Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқымыздың қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасауда міндет, парыз, ұрпақтық борыш деп білуіміз керек. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрін ұлттық мәдениетіміз деп қарап бағалай білейік. Енді қонақ болып келіп отырған мұғалімдерге сөз берейік.