Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет82/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90

УӘЛИ

УӘЛИ

553

сөз  нөсері,  бұлтаруға  ырық  бермей- 

тін ащы шындық, әзіл-шыны аралас 

өткір сөзбен қарсыласының қапысын 

тауып,  оны  кенеттен  мүдіртіп  тас- 

тау, беталды, мақсатсыз айтылған пі- 

кірталасының орын алмауы, әр сөзі- 

нің  мірдің  оғындай  болуы  –  Шоқан 

айтқандай,  қазақтардың  шешендік 

өнерге қабілетті, өлең мен жырға икем 

келетіндігінің айқын айғағы. Шоқан 

жалпы  көшпелі  халықтардың  қай-

қайсысына да осындай қасиеттің тән 

екендігін  атап  көрсетеді:  «Көшпелі 

елдердің  қай-қайсысының  болсын 

бір өзгешелігі – олар өлең-жырға бай, 

шебер  келеді.  Бәдәуилердің  ақын 

келетіндігі  Еуропа  халықтарына  әб- 

ден мәлім. Араб даласын кезгендер- 

дің бәрі де жалаңаш жүрген жас ба- 

ланың  өзіне  берілген  сұраулардың 

бәріне  қисынды,  ұйқасты  өлеңмен 

жауап  қайтаратынын  айтып  ауыз- 

дарының  суы  құриды.  Монғол,  тү- 

рік тектес рулар дәл осындай». Шо- 

қан  бұл  халықтарда  төкпе,  суырып- 

салма қасиеттің мұншалықты дамып 

жетілуінің сырын ашуға да тырысты. 

«Мұндай  қасиеттің  болуына  көш- 

пелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, 

болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала 

мен  моншақтай  тізілген  жұлдызы 

көп,  ашық  аспанды  сұлу  табиғат 

әсер етті ме, ол әзір бізге мәлімсіз». 

Шоқан  осындай  қабілеттің  пайда 

болуының көзі жазира кең даладағы 

көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың 

әсерінде жатқан болуы керек деп топ- 

шылайды.

Ғалым қазақ халқының ұлттық пси- 

хологиясын мына төмендегі пікірле-

рінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «...

қазақ – барлық сенім, әдетімен де, – 

деп жазды ол, – ойын-сауығымен де, 

әркез де жасаған адамдарының тари- 

хи мәні бар оқиғаларды баяндайтын 

поэтикалық  құны  күшті  аңыздар, 

өлең-жырлар  жасаумен  де,  сауыққа 

құмарлығымен де, халықтық заңның 

көптеген  кодекстерін  сақтаумен  де, 

соттық шешімдерімен де, полициялық 

шаралармен  де,  ең  ақылдылардың 

қатарына қосылады».

Көшпенді ата-бабаларымыздың пси- 

хологиясы  туралы  Шоқан  бір  еңбе- 

гінде тағы да былай деп жазды: «Та- 

рихи жағынан алғанда қазақ халқы- 

ның поэзиялық рухы тамаша, бірін- 

шіден, ақындарының еске тұту жайы 

барынша  ғажап  болғандықтан...  өз 

батырлары  туралы  деректерді  бұл 

күнге дейін бұрмалаусыз сақтап кел- 

ген,  екіншіден,  қазақтың  өткен  за- 

мандағы  аңыздары  мен  сенім-на- 

нымдарын соншалық бағзы қалпын- 

да  сақтауы  таңырқарлық.  Одан  да 

ғажабы – әсіресе, ақындарының эпи- 

калық  жырлары  кең  даланың  қай 

қиыр  түпкірлерінде  айтылмасын, 

бір ғана қолжазбадан көшірілгендей 

көшпелі орданың (қазақтың – Қ.Ж.) 

ауызша тарихының осыншалық дәл- 

дігі  таңырқарлықтай,  сөйтсе  де  бұл 

күдік  келтіруге  болмайтын  ақиқат 

факт».

Шоқан  Уәлихановтың  пікірінше, 



халықтардың ұлттық психологиясын 

көрсететін белгілердің бірі – сол ха- 

лықтың тіл байлығы, сөз өнері, ше- 

шендік қасиеттері. Ол сөз өнерін ха- 

лық  бойына  біткен  зор  таланттың, 

керемет қабілеттің, ақындық қуаттың 

белгісі деп санады. «Халықтың тұр- 

мысы  мен  әдет-ғұрпы,  –  деп  жазды 

ол,  бәрінен  де  артық  тілден  көрініс 

табады.  Өйткенді  қастерлеу  және 

аңыздарының молдығы – терістік жә- 

УӘЛИ

УӘЛИ


554

не  Орта  Азия  көшпелі  халықтары- 

ның  ерекше  қасиеті.  Қазақ  тілінде 

араб тіліндегідей жасама бояу сөздер 

жоқ, ол нағыз таза тіл».

Ғұлама  ғалымның  осы  пікірлерін 

кең-байтақ  өлкемізде  болған  орыс, 

украин, поляк зиялылары да қостай- 

ды. Олар халқымыздың салт-санасы 

мен әдет-ғұрыптарындағы өнегелі де 

айшықты  жақтарын,  атап  айтқанда, 

сөз  өнеріне  жетіктік,  шешендік  пен 

парасаттылық, суырыпсалмалық, на- 

қыштап  сөйлеуге  жаны  құмарлық, 

тағы басқа қасиеттеріне аузының суы 

кұрып  таңданған.  Мәселен,  «Өлең-

жыр,  –  деп  жазды  П.И.Пашино,  – 

қазақтардың  жан  серігі,  қарапайым 

адамдардың өзі суырып салып айту- 

ға бейім тұрады». Ал А.Брем: «Қазақ- 

тар  сөз  өнеріне  жетік  келеді  –  бұл 

жұрттың  бәріне,  оқыған  адамдарға 

да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, 

байға да, жарлыға да тән қасиет», – 

дейді.  Белгілі  ғалым  В.Радлов  «Қ- 

зақтар  нақышты  сөйлеуді  бар  өнер- 

дің  алды  деп  біледі,  сондықтан  да 

олардың  поэзиясы  дамудың  жоғары 

сатысына жеткен», – деп түйіндеген.

Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп 

заманнан  бері  қазақтармен  аралас-

құралас  Орта  Азия,  Шығыс  Түр- 

кістан  халықтарының  тіршілік-тұр- 

мысындағы  өзіндік  өзгешеліктерін 

де шұқшия зерттеп, бұларды ғылыми 

әлемге паш етіп анықтап берді. Мұ- 

ны  ол  сырттан  жорымай,  солармен 

мидай араласып, ел арасында жүріп 

ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шо- 

қанның бұл саладағы пікірлері тайға 

таңба  басқандай  анық,  ғылыми  мә- 

ні  әрі  тұжырымды  да  оралымды. 

Мәселен,  ол  қашқарлықтардың  (ұй- 

ғырлардың)  психологиясын,  әдет-

ғұрпын,  тіл  өзгешеліктерін  алғаш 

рет  зерттеушілердің  бірі  болды.  Ол 

осы  халықтың  ата  мекені  Шығыс 

Түркістанға ғылыми сапармен екі рет 

барып  қайтқаннан  кейін  ұйғырлар- 

дың  өзіндік  ерекшеліктері,  көне 

тарихы мен мәдениеті туралы құнды 

еңбектер  жазды.  Ғалым  ұйғырлар- 

дың  бостандық  пен  тәуелсіздік  жо- 

лындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-

тәнімен сүю сезімінің жоғары екенді- 

гін  көрсете  келіп,  «патриотизм  – 

олардың ең тамаша қасиеті» екенді- 

гін  ерекше  атап  өтті.  «Қашқарлық- 

тардың  мінезі  жайдары,  елгезек, 

адамға  жұғысқыш,  еңбеккер  және 

өте кішіпейіл», – деп жазды ол бірде.

Ғалым  Шығыс  Түркістанды  мекен- 

деуші  көптеген  халықтардың  (қыр- 

ғыздар,  түрікпендер,  өзбектер,  қы- 

тайлар,  т.  б.)  психологиялық  ерек- 

шеліктерін,  олардың  әрқайсысына 

тән  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәс- 

түрлерін де өте білгірлікпен көрсете 

келіп,  бұларды  ерекше  дәріптемей, 

психологиялық  жағынан  бір-бі- 

рімен  тең  түсіп  отыратындығын  ай- 

та  келе,  ұлттық  томаға-тұйықтық 

көзқарасқа да соққы беріп отырады. 

Шоқан  аталған  халықтардың  эко- 

номикасы  мен  мәдениетіндегі  арт- 

та қалушылықты, әсіресе туған хал- 

қы  –  қазақтардың  бұл  арадағы  ке- 

шеуілдеген  жағдайын  баса  айтып, 

одан  шығудың  жолдарын  көрсеткісі 

де  келді.  Бірақ  Шоқан  көрсеткен 

жолдың түп-төркіні – тек ағартушы- 

лық жол еді. Шоқанның психология- 

лық  пікірлерінде  материалистік  са- 

рын  ерекше  байқалады.  Оның  ең- 

бектерінде адам психологиясы сырт- 

қы  ортаға,  әсіресе  географиялық, 

табиғат жағдайларының әсеріне бай- 

УӘЛИ

УӘЛИ


555

ланысты қалыптасып отырады дейтін 

сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ 

Шоқан  адам  психологиясының  қа- 

лыптасуындағы  тарихи-қоғамдық 

факторлардың  шешуші  ролінен  гө- 

рі  ұлттық  мінез-құлық  пен  әдет-ғұ- 

рыптардың  қалыптасуына  геогра- 

фиялық орта мен табиғат ерекше әсер 

етеді деп, соңғылардың рөлін асыра 

бағалап жіберген кездері болды.

Оның  этнопсихологиялық  пікірлері- 

нің  бұдан  басқа  да  кейбір  келісе 

бермейтін жақтары бар. Мәселен, ол 

халқымыздың  басты-басты  психо- 

логиялық  ерекшеліктерін  (қонақ- 

жайлылық, үлкенді сыйлау, т. б.) дұ- 

рыс көрсете келіп, осы ұлттық мінез- 

де  кейбір  өзгермейтін,  тіпті  тұқым 

қуалайтын жақтары да бар деген пі- 

кір айтты. Мәселен, ол 1862 жылдың 

6 желтоқсанында А.Н.Майковқа жаз- 

ған  хатында  ол  өз  туысқандарында 

байқалатын  мінездерінің  қолайсыз 

жақтарын  «менмендік  қазақ  халқы- 

ның  ұлттық  ерекшелігінің  бір  көрі- 

нісі еді» десе, 1862 жылы 2 қаңтарда 

профессор  Бекетовқа  жазған  бір  ха- 

тында өзінде байқалатын кейбір сал- 

дыр-салақтықты мойындай келе, мұ- 

ны да «қазақ халқының өзіндік пси- 

хологиялық  ерекшелігі  еді»,  –  деп 

біржақты тұжырым жасайды.

Шоқанның  психологиялық  пікірле- 

рінің  екінші  бір  арнасы  оның  дін 

жөніндегі  толғаныстарымен  астар- 

ласып жатады. Ғұлама ғалым алғаш- 

қы  адамның  қиялы  мен  діни  сенім- 

дері  оның  таби-ғатқа  тікелей  қа- 

тынастарының  бейнесі  ретінде  пай- 

да  болғанын  айтады.  Ол  қазақ  да- 

ласында  кейінірек  тараған  шаман 

дінінің  пайда  болуының  да  белгілі 

себептері бар дейді. Білім-ғылымнан 

кенже, тәжірибесі  аз адамның таби- 

ғатпен  күрестегі  енжарлығы,  оған 

тәуелді  болуы  –  діни  елестер  мен 

сенімдердің,  пайда  болуының  көзі. 

Оның ойынша діни сенімдердің пай- 

да  болуының  екінші  бір  кезі  адам- 

ның  жан  дүниесінің,  оның  сана-

сезімінің  кейбір  ерекшеліктерінен 

туындайды.  Дүниедегі  ерекше  бір 

керемет – адамның өзі. Оның жаны, 

қабілеті,  ойлайтын  және  бәрін  біл- 

гісі  келетін  рухани  өмірінін,  зерт- 

телуі  аса  қиын  нәрсе.  Адамның  та- 

биғат күштерінен қорқуы – діни тү- 

сініктерінің  пайда  болуының  басты 

себептерінің  бірі.  Жас  сәбиге  ұқса- 

ған  алғашқы  адам  үшін  табиғаттың 

апаттары қанша қаһарлы болса да ол 

одан жасырына жан сауғалай алушы 

еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның 

өзінде  болды.  Өзі  сезінетін,  бірақ 

түсіне  алмайтын  сиқырлы  күштен 

қорқу,  үрейленуден  теріс  түсініктер 

туындады.

Шоқан казақ халқындағы шамандық 

ұғымдарды (ем, ұшық, сиқыр, арбау, 

кесір, кие, тіл тию, көз тию, ырым, т. 

б.) шығу тегін түсіндіргенде де онық 

психологиялық  жақтарын  ашқанда 

да  материалистік  позицияны  берік 

ұстады.  Ол  осы  ұғымдардың  адам 

баласының  ерте  кезде  табиғаттың 

алдында дәрменсіздігінен, оның сан 

қилы құбылыстарын түсінуге шама- 

сы  келмеген  кезде  пайда  болғанды- 

ғын,  мұның  дала  жұртының  ғылым 

мен мәдениеттен кенже қалғандығы- 

нан күнделікті тұрмыста әлде де сақ- 

талып  келе  жатқандығын  нақтылы 

мысалдар  келтіре  отырып,  тәптіш- 

теп  түсіндіреді.  Ғалым  діннің  гно- 

УӘЛИ

УӘЛИ


556

сеологиялық шығу тегін, тамырын ғы- 

лыми тұрғыдан түсіндіре алса да, оның 

әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеді.

Шоқан  психологияда  өзіндік  тео- 

риялық  тұжырымдар  ғана  жасап 

қоймай, өзін шын мәніндегі практик 

психолог  ретінде  де  көрсете  алды. 

Оған ғалымның жекелеген адамдар- 

ға  берген  сипаттамалары  жақсы  дә- 

лел.  Мәселен,  құлжалық  Тоғалдай 

деген  кісіге  берген  психологиялық 

сипаттамасында  былай  деп  жазды: 

«Тоғалдай сығыр қисық көзін үлкен 

көзілдірігімен  сәндеген,  қаршыға 

тұмсық,  арықтау  келген  қарт.  Оның 

аузы  сәл  қисық,  үстіндегі  ерні  үш 

бұрыш сияқты, ортасы үш бұрыштың 

төбе қиығындай да, ернінің екі шеті 

ерінге тіреледі..., қушиған сүйір иегі 

қылтанақсыз,  тап-таза.  Еріндерінің 

арасынан  онымен  тамаша  табысқан 

көгілдір-буырылдау,  кофе  түсті  сы- 

нық  тістері  көрініп  тұрды.  Жасына 

қарамастан, ол өте сөзшең екен, шұ- 

наңдап-ақ  тұр.  Үстіне  жібек  шапан 

киіп,  қара  белбеу  буынған,  оған 

темекі  дорба  мен  желдеткіш  ілген». 

Ал Шоқанның қытай қызына берген 

мінездемесі  де  тамаша!  «Бет  ажары 

бірқыдыру  сүйкімсіз  де  емес...  қою 

қара  шашы  артына  қарай  жиналып, 

сәнді  өрілген,  сүмбідей  өкшесіне 

түсіп  тұр.  Басына  әр  түрлі  көбелек- 

тер  мен  сүйкімсіз  бүршіктері  бар 

қолдан  істелген  гүл  шаншылған. 

Еріндеріне  далапты  қалың  жаққан 

және  ол  маржан  тасындай  қып-қы- 

зыл. Ол өзінің қысықтау көзімен бі- 

ресе жоғары, біресе төмен қарап, көз 

алдыңнан әсте кетпей қояды».

Осы үзінділердегі адам портреті сом 

күйінде  суретшінің  қыл  қаламымен 

полотнаға түсірілген бояулы суреттей 

бейнеленген.  Бұл  суреттемелер  өзі- 

нің  көркемдігімен,  адам  жанының 

нәзік  қырларын  көрсеткендігімен 

оқырманды бірден өзіне баурап ала- 

ды. Шоқан шығармаларында осы іс- 

петтес  психологиялық  бейне  жасау 

мол. Мәселен, Құлжадағы түрлі ұлт 

өкілдері  саудагерлердің  киген  киім- 

дері,  сырт  келбеттері,  нақты  істері 

мен сөздері, тіпті қолдарындағы зат- 

тары  мен  шылдырлаған  теңгелеріне 

дейінгі  ұсақ-түйектер  автор  назары- 

нан тыс қалмайды. Мұның бәрін біл- 

гірлікпен суреттеп беру тек адам жа- 

нын Жазбай танитын аса сезімтал пси- 

холог  кісінің  ғана  қолынан  келетіні 

белгілі.

Көркем очерк түрінде жазылған Шо- 

қан  күнделіктері  мен  жол  жазбала- 

ры – «Құлжа сапарының күнделігі», 

«Қашқария  сапарының  күнделігі» 

психологиялық  жағынан  құнды  дү- 

ниелер. Табиғатты көз алдыңа әкеліп, 

кісіні  қызықтыратындай  бейнелеп 

жазу,  бұларды  сол  өңірдегі  халық 

өмірімен,  жеке  адамдардың  қайта- 

ланбас  өзіндік  психологиялық  ерек- 

шеліктерімен  байланыстыру  шебер- 

лігі  жағынан  Шоқан  күнделіктері 

Байрон  мен  Лермонтовтың  Кавказ 

очерктерімен өте ұқсас және бұлар- 

дан еш кем түспейді, – деп жазды ака- 

демик Әлкей Марғұлан.

Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы- 

ның  түрлі  жақтарын  талдай  келіп, 

қазақ  арасындағы  кейбір  жағымсыз 

әдеттерді  де  мейлінше  сынап,  олар- 

дың психологиялық астарларына үңі- 

ліп,  осы  айтылғандарды  қазақ  қа- 

уымын  ілгері  бастырмай  келе  жат- 

қан  мерездер  деп  қарады.  Мәселен, 

УӘЛИ

УӘЛИ


557

осындай  кінәраттардың  бірі  барым- 

та екендігін, оны жұрттың көпшілігі 

баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әді- 

сі деп қате түсініп жүргенін баса айт- 

ты. Ол мұндай «кәсіппен» айналыс- 

қан  адамның  еңбекке  ынтасы  бол- 

майды, жан жүйесі жағымсыз, ұсқын- 

сыз келеді, – деп дұрыс тұжырымда- 

ды.  Осылайша  ол  жастарды  мұндай 

сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға 

шақырып, осынау жексұрын қасиет- 

тің  адамды  арамтамақтыққа,  ерін- 

шектікке итермелейтінін айта келіп, 

осы  жаман  әдеттің  сайып  келгенде 

қазақ  даласында  түрлі  кәсіптің  да- 

муына  кедергі  келтіретініне  тоқтал- 

ды. Шоқанның психологиялық пікір- 

лері  осы  айтылғандармен  шектел- 

мейді,  оның  мол  рухани  мұрасында 

жан сырлары туралы басқа да түйінді 

ойлар баршылық.



УзНАДзЕ  ДМИТРИЙ  НИКОЛАЕ- 

ВИЧ (1886-1950) – грузия психоло- 

гиялық  мектебінің  негізін  салушы, 

академик.  Бағдар  теориясының  ас- 

тары,  сана  мен  бейсаналықтың  бір- 

лігі,  саналығы  төмен  күңгірт  құбы- 

лыстардың  өзіндік  ерекшелігін  көр- 

сеткен. Сана мен саналардағы төмен 

психикалық  құбылыстардың  бірлі- 

гін,  яғни  әрқайсысының  өзіндік 

ерекшелігін атаған. Еңбектері: «Жал- 

пы психология» (1940), «Бағдар пси- 

хологиясының  тәрбиелік  негізі» 

(1949)  т.б.  Бағдар  теориясының  мә- 

ні  мына  төмендегі  қарапайым  тәжі- 

рибеден  жақсы  байқалады.  Салма- 

ғында  айырмасы  бар  екі  шарды  қо- 

лымен  10-15  рет  ұстап  көрген  адам 

бұлардың  айырмашылығын  оп-оңай 

сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы 

бірдей екі шар берілгенде де ол бұ- 

ларды  бұрығысынша  екі  түрлі  деп 

қабылдайды.  Тәжірибенің  негізігі 

мәнісі де осында.

Салмағы  бірдей  екі  шарды  осылай- 

ша  теріс  қабылдауы  (иллюзия)  – 

оның  алдыңғы  қабылдауындағы 

субъективтік  жағдайына  байланыс- 

ты туған. Мұндайда адамның зейіні 

қабылдайтын заттың өзіне емес, сол 

зат  туғызатын  сезімге,  көңіл  күйіне 

ауып кетеді. Осы тәжірибеде де бір- 

біріне тең шарларды аңғармай, қате 

қабылдау  осындай  жайттан  туған, 

яғни  адамның  қажеті  мен  мақсатны 

жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағ- 

дар деп аталады. Мұндай жағдайды 

күнделікті өмірде де жиі кездестіру- 

ге болады. Мәселен, бірінші сынып 

оқушылары үшін мұғалім қай жағы- 

нан да аса беделді адам. Оның ақ де- 

гені ақ, қара дегені қара. Сондықтан 

да олар кейде кейбір мұғалімдердің 

теріс  өнегелерін  де  олар  талғамай 

қабылдай береді. Оқушылардың мұ- 

ғалім  жөніндегі  бір  жақты  пікірі  – 

осының жақсы көрінісі.



УОТСОН ДЖОН (1878-1958) – аме- 

рика  психологі,  бихевиоризмнің  не- 

гізін  қалаушы.  Ол  психологияны 

объективтік  сипаттағы  жаратылыс- 

тану ғылымының қатарына жатқызып, 

мұндағы  интеропективтік  (субъек- 

тив-тік) бағытты санайды. Жануарлар 

мен  адамдарда  артық  стимул  және 

реакция (S-R) психологияның негізгі 

объектісі,  яғни  әртүрлі  стимулдар 

(тітіркендіргіштер)  тиісті  жауап 

реакциясын  тудырады  деп  сана  фе- 

номенін  мойындамайды.  Оның  пси- 

хологиялық  көзқарасының  қалып- 

тасуына И.П.Павловтың шартты реф- 

лекстер  теориясымен  В.М.Бектерев- 



УзНА

УОТС

558

тің  рефлексологиялық  концепциясы 

әсер  еткен.  Негізгі  еңбектері:  «Би- 

хевиоризм  тұрғысын-дағы  психоло- 

гия» (1913), «Психология мінез-құлық 

туралы ғылым» (1926) т.б.



УШИНСКИЙ  КОНСТАНТИН 

ДМИТРИЕВИЧ (1824-1870) – орыс 

педагогикасы мен психологиясының 

аса  көрнекті  өкілі.  Ресейдегі  педа- 

гогикалық  психологияның  негізін 

қалаушы.  Тәлімгер-ғалым  өзінің 

қысқа өмірінде әлемдік тәлім-тәрбие 

психологиясына  өлшеусіз  үлес  қос- 

ты.  Ол  өз  еңбектерінде  адам  тұлға- 

сының жан-жақты дамуы, оны тұтас- 

тай жетілдіру, шәкірт жан дүниесінің 

қалыптасуында  ана  тілінің  ерекше 

орын  алатыны,  мінезді,  сезім  мен 

эмоцияны дамытуда дағды мен әдет- 

тің  рөлі  ерекше  екендігі  (ғалым  бұ- 

ларды «жартылай рефлекс» деп атай- 

ды),  әсіресе  жас  ұрпақтың  адамгер- 

шілік  әдеттерін  қалыптастыруды  өз 

еңбегінің  негізгі  арқауы  етті.  Не- 

гізгі  еңбектері:  «Адам-тәрбиенің 

нысанасы»  1860,  «Балалар  әлемі», 

«Ана тілі» т.б. орыс халқының ұлттық 

патриотизміне негізделген еңбектері 

Кеңес  Одағы  кезінде  әрқайсысы  қа- 

лың-қалың 11 том болып шықты.

Қазақстанда К.Д.Ушинский мұрасын 

алғаш зерттеп, оған талдау жасап, тиіс- 

ті  бағасын  берген  академик  Т.Т.Тә- 

жібаев болды. Ол өзінің «К.Д.Ушин- 

ский және Ресейдегі педагогикалық-

психология» атты диссертациясында 

Кеңес одағы тарихында бірінші болып 

көтерген  болатын.  Оның  Ушинский 

туралы  зерттеулері  Қазақстандағы 

педагогикалық психология саласын- 

да  жүргізілген  зерттеулерге  ұйытқы 

болды,  қорғалған  диссертациялар 

мен  жарық  көрген  монографиялар- 

да  Ушинскийге  сілтеме  жасамаған 

ғалымдар  өте  аз.  Өйткені  сонау  өт- 

кен  ғасырдың  30-жылдарында-ақ 

К.Д.Ушинскийдің психологиялық ең- 

бектерін белгілі ғалымдар (Ананьев, 

Гальперин, Корнилов, Костюк т.б.) аса 

жоғары бағалаған еді.



УШИН

УШИН

559

ҰҒЫМ  –  дүниені  танып-білу  саты- 

сындағы  белгілі  бір  тұтастықта  қа- 

растырылып  отырған  заттың  мәнін 

оның қалыптасу тәсілін анықтау ар- 

қылы  олардың  теориялық  танымы- 

ның  формасы.  Білімдердің  дамуы 

негізінен  алғанда  Ұ.-ның  тереңдей 

түсуінен  (берілген  нәрселер  жайлы) 

бір  Ұ.  -нан  нәрселердің  әлдеқайда 

тереңірек  мәнін  көрсетіп  олардың 

әлдеқайда дәл бейнеленуі болып та- 

былатын басқа Ұ.-ға өтуінен көріне- 

ді.  Ұ.  белгілі  бір  тілдік  формаларда 

бейнеленіп, тілдің соған сәйкес сөз- 

дік мәнін (маңыз бен мән) құрады.

Ұ.-ның  бір  логикалық  функциясы 

практикада  және  танымда  бізге  ке- 

ректі нәрселердің қайсыбір белгілері 

бойынша ойша бөліп көрсету болып 

табылады.  Осы  функциясының  ар- 

қасында Ұ. сөздерді белгілі бір нәр- 

селермен  байланыстырады,  ал  бұл 

сөздердің  дәл  мәнін  анықтап,  ойлау 

процесінде  оларды  қолдануға  мүм- 

кіндік  береді.  Нәрселердің  класын 

бөліп  алып,  бұл  нәрселерді  Ұ.-да 

жалпылау  табиғат  заңдарын  танып 

білудің  қажетті  шарты  болып  та- 

былады.  Әрбір  ғылым  белгілі  бір 

ұғымдарды  қолданады,  оларда  сол 

ғылым  жинақтаған  білімдер  топтас- 

тырылады (тұжырымдалады).

Ұғымның  қалыптасуы,  бейнелен- 

дірудің сезімдік формаларынан оған 

өтуі күрделі процесс: мұнда дүниені 

танудың салыстыру, талдау мен син- 

тез,  абстракциялау,  идеализациялау, 

жалпылау  сияқты  әдістері  және  ой 

қорытындысының айтарлықтай фор- 

малары қолданылады. Бұл жағдайда 

ғыл. Ұ. көбінесе алғашында тек қай- 

сыбір объектілердің өмір сүретіндігі 

жайлы және олардың табиғаты тура- 

лы  шартты  болжаулар  негізінде  құ- 

рылады  (Мысалы,  атом  Ұ-ны  осы- 

лайша пайда болды). Заңдарды, даму 

заңдарын,  бағытын  танып  білудің 

негізінде  кейбір  нәрселер  жайлы  Ұ. 

нәрселердің  өздері  пайда  болғанға 

дейін  қалыптасуы  мүмкін.  Сөйтіп 

Ұ.-ның  қалыптасуында  ойлаудың 

белсенділігі  мен  жасампаздық  си- 

паты іске асады, бірақ құрылған Ұ.-

ды  ойдағыдай  пайдалану  олардағы 

объективтік  шындықтың  дәлдігіне 

тәуелді болып табылады.

Кез  келген  Ұ.абстракция  болатын- 

дықтан ол шындықтан алшақтап ке- 

тетін  сияқты  болып  көрінеді.  Түсі- 

ніктерден ұғымға көшу секіріс. Бел- 

гілі  бір  зат  туралы  әртүрлі  абстрак- 

тылы  түсініктердің  синтезі,  бірлігі 

нақты  ұғымды  береді.  Оның  таным 

үшін маңызды өте зор. Шынына кел- 

генде Ұ.ның көмегімен шындықтың 

мәнін ашып, маңызды жақтарын бө- 

ліп алып, зерттеу арқылы оны әдеқай- 

да  тереңірек  танып  білу  іске  асады. 

Оның  үстіне  және  Ұ.  толық  бейне- 

ленбейтін ұғымдар жиынтығы арқы- 

лы белгілі бір дәрежеде толық көрі- 

нуі  мүмкін.  Шындықтықты  мүмкін- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет