқыған  текстеріне  ат  қоюды,  осы 

текстегі  суреттер  бойынша  әңгіме 



ЭКСП

ЭКСП

591

құрастыруды  талап  еткен.  Экспери-

мент жүргізуші осы тәсілдер арқылы 

текстің  мазмұнын  оқушылардың 

қысқаша  және  жалпылай  баяндай 

алуын,  суреттер  бойынша  елестер 

туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ 

нақтылы образдарды қайта жаңғырту 

текстің  мазмұнын  толық  түсінуге 

қандай  әсер  ететіндігін  байқаған. 

Осы  зерттеуде  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  байланысты  ақыл-ой 

әрекетіндегі  сөз  бен  көрнекіліктің 

арақатынасы  үнемі  өзгеретіндігі, 

балалардың  жасы  өсіп,  білім  қоры 

молайған  сайын  олардың  ойлауы 

тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, 

ондағы образдардың біртіндеп толық 

және  мағыналы  бола  түсетіндігі  де 

байқалған.

Психологияда  бұл  айтылғандардан 

басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы 

әдістер  деп  атайды.  Мәселен,  әңгі- 

мелесу әдісі арқылы психолог белгі- 

лі  жоспар  бойынша  зерттелінуші 

адамның  жас  және  дара  ерекшелі- 

гіне,  білім  көлеміне  қарай  күні  бұ- 

рын әзірленген сұрақтар қояды: зерт- 

телінушіге  күдік  тудырмау  мақса- 

тында  әңгіме  көбінесе  жанама  түр- 

де  ұйымдастырылады,  мұнда  сөй- 

лесу  әдісіне  ерекше  мән  беріледі. 

Зерттелінушінің  берген  жауабы  жа- 

зылып  алынып,  (алынған  мәлімет- 

терді  сол  бойда  жазып  отырудың 

қажеті  шамалы)  кейіннен  мұқият 

талданады  да,  осыған  орай  тиісті 

қорытындылар  жасалады.  Осындай 

қосалқы  әдістердің  қатарына  адам- 

ның  іс-әрекетінің  нәтижесін  талдау 

(яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, 

шығарма, мазмұндама, диктант, сын 

жұмыстары,  түрлі  формадағы  шы- 

ғармашылық  жұмыстарды  талдау), 

өмірбаян  (яғни  зерттелушінің  туған 

күнінен  бастап  есейген  шағына  де- 

йінгі  даму  жолын  зерттеу,  оның 

өмірбаян,  естелік,  мінездемелерін 

талдау), анкета (жазбаша) әдістері жа-

тады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы 

кісі  күні  бұрын  бланкіге  жазылып 

қойылған  сұрақтарға  жазбаша  жа- 

уап қайырады.

Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжым- 

ның  психологиялық  өзгешеліктері 

(талап-тілегі,  мүддесі,  талғамы,  қы- 

зығуы  т.б.)  зерттелінеді.  Егер  мұға- 

лім  шәкірттерінің  қандай  кітапты 

ерекше  құмартып  оқитындығын, 

олардың  сүйікті  жазушылары  мен 

артистері кімдер екендігін және осы 

тәріздес  мәселелерді  білгісі  келсе, 

осы әдісті пайдалануына болады. Ан-

кеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, 

ықшам,  зерттелушілерге  түсінікті 

тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден 

аспауы  тиіс.  Алынған  материалдың 

нәтижесі  статистикалық  (сандық) 

талдаудан өткізіледі де, қорытындысы 

ондағы үлкен цифрларға қарай жаса-

лынады. Мәселен, анкета толтырған 

бес  жүз  адамның  төрт  жүзі  «Абай» 

романын  оқыдық  деп  жазса,  бұдан 

осы  кітаппен  оқырмандардың  80 

процентінің таныс екендігін, сондай-

ақ  бұл  шығарманың  көпшілік  сүйіп 

оқитын кітапқа айналғанын байқауға 

мүмкіндік туады. Мұның негізгі кем-

шілігі адам шын көңіліндегісін жазып 

бере бермейді, не оны қағаз жүзінде 

дұрыс көрсете алмайды. Әлеуметтік 

психологияда  жиі  қолданылатын 

зерттеу  әдістерінің  бірі  –  интервью. 

Мұнда зерттеуші (интервьюер) сына-

лушымен (респондент) әңгімелеседі, 

жол-жөнекей  оның  сөз  саптауына, 

түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына 

ЭКСП

ЭКСП


592

зер салып отырады, зерттеуді белгілі 

сұрақтың айналасында, арнаулы жос-

пар бойынша жүргізеді. Интервьюер 

сыналушының ниетін қас-қабағынан 

біле алатын әдісқой да тәсілқой, қы- 

рағы әрі білікті кісі болуы қажет.

Мұнда  анкета  арқылы  анықталуы 

қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәсе- 

ленің  түрлі  қалтарыстары  мен  түп-

төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. 

Осы  жерде  зерттеушінің  әңгімесіне 

ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі 

ұшты  мәліметтер  беруі  де  ықтимал 

екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің 

нақтылы  талап-тілегіне  орай  интер-

вью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке 

адамдармен  де,  сондай-ақ  әр  түрлі 

топтармен де (семья әулеті, комсомол 

активі, дос-жарандар т.б.) жүргізіледі. 

Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын 

ала  жасалған  программа  бойынша 

ауқымды  тақырыптың  төңірегіне 

құрылған түрлері де бар.

Түрлі  психикалық  құбылыстардың 

құрылымын  функциялар  мен  пара-

метрлерді  шамамен  жорамалдау-

да,  эксперименттік  материалдарды 

талдауда,  модельдерді  құрастыруда 

факторлық  талдау  деп  аталатын 

математикалық-статистикалық  әдіс 

қолданылады.  Математика  қазіргі 

кезде көптеген ғылымдардың зерттеу 

әдістеріне  кеңінен  еніп  отыр.  Пси-

хологияда  мұны  алғаш  қолданған 

ағылшын  психологы  Ч.Спирмен 

(1904).  Осы  әдіспен  адам  интеллек-

тісін  (ақыл-ой),  оның  музыкалық, 

математикалық  қимыл-қозғалыс  т.б. 

қабілеттерінің белгілі шамасын бел-

гілеуге болады. Мәселен, осы әдісті 

психологтар адамның жоғары жүйке 

қызметі  қасиеттерінің  құрылымын 

(Б.М.Теплов,  В.Д.Небылицын)  зерт-

теуде пайдаланды. Күрделі корреля-

цияларды  факторлық  талдауға  салу 

электрондық  өлшеуіш  машиналары- 

ның  (ЭВМ)  көмегіне  де  сүйенеді. 

Адамның  жан  дүниесінің  сырын 

жақсырақ түсіну үшін бұл әдістерді 

аталған  әдістермен  қосарластыра 

пайдаланған  дұрыс.  «Біз  әдетте, 

адамды  жұмыста  іс-әрекетіне  қарай 

бағалаймыз,  дегенмен  адамдыжан-

жақты  бағалаудың  өлшеміне  оның 

жанұядағы,  тұрмыстағы,  ұжымдағы 

және одан тыс жерлердегі мінез-құл- 

қы де енуге тиіс (Д.Қонаев).



ЭКСПЕРИМЕНТТІК  ПСИХОЛО-

ГИЯ (лат. ехрегітеtuт – тәжірибе, сы- 

нау) – эксперименттік әдістерді қол- 

дану  арқылы  психикалық  құбылыс- 

тарды  зерттеудің  әрқилы  турлерінің 

жалпы  белгіленуі.  Э.  п.-ның  негізін 

неміс  ғалымы  В.Вундт  (1832-1920) 

қалаған.  Ол  адам  психологиясының 

ерекшеліктерін эксперимент арқылы 

зерттеу  үшін  арнаулы  институт,  ла- 

бораториялар ұйымдастырды (1879).

Орыс психологі Н. Нанге (1858-1921) 

зейін  мен  қабылдауды  лаборатория- 

лық  жағдайда  зерттеді.  Француз 

психологі А. Бине (1857-1911) алғаш 

рет  ақыл-ой  процесіне  эксперимент 

арқылы зерттейтін әдісті ұсынды.

Осы  зерттеулердің  нәтижелері  пси- 

хологтардың  Бірінші  дүниежүзілік 

конгресінде  (Париж,  1889)  талқы- 

ланды.  XX  ғ.  басында  орыс  психо- 

логі Г. И. Челпанов (1862-1936) Мәс- 

кеуде психология институтын ашып, 

онда  көптеген  лабораторлиялар 

ұйымдастырды  (1912).  Психикалық 

құбылыстардың  физиологиялық  не- 

гіздерін  ашуда  академик  И.П.Пав- 

лов  (1849-1936)  шартты  рефлекс-

ЭКСП

ЭКСП


593

тер  әдісін  анықтап  берді.  Осы  әдіс 

арқылы  академик  Н.  И.  Красногор-

ский  (1882-1961)  балалардың  жо- 

ғарғы  жүйке  қызметінің  даму  жол- 

дарының, ал А.Г.Иванов-Смоленский 

адамдардың  бірінші  және  екінші 

сигнал  жүйелерінің  қызметін  зерт-

теді. Психикалық процестердің пай- 

да  болу  шапшаңдығын  хроноскоп- 

пен,  тері  түйсігінің  сезгіштігін  эс-

тезиометрмен,  зейіннің  көлемін  та-

хистоскоппен,  естуді  аудиометрмен, 

ал бұлшық еттердің жұмысын эрго-

графпен  өлшейді.  Эксперименттің 

екінші  бір  түрі  –  «табиғи  экспери-

мент»  деп  аталады.  «Табиғи  экспе-

римент» әдістемесін орыс психологі 

А.Ф.Лазурский (1874-1917) жасады.

ЭКСТРАВЕРСИЯ,  ИНТРОВЕР- 

СИЯ (лат. ехtга -сыртқы, іпtrо – іш- 

кі,  versiо  –  бұру)  –  адамның  дара- 

лық-психологиялық  айырмашылық- 

тарының  сипаттамасы;  оның  шеткі 

полюстері  тұлғаның  сыртқы  объек-

тілер  әлеміне,  не  оның  өзінің  субъ-

ективтік  әлемінің  құбылыстарына 

басым  бағытталғандығына  сәйкес 

келеді.  Э.И.  ұғамдарын  тұлғаның 

қарама-қарсы екі типін белгілеу үшін 

К.Юнг  енгізді.  Экстраверсияланған 

тип  тұлғаның  қоршаған  әлемге 

бағытталғандығымен  сипатталады: 

оның  объектілері  субъекттің  мүд- 

делерін, «өмірлік энергиясын» өзіне 

«магнит  секілді»  тартып  алады, 

мұның  өзі  белгілі  бір  мағынада 

субъекттің  өзінен  өзінің  жатсы-

нуына,  оның  субъективтік  әлемінің 

құбылыстарының  тұлғалық  мән-

маңыздылығының  төмендетілуіне 

апарып соғады.

Экстраверттерге  импулъстілік,  бас- 

тамашылдық, мінез-құлықтың икем- 

ділігі, қарым-қатынасшылдық, әлеу- 

меттік бейімделгіштік тән қасиеттер. 

Интроверсияланған типке тұлға мүд- 

делерінің  өзінің  ішкі  әлемінің  құ- 

былыстарына жоғары құңдылық деп 

ден  қоюшылық,  тұйықтық,  қарым-

қатынастан  қашқақтау,  әлеуметтік 

енжарлық,  өзін-өзі  қазбалауға  бе- 

йімділік,  әлеуметтік  бейімделуді 

қиынсыну  тән  сипаттар.  Э.И.  проб- 

лемалары  тұлғаның  факторлық  тео- 

рияларында  неғұрлым  көбірек  зерт- 

телді. Мұнда ол тұлға типтер тұрғы- 

сынан емес, нақты субъектідегі Э.И. 

касиеттерінің сындық арақатынасын 

білдіретін  үздіксіз  шкала  ретінде 

қарастырылады.  Олардың  ішіндегі 

неғұрлым  танымалы  –  Г.  Айзенктің 

тұжырымдамасында  Э.И.  параметрі 

невротизм  параметрімен  ұштасуын- 

да (эмоциялық-еріктік орнықтылық – 

орнықсыздық)  тұлғаның  барлық  қа- 

сиеттерінің  мазмұнын  анықтайтын 

басты-басты екі өлшем құрайды.

Бұл  тұжырымдамаға  негіз  болған 

абстрактілік-статистикалық  көзқа- 

рас  тұрғысынан  экстраверсия  көп- 

теген  көріністерінің  себептерін  тү- 

сіндіруге  елеулі  қиыншылықтар  ту- 

ғызды;  бұлардың  мазмұнында  им- 

пульстік,  агресияшылдықтан  идео- 

логиялық  нұсқаулар  мен  саяси  по- 

зицияға  дейінгі  тұлғаның  әр  алуан 

сипаттамалары  эклектикалықпен 

біріктірілді.  Э.–  И.-ның  жүйке  жү- 

йесінің  қасиеттеріне  тәуелділігі 

тұлғаның  психологиялық  және 

әлеуметтік  сапаларының  бұлжымас 

биологиялық  анықтығы  туралы 

реакциялық  қорытынды  жасалуына 



ЭКСТ

ЭКСТ

594

себеп  болды.  Отандық  психология- 

да Э. – И. көріністері темперамент- 

тің  қасиеттері  деп  қарастырылады, 

яғни  тән  сипатты  тұлғалық  сала- 

лардың  алғышарты  болып  табы-

латын  психикалықпроцестердің 

динамикалық  сипаттамалары  деп 

ұғындырылады.

ЭКСТРЕМАЛДЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ  –  әдеттен  тыс  жағдайдағы 

(ғарышқа  ұшу,  теңізде  жүзу,  жер 

шарының  қиыр  шеттеріндегі  – 

(Арктикадағы,  Антрактидадағы) 

шөлейттер  мен  биік  таудағы,  жер 

астындағы  және  т.б.)  адамдардың 

іс-әрекетінің  психологиялық  заң- 

дылықтарын  зерттейтін  психология 

ғылымының саласы. Э.п. авиациялық, 

ғарыштық,  теңіздік  және  полярлық, 

психологияның  нақты  зерттеулерін 

жинақ негізінде аяғында пайда бол-

ды.  Психологияның  осы  саласы  тө- 

тенше  жағдайлардағы  адамдарға 

жеті психологиялық фактордан (мо- 

нотония,  өзгертілген  кеңістік  пен 

уақыттық құрылымдар, жеке маңыз- 

дық  ақпараттың  шектелу,  жалғыз- 

дық, топтық оқшаулану, ақпараттың 

сарқылуы,  қарым-қатынастағы  жұ- 

таңдық  өмір  сүруге  қауіп-қатердің 

туындауы.



ЭЛЬКОНИН  ДАНИИЛ  БОРИСО-

ВИЧ  (1804-1884)  заманымыздың 

атақты  психологі,  психологияның 

Моцарты  атанған  Л.С.Выготскийдің 

шәкірттерінің  бірі.  Ол  даму,  жас 

ерекшелік,  педагогикалық  психо-

логия  саласында  артына  елеулі  із 

қалдырған  кеңес  психологі,  Элько- 

нин  әсіресе  баланың  (нәресте,  бө- 

бек,  сәби,  жасөспірім)  психикалық 

дамуының  ғылыми  жаңа  концепци-

ясын  жасаушы.  Оның  осы  саладағы 

еңбектері бірнеше том болып жарық- 

қа  шығып  біразы  шетел  тілдеріне 

аударылды.  Бұлардың  жиынтығы 

1960 жылы Мәскеудің «Педагогика» 

атты  баспасынан  «Балалар  психо-

логиясы»  деген  көлемді  оқулықта 

жинақталған.



ЭМОЦИЯ (франц. етаtіоп, лат. епо- 

vео  –  толғану)  –  адам  мен  жануар- 

лардың  сыртқы  және  ішкі  тітір-

кендіргіштер  әсеріне  реакциясы; 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынас 

негізінде  пайда  болатын  көңіл  күй. 

Э.  организмнің  әртүрлі  қажетсіну- 

лерге  қанағаттануына  (ұнамды  э.) 

немесе  қанағаттанбауына  (ұнамсыз 



э.)  байланысты.  Адамның  жоғары 

әлеуметтік  қажетсінулері  негізінде 

пайда  болатын  тұрақты  эмоция.  Э. 

жоғары  түрі  адамның  іс-әрекетінің 

өнімді болуына мүмкіндік туғызады.

Оларға  қуаныш,  сүйіспеншілік  және 

т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз Э. 

адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян 

келтіреді. Оларға  қорқыныш, қайғы, 

абыржу, үмітсіздену, үрейлену және 

т.с.с,  эмоциялар  жатады.  Көңіл  – 

адамның  бойын  билеп  алатын  эмо- 

циялық жағдай. Көңілді болу адамнын 

іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына 

байланысты.  Адамның  эмоциясын, 

оның мимикасынан, пантомимикасы-

нан да байқаймыз. Э.-лық үрдістердің 

пайда болуы вегетативтік жүйке жү- 

йесінің  қызметіне  байланысты.  Э.- 

лар қатарластығы – бірін-бірі итерме- 

леуші  эмоциялық  кемелденген  екі 

бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыз- 

ЭКСТ

ЭМОЦ


595

дыққа  қарай  ығыстырылып,  инди-

вид мінез-құлқына санадан тыс әсер 

етеді.


ЭМОЦИЯ  ТЕОРИЯЛАРЫ.  Эмо- 

циялық  құбылыстардың  табиғатын 

түсіндіру  ерте  кезден  бастап,  әруа- 

қытта да ойшылдар мен ғалымдарды 

қызықтырған еді. Ертеде философия- 

да, мысалы, эмоциялық үрдістер мен 

құбылыстарды танымның ерекше тү- 

рі ретінде қарастырды.

Ағзаның  өмірінде  эмоцияның  мәні 

мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең 

тараған  теориялардың  бірі  –  Ч.Дар- 

вин ұсынған теория болды.

Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомия- 

лық-физиологиялық ұйымының жал- 

пылығымен сыртқа байқалатын олар- 

дың эмоциялық көңіл күйлерінің ра- 

сында белгілі байланыстың бар екен- 

дігін ол көрсетіп берді.

Шындығында,  бір-біріне  ешқандай 

жақындамайтын  әртүрлі  тарихи 

кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер 

мен халықтарға қатысты адамдардың 

эмоциялық-экспрессивті  мінез-құл- 

қын  талдап  қарағанда,  ең  алдымен 

мимикасында,  даусында,  бет  пішін- 

де, қолының қозғалысында олардың 

эмоциялық-экспрессивтік  жағдай- 

лырының  бірыңғайлылығы  көзге 

бірден байқалады.

Дарвиннің  ұсынған  эмоциялардың 

тұжырымдамасы  оның  көрсетілген 

ерекшеліктеріне  байланысты  «эмо- 

циялық» деп аталды.

Бұл тұжырымдама бойынша сыртқы 

эмоциялық  экспрессия  көп  жағдай- 

да туа біткен болып табылады және 

ағзаның  өмірінде  бейімделушілік, 

биологиялық қызметті орындайды.

Адамдарда  эмоцияның  басты  әлеу- 

меттік-психологиялық  қызметі  эмо- 



Эмоциялар

Сезімдер

1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне 

байланысты  туып  отыратын  шағын,  ситуациялы 

көңіл-күйлері,  адам  қуанғаннан,  қамыққаннан 

көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болып 

шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа 

созылмайтындығы белгілі.

1.  Сезімдер  –  адамдардың  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасау  қажетінен  туатын  және  біртіндеп 

дамып  отыратын  процесс.  Достық,  адалдық 

сезімдері  адамда  бірден  қалыптаса  қоймайтын-

дығы белгілі.

2.  Эмоцияда  мәнерлі  қозғалыстар  (адамның 

сырт  пішінінен  байқалатын  ым-ишалар)  көбірек 

байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысы-

нан көрсете алады.

2.  Сезімдерде  мәнерлі  қозғалыстар  жөнді 

байқалмайды.  Тұрақты,  терең  әсерлі  сезім  жеке 

адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

3.  Эмоциялардың  қызметін  лимби  жүйесі 

мен  (ми  бағанасының  үлкен  ми  сыңарларына 

жақын  жері)  гипоталамус  бөлігі  (дененің  зат 

алмасуын,  температурасын  реттестіретін  жүйке 

орталығы)  басқарып  отырады.  Мәселен,  осы 

жүйкетін орталықтарға зақым келе, адам тойғанын 

білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайға 

ұшырайды.

3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, 

динамикалық  стереотиптердің  жасалып,  өзгеріп 

отыруынан  жақсы  көрінеді.  Мұнда  екінші  сиг-

нал жүйесінің басқарушылық рөлі күшті болады. 

Мәселен,  сөз  адамның  интеллект,  эстетикалық, 

моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер 

етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды 

тәрбиелеуге кең жол ашылады.

4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар 

эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың 

жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер 

жануарлар психикасында кездеспейді.

4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-

тарихи сипатта болып отырады.

ЭМОЦИЯ МЕН СЕзІМ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

ЭМОЦ

ЭМОЦ


596

цияның  арқасында  біз  бір-бірімізді 

сөйлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір- 

біріміздің  жағдайымыз  туралы  қа- 

рым-қатынас  жасауға  мүмкіншілігі- 

міз бар.


Жоғары  сатыдағы  жануарлар  мен 

адам бет пішінінің көрінісі бойынша 

бір-бірінің эмоциялық жағдайын қа- 

былдауға және бағалауға қабілетті.

Бірақ  эмоциялық-экспрессивтік  кө- 

ріністер  барлығы  бірдей  туа  біткен 

болып  табылмайды.  Олардың  кей- 

біреулері оқыту мен тәрбиенің нәти- 

жесінде  өмірге  келгеннен  кейін  қа- 

лыптасады.

Бір  уақытта  Америка  психологі 

У.Джемс  және  дат  ғалымы  Қ.Ланге 

ұсынған  эмоциялардың  шығуын 

және оның органикалық үрдістермен 

байланысын  түсіндірген  теория 

психологияда кең өріс алды. Ғылым 

тарихында ол екі ғалымның атымен 

Джемс-Ланге  теориясы  деп  енген 

еді. Бұл теория бойынша эмоциялық 

жағдайдың  пайда  болуының  алғаш- 

қы себептері ағзада іске асатын фи- 

зиологиялық  сипаттағы  өзгерістер 

болып  табылады.  Сыртқы  немесе 

ішкі  стимулдардың  әсерімен  пайда 

болып,  олар  содан  кейін  кері  жүйке 

байланыстарының  жүйесі  арқылы 

адам миында бейнеленеді және белгілі 

эмоциялық  тондағы  түйсіктерді 

туғызады. Алдымен, Джемс – Ланге 

теориясы  бойынша  стимулдардың 

ықпалына жауап ретінде сәйкесті ор- 

ганикалық  өзгерістер  болуға  тиісті 

және  сондан  кейін  олардың  субъек- 

тивті  бейнеленген  салдары  ретінде 

эмоция пайда болады.

У.Джемс  пен  К.Лангеден  байқалған 

айырмашылық үлкен емес. У.Джемс 

айтуынша, денедегі өзгерістерді қоз- 

дыратын факторлар стимулдарды қа- 

былдаудан  кейін  жүріп  отырады,  ал 

эмоция  біздің  түйсіктеріміз  ретінде 

өтіп  кеткен  органикалық  өзгерістер 

болып табылады.

К.Лангенің  айтуынша,  сенсорлық 

стимулдар қан тамырларының рецеп- 

торларында  пайда  болады,  бұл  та- 

мырлар  ең  алдымен  сыртқы  әсерге 

жауап береді, ал эмоциялар онда бо- 

лып  жатқан  өзгерістерді  бейнелеу 

ретінде содан кейін пайда болады.

Джемс-Лангенің эмоциялардың пай- 

да болу теориясы қолдау табумен қа- 

тар әртүрлі қарсылықтарға кездесті. 

Джемс-Лангенің  атына  елеулі  сын-

ескертпені  У.  Кеннон  айтты.  Ол  ал- 

ғашқылардың  бірі  болып,  төмендегі 

жағдайларға  ерекше  көңіл  аударды: 

оның айтуынша, эмоцияларда пайда 

болатын  дене  реакциялары  өте  бір-

біріне  ұқсас,  адамдарда  кездесетін 

эмоциялардың  сапалық  жан-жақты- 

лығын  қанағаттанарлықпен  түсінді- 

ру үшін жеткіліксіз болып табылады. 

Одан басқа, ішкі органикалық құры- 

лымдар, оның ішінде қан тамырлары 

олардың  өзгерістерімен  К.  Ланге 

эмоциялық  көңіл  күйлердің  пайда 

болуын байланыстырады.

У.  Кеннонның  Джемс-Ланге  тео- 

риясына  қарсы  бағытталған  негізгі 

сын-ескертпесі  төмендегідей:  адам- 

дарда  арнаулы  құралдармен  жасан- 

ды  жасалынатын  органикалық  өзге- 

рістер.  У.  Джемс-Ланге  эмоциялық 

реакциялардың пайда болуына ерек- 

ше  мән  берді,  ал  У.  Кеннонның  ай- 

туынша,  іс  шын  мәніңде  әруақытта 

да  эмоциялық  көңіл  күйлермен  бір- 

ге қабаттасып келмейді. Осының нә- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет