Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.
(Балалардың ойларын ортаға салу.) 1. Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді. 2. Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.
презентация
Соңы
Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.
отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес