1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру


-10 ДӘРІС. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



бет10/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

9-10 ДӘРІС. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.
Болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың интерактивті оқыту әдістемесін қарастырайық.
Интерактивті оқыту әдісінің мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке ұластыруға, озат тәжірибелерді орынды пайдалануға тәрбиелеуде ықпалы зор.
XX ғасырдың басында оқушылар біліммен тек мектептен сусындаса, кәзір оқушылардың басым көпшілігі білімнің кейбір элементін мектептен тыс алатыны белгілі. Осыған байланысты мұғалім: 1) оқушылардың мектептеп тыс алған білімдерін қолдану, 2) оны жүйеге келтіру, 3) қажетінше түзету енгізіп, оқушының дамуына бағыттап отыру керек.
Осыған орай педагогикалық институтта болашақ математика мұғалімдерін даярлау жұмысын жетілдіру мақсатында, «Математиканы оқыту әдістемесінің жаңа технологиясы» деген арнайы курс енгізілді. Курстың негізгі мақсаты: болашақ маманды математиканы оқытудың жаңа технологиясымен қаруландыру.
Дайындықтың негізгі оқыту әдістерінің бірі интерактивті оқыту әдістері
Интерактивті оқыту дегеніміз оқушылар мен мұғалім түсіністік қарым- қатынаста өзара білімдерімен, тәжрибелерімен алмасу және талдау жұмысы. [292].
Интерактивті оқыту әдісімен жүргізілетін сабақты жүргізу кезеңдері:
I кезең – проблеманы айқындау;
II кезең – информациялық блок;
III кезең – практикалық біліктілік блогы;
IV кезең – сабақты аяқтау.
Интерактивті оқыту әдісінің екі түрі бар. Олар: 1) Оқу пікір-таласы;
2) Нақты практикалық ахуалдарды талдау (case – study).
1. Оқу пікір таласына тоқталайық.
Оқу пікір таласының басқа пікір таластарынан ерекшелігі: оқушылардың алдына қойылып отырған проблеманы осы топпен, осы берілген аудиториядағы оқу үдерісінде шешімін табу керектігінде.
Оқытудың мақсаты: мұғалімге белгілі, ал оқушыға жаңа білімді іздеу үдерісі. Ізденісті мұғалім басқарып отырады. Мұғалім пікір таласы кезінде оқушылармен ашық, жақсы қарым-қатынас жасап, олардың дұрыс шешімін табуларын қамтамасыз ету керек.
Қарастырып отырған пікір таласы, бұрыннан мәлім, проблемалық және эвристикалық оқыту әдістерімін туыстас. Бұл әдіс жалпы әдістемеде «проблемалық, эвристикалық оқыту әдістер» тақырыптарын өткенде және дербес әдістемеде нақты тақырыптардың оқыту әдістемесін іздегенде қолданылып отырылады.
2. Нақты практикалық ахуалдарды талдау (case – study).
Әдістің мақсаты – оқушыларды нақты информацияны талдауға үйрету, теореманың дәлелдеуін, есептің шешімін талдау, олардың басқа жолын іздеу, оптималды шешімін тандау. Бұл әдісті қолданғанда оқушылармен жұмыс төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1) Проблема қою;
2) Қойылған проблемамен жеке жұмыс істеу;
3) Табылған шешімді топпен талдау;
4) Шешімдердің ішінен ең тиімдісін таңдау.
Оқылатын тақырып көлеміндегі проблемаларды шешкенде оқушылардың топпен, командамен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Студенттер практикалық сабақтарда интерактивті технологияны қолдану үлгісін өздері жасап, интертақтада жұмыс жүргізіп үйренеді.
Арнайы курсты оқу барысында салыстыру, талдау, құзырлылықтың мәнін терең түсіну, құзырлы ұстазға әдістемелік білім және дағдының мән мағынасын,қажеттігін түсіну жүзеге асты. Студенттің 4-курсқа дейін өтілген барлық пәндер бойынша білімдерін, мұғалімнің кәсіби жұмысында, әртүрлі мәселелерді шешкенде кешенді түрде қолдану үдерісі жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет