7-дәріс. Суреттердің негізгі қасиеттері
1.
Суреттердің масштабы мен шолулығы
2.
Мүмкіндігі мен дәлдігі
3.
Түсірімнің қайталануы
Масштабы бойынша суреттер келесі топтарға бӛлінеді:
-
ұсақ масштабты
(1:10000000 – 1:100000000). Бұлар геостационарлар мен
метеорологиялық жер серіктерінен алынады.
-
орта масштабты
(1:1000000-1:10000000). Ұшқышты кемелер мен орбиталды
станциялардан алады.
-
ірі масштабты
(1:1000000 ірі). Арнайы картографиялық ЖЖС алынады.
Шолу – бір суреттің аймақ ауданын қамтуы. Осы кӛрсеткіш бойынша суреттерді
тӛмендегідей бӛледі:
-
ғаламдық,
бір жарты шардың жарық бӛлігін қамтиды; планета аралық ғарыштық
кемелер мен геостационар ЖЖС алады. Аймақтық қамтуы ондаған және жүздеген млн
км
2
. құрайды.
-
аймақтық
, мұнда материктің немесе ірі аймақтың бӛлігі бейнеленеді;
метеорологиялық және ресурсты ЖЖС алады. Қамтуы млн км
2
. Қамту зонасының ені
500-3000 км. арасында.
-
жергілікті,
аймақтың бір бӛлігі ғана кӛрінеді; Ұшқышы бар кемелерден,
орбиталды станциялар, ресурсты және картографиялық ЖЖС алынады. Сурет он
мыңдаған км. қамтиды.
Мүмкіндігі мен дәлдігі
Мүмкіндік – бұл суретте кӛрінетін, нысанның ең тӛмен сызықты шамасы. Осы
кӛрсеткіш бойынша суреттер тӛмендегідей жіктеледі:
-
ӛте тӛмен мүмкіндіктегі суреттер (ондаған км.). Қазіргі кезде ондай мүмкіндіктегі
суреттер аз, кӛбіне бұл радиометрлік суреттер;
-
тӛмен мүмкіндіктегі суреттер (бірнеше км.). Бұндай суреттер кең таралған. Оған
метеосеріктер, сондай-ақ ресурсты ЖЖС алынатын теледидарлық және сканерлік
суреттер жатады.
-
орта мүмкіндіктегі суреттер (жүздеген метр). Мұндай суреттерді ресурсты жер
серіктерінің орта мүмкіндіктегі сканерлейтін құралдарынан және жылу инфрақызыл
құралынан алады.
-
жоғары мүмкіндіктегі суреттер (ондаған метр). Мұндай мүмкіндік ұшқышты
ғарыштық
кемелерден,
автоматты картографиялық
серіктер
мен
орбиталды
станциялардан, алынатын фотографиялық суреттерге, сондай-ақ ресурсты жер
серіктерінен алынатын сканерлі суреттерге тән. Бұл суреттер тобы тағы салыстырмалы
жоғары мүмкіндіктегі (50-100 м.), жоғары (20-50 м.), ӛте жоғары (10-12 м.), тым жоғары
мүмкіндіктегі (1 м. аз) суреттерге бӛлінеді.
Дәлдік – суреттің аудан бірлігіне сиятын ақпарат кӛлемі. Осы кӛрсеткіш бойынша
аз дәлдікті, онымен тек түпнұсқа масштабында ғана жұмыс істей аламыз; орта дәлдікті
суреттермен екі есе үлкейту арқылы жұмыс істеуге болады; дәл суреттермен жұмыс істеу
үшін түпнұсқа суретті екіден он есеге дейін үлкейту қажет.
Түсірімнің қайталануы
Жоғарыда айтылған жіктеулер ғарыштық бейнелердің кеңістіктік сипаттамаларына
қатысты. Бірақ географиялық нысандарды олардың динамикасында зерттеу үшін
түсірудің уақыттық кӛрсеткіштері де қажет. Оны келесі жіктеуден кӛруге болады.
Кезеңді қайталанатын түсірулер: геостационарлық және жер маңындағы
орбиталарда жұмыс жасайтын барлық метеорологиялық жер серіктерінен, сондай ақ
ресурсты серіктерден жүргізіледі. Қайталану кезеңі жер серігінің орбитасының
ерекшелігіне тәуелді, әдетте бүкіл жұмыс жасау барысында ӛзгермейді және 10 минуттан
16-18 тәулікке дейінгі уақытты алады. Бірнеше реттік тәулікішілік суреттерді
геостационарлы жер серіктерінен алады, олар Жердің нақтылы бір ауданында «ілініп
тұрады». Әр тәуліктік түсіру Жердің барлық метеорологиялық серіктерінен түсіреді, ол
бір тәулік ішінде жер бетін толық шолып шығады. Ресейлік ресурсты жер серіктерінің
(орта мүмкіндіктегі аппаратуралы) түсіру кезеңі 5 тәулік. Жоғары мүмкіндіктегі суреттер
беретін ресурсты жер серіктері кішкентай аймақты ғана қамтиды, ал түсірудің қайталануы
16-18 тәулік.
Кезеңдік, шектелген түрде реттелетін түсіру тек кейбір ресурсты жер серіктерінен
жүргізіледі. Түсірулер сирек қайталанады, бірақ қажет болған жағдайда жиілетуге болады.
Реттелетін түсіру, орбиталды станциялардан, қысқа уақытқа ұшырылатын
фотографиялық автоматты жер серіктері, сондай-ақ басқа планеталарды түсіруге арналған
ғарыштық ақпараттардан жүргізіледі. Мұнда реттеу мүмкіндіктері мен түсіру мерзімдерін
таңдау жоғары.
|