Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет130/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Бақылау сұрақтары: 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай талдайды? 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай бағалайды? 
 
26. Картаны құру және жаңарту негізі. Картаны редакторлау 
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға 
немесе пайдаланушыларға арналады  да, көбінесе техникалық қызмет 
атқарады.  Олар  былайша  топталады:  Навигациялық  (сапар  шегудегі) 
карталар:  әуелік  және  ғарыштық  навигация,  теңіздік  навигация, 
лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация, жолдар мен автожолдардың 
карталары.  Кадастрлық  (мәліметтік)  карталар:  жер  кадастры,  су 
кадастры,  қалалық  кадастр,  орман-тоғай  кадастырының  карталары. 
Техникалық  карталар:  жер  асты  коммуникациялары,  инженерлік-
құрылыстық карталар. Жобалық карталар: мелиоративтік (жер өңдеу-
ылғалдандыру  мен  құрғату),  орман-тоғайға  орналастыру,  жерге 
орналастыру.  Карталардың  атқаратын  міндеті  бойынша  жіктелісуін 
мына карталар құрады: оқулық, үгіт-ағарту, анықтамалық, экскурсиялық, 
спорттық,  сондай-ақ  соқырлар  мен  көзі  нашар  көретіндерге  арналған 
тактильдік (сезіктік) карталар. Табиғи және қоғамдық құбылыстардың 
басты  географиялық  заңдылықтарын,  қасиеттері  мен  өзара 


 
124 
ықпалдылықтарын  жете  зерделеу  тақырыптық  картографиялаудың 
дамуымен,  яғни  тақырыптық  карталардың  жасалуымен,  өте  тығыз 
байланысты.  Геологиялық  картографиялау:  геологиялық,  тектоникалық 
төрттік шөгінділер, литологиялық, пайдалы қазбалар орнын меңзейтін 
карталарды  құрастыру.  Топырақтық  картографиялау:  агрономиялық 
және агрохимиялық карталар бойынша мынадай мазмұндық элементтерді 
айқындау-топырақ  типтерінің  таралу  аумақтары,  топырақтардың 
механикалық  (гранулометриялық)  құрылымы  және  негізгі  типтерінің 
тіліктері.  Орман  алқабын  картографиялау:  өмісдіктердің  басыңқы 
типтерінің  таралу  аумақтары,  ағаштың  түрлері,  өсімдіктердің 
пішіндері  мен  диаграммалар  сияқты  мазмұндық  элементтердің 
бейнеленуі.  Ауыл  шараушылығына  қатысты  картографиялау:  жер 
қорын, өсімдік пен мал шаруашылығын, ауыл тұрғындарын сипаттауға 
қажетті  картоматериалдарды  дайындау.  Климаттық  картографиялау: 
климаттың  негізгі  элементтерінің  таралуы  мен  үйлесуін,  олардың 
көпжылдық орта шамаларын және экстремалдық мәндерін айқындауға 
қажетті  карталарды  құрастыру.  Өсімдіктер  дүниесін  картографиялау: 
яғни  ботаникалық  карталарды  жасау.  Тұрғындарды  картографиялау 
арқылы  олардың  жайласуы  мен  орнығуын,  жасы  мен  жынысы 
бойынша  құрылымдылығын,  миграцияға  ұшырауын,  әлеуметтік, 
этнографиялық  және  антропологиялық  жағдайларын  сипаттайтын 
карталарды құрастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет