АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ
78
Б.А. Төлепбаев Қазақстанның кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі өкілді және
сайланбалы органдардың жұмысына белсене араласып, ҚазКСР
-
і Жоғарғы Кеңесінің
10 шақырылымының депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 (1990) және 13 (1994) шақыры
-
лымдарының депутаттығына үміткер ретінде ел тарихында қалды.
Тәуелсіздік кезеңінде қоғамдық
-
саяси жұмыстарға белсене араласып, Қазақстан КП ОК
бірінші хатшысы (қазан 1994 ж. –
сәуір 1996 ж.) қызметін атқарды.
Б.А. Төлепбаевтың ел алдында атқарған қызметі мемлекет тарапынан жоғары баға
-
ланып, ол «Құрмет белгісі» (1957), Ленин (1981), Еңбек Қызыл Ту (1976), Ұлы Отан
соғысының 1 және 2 дәрежелі, «Парасат» (2006) ордендерімен, Өзбек КСР
-
і, РКФСР Жо
-
ғарғы
Кеңестерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бәйдібек Ахметұлы –
ҚазКСР
-
інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағының иегері.
Оның ұзақ жылдардағы ғылыми жұмысы «Осуществление аграрной политики в рес
-
публиках Средней Азии и Казахстана» (1967), «Торжество ленинской идеи социалистиче-
ского преобразования Средней Азии и Казахстана» (1975), «Социалистические аграрные
преобразования в Средней Азии и Казахстане» (1983), «Д.А. Кунаев –
выдающийся госу-
дарственный и политический деятель» (2006 г. автормен бірігіп) ғылыми монографияла-
рымен қорытындыланады. Ғалымның «Аграрные преобразования в республиках Совет-
ского Востока» монографиясы араб тілінде, «Социалистические аграрные преобразова-
ния в Средней Азии и Казахстане» монографиясы ағылшын тілінде жарық көрген.
КСРО тарихшыларының Ұлттық комитетінің, МХР ҒА Тарих институты мен Социа
-
листік елдердің ҒА халықаралық проблемалық комиссиясының монғол бөлігінің Б.А. Төлеп
-
баевты Тарих ғылымдарының халықаралық ХVI конгресінің (Штутгарт қ., ГФР), халықара
-
лық ғылыми конференция жұмысына, Тарих ғылымдарының халықаралық ХVIІ конгресіне
(Мадрид қ., Испания) қатысуға шақырған хаттары аталған тарау құрамына енгізілді.
Б.А. Төлепбаевтың хат алмасуларының ішінде КСРО ҒА Әлем экономикасы және
халықаралық қатынастар институты директорының, КСРО ҒА вице
-
президенті, академик
П.Н. Федосеевтің, Өзбек КСР
-
і ҒА корреспондент
-
мүшесі Р.Х. Аминованың және т. б.
ғалымдардың
Б.А. Төлепбаевқа жолдаған кітаптары, монографиялық еңбектің тараула-
рына қажетті деректерін бергені үшін алғыс білдірген, Алматыдан шыққан кітапты жіберуді
сұраған хаттары, «Новости» баспа агенттігінің, Шымкент облыстық тарихи
-
өлкетану
му
-
зейінің басшылығының Б.А. Төлепбаевқа кеңес және поляк ғылымындағы, техникасы мен
мәдениетіндегі белгілі тұлғалар туралы өмірбаяндық жинаққа енгізу, атақты жерлестер
айдарына пайдалану үшін өмірбаяндық деректерін жазып жіберуді сұраған хаттары,
Г.И. Желтованың Б.А. Төлепбаевқа оның өмірбаяны жарияланған «Биобиблиографиче-
ские очерки» кітабын жібергендігі туралы хаты бар. Т.М. Фамилоэ, Г.И. Зинченконың
құрлықтағы
көліктің дамуының экономикалық және әлеуеттік нәтижелері туралы кітаптың
Ұлыбританиядан
шығатындығы және авторлық данасының жіберілетіндігі, Б.А. Төлеп
-
баевтың «Аграрные преобразования в республиках советского Востока» кітабының араб
тіліндегі нұсқасының Йемен Халық Республикасында үлкен сұранысқа ие болғандығы ту-
ралы жазған хаттары қазақ ғалымдарының кеңестік дәуірде шетелдерде жариялануын
зерттейтін ғалымдар назарын аударатыны сөзсіз.
Мемлекеттік және ғылыми қызметін айғақтайтын құжаттардан тұратын істерде
Б.А. Төлепбаевтың Қазақстан КП ОК, ҚазКСР
-
і Министрлер Кеңесінің басшылығының
атына жазған Әбу Насыр Әл Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеу бойынша жүргізіліп
жатқан жұмыстар, «сталиндік кезеңдегі» Қазақстан тарихының зерттелуі жөніндегі айтыл
-
ған
пікір туралы баяндау хаттары, З.Б. Қаратаеваның Д.А. Қонаевқа әкесі Б. Қаратаевтың
қоғамдық
-
саяси қызметіне дұрыс баға берілуін, оның еңбектерінің жарыққа шығарылуын
сұраған хаты, Б.А. Төлепбаевтың Египет, Жапония, Монғолия және т. б. шетелдерде қыз
-
меттік іссапарда болғанын айғақтайтын құжаттар, Қазақстан КП ОК Саяси бюросының,
ҚазКСР
-
і Ғылым академиясы төралқасының Б.А. Төлепбаевты Қазақстан КП ОК жанын
-
дағы Партия тарихы институтының директоры қызметінен, Академия төралқасының
кеңесшісі етіп сайлау, төралқа мүшелігінің міндетін атқарудан босату туралы қаулылары,
Б.А. Төлепбаевтың «Осуществление ленинской аграрной политики партии в республиках
Средней Азии», «Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казах-
стане» монографияларын жариялауға қатысты құжаттары, Б.А. Төлепбаевтың тарих ғы
-
лымдарының кандидаты, докторы ғылыми атақтары үшін дайындалған диссертация
-
АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ
79
лардың авторефератына, қолжазбаларына жасаған пікірлері, оның ғылыми еңбектерінің
және еңбектеріне жасалған рецензиялардың тізімдері және т. б. құжаттар топтастырылды.
«Б.А. Төлепбаев туралы құжаттар» деп аталған тарауда Б.А. Төлепбаевтың «Осу-
ществление ленинской аграрной политики партии в республиках Средней Азии (1917–
1965 гг.)»
атты монографиясына К. Суворовтың, Р.Х. Аминованың, А.И. Зевелевтің және
т. б. одақтық, республикалық ғалымдардың жазған рецензиялары, пікірлері, «Социалисти-
ческие аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане» кітабы туралы «Asia &
Africa Today», «Asia e Africa hoje» журналдарына жарияланған библиографиялық рецен-
зиялар және т. б. өмірбаяндық мақалалар мен сұхбаттар енгізілді.
«Б.А. Төлепбаевтың фотосуреттері» деп аталған тарауда фотосуреттер отбасылық,
қызметтік
бағыттарына қарай хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Олардың ішін
-
де А.М. Қонаевпен, А.А. Асқаровпен, Ш. Айтматовпен, И.И. Минцпен түрлі ғылыми, ресми
жиындарда бірге түскен суреттерімен қатар, отбасы мүшелерімен түрлі іс
-
шараларда,
отбасылық мерекелерде түскен, қазақстандық, ресейлік, кеңестік
зиялы қауым өкілдері
-
мен халықаралық конференцияларда, салтанатты жиындарда, мерейтойлық рәсімдерде
түскен суреттері бар. Европа елдеріне, Жапонияға жасаған қызметтік іссапарларда түскен
суреттері жеке іске жинақталған.
Б.А. Төлепбаевқа ҚР БҒМ Министрі Б. Жұмағұловтың ҚР ҰҒА Үлкен алтын медалін
тапсыру кезінде түскен суреттері «Ғылымның дамуы –
еліміздің болашағы» форумының
өткізілу
сәтінде түсірілген суреттермен бірге жинақталды [3, 3–
7-
б.].
Кеңестер Одағының Ғылым Академиясының корреспондент
-
мүшесі болып сайланған
үш
қазақтың
бірі (Қ. Сәтбаев, А. Қонаев) Б.А. Төлепбаевтың ғылыми
-
зерттеу бағыттары
жан
-
жақты: еліміздегі аграрлық саясат, мемлекеттік құрылыс, ұлтаралық қатынастар, білім
мен ңғылымның даму мәселелері және т.с с. –
деп атап көрсетеді оның шәкірт інілерінің
бірі К. Нәрібаев. [4, 173
-
б.].
Тарихшы ғалымның ғылыми мұрасы Қазақстан тарихын кезеңдерге, салаларға бөліп
зерттеу барысында дереккөздер қатарын толықтырып, өскелең ұрпақтың өткен тарих де
-
ректеріне қызығушылығын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер:
1. Справочник по архивным фондам личного происхождения. Выпуск 2. Т.1. Алматы, 2009.
2. Грибанова Е.М. «Годы работы в институте истории партии были лучшими в моей трудовой
биографии .... Б.А. Тулепбаев –
выдающийся ученый и крупный политический деятель. –
Алматы:
Нұрлы әлем, 2009. –
328-
б.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві. 251
-
ЕЖ
-
қ
. 1-
т. Тізімдемеге алғысөз.
4. Нәрібаев К. Көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым. Б.А. Тулепбаев –
выдающийся ученый и
крупный политический деятель. –
Алматы: Нұрлы әлем, 2009. –
328-
б.
ҚР
ПА ҚОРҚҰРУШЫСЫ Т. ЖАНГЕЛДИННІҢ 100
ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
Тоқтағали Жангелдиннің жеке қорына шолу
Тоқтағали Жангелдин –
Қазақ
КСР
-
нің партия және мемлекет қайраткері.
Ол 1916 ж. 25 қарашада Семей облысы, Аягөз ауданы Айғыз ауылында дүниеге кел-
ген. Т. Жангелдиннің ата
-
анасы мал шаруашылығымен айналысты, әкесі 1921 ж., анасы
1956 ж. қайтыс болды.
1931 ж. Т. Жангелдин сегізжылдық мектепті бітіріп, Семей құрылыс училищесіне оқу
-
ға
түсті, бұл оқу орнын 1933 ж. бітірді. Осы жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтының физика
-
математика факультетінде білім алуын одан әрі жалғастырды.
1938 ж. жоғары оқу орнын бітірген соң Т. Жангелдин өзінің еңбек жолын Алматы
қаласындағы
кітапхана техникумында физика және математика пәндерінің оқытушысы
ретінде еңбек жолын бастады, Жұмысшы
-
Шаруа Қызыл әскерінің қатарына шақырылғанға
дейін осы оқу орнында жұмыс істеді.
1940 ж. ақпан айында әскер қатарына шақырылған сәттен бастап, Ұлы Отан соғысы
басталғанға дейін полк мектебін бітірді, Батыс ерекше әскери округінің бөлімше, взвод
командирі болды. Т. Жангелдин соғысты Белоруссия топырағында қарсы алды.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ
80
Артиллерист Т. Жангелдин.
Вознесенск қ. 1940 ж.
Орталық майдандағы 1941 ж. қыркүйектегі шайқаста Т. Жангелдин жараланып, неміс
тылында қалып қойды. 1942 ж. басында жарақатынан айыққан соң Т. Жангелдин Минск
облысындағы Борисов ауданында шоғырланған партизан отрядына барды. Алдымен
отрядтардың бірінде бөлімше командирі, барлық отрядтар «Дядя Коля» бригадасына бі
-
ріктірілген соң Т. Жангелдинді бригада комиссарының комсомол жұмысы бойынша орын-
басары, соңынан осы бригаданың «Кеңестік Отан үшін» отрядының комиссары, оны Бе-
лоруссия Борисов қалалық астыртын комсомол комитетінің бюро мүшесі етіп тағайын
-
дайды, бригадалық барлаушыларды басқарды.
1944 ж. маусымның соңында партизан отрядтары Үшінші Белорус майданының
бөлімдерімен біріктірілді. Минск облысы азат етілген соң, 1944 ж. шілдеде Т. Жангелдин
Белоруссия ЛКЖО ОК шешімімен БЛКЖО ОК қарауына, ал ол жақтан Қазақстан ЛКЖО
ОК
-
не жіберіледі.
1944 ж. маусымнан 1945 ж. қазан аралығында
ол комсомол жұмысында болады –
Алматы облыс
-
тық комсомол комитетінің хатшысы, одан кейін Қа
-
зақстан ЛКЖО ОК әскери бөлімі меңгерушісінің
орынбасары қызметтерін атқарады.
1945 ж. қазанда Қазақстан КП ОК ұсынысымен
Т. Жангелдин Мәскеу қаласындағы БК (б) П ОК жа
-
нындағы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы
болып қабылданады.
Жоғарғы Партия мектебін бітірген соң Т. Жан
-
гелдин оқытушылық қызметпен айналысты. 1948 ж.
тамызда саяси және ғылыми білімді тарату жөнін
-
дегі Қазақстан қоғамының жауапты хатшысы етіп
бекітеді, Алматы Заң институтының марксизм
-
лени
-
низм оқытушысы қызметін қоса атқарады, ал 1951 ж.
ақпанда Қазақстан БК (б) П ОК жанындағы партия
мектебіне аға оқытушылыққа ауыстырылады.
1951
–1954 жж.Т. Жангелдин КОКП ОК жанын
-
дағы Қоғамдық ғылымдар академиясында оқыды.
Академияны бітірген соң философия ғылымдары
-
ның кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дис
-
сертация қорғады, осы жылы Т. Жангелдин Оңтүс
-
тік Қазақстан облыстық партия комитетінің лек
-
торлар тобының басшысы жұмысына жіберілді,
1955 ж. қыркүйекте оны аталған облыстың партия
комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі
етіп бекітті.
1957 ж. шілдеде Т. Жангелдинді Қазақстан КП ОК аппаратына ғылым, жоғары оқу
орындары және мектептер бөлімі меңгерушісінің орынбасары етіп ауыстырды.
Үш
жарым жыл өткен соң (1961 ж. 6 қаңтардан бастап) Т. Жангелдин КОКП ОК жа
-
нындағы Марксизм
-
ленинизм институтының филиалы болып саналатын Қазақстан
КП ОК жанындағы Партия тарихы институтын басқарды.
1964 ж. маусымнан Қазақстан КП ОК аппаратына қайта оралып ғылым және мәде
-
ниет бөлімінің меңгерушісі, ал 1965 ж. –
ғылым
және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі
болды.
1968 ж. наурызда Қазақстан КП ОК шешімімен Т. Жангелдин Қазақ КСР Ғылым ака
-
демиясының жүйесіне жұмысқа жіберілді, алғашында Философия және құқық институты
директорының орынбасары қызметін, 1969 ж. қыркүйектен аталған институттың директо-
ры қызметінде болды.
1973 ж. 11 ақпанда 57 жасында Т. Жангелдин қайтыс болды
АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ
81
Белоруссия ЛКЖО Борисов қалалық астыртын
комсомол комитетінің Т. Жангелдинге берген
мінездемесі. 8 шілде 1944 ж.
Еңбек жолында Т. Жангелдин Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, ме-
дальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Т. Жангелдиннің жеке архивінің құжаттарын Қазақстан Республикасы Президенті
Архивіне мемлекеттік сақтауға 2000 ж. 29 ақпанда оның жұбайы Бәтіш Рахымханқызы
Қазыханова
тапсырды.
Олардың арасында қызметтік және ғылыми жұмыстарын көрсететін шығармашылық
құжаттары, қоғамдық және зерттеушілік қызметінің нәтижеснде жинақталған құжаттар,
өмірбаяндық
құжаттар
бар. Т. Жангелдиннің құжаттарын ғылыми ұйымдастыру барысын-
да құндылығы сарапқа салынып, қайталанатын құжаттар іріктелді, 1917–[1985] жылдарды
қамтитын, 117 істен және фотоқұжаттардың 2 сақтау бірлігінен тұратын № 1 тізімдеме құ
-
растырылды.
Т. Жангелдиннің қызметі сан қырлы. Ол –
оқытушылық және ғылыми жұмыс, пар
-
тиялық және қоғамдық қызмет. Бірақ оның өмірінің бұл қырларының барлығы да бір
-
бірімен тығыз байланыста болғандықтан құжаттардың төмендегідей типтік жүйелеу сыз-
басы таңдалып алынды.
1. Т. Жангелдиннің өмірбаянына қатысты құжаттар.
2. Т. Жангелдиннің шығармашылық құжаттары.
2.1. Монографиялар
2.2. Мақалалар, сөйлеген сөздері
2.3. Повестер, әңгімелер
2.4.
Үзінділер, конспектілер, тезистер
3. Т. Жангелдинге берілген қолтаңбалар
4. Т. Жангелдиннің өзінің жұмысына және қызықтыратын мәселелер бойынша жина
-
ған
құжаттары
АТАУЛЫ КҮНДЕР
ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ
82
4.1. Әлеуметтік
-
философия проблематикасы бойынша шетелдік және кеңестік жа
-
рияланымдардың үзінділері, мақалалар
4.2. Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларының 20–
30-
жылдардағы
қоғамдық
-
саяси өмірі туралы республикалық баспасөздегі мақалалар мен үзінділер
4.3. 20
–
30-
жылдардағы республикалық баспасөздегі экономикалық мәселелер
бойынша мақалалар мен үзінділер
4.4. 20
–
30-
жылдардағы білім, мәдениет және өнер туралы республикалық баспа
-
сөз
-
дегі мақалалар, үзінділер.
5. Т. Жангелдиннің фотосуреттері.
2001 ж. 25 қыркүйекте Архив директоры бекіткен жеке қордың тізімдемесіне енгізілген
істер атаулы, заттық
-
сауалдық және хронологиялық белгілері бойынша қалыптастырылған.
Істердің тақырыптары оның жазылу тәсілі мен құжаттың тілі көрсетіле отырып беріл
-
ген. Ғылыми
-
техникалық өңдеуді Р. Самарина мен В. Шахова жүргізді. Тізімдеме алғысөз,
қысқарған
сөздер тізімі, атаулы көрсеткіден тұратын ғылыми
-
анықтамалық аппаратпен
жабдықталған.
Назарларыңызға Т. Жангелдиннің 100 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс
-
шаралар жоспарына сәйкес оның ұлы Ерлен Тоқтағалиұлы Жангелдиннің қосымша тап-
сыруымен қабылданған фотосуреттер мен құжаттарды ұсынамыз. Тұңғыш рет жарияла-
нып отыр.
Тоқтағали Жангелдин –
Қазақ КСР ҒА Философия және құқық
институтының директоры.
Алматы қ. 6 сәуір 1970 ж.
ПІКІРЛЕР
МЕН
РЕЦЕНЗИЯЛАР
ОТЗЫВЫ И РЕЦЕНЗИИ
83
Т. Покидаева,
археограф КГУ
«Государственный архив
Павлодарской области»
ОТЗЫВ НА СБОРНИК ДОКУМЕНТОВ И МАТЕРИАЛОВ
«АРХИВИСТЫ И АРХИВЫ КАЗАХСТАНА. XX И XXI вв.»
Выход в свет изданного Архивом Президента Республики Казахстан в 2015 г. сбор-
ника документов и материалов «Архивисты и архивы Казахстана. XX и XXI вв.», состави-
телями которого являются Р.М. Абдуали, Ж.Т. Байкаш, Е.М. Грибанова (ответственный
составитель) и Е.В. Чиликова, стал заметным событием в истории архивного дела Рес-
публики Казахстан. Это новое слово в исследовании истории архивной отрасли страны,
весомый вклад в разработку данной темы.
Интересна идея сборника, она содержится в заглавии издания: эта книга в первую
очередь об архивистах, творивших и творящих историю архивного дела Казахстана, в то
же время, это
сама история архивной отрасли нашей страны, показанная сквозь призму
судеб отдельных людей, очеловеченная история.
Особенно полезен этот сборник для молодых архивистов. Публикуемые в нём до-
кументы и материалы позволяют узнать, как выбирали специальность, как входили в
профессию старшие поколения казахстанских архивистов, как строилась их деятельность
в рамках избранной профессии, какие проблемы, какие вызовы времени возникали, как
наши старшие коллеги справлялись с ними.
Сборник содержит документы разных видов: воспоминания, статьи, тексты выступ-
лений, автобиографии, характеристики, список сборников, рекомендуемых ученикам.
Многоцветие документальной палитры издания делает его более привлекательным и ин-
тересным для читателя.
Мне как архивисту Государственного архива Павлодарской области особенно инте-
ресны воспоминания павлодарских архивистов Фаины Артемьевны Юхановой и Веры
Дмитриевны Болтиной.
Фаина Артемьевна Юханова и Юрий Александрович Юханов –
первые историки
-
архивисты, выпускники Московского историко
-
архивного института 1955 г., направленные
в Павлодарскую область в составе большой группы выпускников института, поехавших на
работу в Казахстан по приглашению начальника архивного управления республики
Н.Н. Фёдорова.
Юрий Александрович Юханов стал учителем для Веры Дмитриевны Болтиной, вы-
пускницы Московского историко
-
архивного института 1972 г., в 1973–1976 гг. –
директора
Государственного архива Павлодарской области, в 1976–2008 гг. –
руководителя органа
управления архивной отраслью Павлодарской области, заслуженного работника культуры
Казахской ССР, отличника архивного дела.
Мне посчастливилось работать под руководством В.Д. Болтиной, высокопрофессио-
нального историка
-
архивиста, требовательного руководителя. Вера Дмитриевна для не-
скольких поколений павлодарских архивистов стала мудрым наставником, учителем в про-
фессии, примером беззаветного служения избранному делу, проявления высокого мастер-
ства и достижения значимых результатов. К числу её благодарных учеников отношусь и я.
В воспоминаниях Веры Дмитриевны, опубликованных в сборнике, я нашла и новые для се-
бя факты истории нашего архива, и рассказ о событиях, известных мне, но открывшихся в
воспоминаниях Веры Дмитриевны по
-
новому, через её восприятие и чувства.
Большой интерес представляют вступительная статья, публикации, комментарии,
подготовленные кандидатом исторических наук Е.М. Грибановой.
Ценность издания как источника по истории архивного дела Казахстана несомнен-
на, уверена, что сборник документов и материалов «Архивисты и архивы Казахстана. XX
и XXI вв.» будет востребован нынешними и будущими поколениями исследователей, за-
нимающихся проблемами архивной отрасли нашей страны.
ЖАҢА КІТАПТАРҒА ШОЛУ
ОБЗОР КНИЖНЫХ ПОСТУПЛЕНИЙ
84
Б.С. Заурбекова,
ҚР
Президенті Архивінің Ақпаратты
-
әдістемелік
жұмыс басқармасының бас сарапшысының м.а.
АРХИВ КІТАПХАНАСЫНА 2016 жылғы
І ТОҚСАНДА ТҮСКЕН КІТАПТАРҒА ШОЛУ
Қойгелдиев
М. Тарих –
күрес алаңы: мақалалар, сұхбаттар. –
Алматы, 2015. –
388 б.
Бұл кітапта еліміздің өтпелі кезеңде жарық көрген ғылыми
мақалалар, сұхбаттар және ресми орындарға жолданған хаттар
топтастырылған. Аталған еңбектер отандық тарихтың түрлі тақы
-
рыптарын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |