Қ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жетекшісі: Абильдабекова Галия Отанбаевна Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті



бет7/8
Дата30.09.2022
өлшемі57,85 Kb.
#40921
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды
Ыбырай «Бір аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!» – деген өлеңінде адамзатты білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді.[5, 134 б.] Өмірде сарқылмас мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей – жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.  
Ы.Алтынсарин еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре біледі. Сондықтан оның көптеген әңгімелерінің идеясы Абай айтқандай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегінде топтасқан. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген. Ыбырай қазақ балалары үшін ең алғашқы мектепті ашқан ағартушы. Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра.
Ыбырай Алтынсарин - өз халқының талантты ұлы, ұлт мақтанышы. Ол қазақ халқының мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты, оның еңбектері мен барлық шығармашылығы тарихымыздың алтын қорына еніп, кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды. Ол қазақ халқының жадында игі істерімен ұлы тұлға болып қалды. Мен оның шығармалары, аудармалары әр оқырманға қолжетімді болғанын, сирек мұрағаттық материалдарының жарияланғанын қалаймын, ал жас ұрпақ талантты ақын мен аудармашының жұмысын ризашылықпен зерттей отырып, оның шығармаларынан үлгі алса екен деймін. Алтынсариннің қазақ халқына білім беру тарихындағы маңызы өте зор. Біз Алтынсаринге оның алғашқы халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерінің алғашқы ұйымдастырушысы және қазақ халқының ортасынан шыққан алғашқы теоретик-педагог ретіндегі қызметі үшін құрмет көрсетеміз.

Ұсыныстар:
1. Ыбырай тағылымы тек оқушыларды ғана емес, сонымен қатар, бүкіл адамзат баласын тәрбиелейтін бірден-бір құрал болғандықтан оқу қабинеттеріне, мектеп ішіне, тіпті көшелердің көрнекі жерлеріне небір ағылшынның, орыстардың неше түрлі жарнамаларын іліп қойғанша, ақынның:
1) " Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады ".
2) Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
3) Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
4) Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз..
5) Байлық — қанағат пен еңбекте


2. Ыбырайдың релисттік әдіспен жазылған өлеңдерін әр бір әдебиетші мұғалім "Ыбырай мұрасы", "Ыбырай прозасы" деген сияқты дәптер бастатып, күнделікті немесе тәрбие сағаттарында жаздырып отырса, баланың әдеби тілмен сөйлеуіне ықпалы болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет