Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат


ә)  картада  жер  бедерін  көрсетуді,  яғни  белгілі  бір  жердің  ойлы- қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді



Pdf көрінісі
бет13/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
ә)  картада  жер  бедерін  көрсетуді,  яғни  белгілі  бір  жердің  ойлы-
қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді; 
б)  Географиялық  картада  заттардың  сыртқы  бейнесімен  қатар, 
олардың  ішкі  қасиеттерін  де  (мысалы,  теңіз  картасында  судың 
физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі; 
в)  адамның  сезім  мүшелері  қабылдай  алмайтын  құбылыстардың 
(магнит  бұрылысы,  ауырлық  күшінің  аномалиясы  т.б.)  таралуын, 
тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен 
оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге 
болады; 
г)  жеке  объектілердің  ұсақ-түйек  жақтарын  алып  тастап,  бәріне 
ортақ  және  ең  маңызды  белгілерін  (елді  мекендерді  халқының  саны 
мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни 
абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді. 
Үшіншіден,  географиялық  картада  көрсетілетін  құбылыстарды 
іріктеудің  және  қорытындылаудың,  яғни  картографиялық  генерали-
зациялаудың зор маңызы бар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет