Қ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жетекшісі: Абильдабекова Галия Отанбаевна Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті



бет5/8
Дата30.09.2022
өлшемі57,85 Kb.
#40921
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8
Ыбырай Алтынсарин - реалист
Қазақ әдебиеті тарихында көркем жазбапрозалық шығармалардың негізін салған Ыбырай Алтынсариннің портрет жасау шеберлігі, кейіптеу, мінездеу тәсілдері - 20 ғасырдағы шығармашылық шеберліктің жаңа бағыттарын танытатын көркем әдіс түрлері.
Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған әңгіме, новеллаларының табиғаты ұзақ баяндау, кең суреттеуді көтермейді.Аз сөзбен сурет салу, бір ғана деталь арқылы жеке мен жалпының болмысын ашу сияқты шеберлікті Ыбырай Алтынсарин шығармаларынан аз кездестірмейміз.Ыбырай шығарманы қалай жазуды мақсатты түрде үйренген, алайда құр еліктеу жанды шығармаға жұрнақ та бола алмайтыны белгілі.Асылы, Ыбырай Алтынсаринде жаратылып дарытқан үлкен қаламгерлік қуат болған.
«Көркем творчество болмыстың танып білудің және өзгерудің адам баласының ұзын сонар тарихи тәжірибесінен туған бір негізгі идеологиялық қаруы, обьективті мәні бар құрал екендігі аян. Суреткер құбылыстарды іріктеп, сұрыптап, жинақтап барып шығармаға арқау еткенде, белгілі принциптерді, амалдарды басшылыққа алмақ. Бұл ретте, шындықты терең әрі жан-жақты қамту басқа факторларды былай қойғанда, ең алдымен жазушы талантына һәм дүние-танымға сабақтас.
Көркемдік ойлаудың типі болып табылатын творчестволық әдіс бір жазушының тәрбиесін де, сонымен қатар, тарихи дамудың белгілі дәуіріндегі тұтас бағытты да сипаттай алады.» – деген Рымғали Нұрғалидің пікірі Ыбырай Алтынсариннің де жазушылық еңбегінің бар тарихи мәнін ұғындыратын сияқты. Р.Нұрғали айтқан көркемдік процесс заңдылығынан, тарихи қажеттіліктен, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдық дамудың әсерінен обьективті түрде туды.
Ыбырай Алтынсариннің заманы - дәстүрлі көркемдік әдістердің ауысқан, болмысты игеру көкжиегінің кеңейген тұсы.Жаңа әдеби ағымның арнасы айқындалған уақыты.Сол арнаны салуға Ыбырай өзінің шығармашылық әдіс-тәсілін, жазудағы мәнер-машығын жұмсады.
Әдебиет теориясы, әдебиеттану ғылымында өмірді көркем суреттеудің түрлі әдісі туралы ондаған пікір, тұжырым бары белгілі.
Көркемдік әдістің бірі- реализмнің пайда болуын да әдебиет зерттеуші ғалымдар қилы негізде түсіндіріп отырды.
Н.Конрад, Д.Благой сынды ғалымдар әдебиеттегі нақты реализмді 20 ғасыр аяғындағы Европа романшыларының туындыларынан бастау алды десе, С.Петров реализмді әдіс есебінде танытатын бірнеше белгіні атап көрсетеді.
Ол-адамды бейнелеудегі жан-жақтылық, әлеуметтік және психологиялық факторлар, тарихи таным.Енді бір ғалымдар реализмді образдың шынайлылығымен, суреткер мұратының шынайлылығымен, тіршілік құбылыстарын арқау етумен байланысты қарастырады.
Көркем-эстетикалық талғам, талаптар тұрғысынан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармалары реализм шарттарының, барлығына жауап бермейтіні даусыз.Ыбырайдың әңгімелерінде жан-жақты бейнеленген адам тұлғасы, терең психологизм, болмыс шындығы, т.б. тұтас, мінсіз көркемдік шешім тапты дей алмайсың.
Алайда бұл әңгімелерде балалар прозасының ерекшеліктері айқын, қысқа, қызықты сюжет,жалықтырмайтын серпінді құрылым- Ыбырайдың әлем балалар әдебиетінің озық үлгілерінен, әсіресе орыс жазушыларынан үйренген, сіңірген шеберлігі.Жалпы, Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі идеалға ұмтылу мәнінен келгенде, ол шығармалардың романтикалық әдіске тән сипаттары да жоқ емес.Сюжеттің шарттылық, кездейсоқтыққа құрылуы, әлдеқандай жаңалық, өзгеріске шақыру сияқты романтикалық әдіс элементтерін Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлері көбінесе қалыптағы адамдардан өзгеше, ерекше, үлгілі кейіпкерлер болып келіп отырады.Жалпы мазмұн, идея, тақырып жөнінде романтикалық бағытты ұстанған Алтынсарин кейіпкер, табиғат, уақиға көріністерін суреттеуде таза реалистік көркем шешімдерге табан тірейді.
Ы.Алтынсарин туған табиғаттың суретін шебер жырлаған. Өзіндік үндестік, үйлесим заңдылығымен табиғаттың үні мен болуына таң қалмаған ақын кемде-кем шығар.
Ы.Алтынсариннің жанына мәңгі жақын-дала табиғаты, ел көрінісі, ауыл келбеті. Әсіресе, жаз мезгіліндегі дала оны қатты тебірентеді. «Жаз» өлеңінде табиғат көрінісі халықтың өмірімен астасып жатады.
Ыбырай бұл өлеңде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап, даланың хош иісі адамды керемет рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңнің тамаша картинасын жасайды. Өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге нәрін ұсынады.
Жаз адамға қуаныш сыйлайды. Алтынсариннің көреген көзі жас сәбидің желкілдеп өскен көк майсада сайран салуын, керуен жолына әсемденіп, көңілдері көтеріңкі әзілдері жарасқан әйелдерді, таң сәрідегі ғашықтардың айырылысуын аңғарады.
Ы.Алтынсарин – табиғатты жіті бақылаушы ғана емес, әсем суреттей білетін реалист ақын. Ол – өмір жайлы көп толғанатын, өмірдің мәңгілік жаңаруын, жаңғыруын күтетін философ, ақын.
Ақынның көз алдындағы табиғат – ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек «Жаз» өлеңінен ғана емес, «Өзен» өлеңінен де көруге болады. Бұл, бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір ағысының мәңгілік бейнесі:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.
Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.
Табиғат әлемінің әр алуан сұлу да, көркем көріністерін баланың көз алдына келтіріп, көңіліне эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет