• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі



бет4/26
Дата07.01.2022
өлшемі104,84 Kb.
#20323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Новые

3.Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.

Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында
жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.
80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.

25 билет


1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.
АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны,  әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 62б )
Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Ал педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге
негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды.
Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда oсы білімдер oперациялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен лектронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.АКТ-ның мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды: Ақпараттық, бейнелік-дыбыстық анықтамалар арқылы білімін одан әрі жетілдіреді, дамытады:
1. Өз бетінше түрлі  тапсырмаларды орындайды;
2. Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
3. Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
4. Ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілеті дамиды ;
5. Өз ойын сызба , кесте , түрінде жеткізеді ;
6. Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды ;
7. Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді. (Математика және физика журналы)  АКТ ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, интербелсенді тақтаны қолдануға,  оқу барысында компьютерді пайдалануға,   интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. АКТ-ның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ойы қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Қорыта  келе пәндік білімді ақпараттық  технологиямен
ықпалдастыру арқылы уақыт  үнемдеуге, көрнекілік ретінде қолдануға, ғаламтор көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтер алуда тиімділігі көрінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет