0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Күні Класс жетекші



бет15/25
Дата13.09.2022
өлшемі1,44 Mb.
#38947
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 

Құндылықтарды дарыту

Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Психологиялық дайындық
Үлкенге де "Сіз",
Кішіге де "Сіз".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері
Ән: Болайықшы осындай.
Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Мақал:
Еңбек – бәрін жеңбек
Әңгімелесу:
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.




Оқушылар мақал жасырады бір бірінен
Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.


Еңбек ер атандырады.

 
Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.

 
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек етпей елге өкпелеме, 
Егін екпей жерге өкпелеме.

 
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, 
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 

 
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
 
Ердің атын еңбек шығарады.
Бақыт кілті еңбекте.
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Компьютер

Ортасы (20 мин)



Оқиға Сіздің пікіріңіз Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтайтын. Мен баламды бетінен қақпадым. Оның алып келген 5 - тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады



Компьютер

Соңы



 Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

«еңбек адамға не береді» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін-өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен адамдардың фотосуреттеріне шолу жасайды.

комппютер

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет