0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет13/25
Дата13.09.2022
өлшемі1,44 Mb.
#38947
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Тәрбие сағаты

«Біз бақытты жанұямыз»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға отбасындағы мүшелерді сыйлауға,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру.
Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



 Оқушылармен амандасу.
- Оқушылар, көңіл - күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Шеңберде тұрып оқушылар бір - бірімен сәлемдеседі. Мысалы: Салем! Сәлеметсің бе? Есен - амансың ба? Қалайсың? Ні т. б
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Топқа бөлу: Стикерлер арқылы оқушыларды Отбасы, ата - ана туралы мақал - мәтелдер арқылы топқа бөлу. Мақал - мәтел қиындылары:
1 - топ: «Әке - алтын діңгек»
2 - топ: «Отбасы – татулық негізі»
3 - топ: « Отбасы бақыты - ел бақыты»
Оқушылар мақал - мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ендігі кезекті мына сұрақтарға жауап берейік. Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? Отбасы қандай болуы керек? 


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.
- Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыңдар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен, біздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя – отбасы бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы - Бірге тұратын, бір - біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.





Оқушыларға презентация ұсынылады



Компьютер

Ортасы (20 мин)



Енді мына қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап жаза отырып, сары және жасыл стикерлерге жазып тақтадағы шкалаға «Тілек ағашына» жапсырамыз.



1. Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?
2. Сені отбасындағы қандай мәселе мазалайды?
3. Қатты қиналып, бойыңды қорқыныш билеп «отбасымнан безіп кеткім келеді» деген ойлар мазалаған кездер болды ма?
4. Өзіңді бақыттымын деп есептейсің бе?
5. Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?
6. Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?
7. «Отбасының бақыты үшін не керек?»


Компьютер

Соңы



Қадірменді оқушы, ата - анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы үшін бақыт, сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

 «Екі жұлдыз - бір тілек» әр оқушы өз отбасына деген тілектерін стикерге тілек жазып, тақтадағы «Шаңырақ» суретіне жапсырады.



Комппютер


А4 форматтағы қағаздар








Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет