Қ. ЖҰбанов атындағЫ


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата17.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#108248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
A.Baitursinov

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
НАҚЫЛ СӨЗДЕР. 
Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мəселeлерді 
терең ете дəл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа 
қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, 
көркемдік дəрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы 
данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз 
жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, 
сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ 
əдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, өнегеге 
айналған шақтан бері қалыптасқан.

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр, 
Жақсылығы өзiнен артылмаған… 
Бəрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп, 
Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған. 


8

Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, 
үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса. 

Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы 
үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. 

Бала бастауыш мектепте бар пəнді тек ана тілінде 
ғана оқуы керек. 

Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста 
сықылды, не істесе де келістіріп істейді. 

Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы болуы 
керек. 

Жастардың оқу-тəрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі 
түзелмейді. 

Қандай 
сəулетті 
сарайлар 
болсын, 
қандай 
сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай əдемі 
əн-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, 
таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан 
келмейді. 

Біз əуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден 
бастауымыз керек. 

Жақсы əліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей 
тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, 
солбырап, тұрған кең киім сияқты артық əріптері 


9
көп əліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тəніңді 
құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты 
əрпі кем əліпби қолайсыз болады. 

Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің 
тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету 
керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі 
жоқ нəрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс. 

Əліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына 
арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл 
дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дəл 
келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай 
болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға 
қолайлы болса, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы. 

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша
қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін 
түйгенінше айтуға жарау. 

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын 
қаруының бірі. 

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. 

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың 
ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. 

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де 
сондай керек. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет