Қ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жетекшісі: Абильдабекова Галия Отанбаевна Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті


Ыбырай Алтынсарин шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі



бет4/8
Дата30.09.2022
өлшемі57,85 Kb.
#40921
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі
Қай заманда болмасын адам алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал саналы ұрпақ қоғамда өзінің білімімен қатар адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталатыны бәрімізге аян. Міне, осындай адами қасиеттерді бала бойына қалыптастыруды негізге алып, сол жас жеткіншектерге тұңғыш рет қалам тербеген ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туындыларында, әсіресе, білімділік пен адамгершілік, еңбекқорлық пен қажыр-қайраттылық біртұтас өріліп отырады.
Яғни, Ыбырай Алтынсарин адам тәрбиесіне қажет, ғибраты мол әңгімелерінде сабырлылық, төзімділік, мейірімділік, қанағат, әділеттілік қасиеттерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай қысқа да нұсқа, қисынды, шебер әңгімелейді. Әңгімелерінде адам баласы бастан кешер тіршілік сабақтары әр қырынан алынып отырып өріледі.
Ағартушы Ы.Алтынсарин адамгершiлiктiң мынадай 7 қасиетін атап көрсетеді:
1. Имандылық.
2. Жоғарғы әдiлдiк.
3. Адалдық, ақкөңiлдiлiк
4. Сыпайылық, момындық.
5. Адал ниетпен өсиет беру.
6. Жомарттық, қайырымдылық.
7. Дұрыс заңдылық [2,266]. Яғни, жас ұрпақтың – ақыл-ойын, сезiмiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуiне барлық ынтасымен кірісе отырып, өзінің туындыларын сол бағытқа арнайды.
Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі идея – адамды тіршілікпен үйлесімді өнегелі, өкінішсіз өмір сүруге дағдыландыру, баулу. Ұлы педагог ненің жайын айтқанда да құрғақ уағыз емес, жанды әрекет, қызу әңгіме, ұтымды, тапқыр шешім, ұғынықты тіл арқылы айшықтап ашады. Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті үлгілерінде бұрыннан бар алайда мұндағы негізгі мақсат көшпелі өмірдің талап-тілектері төңірегінен аса адамгершілікке, бауырмалдылыққа, адал еңбек пен әділдікке, сабырлылыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Яғни, Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез құлыққа тәрбиелеу болып келеді.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар мен рухани мұраның орны ерекше. Жаһандану кезеңінде өзегінде адами қасиеттер жатқан Ыбырай әңгімелері аса қажет. Ағартушы қазақ халқын өмірге бейімделе білуге, сонымен қатар ақылды сараптауға, жақсылық пен жамандықты ажырата білуді әңгімелері арқылы айтты. Мысалы: «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», әңгімелерінде адал еңбек пен адалдықты дәріптейді. «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстанады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Яғни, бұның астында адал еңбек түбі тек жақсылыққа апаратыны туралы ой жатса керек.
Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол ''Әке мен бала'' әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың'' секілді жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейітқұлда'': ''Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендік үлгіде сөйлейді. 
Ыбырай әңгімелерінің кереметтілігі сонда ондағы келтірілген кейіпкерлердің әйтсе де бүгінгі қоғамда кездесуі. Мысалы, оған дәлел «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі өзге шығармаларынан тәлім-тәрбиелік сипаты жағынан жеке дара тұр деп айта аламыз. Жазушының осы бір әңгімесі талай ұрпақтың зердесінде жатталып қалды. Мұнда жазушы бай баласы Асан мен кедей баласы Үсенді басты кейіпкер етіп ала отырып, әлеуметтік мәні зор ірі мәселеге назар аударады. Баланың қалыптасуына орта мен отбасының әсер ықпалын ашып көрсету арқылы мән-мағынасы үлкен қорытынды жасайды. Жоқшылық көрмей өскен бай баласының қиын сәтте икемсіздігін, ал кедей баласының еңбексүйгіш, қиын сәтте икемділігін нанымды етіп сипаттайды. Сол арқылы өмірдің қиын екендігін аңғартады. Асан әңгімеде долайрық көрінсе, оның логикасы бірден тұйықталады. Ал Үсен оған қарап тұрып ойланады. Малдың жас тезегін көреді, жүріп өткен көштің ізін байқайды. Жанындағы серігін ертіп, алға бастайды. Қолды да, жолды да сол бастайды.
Осы әңгімені оқи отыра бүгінгі Асан мен Үсендер еске түседі. Бауыржан Омарұлы бұл туралы тамаша мақаласында талдап жазған. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда Үсендер азайып, Асандар көбейіп барады. Еңбекке икемді, өмірдің қиыншылығына төзе білетін, одан шығу жолын табатын Үсендер аз. Абай айтқандай «жұмысы жоқ, тамағы тоқ» Асандар жетіп артылады. Ал, Үсен сияқты балаларды Асанға үлгі тұту, Асанды өмірге бейімдеу ол бүгінгі ұстаздардың парызы. Екінші мәселе, жеткіншектердің бойындағы асыл қасиеттердің бірі қайырымдылықтың жұтаңдауы. Ыбырай Алтынсариннің көрегендігі мен данышпандығы сонда, адамдарды мейірімсіздіктен сақтандыру үшін көп әңгімелерін соған арнады. Мысалы, «Аурудан аяған күштірек» әңгімесі. Баласының анасын аяғандығы мейірімділік болса, өз күнін өзі көре алатын ата-аналарын қарттар үйіне апарып тастау тас бауырлық емес пе?! Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы...» деп айтқандай білімді игертпес бұрын балаға алдымен саналы тәрбие беру керек. Ал, саналы тәрбие өзегі адами қасиеттердің бала бойында көрініс табуында. Білімді ұрпақ бойында мейірімділік сияқты қасиеттер болмаса, олардың алған білімі ел ертеңіне қауіп төндірмесіне кім кепіл?! Жаһандану заманында интернетпен қоректеніп өсіп келе жатқан бала ертеңгі ел тірегі, рухани толық тұлға бола ала ма? Жоқ... өкінішке орай, техника ғасыры бізге жеті түрлі өнер үйретсе де, ұлттық құндылық пен рухани байлықты, сайып келгенде адами қасиеттерді дарыта алмасы хақ. Мағынасы тереңде, ойға ой қосатын шығармаларды оқыту арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеуге болады. Ал, әдебиетте адами қасиеттерге тұнып тұрған Ыбырай әңгімелері десек, қателеспейміз. Адамгершілік іспетті ізгі қасиеттерді дамытуда Ыбырай әңгімелерінің құндылығы басым. Шығармаларының қайнары оның халық тұрмысынан яки шындықтан алшақтамаған. Адам әрекеттерін болмысына сәйкес бейнелеп суреттеуде негіз етіп сол адами бағытты ұстанған. Түпкі өзек етіп «адам» болуды алған. Демек, Дала қоңырауының адами қағидалары бала тәрбиеулеуде біздің басты міндетімізге айналуы тиіс. Бүгінгі ұстаз Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін оқу арқылы ғана саналы, ел ертеңін ойлайтын, бауырмал, патриот азамат тәрбиеленеді.

  • Табиғатты қорғауға байланысты жазылған «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты əңгімесінде [1; 67] балаларға қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатындағы «обал-сауап» ұғымының мəнін түсіндіріп, экологиялық түсініктерін қалыптастырады;

  • «Асыл шөп» деген əңгімесінде [1; 70] Злиха мен Бəтима дейтін екі кішкене қыздың оқиғасын өрбіте отырып, «Сабыр түбі — сары алтын» екенін əңгімелейді;

  • «Петр патшаның тергелгені» атты əңгімесінде Петр патша өз қателігін мойындап, сот алқасының əділ үкіміне риза болып: «Законға мен мұнша көнгенімде, бөтендер көнбестік етуді ойынан шығарсын!» [1; 103] — деп бұйырыпты. Бұл қарапайым əңгіме кез келген оқырманға əділеттік туралы ой салады;

  • — «Əке мен бала» əңгімесінің арқауы — «Аз қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың» [1; 70] деген нақыл сөз;

  • «Мақта қыз бен мысық» атты əңгіме [1; 132, 133] əлем балалар əдебиетінің үздік үлгілері қатарында тұруға лайық дүние: қысқа-қысқа баяндау үлгілері, екеуара сөз қағысу, авторлық қыстырма шығармаға жинақылық, жедел даму дарытады;

  • – «Лұқпан Əкім» [1; 92, 93], «Надандық» [1; 108–112], «Киіз үй мен ағаш үй» [1; 113–115], «Дүниеде жамандық неден?» [1; 133–135] деген шығармалар қоғамдық өмірдің əр түрлі жайларына арналған. Бұларда автор сол дəуірдің елеулі мəселелерін көтерді, надандық бұлты басып келген халықтың санасын оятып, көкірегін ашуды көздеді;

– «Түлкі мен ешкі» [1; 77], «Жəнібек батыр» [1; 82, 83], «Баланың айласы» [1; 88, 89], т.б. осылай жалғаса беретін əңгімелер топтамасында Батыс пен Шығыстың əдеби үлгілерінің ең татымды тұстарын алып, кейбіреуін тəржімалап, кейбіреуін ықшамдап баршаға түсінікті етіп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет