Табиғи ресурстық мақсаттар үшін қолданылатын оптикалық-электрондық жүйелер
классификациясы
.
ОЭЖ жүктеу бірқатар белгілер бойынша жүргізіледі. Осындай белгілердің бірі
спектрдің жұмыс диапазоны болып табылады. Осы белгісі бойынша ОЭЖ ультракүлгін,
кӛрінетін және инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін болып бӛлінеді.
ОЭЖ функционалдық мақсаты бойынша зерттелетін объктілердің жарық құрылымы
туралы ақпаратты жинауға, ӛңдеу мен шығаруға арналған ақпараттық; сәулеленетін
объектілердің жекелеген параметрлері мен сипаттамаларын ӛлшеуге арналған ӛлшегіш;
сәулеленудің қандай-да бір параметрлерін автоматты бақылауға арналған қадағалаушы
болып бӛлінеді. ЖҚЗ қолданылу саласында ОЭЖ метеорологиялық, океанографиялық,
картографиялық және т.б. болып жіктеледі.
ОЭЖ жіктелетін және әдетте аспап атауында кездесетін негізгі белгі, бұл олардың
жұмысының физикалық принципі, яғни табиғи объектілердің оптикалық сәулеленуінің
ӛлшенетін немесе бақыланатын параметрлері мен сипаттамалары бойынша жіктеу. Осы
белгісі бойынша ОЭЖ үш топқа жіктеледі:
а) радиометрлер, объектілер жасайтын немесе шағылысатын сәулелену санының
берілген дәлдігімен ӛлшеу үшін қызмет етеді;
б) спектрорадиометрлер, оптикалық спектр бойынша (толқын ұзындығы, жиілігі
бойынша) сәулеленудің таралуын ӛлшейтін, яғни спектрде зерттелетін оптикалық
сәулеленудің шашырауын, осы спектрді жекелеген монохроматикалық құрайтындарға
тиесілі сәулеленудің сапалық бағалануын жүзеге асыратын аспаптар;
в) тепловизиялық және телевизиялық ОЭЖ, температуралық және жарықтық
алаңдарды мӛлшерлеуге арналған.
Сонымен қатар ОЭЖ қолданылатын сәулелену қабылдағыштарының түрі бойынша
жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: