Қ. К. Кеулшжаев н. А. ҚУдайбергенов бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері


,2* Бухгалтерлік есептің принциптері



бет7/10
Дата10.03.2023
өлшемі52,68 Kb.
#72816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2,2* Бухгалтерлік есептің принциптері
Кез келген ғьшымньщ, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заддылық. Латынтілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағьшан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру түжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу қүралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі бары- сьшда оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай бірікгіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
• есептеу;
• үздіксіз (ұдайы);
• түсініктілік;
• мэнділік;
маңыздылық;
• сенімділік;
• әділетгі эрі тура көрсету;
• бейтараптьщ;
• сақтық;
• толықтылық;
20 Бухгалтерлік есеп теориясы ясэне негіздері yt-,. -12-тарау. Бухгалтертк есептің тұжырымдсталары... 21

• салыстырмалық;


• дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылың, сенімділік жэне салыстырма-
лық деп аталатын төрт принцип - бухгалтерлік есептегі ақпаратгық мәліметтерінің негізгі, еонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпаратгық мэліметгері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мэліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпаратгьщ мэліметтерді жэй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес түлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратгы пайдаланушы тұлғалар бұл мэліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылыц принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мэліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
■ алдағы уақытгағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
• бүрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
1) Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пай- дал анушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешікгірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
2) Болжамның қүндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараггық мэліметгер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

3) Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң эсер етуі қажет.


Сенімділік принципі
Берілген ақпаратгық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалыц принципі
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мэліметгері (қаржылық есебі) өткен уақытгардағы мэліметтермен са- лыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
Сацтыц принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цңфрлар кэсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) жэне пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да эрбір әріптің жэне цифрдың дурыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принципі
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мэнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпаратгары пайдалану- шылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмектесуі керек.
Бейтараптыц принципі
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға эсер ететін болса онда ондай ақпаратгар бейтарап
22 4 Бухгалтерлік есеп теориясы жэне негіздері

болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметгер бол- маған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.


Әділетті эрі тура көрсету принципі г ■
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мэліметгерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы жэне ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты эрі әділетгі ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Толыцтылыц принципі
Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпаратгық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді жэне шыққан шығынға қарай олар мэвді болуы қажет. Мәліметгің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңцап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекгі түрде қолдануы қажет.
'ЛіЬ.У ШМШШЧ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет