Ұлттық атластар Ұлттық атлас бұл табиғат және оның ресурстарына халқына
тарихына мәдениетіне жан-жақты сипаттама беретін бір мемлекеттің
атласы. Ұлттық атлас мемлекеттік картографиялық мекемелермен
жасалатын ресми және нормативтік сипатқа иеленеді. Атлас
мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің ғылыми таным дәрежесін
көрсетеді. Бұл мемлекеттің негізгі бейнесі іспеттес атластар
мәтіндерімен анықтамалық мағлұматтарға көрсеткіштерге толы.
Олардың көркемденелуі жоғарғы деңгейде орындалады. Олар бірнеше
томда үлкен форматта жасалады.
Алғашқы ұлттық атлас 1899 жылы Финляндияда Финдік
географиялық қоғаммен шығарылды. Содан соң Египет, Чехословакия
және басқа да елдерде шығарылады. Бірақ ІІ дүниежүзілік соғысы
кезінде ғана ұлттық атластың өркендеуі орын алды. 1956 жылы
Халықаралық географикалық одақпен бекітілген ұлттық атластар
комиссиясының қызметі осы салада едәуір еңбек сіңірді. Бұл
комиссияны көрнекті кеңес картографы
К.А. Салисшев. басқарды. Онда Ұлттық атластарды жасау
бойынша бағдарламалар мен ұсыныстар берілген. Атластардың
мазмұнын әмбебаптау мен қатар ұлттық ерекшеліктері ұмытпау
ұсынылады. Ұлттық атласты жасау мемлекеттің мәдениетінің дамуы
мен картографиясының географиясырың дамуына едәуір маңызды
ықпал берді. Картографиялық сала бойынша АҚШ, Канада, Ресей,
ФРГ, Австралия, Венгрия жақсы дамыған. Онда штаттар провинциялар
республикалар жерлер атластарының аймақтық комплексті сериялар
жасалынады.
Ресей осыф салада үлкен жетістікке жеткен өзінің ұлттық
атласын жасауға 1996 жылы кірісті. Ол көп томдық карталар жинағы
ретінде құрылды.